kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие- Мәңгілік елдің кепілі!»

Тәрбие сағатының мақсаты:. Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Кітаптар көрмесі, компьютер, Елбасының, Астананың суреті және слайд.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, постер қорғау, талдау,

Тәрбие сағатының барысы:

Гимн орындалады.

1.Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.

2. Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы  шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні 2б сыныбында ұйымдастырылып отырған «Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие- Мәңгілік елдің кепілі!»атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еш қысылмай, ойымызды еркін жеткізуге тырысайық.

1 – бөлім «Ой қозғау».Сұрақтар қойып, жауап алу.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?

5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар? Ту-Шәкен Ниязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алды.Біз өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекетсіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігенен, өткеннің тағылымынан сабақ алуымыз тиіс.Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің қолымызда!Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.

2-бөлім «Постермен жұмыс»

1-топ: «Тәуелсіз ел ұландары» - «Ата – баба аңсаған Мәңгілік ел! » (көмекші құралдар яғни газет, журнал қиындыларын, сөздер беру)

2-топ: Жаңа Қазақстан - «Экспо – 2017 Қазақстанның болашағы»

3- топ: Нұрлы жол - «Қазақстан – 2050. Біздің арман!» (көмекші құралдар яғни газет, журнал қиындыларын, сөздер беру)

3-бөлім «Өз еліме қосар үлесім» (3-топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)

4-бөлім «Оқушылар сәлемдемесі»

1-оқушы: Мәңгілік ел – Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 
2-оқушы: Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 
3-оқушы: Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. 
Бәрі: Ол – Мәңгілік ел идеясы. (бәрі бірге) 
4-оқушы: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. 
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. 
5-оқушы: Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! . 
6-оқушы: Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. (бәрі бірге)
Бәрі:

- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.

-Мы патриоты нашей старны

- We are patriots of our countries

7.Сабақты қорытындылау:

-Сонымен балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек? (Оқушылар бір ғана сөзбен жауап береді.)

ӘН: «Көк тудың желбірегені» (Барлық оқушылар қолдарына ту ұстап тұрып, әнді шырқайды.)

Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры». 
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймын. 
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық»

«Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»

Мақсаты: Ата – ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару. Ата – ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.


Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле өлгенше соны таныр қиядан»

Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко т. б. Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.

Кіріспе сөз
Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу»яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.

Барысы: 

1. Шаттық шеңбері

Ата-аналар бірлесіп шаттық шеңберін құру.

Танысу. Топқа түстер арқылы бөліну.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.
Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы. Менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?

Ой қозғау
Бала деген кім?
Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата - аналар жауаптарын
жазады. Мысалы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, мұрагерім, жанымның саясы, асыраушым т. б

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай бола, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы: еріншектік, жалқаулық, сараңдық, т. б Біздің баларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі керек

Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Сұрақтар:
1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмасада балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

6. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

7. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

8. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жуапкершілігі басым ба?

9. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?


Ситуациялық сұрақтар
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды.

  • Қалай ойлайсыздар әңгіме қалай өрбіді?

Ата-аналар пікірін тыңдау

Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»

Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

5.    «Сіз қандай ата-анасыз?» тесті.
Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

1. Саған қанша рет қайталап айтамын?   (2-ұпай)
2. Маған ақылыңды айта қойшы. (1-ұпай)
3. Мен сенсіз не істер едім? (1-ұпай)
4. Сонша кімге тартқансың? (2-ұпай)
5. Сенің достарың қандай тамаша! (1-ұпай) 
6. Туу, ұқсағансың.... (2-ұпай)
7. Мен сендей кезімде... (2-ұпай)
8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой. (1-ұпай)
9. Сенің достарың өзі қандай адамдар? (2-ұпай)
10. Сен тегі не ойлап жүрсің? (2-ұпай)
11. Сен менің ақылшымсың. (1-ұпай)
12. Ұлым, қызым! Сен қалай ойлайсың? (1-ұпай)
13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен... (2-ұпай)
14. Сен қандай ойлап тапқышсың?! (1-ұпай)
Енді жалпы ұпайды санап, қорытындылаңыз.Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді, сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға беріліп отыр.
Кілті:
7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды.
9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен, сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.
11-14 ұпай: Сіздің балаңызбек қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның ашулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

Бейнеролик көрсету

Мектеп психологі Абжанова Гүлсайранға сөз кезегі беріледі.
Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп ротырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.
Сары түс – көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

 Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.
Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Астрономия

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық

Автор: Қаналина Гүлбану Нұрланқызы

Дата: 25.10.2022

Номер свидетельства: 615959

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»"
    ["seo_title"] => string(48) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet"
    ["file_id"] => string(6) "615373"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1666171911"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»"
    ["seo_title"] => string(50) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet_6"
    ["file_id"] => string(6) "616277"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1667158032"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»"
    ["seo_title"] => string(50) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet_7"
    ["file_id"] => string(6) "643873"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1705047280"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
    ["seo_title"] => string(50) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet_4"
    ["file_id"] => string(6) "615958"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1666721927"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»"
    ["seo_title"] => string(50) "teren_bilim_enbekkorlyk_zh_ne_otanshyldyk_kasiet_5"
    ["file_id"] => string(6) "616247"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1667137124"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства