"Координация және реттелу" бөлімі бойынша "Рефлекторлық доға" тақырыбындағы сабақ оқу бағдарламасына негізделіп құрылған. Сабақта оқушылардың қабілет деңгейлері ескеріле отырып, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен белсенді әдістер таңдалды. "Тізе рефлексін бақылау" тақырыбындағы зертханалық жұмыс оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Оқу мақсатына жетуде бірлесіп атқаруға бағытталған іс-әрекеттер жоспарланды.
