|   Пәні:  Ағылшын тілі   |    Сынып: 5   |    Мерзімі:     |  
  |   Тақырыбы: What time is it? Сағат неше болды?       |  
  |   Мақсаты:     |    Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, уақытты ағылшын тілінде айта алуға дағдыландыру   |  
  |   Күтілетін нәтиже:   |    Сыни ойлау дағдылары қалыптасады.  Уақытты ағылшын тілінде айта алады   |  
  |   Кезең   |    Уақыт   |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |    Бағалау   |    Ресурстар   |  
  |   Топқа бөлу   |    2 минут   |    Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.   |    6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.     |         |    Таратпа қағаздар   |  
  |   Кіріспе бөлім   |    5 минут   |    «Ой қозғау» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.  (стикерлерге қатысты)  Үй тапсырмасын өзара тексертіп, бағалатамын.   |    Оқушылар миға шабуыл жасай отырып, өткен сабақты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді.       |    Сыныптасын бағалау.   |    Оқулық, бағалау парақшасы   |  
  |   Жаңа сабақ  таныстырылымы   |    10 минут   |    «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашқызып, топтық жұмыс жасатамын.   |    Сиқырлы қоржыннан нөмерлерді алып, нөмірленген сұрақты топта зерттеп, талқылап, постерге түсіреді. Жасаған жұмыстарын сынгып алдында қорғайды.   |    «Теңгелер» әдісімен формативті бағалау   |    Жасанды теңге ақшалар, инербелсенді тақта, плакат, маркер.   |  
  |   Жаңа сабақты қолдану   |    8 минут   |    «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқулықта берілген диалогті оқытып, қазақ тіліне аудартып, топтық жұмыс жасатамын.   |    Оқулықта берілген диалогті оқып, қазақ тіліне аударады. Берілген сағат суретін постерге салып, қанша екенін дәлелдеп айтып шығады.   |    «Теңгелер» әдісімен формативті бағалау   |    Интербелсенді тақта, А4 қағазы, оқулық   |  
  |        |    6 минут   |    Сағат неше болды? тақырыбына интервью әдісі бойынша топтық жұмыс жасатамын.   |    Сағат неше болды? тақырыбына бір-біоіне сұрақтар қою арқылы интервью жүргізеді.   |    Сыныптасын критериалды бағалау   |    Табыс критерийі, бағалау парақшасы, оқушы дәптері   |  
  |   Қорытынды   |    5 минут   |    «Кім жылдам» ойыны жүргізу арқылы саұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытындылайды.   |    Сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.   |    «Теңгелер» әдісімен формативті бағалау   |    Табыс критерийі, жасанды теңге ақшалар   |  
  |   Бағалау   |    5 минут   |    Бағалау кезеңін жариялайды.  -әр дұрыс жауап берілген жауап – 10  -кері байланыста өзінің пікірін дәлелдеу-10  -үй жұмысы үшін-10  -белсенділігі мен дұрыс пікір ұсыну-10  -түйінді сұраққа жауап беру-10  -топ мүшесіне көмектесу, ынтымақтасып жұмыс жасауы-10  Баллды бағаға ауыстыру:  «5» - 70-80  «4» - 50-60  «3» - 30-40  «2» - 0-20       |    Критерий арқылы өздерінің бағасын айтады. Табыс критерийлеріне назар аударады.       |    «Теңгелер» әдісімен формативті бағалау,  Сыныптасын критериалды бағалау   |    Критериалды бағалау плакаты, табыс критерийлері, жасанды ақшалар   |  
  |   Рефлексия   |    4 минут   |    «Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін тарату.  Үй тапсырмасын беру.       |    Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, тақтаға жапсырады.   |         |    Рефлексия плакаты,  Стикер   |