Білім беру үдерісін, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайларын оңтайландыру жөніндегі ұйымдастырушылық – педагогикалық ұсынымдарды әзірлеу;
Барлық жаңадан бастауыш педагогтарға білім беру қызметіндегі қажетті білім мен икемдерді иеленуде ықпал көрсету;
Кәсіптік біліктілігін арттыруға деген қажеттілігін іске асыруды қамтамасыз ету;
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша кеңестік кө Жас мамандар мектебінің функциясы
Жұмыс жоспарын талқылайды және бекітеді;
Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын, нормативтік құжаттарын, тәрбие және білім беру мәселелері бойынша әдістемелік әдебиеттерді зерделейді;
Семинарлар, тренингтер, мамандарға кеңес берулер, тәжірибелік сабақтар, сабақтарға өзара қатысу арқылы кеңес беру көмегін көрсетеді;
Пәндік – дамытушы орта мен білім беру үдерісінің тәрбиеленушілердің жас айырмашылығы мен дербес ерекшеліктеріне, мектепке дейінгі оқытудың білім беру бағдарламаларына сәйкес келуін айқындайды;
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу табыстылығының қорытындысын, олардың денсаулық жағдайын қадағалайды.
Жас мамандар мектебі жұмысының бағыты:
Қызметіндегі, кәсіптік деңгейіндегі және т.б. қиындықтарды диагностикалау;
Ағарту қызметі (педагогика, психология, әдістеме салаларындағы танымдары);
Жоспарлау кезінде, құжаттама мен жұмыс істеуде және т.б. тәжірибелік көмек көрсету;
Тәлімгерлік;
Кәсіпқойлығын арттыру үшін конкурстарға, түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысу арқылы белсенді қызметтерге тарту.
Күтілетін нәтижелер
Жас кадрлардың балабақшаға табысты бейімделуі және бекітілуі.
Жас педагогтардың кәсіптік өсуінің оң динамикасы.
Жас педагогтардың нормативтік талаптарға сәйкес бағдарламалармен жұмыс істеуге әрекеттелу
Жас мамандармен жұмыс істеу түрлері мен әдістері:
Теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарламалар);
Кеңес берулер;
Семинар – практикумдар;
Рөлдік ойындар, іскерлік ойындар;
Пікірсайыстар, пікірталастар;
Ашық шараларды талқылау,;
Педагогикалық шеберлік конкурстары;
Педагогикалық кеңестер;
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талқылау және оны енгізу мен тарату жөніндегі ұсынымдар;
Түрлі көрмелер, өздігінен білім алу туралы есептер;
Педагогикалық оқулар, ғылыми тәжірибелік конференциялар;
Шығармашылық топтар;
Әдістемелік бірлестіктер;
Жеке кеңес берулер;
Педагогикалық фестиваль;
Стендтік қорғау және т.б.
2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын бағдарламаға сәйкес жоғары деңгейде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету
Міндеті
Жұмыс түрі
Тақырып
Жауаптылар
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балалар мен педагогикалық ұжымның тішілік іс-әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (қыркүйек, қазан)
Шағын-тренинг
«Сәлеметсіз бе – бұл мен! Келіңіз танысайық!»
Әдіскер
Сауалнама жүргізу
Жас педагогтардың тәрбие-оқыту қызметі үдерісі кезіндегі білімдері мен қиындықтарын анықтау
Әдіскер
Жас педагогтарға арналған тәлімгерлікті ұйымдастыру, педагог- тәлімгерді белгілеу
Пікірсайыс
Балабақшаның әртүрлі жастағы топтарында тәрбие-оқыту қызметі үдерісін жоспарлау
Әдіскер
Кеңес берулер
Әртүрлі жастағы талаптарда пәндік дамыту кеңістігін құру. Негізгі бағдарламалық талаптар, күн режимінде санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын орындау
Әдіскер, аға медбике
Жаңа ортадағы кішкентай адам. Бейімделу проблемасы
Педагог- психолог
Әртүрлі жастағы топтарда күні бойғы қозғалыс режимі
Педагог-тәлімгер
Шеберлік-класы
Тәрбиешінің жоспары бойынша сабақтар
Педагог-тәлімгер
Өздігінен білім алу
МДҰ баланың эмоциялық (әсерленгіш) саулығы
Тәрбиешілер
Жағдайлар жасау
Ойын бұрыштарын тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ойындар өткізуге қажетті атрибутикалармен толықтыру
Тәрбиешілер
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін бақылау жүйесін жетілдіру (қараша, желтоқсан)
Кеңес берулер
Тест
Қазіргі күнгі мектепке дейінгі білім берудің сапасы
Педагог-тәлімгер
Білім берудің жаңа (МЖМС-2012ж.) стандартымен танысу. Индикаторлар бойынша жұмыс істеу
Әдіскер
Балабақшада баланың қолайлы көңіл-күйін қамтамасыз ету
Педагог-психолог
Педагогикалық сабырлықты (күйзеліске төзімділікті) анықтау
Дөңгелек үстел
Қазіргі күннің тәрбиешісі. Ол қандай?
Әдіскер Педагог-психолог
Шеберлік - класы
Тәрбиешінің жоспары бойынша сабақтар
Педагог-тәлімгер
Өздігінен білім алу
Жобалар әдісі-бірыңғай білім берукеңістігін ұйымдасыру нысаны ретінде
Тәрбиешілер
Кеңес берулер
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз мәнерлілігін ойын іс-қимылдары арқылы дамыту
Жас педагогтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыс қабілеттерін театрлық-ойын іс-қимылдары арқылы дамыту
Педагог-тәлімгер
Тренинг
Баланың сезім аясын дамыту
Педагог-психолог
Шеберлік -класы
Тәрбиешінің жоспары бойынша сабақтар
Педагог-тәлімгер
Сабақтарға өзара қатысу
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-қимылдарын күннің 2-ші жартысында өз бетінше ұйымдастыру және оған басшылық жасау
Тәрбиешілер
Педагогтар-дың ата-
аналармен өзара
әрекеттесу проблемалары бойынша білімдерін жүйелендіру (қаңтар, ақпан, наурыз)
Пікірсайыс түрінде кеңес беру
Ата-аналармен бейдәстүрлі жұмыс нысандары
Әдіскер
Тренинг
Ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату және өзара әрекеттесу
Педагог-тәлімгер, педагог-психолог
Іскерлік ойын
Ата-аналармен жұмыс істеудің оңы мен терісі
Педагог-тәлімгер
Пікірсайыс
Ата-аналар жиналысын өткізудің он алтын ережесі
Әдіскер
Шеберлік-класы
Тәрбиешінің жоспары бойынша сабақтар
Педагог-тәлімгер
Өздігінен білім алу
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту, бала мен ата-ана қарым-қатынасын үйлесімдендіру және ізгілендіру
Оқу жылы ішінде алған білімдері мен икемдерін анықтау. Жазғы сауықтыру кезеңіндегі тәрбие-оқыту жұмыстарын жоспарлау (сәуір, мамыр)
Семинар-практикум
Педагогикалық идеялар аукционы
Әдіскер
Мониторинг
Индикаторлармен жұмыс
Педагогикалық шеберлік аптасы
Ашық сабақтар
Педагог-тәлімгер
Кеңес берулер
МДМ-да балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
Әдіскер, аға медбике
Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын ұйымдастыру жөнінде тәрбиешілерге арналған ұсынымдар
Әдіскерлер
Өздігінен білім алу
Жазғы кезеңде мақсатты серуендер ұйымдастыру
Жас педагогтар
Сауалнама жүргізу
Оқу жылы ішінде алған білімдері мен икемдерін анықтау
Әдіскерлер, жас педагогтар
Өзін-өзі таныстыру
Өз кәсіптік қызметінің шығармашылық өздік тұсаукесерін ұсыну
Жас педагогтар, тәлімгерлер
Тәрбиешінің тұжырымдамасы
Тәрбиеші – оқу – тәрбие үдерісіндегі негізгі тұлға, және оған мынадай талаптар қойылады:
Балаға деген сүйіспеншілігі болуы тиіс. Егер тәрбие үдерісінде өз эмоцияларына ие бола алмаса, онда ол біліміне, еңбек өтіліне қарамастан өз мамандығына кәсіптік жағынан жарамсыз деп есептеледі.
Балалар психологиясы және педагогика бойынша тиісті білімінің болуы.
Өз тәрбиеленушілерінің денсаулығы, физиологиялық және психологиялық жай –күйі туралы білуі тиіс. Қай балаға көбірек көңіл бөлу, қай балаға педагог-психологтың көмегі қажет екендігін анықтауы керек.
Өз тобында жақсы көңіл –күй ахуалын жасау.
Әдістемелік тәсілдер мен құралдарды меңгеру.
Пән педагогтарымен өзара байланыс жасау, білімді қайталау мен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау
Оқу тәрбие үдерісін балалардың жас және ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау
Руханиятын, сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуы, үнемі шығармашылық ізденісте болуы, өз алдына мақсат қоя білуі.
Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі сынау қабілетін иеленуі тиіс.
Өзінде қоғамның құрметіне еңбегі сіңген, бірегей, өзіндік ерекшелігі бар, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру тиіс
Тәрбиеші туралы жалпы мәлімет
Аты-жөні: Тленчиева Назима Умирбаевна
Туған жылы: 15.11.1986ж.
Білімі: арнаулыорта, Алматы дарынды жастар колледжі
Диплом бойынша мамандығы: «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» (2011-2014ж.)
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі: 3жыл 8 ай
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 3жыл 8 ай
Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер) - «Мектепке дейінгі білім беруде педагогикалық технологияларды қолдану ерекшеліктері» (2014ж.)
Марапатталуы(дипломы, мадақтамасы,алғыс хаттары )- «Балаларға тәрбие берудегі кәсіби шеберлігі және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан еңбегі үшін» мадақтама. Теміржол селолық округ әкімінің алғыс хаты.
Мекен жайы: Энергетик көшесі 13.
Телефон: 34-4-27, 87772559110
Аты-жөні: Арсланова Марал Смагуловна
Туған жылы: 12.11.1988 жыл.
Білімі: арнаулыорта, №1 Алматы қазақ мемлекеттік- гуманитарлық педагогикалық колледж.
Жоғары, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Диплом бойынша мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» (2005-2009ж.). «Педагогика және психология»(2010-2015ж.)
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі: 10 ай
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 10ай
Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер) – «Тұлғааралық қарым –қатынасты дамытудың психологиялық жолдары»(2014ж.)
Марапатталуы(дипломы, мадақтамасы, алғыс хаттары )- Алматы облысы Жамбыл ауданы Аудандық мәдениет үйі Алғыс хат (2015 ж)
Мекен-жайы: Тоқтарбай көшесі 20/1.
Телефон: 34-4-89, 87073721570
Тәлімгер туралы жалпы мәлімет
Аты-жөні: Нукеева Зоя
Туған жылы: 25.12.1954 ж
Білімі: жоғары, Абай атындағы қазақ пед. институты
Диплом бойынша мамандығы: «Химия- биология» (1972-1976)
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі:39 жыл
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 4 жыл
Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер) - «Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби дамуын басқару – білім сапасын арттырудың шарты» (2011ж.)
Марапатталуы(дипломы, мадақтамасы,алғыс хаттары) – ҚР «Халыққа білім беру еңбегінің үздігі»,ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты, ҚР білім және ғылым министірінің құрмет грамотасы, Қазақ газеттері ЖШС –нің дипломы.
Мекен жайы: Райымбек 13/2
Телефон: 34-1-27, 87471278312
Тәлімгер туралы жалпы мәлімет
Аты-жөні: Халиолла Камшат Халиоллаевна
Туған жылы: 08.03.1983ж
Білімі: жоғары, Қызылорда «Болашақ» университеті
Диплом бойынша мамандығы: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (2013)
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі: 3 жыл 7ай
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 3 жыл 7ай
Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер) - «Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық технологияларды пайдалану» (2013ж.)
Марапатталуы(дипломы, мадақтамасы,алғыс хаттары) – Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің құрмет грамотасы.
Мекен жайы: Райымбек көшесі 5/2
Телефон: 34-5-00, 87072220944
Сауалнама
Сұрақтар
Сіздің жұмысыңызға қандай проблемалар мен қиындықтар кедергі келтіреді?
Администрацияның сіздің әрекетіңізге бақылау жасауының қай түрі тиімді деп ойлайсыз?
Оқыту –тәрбиелеу барысында қандай көмекті қажет етесіз?
Қай тәрбиешімен жеке жұмыс бағыты бойынша бірігіп жұмыс жүргізгіңіз келеді?
Қандай семинар, практика, тренингті қажет етесіз?
Келесі оқу жылында кімнің тәжірибесімен тәжірибе алмасқыңыз келеді?
Келесі оқу жылына балабақша бойынша қандай міндетті алу керек деп ойлайсыз?
Театр –өнер түрлі, ол заманауи педагогика мен психологияға балаларда эстетикалық талғамды қалыптастыруға; өнегелілік тәрбиені жетілдіруге; жеке тұлғаның қатынас-байланыстық сапаларын дамытуға; баланың еркін, жадын, қиялын, тілін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Театр баланың рухани және шығармашылық әлеуетін ашады және әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндігін береді.
Театрлық ойын- өнегелілік сипаттағы әдеби және фольклорлық туындыларды түсінуге, достық, серіктестік және дұрыс өзара әрекеттестік сезімін дамытуға көмектесетін тиімді құрал.
Театрлық әрекет- бұл бәрінен бұрын суырып салу, заттар мен дыбыстарды жандандыру, ол әрекеттің басқа түрімен; ән салумен қозғалыс пен, музыкалық сүймелдеумен және т.б. тығыз байланысты. Мұның бәрін педагогикалық үдерісте сөзсіз жүйелеу қажет.
Мақсаты: театрлық әрекеттер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері мен әдістері: балаларды театр түрлерімен таныстыру; балалардың шығармашылық түрлерін жас ерекшелктеріне қарай кезең- кезеңмен меңгеруі; сөйлесу тілі мен дауыс екпінін дамыту жөніндегі жұмыс; ұжымдық әрекеттер, өзара әрекеттер.
Бұл міндеттердің шешілуі педагогикалық кеңестерде, семинар-практикумдарда және т.б. қарастырылады.
Театрлық қызметтің мазмұны:
қуыршақ театрының қойылымдарын көру және талқылау;
балалардың әлеуметтік – эмоциялық дамуына арналған жатттығулар кешені;
түзетімдеу-дамытушы ойындар;
дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығулар (артикулярлық гимнастика)
қолдар қозғалғыштығын дамытуға арналған тренингтер;
ымдауды, мимимканы қалыптастыруға арналған жаттығулар;
театрлық этюттер;
әртүрлі ертегілер қойылымы;
ертегіні драмалау құралдарымен (ымдау, қозғалыстар, сахналық көрініс және т.б.) жұмыс.
Театрлық әрекеттерге тек балалар, тәрбиешілер ғана емес, сондай-ақ ата-аналар да белсенді қатысады.
Шығармашылық, артистік, қабілеттерді дамытуға оңды ықпал ету, балалр қиялының даму ерекшеліктерін дәл айқындау және олардың даму деңгейін дұрыс бағалау үшін жұмыс нәтижелерін тіркеп отырған жөн. Мысалы:
диагностика (қазан-қаңтар-мамыр);
қуыршақ театры спектакльдерін көрсету;
ертегілерді драмалау;
шаралар ұйымдастыру (жыл бойы);
театр ойынын мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі-МДҰ) бағдарламасымен сәйкестікке келтіру.
Көздейді:
психофизикалық қасиеттердің (мимика, пантомимика), психикалық үдерістердің (қабылдау, қиял, ойлау, жад, зейін және т.б.), сөйлесу тілінің (монолог, диалог), шығармашылық қабілеттердің ( еліктеу, бейне жасау, өзіне рөл таңдау) дамуын;
балалардың театрлық ойындарға қатысуын: өлеңдер, жұбаныш ойындары, қысқа қойылымдар; қуыршақтарды, ойыншықтарды және басқаларын пайдалана білуді (бибабо, көлеңкелер, саусақтар, фланелеграфтар);
театрлық тәжірибені молайтуды: театр және оның тарихы, мамандары туралы; киім үлгілері мен сөздігі туралы білімді;
ата-аналармен бірге қуыршақтарды, ойыншықтарды, бетперделерді, киім үлгілерін таңдау мен дайындауды, ата-аналар театрын – « Біздің театрды », «Отбасылық театрды » құруды , Театр күнін бірге атап өтуді.
Театрландырылған ойындардың сипатты ерекшеліктері мазмұндарының әдеби немесе фольклорлық негізде және көрермендерінің болып табылады (Л.В.Артемова, Л.В.Ворошнина, Л.С.Фурмина және басқалар). Оларды 2 топқа: драмалау мен режиссерлікке бөлуге болады.
Драмалау ойындарында бала рөлді «артист» ретінде орындай отырып, ауани және ауани емес көркемдік құрал кешенінің көмегімен бейнені өздігінен жасайды. Бұл жерде суырып салудың орын алуы мүмкін, ол тек мәтінге ғана емес, сондай-ақ сахналық көрініске де қатысты болуы мүмкін. Драмалаудың түрлері жануарлар, адамдар, әдеби кейіпкерлерге еліктеп, оларды келтіру ойындары, мәтін негізіндегі рөлдік сұхбаттар, туындыларды сахналау, бір немесе бірнеше туынды бойынша спектакльдер қою, сюжетті (немесе бірнеше сюжетті) алдын ала дайындықсыз ойнау-суырып салу ойындары болып табылады.
Режиссерлік ойындар «артистер» ойыншықтар немесе оның орынбасарлары болып табылады, ал бала қызметті «сценарийші және режиссер» ретінде ұйымдастыра отырып, артистерді басқарады. Кейіпкерлерді дыбыстай және сюжетке түсініктеме бере отырып, ол әртүрлі ауани және ауани емес құралдарды пайдаланады, бұл жерде дауыс екпіні мен мимика неғұрлым маңызды болмақ.
Л.В.Артемева режиссерлік ойындарды балалар бақшасында пайдаланылатын театрлардың алуан түрлілігіне сәйкес: үстел үстілік, жазықтық, бибао, саусақтық, қуыршақтық, көлеңкелік және басқалар деп жіктеуді ұсынады.
Театрландырылған ойындыдамытудың негізгі бағыттары
Жасы кіші мектеп жасына дейінгі балалармен- баланың театрландырылған қойылымды ересек адамның орындауын бақылаудан біртіндеп дербес ойындық қызметке көшуінен; жеке және «қатар ойнаудан» рөл ойнайтын 3-5 құрдасынан тұратын топта ойнауға ; фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктеуден кейіпкердің негізгі эмоцияларын беруді және ойын-драмалауда қарапайым «үлгілік» бейнені жасау ретінде рөлдік игерудің үйлесіміндегі еліктеуге дейін өтуден тұрады.
Орта жастағы мектеп жасына дейінгі балалармен- баланың «өзі үшін » ойынынан көрерменге бағдарланған ойынға қарай біртіндеп өтуден; ең бастысы үдерістің өзі болатын ойыннан үдері те, нәтиже де маңызды болатын ойынға; тақылеттес («параллель») рөлдерді орындайтын құрдастарының шағын тобындағы ойыннан рөлдік позициялары, әртүрлі (тең құқықты, бағыну, басқару) 5-7 құрдасының тобындағы ойынға; ойын драмалауда жай «үлгілік» бейнені жасаудан кейіпкердің эмоциялары, көңіл-күйі, жағдайы, олардың алмасуы үйлесетін біртұтас бейнені жасауға дейін өтулен тұрады.
Жасы үлкен мектеп жасына дейінгі балалармен- баланың бір әдеби немесе фольклорлық мәтін бойынша ойынынан баланың сюжетті еркін құруы түсінілетін ойынға біртіндеп өтуден, онда әдеби негіз оны баланың еркін түсіндірмелеуімен үйлесімді немесе бірнеше туынды біріктіріледі; кейіпкер ерекшеліктерін беру үшін көркемдік құралдар пайдаланылатын ойыннан кейіпкер бейнесі арқылы өзін-өзі білдіру құралы ретінде ойынға; орталық «артист» болып табылатын ойыннан «артист», «режиссер», «сценарийші», «безендіруші», «киімші» позициялары болатын кешен ұсынылатын ойынға, алайда бұл кезде әрбір баланың қалауы жеке қабілеттіліктері мен қызығушылықтарына байланысты олардың біреуіне түседі; театрландырылған ойыннан жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен қабілеттіліктерін іске асыру құралы ретінде театрлық-ойындық қызметке дейін өтуден тұрады.
Осылайша ұйымдастырылған жұмыс театрландырылған ойынның шығармашылықтың әралуан түрлерінде баланың өзін-өзі білдіру мен өз мүмкіндіктерін іске асыруына, құрдастарының тобында өзін-өзі бекітуге жағдай жасайтын болады. Ал МДҰ-дағы мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі ойын мен өнердің әр түрлерін кіріктіру есебінен қызғылықты бола түседі, олар театрландырылған- ойындық қызметтен өз көрінісін табады.
Педагогтарды табысты жұмысқа бағыттау-«Квик-баптауыш»
Егер сіздер адамдарға ұнағыларыңыз келсе, онда-күліңіздер! Күлкі – қайғылылар үшін күн сәулесі, жағымсыз жайттарға қарсы табиғат жасаған.
Сіздер ең үздік және әдемісіздер, дүние жүзінің барлық манекеншілері сіздерді қызғанатын болсын.
Алтын шақаға ұқсайтын адамдар бар: көбірек жұмыс істеген сайын, қымбатырақ бағаланады.
Сүйікті жұмыстан жақсы сүйікті құрбы жоқ: қартаймайды, қартаюға мүмкіндік бермейді.
Қиыншылықтар бақытқа барар жол да шынықтырады.
Жас маманның кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру
Мақсаты: жас мамандардың жұмысын ұйымдастыру, олардың жаңа ортаға психологиялық жағынан бейімдеу, оларға тәжірибе жинақтауына көмектесу.
Тәрбиеші болуға ниеттенген жас мамандарды тәрбиеші тұжырымдамасымен таныстырамыз.
Тәрбиеші тұжырымдамасы
Тәрбиеші – оқу-тәрбие үдерісіндегі негізгі тұлға, және оған мынадай талаптар қойылады:
Балаға деген сүйіспеншілігі болуы тиіс. Егер тәрбие үдерісінде өз эмоцияларына ие бола алмаса, онда ол біліміне, еңбек өтіліне қарамастан өз мамандығына кәсіптік жағынан жарамсыз деп есептеледі.
Балалар психологиясы және педагогика бойынша тиісті білімінің болуы.
Өз тәрбиеленушілерінің денсаулығы, физиологиялық және психологиялық жай-күйі туралы білуі тиіс. Қай балаға көбірек көңіл бөлу, қай балаға педагог-психологтың көмегі қажет екендігін анықтауы керек.
Өз тобында жақсы көңіл-күй ахуалын жасау.
Әдістемелік тәсілдер мен құралдарды меңгеру.
Пән педагогтарымен өзара байланыс жасау, білімді қайталау мен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау.
Оқу-тәрбие үдерісін балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау.
Руханиятын, сауаттылығы мен шыармашылық қабілеттерін дамытуы,үнемі шығармашылық ізденісте болуы, өз алдына мақсат қоя білуі.
Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі сынау қабілетін иеленуі тиіс.
Өзінде қоғамның құрметіне еңбегі сіңген, бірегей, өзіндік ерекшелігі бар, білімді жеке тұлғаны қалыптастыруы тиіс.
Ата –аналармен жұмыстың жаңа формалары
Біздің ұжымның ата-аналар мен педагогтармен бірлескен қызметінің инновациялық моделін жасау жөніндегі жұмысының негізгі мақсаты балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша өзара әрекеттің тиімді әдістерін іздестіркуге бағытталған.
Міндеттері:
Мектепке дейінгі ұйымның ( бұдан әрі-МДҰ) ата-аналарымен жұмысын құрылымдау, оған кешендік сипат беру.
Отбасылық өзара қатынастар сипатын, отбасындағы ата-аналардың беделін айқындау.
Жұмыстың дәстүрлі емес формалары мен әдістерінің тиімділігін арттыру.
Ата-аналардың әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруінде өздігінен дамуы мен өзін-өзі көрсету үшін жағдайлар қамтамасыз ету.
Ата-аналардың құзіреттілігін, психологиялық-педагогикалық білімдері деңгейін арттыру.
Ұжымда ата-аналарды оқу тәрбиелеу үдерісіне тарту бойынша жұмыстың жай- күйін зерделеу бірқатар проблемаларды айқындады:
Құқықтар мен міндеттерді пайдалана алмау;
Білім беру қызметтерін қажетсіну және оларды ұсыну жағдайларының жоқтығы;
Педагогикалық мәдениетттің төмен деңгейі және МДҰ-да оларға оқыту жүйесінің жоқтығы;
Тәриеленуші отбасыменөзара әрекеттестікте нақты отбасылардың мүмкіндіктері мен жағдайларының, мүдделерінің есепке алынбауы;
Педагогикалық ұжым жұмысына ата-аналардың аз тартылуы.
Алынған нәтижелер тәрбиеленушілер отбасыларымен өзара әрекеттестік алгоритмін әзірлеуге көмектесті.
Отбасымен өзара әрекеттестік алгоритмі
1-қадам. Алғашқы кездесу кезіндегі қарым-қатынастар – тәрбиеші жоғары педагогикалық әдеп, ата-аналарға шынайы құрмет, байсалдылық, әдептілік танытуы, ойланбаған сұрақпен өзінен қашықтатпауға тырысуы тиіс.
2-қадам. Оның дербестігі, қайталанбайтындығы ескеріле отырып, балада нені дамыту, неге тәрбиелеу қажет екендігі талқыланады.
Бұл кезеңде балдырғанның мінез-құлқындағы жағымсыз көріністер туралы сақтықпен әңгімелеуге болады.
3-қадам.Баланы тәрбиелеуге жалпы талаптар белгілеу. Педагог ата-аналарды өз көзқарастарын білдіруге жұмылдырады, тіпті олар қате болса да, ата-аналар пайдаланатын әдістері туралы пікірін тыңдайды, теріске шығармайды, әсер етудің өз тәсілдерін ұсынады, бірыңғай талаптар жасап шығару үшін күш-жігерді біріктіруге шақырады.
4-қадам. Ортақ мақсатқа қол жеткізуде ынтымақтастықты нығайту. Бірлескен ынтымақтастыққа келісе отырып, тараптар бір-бірінің тәрбиешілік мүмкіндіктерін белгілейді. Даулар, келіспеушіліктер болуы мүмкін. Олардың бұдан кейінгі ынтымақтастыққа бөгет жасамағаны маңызды.
Берілген алгоритмде әрекет ете отырып, біз ата-аналармен жұмыстың мынадай формаларына тоқталдық:
МДҰ мен отбасының балаларды тәрбиелеу мен оқыту жұмысындағы бірлік.
Педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара қатынастардағы өзара сенім, бала мұқтаждықтары мен мүдделерін түсіну.
Достық сын мен өзін-өзі сынау негізінде дұрыс өзара қатынастар орнату.
Бірлескен жұмыстағы өзара көмек.
Отбасылық тәрбиенің үздік тәрбиесін зерделеу, оны ата-аналардың кең қауымының арасында насихаттау, МДҰ жұмысында пайдалану.
Ата-аналар белсенділерін, жұртшылықты МДҰ қызметіне, отбасыларымен жұмысқа тарту.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оқытуда педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
«Ұйымдаспаған балалар» ауданы ата-аналарын МДҰ-мен ынтымақтастыққа мүдделендіру.
Балалар құқықтарын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық құжаттар топтамасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер
Отбасы мен МДҰ-да серіктестік пен ынтымақтастық негізінде ортақ талаптары бар бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету.
Балаларды отбасы мен қоғамның құндылықтары, дәстүрлерін де тәрбиелеу.
Отбасы және МДҰ жағдайларында жеке дамыту мен тәрбиелеу, қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық идеялар қорын жасау.
Педагогтар мен тәрбиеленушілер отбасыларының тығыз өзара әрекеттестігі негізінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Отбасы тәрбиелеудің әлеуметтік институты болып табылады, бұл жерде балалар қоршаған ортаны танып білудің алғашқы тәжірибесін алады, қарым-қатынас жасауға үйренеді, онда ұрпақтардың сабақтастығы, балалардың әлеуметтенуі жүзеге асырылады. Сондықтан отбасылық тәрбиені қолдаудың басымдыққа ие болуы, бала мен отбасын психологиялық-педагогикалық жағынан демеу қоғам дамуының бүкіл өн бойында өзекті болып қала бермек.
Балабақшаның әртүрлі жастағы топтарында тәрбие- оқыту қызметі үрдісін жоспарлау
Педагогикалық процесті әдістемелік қамтамасыз ету жаңа стандарт негізінде педагогикалық процесті жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша төмендегідей нормативтік-әдістемелік құжаттар нұсқаулықтарда ұсынылған:
3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бөлу үлгісі;
Оқу жұмыс жоспары;
Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу үлгісі
Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін бір айға ІІ сәбилер тобы, ортанғы топ, ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «кестесінің» үлгісі құрастырылады. Кестені құрастыру барысында педагог балалардың жас ерекшелігі мен балалардың денсаулығына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің психикасы мен денсаулығына әсерін ескерту қажет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бөлу барысындағы ең маңызды кезеңі бес білім беру саласын апта мен айларға дұрыс кезектестіру мен кіріктіруі болып табылады. Оқу жұмыс жоспары Оқу жұмыс жоспары жыл бойы бес білім беру саласында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің саны мен ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің бөлу үлгісімен сәйкестендіруді қарастырады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективалық жоспар үлгісі
Перспективалық жоспар үлгісі бала тұлғасын кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарлаудың жүйелілік мәселесін шешуде көмектеседі. Перспективалық жоспар үлгісі мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері ескерілетін, олардың әртүрлі жаста дамыту міндеттерін, ересектер мен балалардың өзара әрекет етудің ең қолайлы формасын,барлық білім беру саласын қамти алатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің формасы мен мазмұнын таңдаудың негізі болып табылады. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің перспективалық жоспар үлгісі бір жылдық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мөлшерін анықтайды. Циклограмма Циклограмма күн тәртібін және ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін шамалап бөлу негізінде бес білім беру саласын кіріктіру логикасын апта аясында бала әрекетін тиімді бөлуді қарастыратын матрица;
Педагогикалық процесті ұйымдастыруда педагог-тәжірибешілерге бес білім беру саласын кіріктіру шарттастығында педагогикалық процестің екі бағытын өзара байланыста және тұтастықта көру үшін ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің және циклограмманың кестесін міндетті түрде сәйкестендіру қажет.
Технологиялық карта
Технологиялық карта – оқыту мен тәрбиелеу процесінде нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын және жаңғыртудың жоғары деңгейіне ие ұйымдастырылған оқу әрекетінің алгоритмі. Технологиялық карта педагог-тәрбиеші деңгейіндегі де, бала деңгейіндегі де оқу-іс әрекетін басқару кешенінен тұрады. Қандай да бір басқару әрекеттерінің кезеңдерімен байланысты.
Технологиялық карта бойынша жұмысты ұйымдастыру педагогтерді мотивациялаудың жақсы факторы болып саналады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойынға айналады, оның барысында балалар ойлау, зейін, есте сақтау, сөйлеу және т.б. процесстердің жылдамдығын арттыру бойынша жаттығуларына болады.
Технологиялық картамен жұмыс алғашқы жылы педагогтерге қиынға соғуы мүмкін, алайда жинақталған жұмыс тәжірибесі, оқу материалдары кейінгі жылдарда педагогтерге түсетін салмақты айтарлықтай жеңілдетіп, жұмыстың тиімді болуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар, педагог күнделікті және әр жыл сайын білім беру бағдарламалары негізінде карталарды тақырыптарды жоспарлы оқып-үйренуде қолдана алатынын атап өту қажет. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалуға кететін уақытты азайтып, бала оқытудағы педагог жұмысының сапасын арттыруға, денсаулығын сақтауға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, беріліп отырған технологиялық картаның үлгісі оқыту сапасын жақсартуды, педагогтің шығармашылықпен айналысуына уақыт бөлінуін қарастырады және олардың кәсіби біліктілік деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Технологиялық карта педагогке кез- келген ұйымдастырылған оқі іс-әрекетіне аз уақыт ішінде дайындалып, жоғары деңгейде өткізуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық процесті жаңадан құра отырып, педагог әр уақытта да, ең алдымен, балалардың дамуына көңіл бөлуді есіне сақтағаны жөн. Екіншіден, баланың қай жаста болмасын, біраз өмірлік тәжірибесі бар екенін жете түсіну керек. Балалық шақта алған әсер баланың есінде және жүрегінде сақталып қалады. Бала жанын қорғап, аялау керек. Баланың жақсы дамып, жетілуінің маңызды факторы жеке тұлғаның құндылықтарын, қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде әлеуметтік институт (отбасы, балабақша, қоғам) тарапынан қойылатын талаптар мен нұсқаулардың маңызы ерекше. Мұның барлығы жеке тұлға ретінде балаларға қатысты, олардың қажеттіліктерімен қызығушылықтары, өзі жөніндегі түсініктері назарға алынады. Ересектер балалардың ой-пікірімен, көзқарастарымен санасып, оларды тыңдай білгендері жөн. Әлеуметтік орта баланың кемшіліктеріне баса назар аудармай, жеке басының жағымды күшті жақтарына бағытталуы тиіс.
Ұлы ғұлама Әбу Насыр-әл Фараби білім берудің мән-маңызын «Бала өсіргің келсе дана жүректі, қатты ұста, үйрет білім мен ізетті» ұлағатты сөздерімен анық бейнеленген.
«Балауса» балалар бақшасының 2012-2016 жж. арналған даму Бағдарламасы
Даму бағдарламасының (бұдан әрі –бағдарлама) төлқұжаты, оны әзірлеуге негіздеме ретінде ҚР Конституциясы, ҚР-ның «Білім туралы», «Тіл туралы», «ҚР-ндағы бала құқықтары туралы» Заңдары, ҚР-нда білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған бағдарламасы, 2010-2014 жж. арналған «Балапан» бағдарламасы, 2015ж. дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР-дағы мектепалды дайындығының Тұжырымдамасы пайдаланылды.
Бағдарламада төлқұжатына мынадай тараулар кіреді: мемлекеттік тапсырыс беруші, негізгі дайындаушылар, орындаушылар, қаржыландыру көздері, іске асырудың күтілетін нәтижелері.
МДҰ ресурстық базасының сипаттамасы қоршаған әлеуметті және материалдық- техникалық базаны қамтиды.
МДҰ қызметінің тұжырымдамалық негіздері
Мектепке дейінгі балалық шақ - әрбір адамның өміріндегі бірегей кезең. Ересектердің міндеті – әрбір бүлдіршін үшін оның қабілеттіліктерін ашуға қажетті жағдайлар жасау, оның өмірін қызықты және мазмұнды ету, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасауға үйрету, білім берудің оңтайлы бағдарғысын белгілеу. Әрбір балаға және отбасыға қолдау және өз уақытында жеке, аумақтық қолжетімді көмек көрсетуге қабілетті мамандарды біріктіретін, ұстанымдық жағынан жаңа үлгідегі МДҰ құру заманауи қоғамның дәйекті қажеттілігіне айналып келеді.
Мұндай тәсілдің өзектілігін көптеген отбасылар балаларды сапалы оқыту мен тәрбиелеуге мұқтаж болып отырған жағдайларда арта түседі.
Стратегиялық мақсаты: баланың психологиялық- денелік жағынан салауатты, құзіретті, қатынас- байланыстық және шығармашылық дағдыларды меңгерген, қоршаған дүниеде барабар өмір сүруге қабілетті, сергек және еркін ойлай білетін жеке тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
-жасы кіші балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісін сапалық ресурстық қамтамасыз ету;
-МДҰ дамуының тетіктерін жасау және олармен қамтамасыз ету;
-МДҰ-ның дүниежүзілік стандарттар мен уақыт талаптарына сәйкес келетін дамытушы заттық-кеңістіктік және білім беру ортасын қалыптастыру;
-МДҰ қызметінің инновациялық мазмұнын әзірлеу және енгізу;
-МДҰ-да білім беру үдерісін жаңғырту;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
-МДҰ- ды басқару үдерісін демократияландыру;
-білім беру үдерісінен қатысушылардың бәріне субъект-субъектілік өзара әрекет ұстанымдарын енгізу;
-балаларды сапалы тәрбиелеу және оқыту мақсатында мемлекеттік билік, ҒӨБ, әлеумет өкілдерімен әлеуметтік әріптестікті дамыту;
-өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орын иелену;
- кентте, ауданда, облыста жоғары рейтингке қол жеткізу;
Девизі: «Әрқашан сүйіспеншілікпен- қарсы аламыз, ал мақтанышпен – шығарып саламыз!»
Мақсаткерлігі: балалық шақтың құндылықтарын: таңдануды, сенімді, қарым- қатынас жасауды сақтау.
Жетекші функциясы: бүлдіршіннің жеке тұлғасын әлеуметтендіру.
Өзекті идеясы: бәрі де балалық шақтан басталады!
Біздің құндылықтар: балалар, отбасы, денсаулық, бақыт пен рахым.
Біздің балабақша өз дамуында бағдарға алатын басты нәтиже, - түлектің жеке тұлғасы.
Түлек жеке тұлғасының моделі
Бүлдіршіннің даму саласы
Жеке тұлғалық даму индикаторлары
Денелік
Жақсы дене және психикалық денсаулығы: дамыған денелік қасиеттері, қозғалыстық және мәдени- гигиеналық дағдылары, дене және психикалық денсаулықты сақтау тәсілдері туралы білімі бар, өз денсаулығына сергек қарай, валеологиялық білімін іс- тәжірибеде іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса біледі
Зияткерлік
МЖББС-на сәйкес жаңа білімді, икемділіктерді, дағдыларды меңгеруге деген ұмтылысы, қоршаған орта туралы білімі, қалыптасқан математикалық түсініктері, тілдік даму дағдылары бар; бақылау, салыстыру, талдау, қорытынды жасауды, өз ойын, көркем туындылардың, ертегілердің мазмұнын байланысты және дәйекті баяндауды, білімін іс- тәжірибеде өздігінен қолдануды, күрделі емес математикалық тапсырмаларды орындауды біледі
Эстетикалық
Өнердің алуан түрлеріне орнықты қызығушылығы мен эмоциялық сергектігі, өнер түрлері туралы білімі, бейнелеушілік қызметтің қалыптасқан дағдылары бар; қоршаған әдемілікті көре және бағалай, қоршаған дүние туралы өз әсерлерін бейнелеу қызметінде; музыкада сөз шеберлігінде бейнелей алады, көркемдікті жеткізудің саналуан құралдарын меңгерген.
Өнегелілік
Әртүрлі ұлттардағы құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдылары, әртүрлі халықтардың мәдениетіне деген қалыптасқан оңды көзқарасы бар; басқа ұлттардың балаларын дұрыс қабылдауды, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауды біледі, Отанын сүйеді, онымен мақтанады; адал, өзіне – өзі сынмен қарауға, қайырымды болуға тырысады.
Түлек және тұлғасының бұл моделін жүзеге асыру және іс-тәжірибеде қолдану оған МДҰ педагог-тәрбиешілерінің құзіреттілік тәсілі болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Сондықтан МДҰ-дағы әдістемелік жұмыс:
Педагог – тәрбиешілердің жеке кәсіптік резервтерін іске асыру кезінде педагогикалық ұжымның қызметі мен қарым-қатынасында бірлікке қол жеткізуге;
Педагог – тәрбиешілерде кәсіптік қатынас-байланыс үдерісіне белсенді қатысуға орнықты уәждеме қалыптастыру және көрсетуге;
Педагог-тәрбиешілерде төзімділікке (балаға, әріптесіне, ата-анаға педагогикалық ағартушылық, мәдени төзімділік пен құрмет) қабілеттілікті қалыптастыруға;
Педагог-тәрбиешілердің кәсіптік құзіреттілігін, ойлау мен қызметінің инновациялық стилін жетілдіруге бағытталған
Өз дамуында әдістемелік қызмет бағдар алатын нәтиже, - жаңа үдгідегі педагог – тәрбиешінің жеке тұлғасы.
Жаңа үлгідегі тәрбиешінің жеке тұлғасы
Жеке тұлғалық қасиеттері
Кәсіптік мәдениеті
Базалық құзіреттер
Басты құзіреттер
Балаларға деген сүйіспеншілік; жан дүниесінің дархандығы мен мейірімділігі; жоғары өнегелілік; энтузиазм; еңбексүйгіштік; тапсырылған іс үшін жауапкершілік; ұжымшылдық сезімі; бірге күйініп-сүйінушілік
Мектепке дейінгі педагогика, балалар және жас психологиясы негіздерін, дидактика,балалар физиологиясын білу; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемелерін, білім беру технологияларын білу
Жоғары зият; сыни ойлау; қойылған мақсаттарға қол жеткізу қабілеттілігі; өзіне жауапкершілік қабылдауға дайындық; тәлімгер және сабағатшы рөлінде әрекет ету қабілеттілігі; аса ұстамдылық және мақсатты бағытталғандық; адамдармен достық, жайдары, бірақ іскерлік қатынас; барлық істердегі қадір-қасиет пен жоғары жауапкершілік; шығармашылық және тәуекел ету шеберлігі; сезімділік және қозғалғыштық; жұмыс істеуге жоғарғы қабілеттілік, үздік болуға және бәрін ең жақсы етіп орындауға үнемі ұмтылушылық; өзін-өзі басқару қабілеті; жеке құндылықтарының ақылға сыйымды жүйесі айқын мақсаттары; үнемі жеке тұлғалық өсуге ұмтылушылық; проблемелерды шешудегі дағдылар мен табандылық; инновацияларға қабілеттілік және өнертапқыштық
Білімге тартылу, кәсіпқойлық және жұмысқа шығармашыл тәсіл; табандылық, өзіне деген сенімділік пен іске берілгендік; стандарттан тыс ойлау, өнертапқыштық, бастамашылдық пен идеяларды шоғырландыру таланты; тіл табысушылық пен табыс сезімі; эмоциялық теңгерімділік пен түңілуге орнықтылық; ашықтық, өтіп жатқан өзгерістерге икемділік, бейімделгіштік; жағдаяттық көшбасшылық, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі ұйымдастыруға деген ішкі қажеттілік; жұмыс пен қабылданған шешім үшін жауапкершілік; ұжымда және ұжыммен жұмыс істеуді қажетсіну; өзінің жеке құндылықтарын анықтау шеберлігі; өзін-өзі дамытуға тез және тиімді шешу қабілеттілігі
МДҰ даму кезеңдері және олардың сипаттамасы
Кезең
Мерзімдері
Проблемалар
Мақсаты
Міндеттері
Бағдарламалық іс – шаралары
1
2
3
4
5
6
Пайда болуы
2012-2013 жж.
Балалар және ересектер ұжымдарының және МДҰ-ның барлық қызметтерінің қалыптаспағандығы
Жаңа МДҰ бейнесін көрудің; сыртқы ортамен байланыстар мен қажетті ресурстық қамтамасыз етілудің; МДҰ тіршілік әрекетін регламенттейтін стратегиялық және тактикалық құжаттардың жоқтығы
Осы МДҰ-ның аудан, кент білім беру кеңістігіндегі орнының анықталмағандығы
МДҰ тіршілік әрекетінің стратегиялық және тактикалық негіздерін жасау
Балалар мен ересектер ұжымдарының және МДҰ мақсаткерлігінің қалыптасуы.
МДҰ дамуының міндеттері мен стратегиялық және тактикалық мақсаттарын белгілеу.
Сапалы ресурстық қамтамасыз етілудің орнауы.
Сыртқы орта субъектілерімен байланыстарды жолға қою.
Жаңа МДҰ-ның орнауы жөніндегі басқарушылық іс-әрекеттердің тиімділігіне мониторинг
Мектеп жасына дейінгі балаларды МДҰ-ға қабылдауға дайындық және ұйымдастыру.
Педагогтар мен қызмет көрсетуші персоналды жұмысқа қабылдау.
Қажетті: валеологиялық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық- талдаушылық, ғылыми-әдістемелік, қамтамасыз етуші қызметтерді құру.
Бағдарлама жасау- орнығу және өңір білім беру жүйесіндегі өз орнын иелену кезеңі.
МДҰ тіршілік әрекетін регламенттейтін жергілікті құқықтық нормативтік актілерді әзірлеу
Жаңа МДҰ-ның ішкі және сыртқы тұрпатын безендіру.
Материалдық –техникалық және оқу-дидактикалық базаны қалыптастыру.
Сыртқы ортамен ынтымақтастық.
Ата-аналармен жұмыс – ата-аналар құрамын, олардың МДҰ-ға сұранысын зерделеу, бірлескен жобаларды бастау және қолдау көрсету, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер беру, балалар бақшасын басқаруға тарту.
Балабақша ішілік мониторинг жүйесін құру.
Республика МДҰ-дарының озат тәжірибесін зерделеу және істе сынап көру
1
2
3
4
5
6
Орнығу және дамыту
2013-2016 жж.
Бірқатар мамандардың жоқтығы.
Педагогтардың кәсіптік құзіреттілігінің төмен деңгейі.
Материалдық – техникалық базаның : компютерлердің, интербелсенді жабдықтардың, спорттық мүкаммалдың, музыкалық аспаптардың жетіспеушілігі.
Оқу-дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етудің: әдістемелік құралдардың, оқу-дидактикалық ойындардың, көрсету материалдарының,, құрылымдаушылардың жетіспеушілігі.
Ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункттің жоқтығы.
Балалар және олардың ата-аналарының сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру қызметтерінің жоқтығы
Дамуды басқарудың тиімді тетігін жасау
Кадр проблемасын шешу.
Әдістемелік жұмыс құралдарымен педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін арттыру.
Материалдық- техникалық базаны, оқу-дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
МДҰ жанынан ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункт құру.
Білім беру үдерісіне заманауи денсаулық сақтаушы және ақпараттық технологияларды енгізу.
МДҰ ұсынатын қосымша білім беру қызметтерінің ауқымын дамыту
Психологты, музыкалық жетекшіні, қосымша білім беру педагогтарын іріктеу және жұмысқа қабылдау.
Компьютерлер, интербелсенді тақталарды, спорттық жабдықтарды, ойындар мен ойыншықтардың алуан түрлерін сатып алу.
Оқу-әдістемелік, көркем әдебиет қорын толықтыру.
Педагогтардың Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Педагогтар біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесін жасау.
Білім беру үдерісін технологиялау.
Заманауи денсаулық сақтау технологияларын: балалар хатка-йогасын, кинезиологияны және т.б. енгізу.
Ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункт ашу.
МДҰ дамуын басқарудың сапасына ішкі бақылау жасау.
МДҰ тіршілік қарекетіне ата-аналарды, билік және әлеумет өкілдерін кеңінен тарту: бірлескен мерекелер, жобалар, істер.
МДҰ тіршілік қарекетіне ата-аналарды, билік және әлеумет өкілдерін кеңінен тарту: бірлескен мерекелер, жобалар, істер.
Даму үдерісінің мониторингі.
Балабақшалық білім беру инфрақұрылымын жетілдіру.
МДҰ жұмысына алдыңғы қатарлы тәжірибесін кеңінен енгізу
Балалар бақшасының даму үдерісіндегі бағдарламалық іс-шаралар
Басқару және ғылыми-әдістемелік жұмыс.
Басқару құрылымын, Бағдарламаны, жергілікті нормативтік құқықтық құжаттарды; педагогтар қызметіне әдістемелік демеу бағдарламаларын; жетістіктер мен проблемаларға сындарлы талдау жасалған жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу.
МЖББС-н, мемлекеттік білім беру бағдарламаларын іске асыру мен Бағдарламаға түзетулер енгізу.
Педагогтарға алдыңғы қатарлы әдістемелер мен технологияларды меңгеруде әдістемелік көмек көрсету.
Педагогтарды оқыту және білім беру үдерісіне заманауи әлеуметтік – ойындық, ақпараттық, денсаулық сақтаушы технологияларды, М.Монтессори әдістемесін енгізу.
Іс-тәжірибелік қызметке қазақ этнопедагогикасының ұстанымдары мен элементтерін енгізу.
Сұрақтар бойынша әдістемелік материалдар банкін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі білім беру проблемалары бойынша педагогикалық педагогикалық кеңестер, әдістемелік лездемелер, семинар-практикумдар өткізу.
Педагогтарды біліктілік арттыру курстарында оқыту.
Мектепке дейінгі білім берудің өзекті проблемаларын әзірлеу үшін педагогтардың шығармашылық топтарын құру.
«Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мектебі» мен «Жас тәрбиеші мектебінің» жұмысын ұйымдастыру.
Педагогтар жұмысындағы қиындықтарды айқындау және талдау жасау мен жеке әдістемелік көмек көрсету.
Педагогтардың жеке тұлғалық жетістіктерін бағалау.
Педагогтар портфолиосын қалыптастыру.
Жұмыс тәжірибесінен материалдар жариялау.
Медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық мониторинг еткізу.
Білім беру инфрақұрылымын негіздеу және дамыту.
Озық педагогикалық іс-тәжірибені зерделеу және МДҰ қызметіне енгізу.
Педагогтардың өздігінен білім алуының тиімді жүйесін ұйымдастыру: шығармашылық есептер, тұсаукесерлер, шеберлік сыныптары, жас және бастаушы тәрбиешілердің педагогикалық іс-тәжірибесіндегі зертханалар
Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсынымдар, жұмысшы дәптерлерін және т.б. әзірлеу.
Материалдық – техникалық жарақтандыру
МДҰ аумағында балаларға арналған дамытушы аймақтарды, сондай-ақ психологиялық жеңілдену кабинетін және топтарда денсаулық бұрыштарын жасау.
МДҰ-ны жаңа спорттық жабдықтармен толықтыру.
Топтық және ойын бөлмелеріндегі балалар жиһазы мен компьютерлік базаны жаңарту.
Ғылыми, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет қорын тұрақты жаңартып тұру.
Музыкалық аспаптар сатып алу.
Медициналық және гигиеналық алдын алу:
Ауа ластануының алдын алуды, үй-жайлардың ауа-жылу режимін ұйымдастыру.
Табиғи және жасанды жарықтандыруға және МДҰ-ды ұстау мен санитарлық жай-күйіне қойылатын гигиеналық талаптардың сақталуына бақылау жасау.
Балалардың күн режіміне гигиеналық баға беру.
Білім беру үдерісіне медициналық бақылау жасау.
Балалар мәзіріне гигиеналық баға беру. Тамақтандыру режімін ұйымдастыру.
Балалар ауруларының алдын алу, гигиенасы тақырыбына ата-анасына арналған лекциялар мен әңгімелесулерді,санитарлық бюллетеньдерді шығаруды тұрақты өткізу.
Емдік –алдын алу шараларын тағайындай отырып, әрбір бала денсаулығының жай-күйі туралы қорытындылар жасау.
Персоналдың медициналық тексеруден өткізілуіне бақылау жасауды жүзеге асыру.
Көктем-күз мезгілінде тұмаумен және ОРВИ-мен аурудың алдын -алу жөнінде шаралар кешенін қамтамасыз ету.
Оқу жылына емдік –алдын алу шаралары, балалар мен педагогтардың ауруға шалдығушылығынан сақтандыру бойынша жұқпалы ауруларға қарсы ішкі акциялар жоспарларын жасау.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту
Жаңа МДҰ-ның білім беру құрылымын; күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды; балаларды оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламаларын жасау.
МДҰ-да психологиялық –педагогикалық қызметтің жұмысын ұйымдастыру.
Психологтің педагогикалық кеңестер мен лездемелерге қатысуы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық оқу-әдістемелік кешендер мен жұмысшы дәптерлерін әзірлеу.
Педагогтар жұмысын технологиялау: балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістемелеріне оқыту және оларды әрбір тәрбиешінің іс-тәжірибесіне енгізу; білім беру үдерісін технологиялау: балаларды ерте жастан бейімдей, проблемалық, дамытушы, жобалық оқыту технологияларын енгізу.
Білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз етуде психологиялық-педагогикалық көмекті жетілдіру.
Жалпы дамытушы сабақтарға денсаулық сақтаушы бағытталғандықты енгізу.
Балалардың ерте жастан бастап ақпараттық технологиялар, орыс және ағылшын тілдерінің негіздерін зерделеуі.
Педагогтардың құзіреттілік дамуды бақылаулардың жеке карталарын, бала дамуының білім берушілік траекториясымен мониторингін жасауы және оларды іс-тәжірибеде сынап көруі.
Ағартушылық-тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту.
Балалардың аудандық, облыстық балалар конкурстарына, іс-шараларына, жарыстарына қатысуы.
Балалар шығармашылық жұмыстарының көрмелерін ұйымдастрыу: суреттер, плакаттар, бұйымдар, жобалар және т.б.
Балалардың шағын кітапханасын жасау.
Қосымша білім беру қызметтерін енгізу: балалардың қуыршақ және драма театрлары, фольклорлық аспаптық ансамбль, хореографиялық топ пен бейнелеу студиясы және т.б.
Ата-аналармен бірге балалардың дамуына серпінді бақылаулар жасаудың нәтижелерін талқылау мен тұрақты талдау жасауды жүргізу.
Балалардың жол- көліктік жарақаттанушылығының алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру.
Дене шынықтыру - сауықтыру жұмысы
Білім беру үдерісіне жұмыстың «Денсаулық күні», дене шынықтыру минуты, валеологиялық кідіріс, таңертеңгілік бой жазу, қозғалғыштық минуты, спорттық сағат сияқты формаларын енгізу.
Ата-аналардың қатысуымен спорттық жарыстар мен дене шынықтыру мерекелерін өткізу: «Сен – епті, күшті, батылсың», «Біреуі бәрі, бәрі біреуі үшін», «Әке, шешем және мен – спорттық отбасы» және т.б.
«Денсаулық» журналын шығару.
Балалар денсаулығын сапалық бағалау бойынша мәліметтердің компьютерлік базасын қалыптастыру.
Балалар денсаулығының Төлқұжатын жүргізу.
Денсаулық сақтаушы инновациялық технологияларды: «Балалар хатта-йогасы», «Балалар кинезиологиясын» ( ақыл –ой гимнастикасы) және т.б. зерделеу және енгізу.
Ата-аналармен жұмыс
Ата-аналар комитеттерінің жұмысын қалыптастыру.
Қамқоршылар кеңесін құру.
Топтарда және ата-аналар жиналысын өткізу.
Ашық конференциялар мен семинарлар: «Балаларды ерте жастан жаңа ұжымға бейімдеу проблемасы», «Егер отбасында асқан белсенді бала өсіп келе жатқан болса», «Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық даму ингдикаторлары», «Бүгінгі күні баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы» және т.б.
Балаларды тәрбиелеудің өзекті тақырыптарына арналған лекторийлер, кинолекторийлер.
Балалардың, ата-аналардың, педагогтардың қатысуымен бірлескен «Отбасы күні», «Анамның күні», «Наурызды қарсы аламыз», «Достық фестивалі» және т.б. мерекелерін ұйымдастыру.
Бірлескен туристік жорықтар, экскурсиялар, конкурстар.
Ата-аналарға арналған ақпараттық-сабағаттық пункттің жұмысын ұйымдастыру.
Психологтің кездесулері мен кеңестер беруі.
Ата-аналармен бірге бала жеке тұлғасының дамуына серпіндік бақылаулар жасаудың нәтижелерін талқылау мен талдау жасауды тұрақты жүргізу.
Медициналық қызметкерді ата-аналармен ағартушылық жұмыс жүргізуге тарту.
Ата-аналарды еріктілік жұмысына және оларды балалардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелерді жүргізуге тарту.
Деңгейде күтілетін соңғы нәтижелер
балаларда
педагогтарда
ата-аналарда
әлеуметте
Жеке тұлғалық мәдениетінің дамуы;
Дене, зияткерлік, шығармашылық әлеуетті айқындау және дамыту;
Салауатты өмір салты басымдығының артуы;
Балалардың моральдық- психологиялық, дене және рухани саулығын нығайту, олардың қатынас-байланыстық қабілеттерін дамыту, әрбір баланың жеке тұлғасын өнегелілік және эстетикалық жағынан жетілдіру;
Танымдық және шығармашылық қызметте балалардың дербестігі мен белсенділік деңгейін арттыру;
Балалардың әртүрлі конкурстарға, жарыстарға, көрмелер мен фестивальдарға қатысуының сәттілігі;
Балалардың мектепке жеке тұлғалық дайындығын қамтамасыз ету
Кәсіптік құзіреттіліктің артуы;
Педагогтар мен қызметкерлердің әлеумет балаларын сапалы оқыту мен тәрбиелеуге мүдделілігі;
Педагогтардың мектеп жасына дейінгі балалардың дене, өнегелілік, рухани және әлеуметтік саулығына қол жеткізуге бағытталуы.
Әрбір педагогтің жеке педагогикалық стилінің қалыптасқандығы ;
Жұртшылықтың назарын МДҰ жұмысының тәжірибесіне, оңтайлы білім беру үдерісін, жетілдіру үшін материалдық-техникалық мүмкіндіктерді кеңейтуге аудару
Ата-аналардың балаларды ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріндегіқұзіреттілігінің жақсаруы;
Ата-аналардың балалық шақ, салауатты өмір салтының, балалармен қарым-қатынастарда субъект – субъектілік өзара әрекеттестіктің басымдылықтарын мойындауы;
Ата-аналардың МДҰ-ның балаларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі қызметіне қолдау жасауы;
Ата-аналардың инновациялық үлгідегі заманауи МДҰ моделін жасау мен дамуын басқаруға белсене қатысуы
Әлеумет өкілдерінің МДҰ-ның балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша қызметіне қолдау жасауы;
Әлеумет тұрғындарының мектепке дейінгі педагогика мәселелеріндегі құзіреттілігінің артуы;
Балалық шақ, салауатты өмір салтының , балалармен қарым-қатынастардағы субъект- субъектілік өзара әрекеттестіктің басымдылықтарын мойындау;
Әлеумет тұрғындарының инновациялық үлгідегі заманауи МДҰ моделін жасау мен дамытуға белсене қатысуы;
МДҰ-ның кенттегі жоғары рейтингі
Дамыту Бағдарламасын іске асырудың мүмкін болатын қиындықтары мен оларды жоюдың жолдары
Мүмкін болатын қиындықтар (тәуекелдер)
Оларды жою жолдары
МДҰ-ның инновациялық қызметті іске асыруға үстірт қарауы
МДҰ –ның мектеп жасына дейінгі заманауи балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласындағы қызметін ынталандыру және инновациялық қызмет нәтижелерін алуға нұсқауларды қалыптастыру
Педагогтардың бір бөлігінің білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық формаларын қабылдамауы
Педагогтардың инновацияларға дайындық проблемасын өзектендіру, педагогтармен ағартушылық жұмыс, педгогтарды білікті арттыру курстарында және МДҰ ішінде оқыту, педагогтарға әдістемелік жолдау жасау
Бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі
Қосымша қаражаттар іздестіру, демеушілердің қаржыларын тарту, әлеумет тұрғындарына ақылы қосымша білім беру қызметтерін ұсыну, фандрайзинг
Тәрбиеші туралы жалпы мәлімет
Аты-жөні: Тамашова Жазира Батырхановна
Туған жылы: 22.04.1992 ж.
Білімі: арнаулыорта, «Каспий»педагогика және салалық технологиялар колледжі
Диплом бойынша мамандығы: «Бастауыш сыныптарының мұғалімі» (2008-2012 ж.)
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі: 1жыл 8 ай
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 5 ай
Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер) –
Марапатталуы(дипломы, мадақтамасы,алғыс хаттары )- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің №17 «Балауса» балабақшасы мкқк-да «Сырласайық жеңеше» сайысына қатысып ІІІ орын иегері,
Мекен жайы: Жансүгіров көшесі 9 .
Телефон: 34-0-27, 87026040661
Тәрбиеші туралы жалпы мәлімет
Аты-жөні: Утенова Замира Оралхановна
Туған жылы: 22.06.1984 ж.
Білімі: жоғары, « С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті»
Диплом бойынша мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән мұғалімі (2001-2006 ж.)
Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі:9жыл
Осы мекемедегі еңбек өтілі: 7 ай
Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер) – «Нұрболашақ»мектепке дейінгі ұйымдар одағының мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны қолдану тақырыбында семинар тренинг (2015 жыл)