kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья "Использование материалов международных исследований PISA для развития функциональной грамотности учащихся"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Использование материалов международных исследований

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья "Использование материалов международных исследований PISA для развития функциональной грамотности учащихся"»

"Физика сабағында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ғылыми ой-өрісін дамыту"
Қазіргі ақпарат заманында, күн сайын жаңалықтарға мұғалім қанық болып, сол ақпараттарды оқушының санасына беріп отыру қажеттілігі туындап отыр. 
РISA есептерінің шарты: 
- өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;
-не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;
- есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық;
- әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады.
Енді осы айтылған PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері мен жаңаша оқыту технологияларының арасындағы байланысты іздеп қарасақ, олардың тапсырмалары мен мақсаттары бір бағытта үйлескен деп айтсақ болады және оларды атап өтсек:
Ø толық құзырлы тұлға қалыптастыру;
Ø берілген тапсыралардың бір мәтіннің немесе бір пәннің деңгейінде қалып қоймауы;
Ø есептер мен сұрақтардың оқушы құзырлылығының дамуына мүмкіндік беруі;
Ø есептер мен тапсырмалардың тізбектелген әрекеттер тізімі арқылы анықталуы;
Ø тапсырма шешімінің оқушының өзіндік тәжірибелеріне негізделуі;
Ø оқушылардағы графикалық, белгілік, мәтіндік форматтарда, күрделі болжамды түрде берілген ақпарат үзінділерімен жұмыс жасау дағдыларының қалыптастыру. 
Қазіргі таңда ақпаратандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.
Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол, 
Оқушы: 
• мақсат қоюға үйренеді;
• есте сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;
• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
• күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.
• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді
• өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
Мұғалім:
Ø жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
Ø оқушыны жан-жақты танып біледі;
Ø қарым қатынас орнатады;
Ø оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;
Ø оларға шығармашылық еркіндік беріледі.
Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады. 
Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі (ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.Оқушыларды физикалық зерттеу әдісіне үйрету, оларға зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Физиканы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты сабақта құрал жабдықтардың , есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор.
Оқыту процесі шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Оқу-зерттеу әрекеті – шығармашылық топтың немесе жеке оқушылардың алдын-ала нәтижесі белгісіз ізденушілік әрекеті. 
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. 
Жалпы, оқытудағы мақсат оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. 
Осы әрекеттерді ұйымдастыру нәтижесінде:
Ø Оқушылар зерттеу жұмыстары нәтижесінде биология, физика сабақтарында алған білімдерін практикада қолдануға үйренеді;
Ø Оқу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру негізінде оқушылардың жаратылыстану ғылыми сауаттылық деңгейі көтеріледі; 
Ø Қиындығы жоғары есептерді шығару қабілеттері дамиды;
Ø Оқушының дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. 
Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. 
Сонымен қорытындылай келе, PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі тапсырмалары арқлы толық құзырлы тұлға қалыптасуына ықпал жасалынады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Астрономия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Мустимов Амангельды Кайкенович

Дата: 10.04.2018

Номер свидетельства: 465691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Творческий отчет "Развитие познавательной активности учащихся""
    ["seo_title"] => string(72) "tvorchieskii-otchiet-razvitiie-poznavatiel-noi-aktivnosti-uchashchikhsia"
    ["file_id"] => string(6) "298874"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456412820"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства