Аты жөні жұмыс орны | Жолдасбаева Асия Даулетовна №4 ЖББМ | Пәні : ағылшын тілі | Сынып: 5 |
Сабақтың тақырыбы: | Nice to meet you. Greeting. Танысу. Сәлемдесу. |
Мақсаты : (SMART,орта мерзімдегі жоспар) | 1.Жаңа тақырып бойыша лексикалық бірліктерінің бекітуі. 2. Таныс емес мәтінді мағынасы бойынша оқу дағдыларының қалыптасуы. 3. Теориялық білімдерін практикада ұштастыра білуді дағдылануы. |
Күтілетін нәтиже: (орта мерзімдегі) | Жаңа тақырып бойыша лексикалық бірліктерін бекітеді. Таныс емес мәтінді мағынасы бойынша оқу дағдыларын қалыптастырады. Теориялық білімдерін практикада ұштастыруды біледі. |
Табыс критериі: | Оқушылардың алған білімдерін шығармашылыққа,зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, тіл байлықтарын молайту |
Негізгі идеясы: | Ағылшын тілінде ауызша қарым-қатынас жасауда қарапайым деңгейдегі мәдени тұрғыда коммуникативті құзыретін қалыптастыру. |
Оқулық : | D.Goodey, N.Goodey 5-сыныбына арналған оқулық Кембридж, 2015ж |
Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурсы |
Формативті (ОдО) | Суммативті (ОО) | |
2 минут | Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. | Шаттық шеңберін құрып, бір-бірлерне жылы тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. | | | Таратпа қағаздар |
2 минут | Топқа бөлінуге нұсқау жасайды. Бағалау парақшасын таратады. | Тақырыпқа байланысты суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. | Бағалау шарттарын әр топ басшыларына түсіндіріп, тарату. | | Бағалау парақшасы, қима қағаздары. АКТ |
2 минут 7 минут | Білу. Жаңа тақырыпты видио бейне арқылы ашу. Түсіну. Жаңа тақырып бойынша лексикалық бірліктерімен таныстыру. Тапсырмаларды түсіндіреді және дұрыс, не бұрыс орындалуының бақылайды, бағыт-бағдар береді. | Видио бейнені ағылшын тілінде мақсат қойып бақылауды және тындауды үйренеді. Жаңа тақырыпқа байланысты жаттығу орындайды. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді. | «Бағдаршам» әдісі арқылы формативті бағалау. | | Слайд Бағалау парақшасы, «Бағдаршам» құралдары |
10 минут 5 минут | Қолдану. Бейне ролик арқылы диалог тындату. «True/Falls» әдісі арқылы диалогты түсінгендерін тексеру. Талдау. Жаңа тақырыпқа сәйкес жұптық жұмыс жүргізу. Жұптық жұмыс жүргізу. | Диалог тындайды, аударады. Карточкадағы мәліметтерді диалогтағы мәліметтерімен дұрыс, не бұрыстығын айқындайды. Көршімен алмасып, бір-бірін тексереді. Тақтадағы тірек диалогы бойынша өздерінің нұсқасын құрайды. | Сыныптасын критериалды бағалау. Бағдаршам түстерін көрсету арқылы, бір-бірін бағалайды. | | Бейне таспа Бағалау парақшасы, «Бағдаршам» сигнал қарточкалары |
2 минут | Видеоролик көрсету арқылы сергіту сәтін өткізу. | Ағылшын тілінде бейне-ролик көріп, сөздер мен қимылдарды қайталайды. | | | АКТ |
5 минут | Жинақтау. Төрт топқа ұқсас диалог таратып, топтық жұмыс орындатып, әр топтан қорғату. | Диалогтың мазмұның түсіну арқылы белгілі бір кейіпкер жайында мәлімен құрастырып жазады. Содан кейін әр топтың бір оқушысы тақтаға шығып, постер қорғау арқылы жаңа сабақты қорытындылайды. | Сыныптасын критериалды бағалау. Бағдаршам түстерін арқылы формативті бағалау. | | бағалау парақшасы, «Бағдаршам» сигнал қарточкалары |
3минут | Бағалау. Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, сыныптасын бағалату. Бағдаршам түстерін көрсету арқылы формативті бағалау. | Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бір-бірлерін бағалайды. Бағдаршам түстерін көрсету арқылы формативті бағалауға ынталанады. | Бағдаршам түстерін көрсету арқылы формативті бағалау. Сыныптасын критериалды бағалау. | Бағалау парақшалары арқылы жиынтық баға шығару | бағалау парақшасы, «Бағдаршам» сигнал қарточкалары |
3 минут | Рефлексия. «Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін?» деген сұрақтарға стикерге жауаптарын жазғызу. | «Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін?» деген сұрақтарға жауапты стикерге түсіріп, рефлексия парағына леді. | | | Рефлексия парағы, стикер |
1 минут | Үйге тапсырма беру. | Күнделікке жазып алады. | | | Күнделік |