Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
tt
Инновациялық технологиялардың бала тұлғасын қалыптастырудағы мәні.
Елбасының "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауында "Біз бүкіл -еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде с- баптың апалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек" десе, III- тарауы18- бағыттың 7- тармақшасында "Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған, мамандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр" делінген. Сондай - ақ 17- бағыттың 3- тармақшасында "Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет"- деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді.
Осылайша оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі инновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты " Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу"
"Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры құстаздың қолында" -деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу- тәрбие үрдістері, жан - жақты ұйымдастырылып өткізіледі.
Ақпараттық инновациялық білім беру құралдарына: компьютер, интерактивті тақта, аудио - видео, мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар жатады. Тәрбиеші компьютер арқылы түрлі слайдтар, видео- фильмдер, суреттер, ойын, ертегілерді көрсете отырып оқу іс -әрекетін өткізеді. Мультимедиялық құралдар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, ойыншықтарға, суреттерге, яғни әсемдікке әуес болады. Кез келген іс - әрекетте әр түрлі әдемі, ұнамды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрциялар негізінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт