Джунгли- б?л ?те ?ауіпті жер, м?нда ?р а?ашты? т?бінде ?ауіп бар, б?л хикаялы жер,б?л жерде барлы?ы те?. Б?л орында ?йренгендері?ні? барлы?ы керек болады. Егер сендер: секіре, ж?гіре домалай алса?дар, бір-бірі?е к?мекке келсе?дер онда джунгли сендерді ша?ырады.
Балалар бес минут б?рын бір керемет жайт болды. Мені? ?олыма мына хат келіп т?сті. Сендерге де ?ызы? шы?ар онда не туралы жазыл?аны? О?имыз ба? (хатты аша бастайды) Мені? ойымша б?л хат алыс джунглиден келди ж?не оны Мауглиді? ?зі жазды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Welcome to the birthday"»
Джунгли шақырады
Мақсаты: Мерекелік көңіл күй сыйлау. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
ҚҰрал –жабдықтар:
Барысы
Жүргізуші:— Сәлеметсіңдер ме балалар! Танысайық: мен әйгілі саяхатшымын. Мен көп елдерде болдым. Австралияда мен және менің командам кенгуруды бақыладық, Мысырда түйелерге міндік. Ал бүгін сендерді қызықты ойынға шақырғалы тұрмын «Джунгли шақырады».
Джунгли- бұл өте қауіпті жер, мұнда әр ағаштың түбінде қауіп бар, бұл хикаялы жер,бұл жерде барлығы тең. Бұл орында үйренгендеріңнің барлығы керек болады. Егер сендер: секіре, жүгіре домалай алсаңдар, бір-біріңе көмекке келсеңдер онда джунгли сендерді шақырады.
Балалар бес минут бұрын бір керемет жайт болды. Менің қолыма мына хат келіп түсті. Сендерге де қызық шығар онда не туралы жазылғаны? Оқимыз ба? (хатты аша бастайды) Менің ойымша бұл хат алыс джунглиден келди және оны Мауглидің өзі жазды.
«Сәлеметсіңдер ме балалар! Біздің джунглиде масқара болып жатыр. Шерхан атты зұлым жолбарыс джунгли тұрғындарының қасиетті отын ұрлап кетті. Оны табу үшін сендерден көмек сурағалы тұрмыз. Ал сендер джунглиде адасып қалмас үшін сендерге Мауглидің картасын бермекпіз.»
-Білмеймін біз Маугли мен оның достарына көмектесе аламыз ба? Естимей тұрмын...
Балалар:— Ия.
Жүргізуші: — Бірақ жол алыс, көбі оған шыдай алмайды ма деп қорқамын. Сендер алыс сапарға баруға және барлық қиындықтарға төзуге дайынсыңдар ма? Ендеше джунгли.....
Балалар: — … шақырады!
Жүргізуші: — Қазір біз сендердің джунглиге аттануға даярлықтарыңды тексереміз.
1. Сергіту
Жүргізуші:— Сендерге джунгли мекендеушілерін естеріңе алу керек. Қазір барлығын джунгли жануарларын атап берулерің керек. Сонымен джунгиде нелер тұрады? Жүргізуші кезек-кезек балаалрға доп лақтырады. Олар жануардың атын атап, жүргізушіге қайтарады.Жүргізуші:— Ал енді сендердің білімдерріңді тексеру үшін жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. В гости что-то зачастил К нам зелёный … (крокодил).
2. Веселится, как ребёнок, Наш задорный рыжий… (львёнок).
3. Готов уж для спортивных игр Суровый саблезубый… (тигр).
4. Где-то прячется в лесах Очень хитрая… ( лиса).
5. Он хищный зверь, хотя немножко, Как лев и тигр, похож на кошку. (Леопард.)
6. Меньше тигра, больше кошки, На ушах – кисточки-рожки. С виду кроток, но не верь: Страшен в гневе этот зверь. (Рысь.)
7. Перерос огромный шкаф Замечательный… (жираф).
8. К нам пришёл сегодня он — Большой и сильный, добрый… (слон).
9. Сюда из джунглей поутру Прискакала … (кенгуру).
10. Кто всегда в тельняшке ходит? В гости (зебра) к нам приходит.
11. Прыг-скок, прыг-скок, Длинноушка – белый бок. (Заяц.)
12. Лучшие качели – гибкие лианы. Это без сомненья знают… (обезьяны).
Жүргізуші: — Барлығы джунглиге аттануға дайын! Енді біз картамызға қарап, жолымызды бағдарлай аламыз.Джунглиге жету үшін ұзақ жол жүруіміз керек.
2. Кім жылдам
Жүргізуші: — Міне біз джунглиге де келіп жеттік. Жабайы аңдар көп екен. Олардың дауыстарын естіп тұрсыңдар ма? Мынау не ұрланып келе жатқан?
Багира шығып кішігірім би орындап береді.
Багира: — Р-р! Кімдер біздің джунглиге келген? Бөтендерге қарсымын! Мен Багира, джунгли ханшайымымын. Ал сендер кімсіңдер?
Жүргізуші:— Біз ең батыл балалармыз. Біз джунглиге Мугли мен оның достарына қасиетті отты табуға көмектесуге келдік. Оны зұлым Шерхан ұрлап кетіпті.
Багира: — Ия, бұларың дұрыс. Менің барлық достарым қаситті отты іздеп таба алмады. Мүмкін сендердің қолдарыңнан келер. Ол үшін екі командаға бөлінулерің керек: Жабайылар және шөпқоректілер. Жүргізуші: — Оны қалай істей аламыз?
Багира:— Бізге қаситетті кокос көмектеседі Ол сендерге таңдау жасауға көмектеседі. Қай белгіні таңдай сыңдар, сол сендердің тағдырларың болады.
Балалар командаларға бөлінеді.
Жүргізуші: — Бізде жабайылар және шөпқоректілер командалары белгіленді .
Багира: — Сендер әлі жабайылар және шөпқоректілер командаларына ұқсап тұрған жоқсыңдар. Нағыз джунгли мекендеушілеріне ұқсау үшін, беттеріңе джунгли бояуларын жағуларың керек.
Жүргізуші:— Біз келісеміз.
Балалар беттерін аквагриммен бояйды.
Жүргізуші:— Енді біз қасиетті отты іздеуге аттануымызға әбден болады. Багира бізде картамыз бар, сен жолды көрсет.
Багира:— Әрине мен сендерге көмектесемін бірақ алдымен жұмбақтарымды шешулерің керек.
— Эти шары на пальмах растут, В джунглях найдешь их и там, и тут. Жажду помогут они утолить, А могут упасть и путь преградить. (Кокосы.)
— Ары қарай өту үшін сендердің көмектерің қажет болып тұр. Дауыл кезінде пальмалардан кокостар түсіп жолды жауып тастады. Жолды ашы үшін оларды теріп алуымыз керек. Тапсырмалар қиын емес. Бірақ оларды жабыө көздермен орындайсыңдар.
3. Кокостарды жинау.
Ойын жабық көздермен өткізіледі.
Жүргізуші:— Бұл тапсырманы орындар жеңіске жет кен …, және олар мынаны… .... алады.
Багира:— Рахмет кішкентай достарым. Сендер тек өздерің үшін емес, жануарлардың да жолдарын ашып бердіңдер. Ары қарай жылжуымызға болады.
Жүргізуші :— Одан қалай секіріп өтеміз? . Бұл тапсырманы қалай орындаймыз?
Багира:— Бізге джунгли өсімдіктері көмектеседі.
Растения эти крепки и надежны, Запутаться в них, поверьте, не сложно. Гибкие стебли все в миг оплетут, Быстрее всего они в джунглях растут. (Лианы.)
Жүргізуші:— Мен білем: сендерге ең ұзын лиананы тауып, үңгірден секіріп өтулерің керек. Егер ондай ұзын лиананы таба алмасаңдар, біз өз қолдарымыздан тоқи аламыз. Міне кішкентай қиындылар да таптық. Музыкалық әуенмен лианаларды тауып, тоқиды. Ең ұзын лиананы тоқыған команда жеңіске жетеді.
— Командалар, келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма ? Ендеше джунгли …
Балалар: — … шақырады!
4. Кімнің лианасы ұзын.
Жүргізуші: — Бұл сайыста жеңіске жеткен мына команда…, және оларға мына … .сыйлық беріледі. Лианаларды шештік, бірақ алдымызда тағы да тапсырмалар бар екен. Багира картана қарап жиберейік, біз қай жерде келе жатырмыз?
Багира: —Біз сендермен өрмекшілер мекенінде екенбіз. Мұнда ұлкен зұлым өрмекшілер мекендейді және жан-жақтарын өрмекпен жауып тастаған.
Жүргізуші :— Біздің бақытымызға орай өрмекшілер азық іздеуге кетіпті,сондықтан біз өрмектердің астынан ақырындап өтуіміз керек. Қараңдаршы өрмектің үстінде қоңырау ілініп тұр.
Багира: — Бұл қоңырауды өрмекші өз мекенін қорғау үшін қалдырып кетті. Егер ол сылдырласа, сол мезетте түгел өрмекшілер осында болады.
Жүргізуші: — Өрмектің астына ақырындап, бір-бірден өтеміз. Кімнің командасы өткен кезде қоңырау сылдырласа , сол команданың бір балы кемиді.
5.Өрмектен шатаспай өт.
Жүргізуші :— Жеңіске жеткен команда … .
Багира:— Біз өрмекшілер мекенінен аман есен өттік. Сен өте тапқып, өте алғыр екендеріңе көзім жетті. Мен Мауглидің сендер сияқты достары бар екеніне өте қуаныштымын.
Аңдардың дауыстары шығып жатыр.
Жүргізуші : — Естіп тұрсыңдар ма?. Ненің дауыстары екен?
Багира:— Мен естіп тұрмын бұл жараланған аңның дауысы. Бұл жануар қақпанға түскен. Оған көмек керек болып тұр.
Жүргізуші :— Жараланған аңға көмек берейік балалар?
Балалар: — Ия!
Багира:— Балалар сендер қос аяқпен тез секіре аласыңдар ма?
Балалар:— ия !
Жүргізуші : — Сендерге барлық қашықты осы қақпандағыдай өтулерің керек. Жануарды құтқарып алып келу үшін. Жылдам істеген команда жеңіске жетеді.
6. Қапшықпен жүгіру
Жүргізуші :— Бұл сайыста жеңіске жеткен команда …. . Жарайсыңдар, командалар. Бірақ құтқарған аңдарға қараңдаршы? Олар көңілсіз!
Багира:— Барлық жануарлар сендерге алғыстарын білдіруде, бірақ олар қатты шаршап, шөлдеген екен. Ал джунглиде көптен бері жаңбыр болған жоқ. Тек көлшік бар, бірақ менің ағайындарым онда жете алмайды.
Жүргізуші : — Балалар біздің достарымызға су әкеліп берейікші. Бұл тапсырма жай емес. Мына ыдыстарды суға толтыруымыз қажет. Көп су жинаған команда жеңіске жетеді. Дайынбыз ба? Ендеше джунгли...Балалар:— … шақырады!
7. Су толтыру.
Жүргізуші : — Біз сапарымыздың жартысын өттік.. Багира, енді қай жаққа барамыз?
Багира:— Мұны тек дана жылан Каа біледі. Ол бөтендерді ұнатпайды. Ол өте қатал сондықтан абай болғандарыңыз жөн.
Жүргізуші : — Багира, біз оны джунглиден қалай табамыз?
Багира:— Мынау жіңішке жол тура оған апарады, бірақ оны бір аяқпен секіріп өтулерің керек.
Жүргізуші : — Командалар дайынбыз ба? Джунгли …
Балалар: — … шақырады!
8.Бір аяқпен секіру.
Жүргізуші : — Бұл сайыста жеңіске жеткен команда … .
Жылан пайда болады.
Жүргізуші :— Балалар тынышталыңдар бізге дана Каа келе жатыр. Сәлеметсіз бе о дана Каа!
Каа: — Кім менің ұйқымды бұзды?
Жүргізуші :— Біздің балаларымызбен Багира қасиетті отты іздеп жүр, джунгли мекендеушілеріне қайтару үшін. Бізге жолды айта аласың ба?
Багира: — Бүгін оның көңілі жоқ екен. Бізге көмектесуі үшін оның көңілін көтеруміміз керек.
Жүргізуші :— Оның көңілін көтеру оңай болмас, бірақ біз бар күшімізді саламыз. «Көңілді шарлар» ойынын ойнауды ұсынасын. Әр командадан бір ойыншы қажет. Кім ең батыл екен? Әр командадан бір-бір ойыншы шығады.
Жүргізуші : — Балалар кең шалбарларды киеді. Музыка әуені біткенше неғұрлым көп шарларды жинап алулары тиіс. Ең көп шар жинаған бала жеңімпаз болады. Дайынбыз ба? Ендеше джунгли....
Балалар: — … шақырады!
9. Көңілді шарлар.
Жүргізуші :— Ең көп шарлар жинаған команда… . Каа , көңілің көтерілді ме?
Каа: — Ия, мені қатты күлдірдіңдер. Ха-ха-ха!
Багира: — Каа, тыңдашы мені. Бұл батыл балалар екен, оларсыз біз қасиетті отты қайтара алмаймыз. Бізге көмектесші!
Каа: — Бірақ сендер отпен тапсырманы өте аласыңдар ма? Біздің мекендеушілеріміздің бірі ол жақтан оралған емес.
Жүргізуші :— Каа, біз сіздерге өте көмектескіміз келеді. Рас қой балалар?
Балалар:— Ия !
Жүргізуші : — Біз қиын тапсырмалардын қорықпаймыз?
Балалар:— Ия !
Жүргізуші : — Джунгли мекендеушілеріне көмектесеміз ба?
Балалар:— Ия !
Каа:— Жақсы, сенемін сендерге! Алға жүріңдер де отпен шайқасты өтіп көріңдер. Сәттілік тілеймін сендерге!
Жүргізуші : — Багира, сен бізге көмектесесің бе? Ол от апатын қайдан іздейміз?
Багира:— Ол жаман жер. Онда жету үшін, қорқынышты үңгірден өтуіміз керек.. Қолдарыңнан келе ме?
Жүргізуші : — Балалар әлі де бас тартуларыңа болады. Мүмкін үйге қайтамыз?
Балалар:— жок !
Жүргізуші :— Жыртқыштар мен шөпқоректілер де дайын ба? Бірақ ұмытпаңдар үңгурден тез өтуіміз керек. Кім жылдам екенін көрейік. Дайынбыз ба? Ендеше джунгли......
Балалар: — … шақырады!
10 Қауіпті үңгір. Жарайсыңдар балалар………. Сендер алғыр болдыңджар. Сендер үшін…….. Қараңдаршы алда не жарқырап тұр? Бұл оттан жасалған қабырға. Оның артында Шерхан қасиетті отты тығып отыр.. Бұл ақырғы тапсырма. Джунгли мекендеушілерін көмектесеміз бе? Ендеше ақырғы тапсырманы хабарлаймын.
10.Қаситетті от.
Балалар қатты қағаздан жасалған от алауларын алып шығып, от құрастырулары керек.
Жүргізуші :— Балалар-сендер нағыз доссыңдар. Сендер бар күштеріңді салдыңдар. Алыстан қасиетті оттың алаулары көринип тұр. (отты алып шығады) Багира біздің екі команда да сендерге көмектесу үшін бар күштерін салды. Мына қаситетті отты ал да Мауглиге апарып бер. Біз сендердің достарыңызбыз.
Багира: — Көп рахмет сендерге адам балалары. Сендер бізді құтқардыңдар. Сендерде қиыншылқыт туса біз әрдайым көмекке дайынбыз. Өйткені джунги......
Балалар:— … шақырады!
Багира:— Кездескенше достар!
Багира кетіп қалады.
Жүргізуші: — Біздің саяхатымыз да өз мәресіне жетті. Біз барлық тапсырмаларды орындап, джунгли мекендеушілеріне көмектестік. Ал енді бананадар мен сүйектердің санын санайтын кез келді. Жүргізуші барлығын санап, жеңімпаздарды атайды.