Апта:2 апта Күн:6күн | Күні12.12.16ж | Тренер:Дубаева О.У. | Өткізілетін орны Ақырап орта мектебі |
Тақырыбы | 1-сабақ:Оқудағы әлеуметтік өзара іс- қимыл ауқымын кеңейту. 2-сабақ:Сабақтың интербелсенді және инклюзивті болуын қамтамасыз ету. |
Мақсаты | Мұғалімдер оқудағы әлеуметтік өзара іс – қимылдың және оқу үдерісіндегі инклюзивтілік қағидаты маңыздылығының себептерін анықтайды. |
Нәтижесі | Мұғалімдер оқу үдерісінде «мұғалім- оқушы» жүйесіндегі әлеуметтік өзара іс – қимылының мүмкіндіктерін кеңейту әдістемесін талдайды. |
Түйінді идеясы | Әлеуметтік өзара іс- қимыл мәні және оның маңызын негіздеу өзекті болып табылады, себебі олар барлық оқушылар үшін тиісті орта қалыптастыруға ықпал етеді. |
Оқу барысы |
1-сабақ 9.00-10.30 | Тренердің іс- әрекеті | Мұғалімдердің іс- әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық: (10 мин ) | Мұғалімдермен шаттық шеңберіне жиналып, жылы шыраймен сәлемдеседі, Тренер: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толы жанымыз жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. | Мұғалімдер бір-бірімен сәттілік тілеп сәлемдеседі. |
Топқа бөлу (4 мин) | Шеңберде тұрған мұғлімдерге инклюзив, интербелсенді,оқудағы әлеуметтік іс –қимыл сөздері таратылады. | Мұғалімдер инклюзив, интербелсенді, оқудағы әлеуметтік іс-қимыл сөздері арқылы топқа бөлінеді. |
Миға шабуыл:
5 минут | Берілген сөздерге «ой- тастау» әдісі Тақырыпты ашу. | Әр топ топқа бөлінген сөздерге мағынасын және тақырыпты ашу үшін ой –тастайды |
Көрсетілім: 10 минут | «Как сохранить креативность?» бейнежазба. | Бейнежазбаға назар салады. Өз ойларын білдіреді. |
І тарсырма Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар (15 мин) | Көру зейінін дамыту «Көремін,есте сақтаймын, суретін саламын» әдісі Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Мұғалімдер дәптерлерін мен қаламсаптарын дайындайды. Тренер: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау,оны дәптерге түсіру « Сиқырлы жұмыртқа» әдісі Әр мұғалім жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады
Әдістерден сон нақтылау сұрақтармен бекіту. -бұл әдістерді не үшін пайдалануға болады? -Бұл әдістер бойынша сіздін айтайын дегенініз? -Зейін шоғырландыру бойынша сіз не айтқыңыз келеді.
| Мұғалімдер жаттығуды орындайды, сұрақтарға жауап береді. |
Бағалау түрі | Үш шапалақ | Үш шапалақ |
ІІ тапсырма «Мәтінмен жұмыс» (20минут) | «Меңгер, құрастыр ,бөліс» ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ Іс-әрекеттегі зерттеу практик-маманның зерттеу нысаны ретінде Практик-маманның педагогикалық зерттеуі этнографиялық зерттеулер және жағдаяттық талдау (кейс) сияқты зерттеу тәсілдерінің көбінде (Cochran-Smith & Lytle, 2009) қолданылатын тұжырымдамалық және лингвистикалық тұрғыдан ауқымы кең термин болып табылады. Анағұрлым терең әдеби көздерде практик-маман қолданатын, өзінің түрлі акценттерімен және мақсаттарымен, тарихи және гносеологиялық дәстүрлерімен ерекшеленетін зерттеу тәсілдері туралы айтылған, бірақ жалпы аспектілер де байқалады. Айталық, практик-маманның зерттеулерінің барлық түрлері практик (оқытушы, машықтанушы дәрігер) бір мезгілде өзіне зерттеушінің де рөлін алатынын білдіреді. Сонымен қатар ерекше күн тәртібімен жұмыс істейтін осындай практик-зерттеушілердің терең білімі және мәселені шешуде өзіндік көзқарасы болатындығы да маңызды фактор болып табылады. Сондай-ақ, практик-маманның зерттеуі білім мен тәжірибе арасындағы күрделі әрі әрқилы өзара қарым-қатынас туралы аргументке және тәжірибені жетілдіру үшін қажетті білім осы күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың мәнмәтіні мен өзара қарым-қатынасының әсеріне байланысты деген заңдылыққа негізделеді. Бірақ бұл тарауда мектеп базасындағы зерттеу мәнмәтініне және атап айтқанда, іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеуге ерекше назар аударылған. Бұл жағдайда іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу практик-мамандар мен университеттегі әріптестер арасындағы ынтымақтастық ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін тартуға болады. Мектеп базасындағы жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу дегеніміз не? Мектеп базасындағы жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу үдерісі арқылы практик-мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу нысаны. Осыған қарап, оқытушының міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлективтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды. Мұғалімдер әдетте өз сабақтарында туындайтын проблемаларға көңіл бөліп, белсенді түрде оларды шешуге тырысады. Мұғалім өз тәжірибесін өзгерту үшін қызу жұмысқа кірісіп, сонымен қатар жүйелі түрде бұл өзгерістер ықпалының дәлелдемелерін жинаса, ол мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу үдерісіне тереңдей бастағаны. Бұл тәсіл білім беру және басқа да алуан түрлі салаларда қолданылатындықтан, іс-әрекеттегі зерттеудің көптеген түсініктемелері бар. Бірақ барлық жағдайларда көңіл түбінде бір ықылас-ниет тұрады, ол – зерттеуші-практиктің ойына алған проблемаға жауап ретінде тәжірибені өзгертуі. Іс-әрекеттегі зерттеудің тағы бір маңызды ерекшелігі – оны іс-әрекетке қатысты оқытушылар немесе оқушыларды зерттейтін сырттан келген зерттеу тобы емес, сол ұйымдағы не қоғамдағы мүше немесе сол ұжымның өзге мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатынында. Мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың әрекет-қылықтары мен оқытушылардың тап болған әлеуметтік жағдайларын зерттеумен байланысты. Кей жағдайларда мүлде орынсыз өзгерістерге сезімтал немесе нақты әрекет етуді талап ететін жағдайлар зерттеуге түрткі бола алады. Осыған сәйкес, іс-әрекеттегі зерттеу оқытушылар күнделікті қызметте кездестіретін тәжірибелік проблемаларға арналған, сонымен қатар әдіснамасы зерттеу құралдары мен стратегияларының белгілі бір топтамасынан гөрі, зерттеуге нұсқаулық ретінде белгіленетін икемді зерттеу тәсілі болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Бұның бәрі барлық мұғалімдердің оқытушы мамандығымен байланысты проблемаларға психологиялық тұрғыдан дайын болатындығымен түсіндіріледі. Оқытушы кәсібінің табыстылығының құпиясы – үздіксіз өсу және білім алуда. Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу оқытушы қатысқан кез келген сәттен басталады және зерттеудің қажетті деңгейде алға жылжу жылдамдығы да оқытушының қалауына қатысты. Сонымен, іс-әрекеттегі зерттеу: • әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі; • негізінен өз тәжірибесін жетілдіру үшін өзінің жұмыс орнындағы деректерді талдайтын практик-мамандар әзірлейді және жүргізеді; • бұл қолданбалы зерттеудің түрі, зерттеуге жүргізілу мақсатымен жақсы таныс зерттеуші де белсенділікпен қатысады; • антропология, социология және этнография саласында қалыптасқан сапалы зерттеулердің бай дәстүрлері тұрғысынан қарастырылады.
| Әр топқа мәтін беріледі олар меңгеріп құрастырып, бөліседі. Негізгі идеяны тауып постер қорғауға шығады. |
Бағалау | Үш шапалақ | Үш шапалақ |
Сергіту сәті: 6 минут | «Стакан беру» ойыны. Мақсаты: Әр адамның өзіндік позициясы, ерекшелігі бар екендігін көрсету. Оны мұғалім анықтай білу керек. | Әр тыңдаушы стаканды әр түрлі етіп келесі тыңдаушыға береді. |
ІІІ тапсырма «Тыңда, талда. бөліс » әдісі (20мин) | Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2(«қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялі бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Оқушыларды бағалаудағы негізгі мақсаты қойсақ: 1. Оқушылардың білімге оқу сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу. 2. Оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан жақты талқылап, әділ баға беру. 3. Оқудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс жасау, стандарттарды бақылау. -Жоғарыда келтірілген деректерден Әр оқушының тартылу деңгейін анықтауға болама? | Мұғалімдер оқу үдерісені тарту жұмыстарына қорытынды жасап, әрбір оқушыға қандай жұмыс жасауға болатының қалай тарту деңгейңн анықтауға болатының анықтайды. Талдайды, бөліседі. |
Ресурстар | Өзара әрекеттестік үдерісін қадағалау, ЕКІНШІ (ОРТА) ДЕҢГЕЙ,Бірінші басылым 60бет.Бірлскен жұмысқа негізделген тәсілдер.топпен, жұппен. |
Үзіліс (30 мин.) |
2-сабақ 11.00-12.30 | Тренердің іс- әрекеті | Мұғалімдердің іс- әрекеті |
Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу 15 мин | Жұмбақтарды тарату Үйіне мәңгі қайтпайтын, қонақтар түнде келеді.Іздесе адам таппайтын, жаңалық айтып береді.(Газет- журнал) Алыстан үйде отырып,алдым хабар,Формалап әрбір жерді бояу жағар,Айлықпен анда- санда барған деп, Тоқтамасан тана таған. (Хат) Бір нәрсе бәлмегенді білгізеді,Өзінді тұрсан қарап күлгізеді,Жалғанда әңгімесі сондай қызық, жанынды тындай берсең кіргізеді.(Кітап) Сұрақ – жауап арқылы бекіту - Жұмбақтар сіздің ойынызша қандай жаттығулар болып есептеледі - Қандай белсенділікті талап етеді. Жетелеу сұрақтарды пайдалану. Жұмбақтар Ребустар; Кроссвордтар; Кросснамберлер. | Жұмбақтарды шешеді, сұрақтарға жауап береді, талдайды. |
Бағалау | Смайликтермен мадақтау | Смайликтермен мадақтау |
Миға шабуыл: 15 минут | Көрсетілім: Притча про кувшин с трещинкой | Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты ашады. Өз ойларын білдіреді. |
Таныстырылым: 10 минут | Интербелсенді және инклюзивті оқыту. Притча «Заключенный ученик». | Таныстырылымды мұқият қарайды. Тақырыппен байланыстырады. |
«Үштік қадам» әдісі Мақсаты: тыңдаушылар өз білгендерімен топ ішінде бөліседі. 15 минут | • Сыныптың «инклюзивтілігін» анықтау критерийлері. «Инклюзивті» сыныпқа тән белгілері. Неге? • «Инклюзивтілік» санатының мәні. Мұғалімнің инклюзивті мектеп, сынып моделін құруы. Неге? • Интербелсенділікті қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдерін анықтау. Инклюзивті анықтау критерийлері: Теориялық материалды толық игеруі; Материалды игеруде табандылық көрсетуі; Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту; Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану; Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы; Өзіне-өзі талап қоя білуі; Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы. | Тыңдаушылар берілген сұрақтарға жеке, жұппен, топпен жауап береді. |
Сергіту сәті: 10 минут | «Топтық әуен» әдісі. | Әр топ бір әріпті таңдайды да, берілген әуенге салады. |
Тәжірибе (топтық жұмыс): 10 минут | «Фишбоун» әдісі. Мақсаты: Тыңдаушылар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жаңа әдістер ұсынады. | Балықтың жоғарғы жағында инклюзивті оқыту барысында қандай кедергілер кездесуі мүмкін, төменгі жағында кездескен кедергілерді жою жолдары ұсынылады. |
Бағалау: | Формативті бағалау бойынша мұғалімдердің іс-әрекетін бағалау. Смайликтер арқылы | |
Ресурстар | Үлестрме материалдары 91-96 беттер, бейнежазба, смайликтер.т.б. |
Сабақтан кейінгі рефлексия |
«Сана аллеясы» әдісі: 5 минут | Тыңдаушылар 1,2 сандары бойынша екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады. Мақсаты: әрбір тыңдаушы тақырыпты қорытындылап, ойын білдіре алады. | Тақырып бойынша әрбір тыңдаушы бір сөйлеммен өз ойын білдіреді. Екі қатар ортасынан өткен тыңдаушы аллея соңында тақырып бойынша түсінігін айтады. |
| |
Кері байланыс: 10 минут | «Ұшақ» әдісі. | Ұшақтың оң қанатына сабақтың әсерлі болған бір сәтін, сол қанатына ұсынысын жазады. |