Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан Ляззат пен Құралай, Гульмайра апайларымызды шақырамыз.
Құралай: Өтті қызық көп күндер,
5- жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Құрметті ата -аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар!
Бүгін біз мәпелеп өсірген, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрбір бала білімнің іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміміз мол.
Ляззат: Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би билеп жан салады.
Бұл мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән: "Кел, балабақшаға"
Осы кезде Гүлдер ханщайымы келеді.
Гүлдер ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. қандай әдемі балалар, қандай әдем безендірілген, мен қай жерге келдім?
Құралай: Бұл "Балауса" бөбекжай балабақшасының "Қарлығаш" тобы. біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келесіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген гүлдер ханшайымымын
Мен сендерге бос келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар.
Мынау бес түсті сиқырлы гүл, әрбір күлтешесін жұлып тілек тілесеңдер, тілектерің орындалады.
Ләззат: Қандай ерекше гүл, солай ма балалар? Қәне күлтешесін жұлып көрейікші, тілегіміз орындалама екен.
Бірінші күлтешесін балалбақша меңгерушісіне жұлдырып көрейік.
Екінші күлтешені балабақша әдіскері жұлып тілегін тілейді.
Балалар сабақтарыңды жақсы оқыңдар!
Балаларымызбен ойын ойнасақ екен!
Ляззат: Ата аналармен ойын: Екі ата -ана шығады. Жерге обручтар қойылады, жүргізуші сан айтады, сол санға байланысты обручтың ішіне бала жинайды.
Үшінші күлтешені балабақшаның дәрігері жұлып тілек тілейді.
Балалар дендерің сау болсын, салауатты өмір сүрулеріңді тілеймін.
Қыздардың әкелерімен билегенін көргім келеді.
Вальс: Әкелермен би
Төртінші күлтешені тәрбиешілер жұлып тілек тілейді.
Балалар балабақшаны ұмытпаңдар!
"Тәрбиеші" - әнін естігіміз келіп отыр.
Ляззат: Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиеші өзіңмен
Тәрбиешім әнін саламыз.
"Тәрбиешім" әнін қабыл алыңыздар!
Бесінші күлтешені ата -аналарға жұлдыруға береміз.
Балаларымыз аман болып, сіздерді ұмытпай, сабақтарын жақсы оқып біздерді қуантып жүре берсін!
Біз балалардың биін көргіміз келіп отыр.
Ляззат: Мың бұрала билейді аналар, ұлдарымен
Тамсана қол соғып қарсы аламыз.
Орыс биі "Самавар"
Музыка ырғағымен Жалқаубек келеді.
Жалқаубек: Бұл жерде не болып жатыр?
Құралай: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр, біздің балалар мектепке кеткелі жатыр.
Жалқаубек: Мен, мен де барайын мектепке, мен мектепке барып көрген жоқпын, мектепке баруды армандаймын, онда өте қызық, үзілісте жүгіресің,секіруге болады, асыр салып ойнауға болады деп естідім.
Құралай: Ал біз мектепке білім алуға барады деп ойлаймыз, солай ма балалар?
Біздің балалар мектепке дайын.
Жалқаубек: Мен неге оқуым керек, онсызда мен бәрін білемін, сурет салып білемін, санап білемін.
Құралай: Жақсы Жалқаубек онда сенің біліміңді тексеріп көрейік.
Мен бір санын айтамын ал сен цифрын көрсетесің, санамақ айтасың.
Балалар дұрыс па? жоқ!
Ал сендер көрсетіңдерші?
Міне Жалқаубек біздің балалардан қарап үйрен.
Дымбілмес: Сендердің есептерің қиын екен, маған жеңілдеу бірдеңе беріңдерші?
Онда сенің шапшаңдығыңды тексеріп көрейік.
Ойын."Сөмкеге жина"
Шарты: Оқу құралдарын сөмкеге салу керек. Екі бала жарысады.
Жалқаубек сен біздің балалардың тақпақтарды қалай айтатынын көр.
Сайдаят: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке біз барамыз.
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол,
Ұмытпаймыз өзіңді,
Балабақшам қош сау бол.
Ботакөз: Ән салғызып, би билетіп.
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақтыда үйретіп,
Ойнатады күледі.
Қызық -қызық ертектер,
Біздерге айтып береді.
Жылауықта, тентекте
Сол апайға көнеді.
Ажар: Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.
Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақша,
Көңілде мәңгі сақталсын.
Әліби: Сүйген өз қыз, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай.
Балабақша өз үйім,
Апайлар болды анамдай.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Аяулым: Қоштасып мен бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабақпен.
Танысып мектеп деген әлемменен,
Достасамын біліммен, даналықпен.
Әмина: Балбақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы мол шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Б. Інжу: Талай -талай баспалдақты аттармыз,
Ата -ананың үмітін де ақтармыз.
Тәрбиеші апайлар сізден алған ақылды,
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
.
Восточный би: Ажар - Санжар
Жалқаубек: Мен енді түсіндім, көп еңбектену керек, сендер көп нәрсені үйренген екенсіңдер. Менде алдағы уақытта үйренемін, жаз бойы мектепке жалқауланбай дайындаламын, мектепте тек бестік аламын.
Жарайсың Жалқаубек.
Құралай:
Көңілді өскен баламыз,
Күлім қағып тұрамыз.
Бақшаменен қшотасып,
Мен мектепке барамын.
"Мен мектепке барамын " әнін қабыл алыңыздар!
Құралай: Біздер үшін еңбек еткен,
Баршаңызға рақмет айтар балалар!
Енді таза пәк көңілдермен қимас жандарына алғыс айтатын кезде таяп қалған сияқты.
Гаухар: Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сіз басқадан.
Меруерт Сламқызына
Бәрі бірге: Мың алғыс!
Арсен: Жайдары жүз, ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгенімізді сұрайтын.
Ақыл айтып тұратын,
Әдіскер Салтанат Рахымқызына
Мың алғыс!
Қ. Інжу: Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер.
Ғалия Тұрсынбекқызына
Мың алғыс!
Маржан: Жазу жазып, санауды бізге үйреткен,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Жақсы болсақ қуанған, жаман болсақ кешірген,
Естен кетпес үніңіз, бізбен өтті әр күніңіз.
Жеткіземіз біз ертең, болашаққа даңқыңды.
Құралай, Ляззат апайлар, сіздергеде мың аллғыс, мың алғыс
Ақниет: Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған.
Гүлмайра Жұқанқызына
Мың алғыс -мың алғыс!
Арыстанбек: Тәтті тамақ пісірген,
Айран, сүтін ішкізген.
Аспазшылар сіздерге,
Айтамыз біздер мың алғыс!
Санжар Ж. Есеп - қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін,
Әлия Болысбайқызына
Бас иіп алғыс айтамыз!
Ақкүн: Төсек орын тап - таза,
Аппақ жуған сүлгісі.,
Гулнар, Ағлен апайларға,
Балалардан мың алғыс!
Би: Ча-ча -ча Еңлік пен анасының орындауында тамашалаңыздар.
Ляззат: Қимай сынған ойыншығын,
Деп жылайды тастама.
Қиып, сыйлап жап -жаңасын,
Бара жатыр жас бала.
Ұстамайды етектен де,
Өзі жүре алады,
Өйткені ол азамат боп,
Білім іздеп барады.
Құралай: Адалдықты жүктеп алып,
Сүрінбейтін сенімге.
Жаңа қадам басқан балам,
Қуантады елінде.
Таудай талап арқалауы,
Бекер емес тегінде.
Өйткені ол ақтамақшы,
Үмітімді меніңде.
Екеуміз бірге: Қош болыңдар сәт -сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек 5 -ті алыңдар.
Құралай: Енді "Балауса"бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Қожагелдиева Меруерт Сламовнаға сөз береміз.
Балаларға сыйлықтарын таратады.
Ата - аналар өз тілектерін айтады.
Би: Флешмоб
Ляззат: Құрметті балалар, ата - аналар, қонақтар сіздер күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріміз аяқталды. қош сау болыңыздар!