Просмотр содержимого документа
««Ғажайыптар әлемі» танымдық сайыс»
Биология пәнінен 7,8 - сыныптар арасында жүргізілген іс-шарасы.
«Ғажайыптар әлемі»танымдық сайыс
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайыптар әлемі» атты 7.8 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
деп білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
7 сыныбы – « » тобы
8 сыныбы - « » тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1.----------------------------------
2.----------------------------------
3.-----------------------------------
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Жүргізуші:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
І. “Таныстыру”
ІІ. “Ғажайып ондық”
ІІІ. “Образға ену”
ІV. “Табиғи туынды”\
V. “Егерде мен ...”
VI. “Сандар жырлайды”
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
1 кезең «Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз атауларын,эмблемасын,ұранын айтады.
10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
Жүргізуші:
1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
2 кезең «Ғажайып ондық» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.
1. Ішекқуыстылар типінің өкілдерін ата?
2. Регенерация деген не?
3. Қантарату жүйесінде тұйық жүйе деген не?
4. Гирудин деген не?
5. Бауырсорғыштың даму айналымындағы аралық ие ?
6. Жалпақ құрттарда жаңадан пайда болған жүйе?
7. Ішексорғыда болмайтын жүйелер?
8 Шұбалшаңның қантарату жүйесі қандай??
9. Параподия деген не?
10. Жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды неге?
Құлақ неше бөліктен тұрады?
Ми қандай бөліктерден тұрады?
Көз қандай қабаттардан тұрады?
Жүйке жасушасының қысқа өсінділері
Бүйрекүсті безі қайда орналасқан?
Көру орталығы мидың қай бөлігінде?
Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты не бөліп тұр?
Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі
Қимыл қозғалысты реттейтін ми бөлігі
Жұлын қайда орналасқан?
3 кезең «Образға ену» 20 ұпай
Көктеп шығып,гүл жарған раушан гүлдің бейнесін салыңыз
Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болыңыз
Суға кеткен адамға алғашқы көмек көрсету
Жүрегі тоқтап қалған жағдайда жасанды тыныс беру
Бір-біріне ысылдасқан екі жылан болыңыз
Ұшып келіп,ағашқа отырып,елді оятқан тауықтың бейнесін сомдаңыз
7.Қасқырдан қашқан қоян бейнесін көрсетіңіз
8.Гүлдеп шығып солып қалған гүл
4 кезең «Табиғи туынды» екі топ өздерінің қол өнерімен,табиғаттың берген сиын пайдалана отырып туынды жасап,оны қорғай білу қажет.
20 ұпай
5 кезең «Егерде мен...»
Егерде мен табиғат қорғаушысы болсам
Егерде мен эколог болсам
6 кезең «Сандар жырлайды»
Әр сұраққа 10 ұпайдан
Бауырсорғыштың қанша сорғышы бар?
(2)
Жұлын қанша сегменттен тұрады?
( 31)
. Ішекқуыстылар типінің өкілдерінің денесі неше қабаттан тұрады?
(2)
Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
(200- ден астам)
Жалпақ құрттардың қанша класы бар?
(3)
Мидың орташа салмағы қаншаға тең?
(1300-1400 г)
Сиыр цепенінің неше сорғышы бар?
(4)
\Адам сыртқы ортада болып жатқан қанша пайызын көзбен қабылдайды?
(80-90%)
Ішексорғының ішекке бөліп шығаратын жұмыртқа саны?
(200 000)
Адамда болатын қабырға саны?
( 12 жұп)
Сүліктің аузындағы сорғышында неше өсінді бар?
(3)
Адамның жақсүйектерінде неше тіс бар?
(32)
Жасыл эвгленаның талшық саны ?
(1)
Құлақ неше қабаттан тұрады?
(3)
Ішекқуыстылардың неше класы бар?
( 3)
Цитоплазмада неше % су бар?
80%
Ұлулардың қанша түрі бар.
(130 мың)
Адам және жануарларда неше ұлпа бар
4
Көрермендер көрімдігі
Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады.Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Бұл қандай құс?
Жауабы: Аққу
Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және бір “құс” аспанда тұрыпты.Бірде үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен бір “құс” қалыпты.Ай барып тұрған сотқанақ екен.Жаңағы “құсқа” тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.Ойланып отырып,Айға былай депті:”Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын тұрің жоқ екен.Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың”.Содан бері әлгі бір “құс” қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: “Қайырлы таң, мейірімді аға !” – деп шақыратын болыпты.Ал Күн батып,Ай көріне бастаған кезде әлгі бір “құс” үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.Бұл қандай құс?
Жүргізуші: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ғажайыптар әлемі» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.