Обучение использованию различных вопросительных конструкции на уроках английского языка
Обучение использованию различных вопросительных конструкции на уроках английского языка
М?ндай с?ра?тар жас?спірімдер ?шін ерекше ма?ызды. 10-17 жас аралы?ында?ы балаларды? танымдылы? ау?ымдылы?ын, ?ызы?ушылы? аясыны? ке?иді, оларды? осы жас шамасыны? ?зінде елеулі ?мірлік т?жірибе жинап, оны ?здеріні? сыныптастарымен ж?не м??алімдерімен б?лісуге, ?зіні? к?з?арасын а?ылшын тілінде жеткізу м?мкіндігі пайда болады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Обучение использованию различных вопросительных конструкции на уроках английского языка»
Узакбаева Злиха Муратовна
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
№202 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ағылшын тілін үйретуде сұраулы құрылымдарды қолданудың кейбір жолдары
Кез келген адам бір-бірімен сөйлесу үшін негізінен сұрақ-жауап құрылымын пайдаланады. Ал оқушыларға тіл меңгерту ,оқушылардың шығармашылық ой-өрісін қалыптастыру үшін ағылшын тілінде мынадай сұраулы құрылымдарды пайдалануға болады: open-ended question деп аталатын сұрақтар бар. Мысалы: What do you think about ..? Why do you think…? Do you agree…? What is the most important…? Why is … significant? How would you decide about…? және т.б
Мұндай сұрақтар жасөспірімдер үшін ерекше маңызды. 13-17 жас аралығындағы балалардың танымдылық ауқымдылығын, қызығушылық аясының кеңдігін, олардың осы жас шамасының өзінде елеулі өмірлік тәжірибе жинап, оны өздерінің сыныптастарымен және мұғалімдерімен бөлісуге, өзінің көзқарасын ағылшын тілінде жеткізу мүмкіндігі пайда болады
What is happening?
Қимыл етістіктерді қолданылған сөйлемдері бар бірнеше карточкаларды үлестіресіз. Сөйлемдерді ішінен оқып шыққан бала жазылған іс-қимылды көрсетеді, ал басқа балалар “Are you…?” сұрағын қоя отырып, карточка қандай іс-қимылдың жасырылғанын табуға тырысады. Бұл ойынға “My Day” тақырыбының лексикасы өте қолайлы. Мысалы:
-You are washing the dishes. The telephone rings. Dry your hands, answer the phone and write down the message.
- You are standing in front of the cooker. You are frying a pancake in a frying pan. Toss it to turn it over.
- You have a loaf of bread. Pick up a knife and slice off two pieces.
Find the Questions
Грамматикалық құрылымы таныс бес сұраулы сөйлем таңдаңыз,мысалы: Present Simple: What do you usually do at the weekend? Do you clean your room? Where do you go with your friends? How do you help your parents? When do you go to bed on Saturday?
Who/what am I?
Мұғалім жеке-жеке қағаздарға атақты адамдардың аттарын, кітап, кино кейіпкерлерін, ал егер жасы кіші балалар болса, жануар, пән аттарын жазады. Осындай қағазды оқушының арқасына жапсырып қояды. Оқушы сыныптастарына сұрақ қоя отырып, өзінің кім екенін табуы керек. Оқушыға Who am I? деген сияқты тікелей сұрақ қоюына болмайтындығы ескертіледі, ал Am I a human being or an animal? Am I young or old? Am I a writer? Сияқты бірнеше жанама сұрақтар арқылы өзінің кім екенін анықтау қажет екені алдын-ала түсіндіріледі.
Just two questions
Балаларға оқуға арналған мәтін ұсынылады. Олар мәтіннің мазмұны бойынша өздері түсінбеген желерінен екі сұрақ жазулары тиіс. Сынып алдында әр бала өз сұрақтарын оқиды, басқа балалар жауап береді.