kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ықшамсабақ, микроурок, microteaching

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімнің сабаққа психологиялық дайындығы маңызды аспектілердің бірі. Теориялық, әдістемелік дайындықпен бірге психологиялық дайындықтың құндылығын  атап өтуіміз, оны білім беру үрдісінде қолдана білуіміз керек.Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг,белсенді психологиялық дайындау әдісі болып табылады.Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Оның авторы Дуайт Аллен және Кевин Райан бастаған Стэнфорд университетінің зерттеушілер тобы болды (Alien&Ryan, 1969). Жалпы есеппен жаңа әдісті енгізуге он жылдан аз уақыт жұмсалды, 1968 жылы ықшамсабақ үдерісі мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының 53%-ында қолданыс тапты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ықшамсабақ, микроурок, microteaching»

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

ЫҚШАМСАБАҚ

МИКРОУРОК

MICROTEACHING







Оқытушы:Ш.Е.Мұхтарова

Орал 2018





Ықшамсабақ , микроурок, microteaching

Мұғалімнің сабаққа психологиялық дайындығы маңызды аспектілердің бірі. Теориялық, әдістемелік дайындықпен бірге психологиялық дайындықтың құндылығын атап өтуіміз, оны білім беру үрдісінде қолдана білуіміз керек.Ықшамсабақ мұғалімдер үшін бихевиоризм қағидаттарына негізделген іскерлік психологиялық тренинг,белсенді психологиялық дайындау әдісі болып табылады.Мұғалімдерді психологиялық дайындау әдісі ретінде ықшамсабақ АҚШ-та алпысыншы жылдардың басында қалыптаса бастаған. Оның авторы Дуайт Аллен және Кевин Райан бастаған Стэнфорд университетінің зерттеушілер тобы болды (Alien&Ryan, 1969). Жалпы есеппен жаңа әдісті енгізуге он жылдан аз уақыт жұмсалды, 1968 жылы ықшамсабақ үдерісі мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының 53%-ында қолданыс тапты.


Дуайт Аллен Кевин Райан


Ықшамсабақ мұғалімдерді дайындауға арналған дәстүрлі тәсілдердің кемшіліктеріне жауап ретінде пайда болды. Ықшамсабақ мұғалімнің теориялық білімі мен практикалық жұмысын байланыстырушы, өзіндік зертхана (тәжірибе алаңы) болуы тиіс. Ұшқыштар, жүргізушілер және басқа да кәсіп өкілдері дайындық кезінде жаттығу құрылғыларында тәжірибе жасап үйренетіні сияқты, мұғалімдердің де өз «жаттығу құрылғысы» болуы қажет (Broudy, 1964; Davis&Gregory, 1970).

Барлық тыңдаушылар бес адамнан құралған шағын топта бір мұғалім, үш оқушы және бір

бақылаушы болып жұмыс істей отырып, ықшамсабақ тәсілін қолданып, жаттығуды/

жаттығулар тобын іске асыратынын (сынап көру) түсіндіреді. Мұғалім сабақ

жоспарышаблонының көмегімен ұзақтығы 15 (20) минут сабақтың бір бөлігін, кейін

мұғалімге кері байланыс ұсыну үшін бақылаушыға 15 минут қалдыра отырып, жоспарлайды.

Рөлдер:

          • Мұғалім

          • Бақылаушы

          • 1-оқушы

          • 2-оқушы

          • 3-оқушы







5-10 минутқа созылатын әрбір ықшамсабақ оқытудың жеке бір дағдысын меңгеруге бағытталады. Мұндай дағдылар ынталандыру тәсілдерін түрлендіру (қозғалыс, ым-шара, үнсіздікті сақтау, әртүрлі сенсорлық арналарды, әртүрлі қарым-қатынас стильдерін пайдалану және т.б.), сабақтың басында өзіне мақсат қою, сабақты аяқтау, тыныштықты және вербалды емес құралдарды пайдалану, оқушыларды ынталандыру, сұрақтар қою, мысалдар келтіру және т.б. болуы мүмкін. Ықшамсабақта басты назар нені оқытуға емес, қалай оқытылатынына бағытталады деуге болады. Ықшамсабақ барысы бейнежазбаға түсіріледі және сабақты жетекші (бақылаушы) бақылайды. Сабаққа арнайы дайындалған оқушылар (әдетте 4-8 оқушы) қатысады, олар ықшамсабақтан кейін мұғалімге ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді – өздерінің ойынша нақты бір дағдыны мұғалімнің қалай іске асырғанын бағалайды. Одан кейін мұғалім жетекшімен бірге ықшамсабақтың бейнежазбасын қарап, оқушылардың бағалауын талдайды және сынама жасап жаттыққан дағдыны жетілдіру мүмкіндіктерін талқылайды. Орта есеппен жарты сағаттай уақытқа созылатын талқылаудан кейін, мұғалім ықшам сабақты қайталайды, бірақ бұл жолы сабақты басқа оқушылармен өткізеді. Бұдан соң, бірінші және екінші ықшамсабақтың бейнежазбалары мен оқушылардың берген бағаларын салыстырып, қол жеткен жетістіктер туралы қорытынды жасайды.





Мұғалім

  • Мұғалім өзінің пәні бойынша ықшамсабаққа арналған жаттығу/тапсырманы жоспарлайды.

  • Жаттығу/Тапсырмапәндікбағдарламалардыоқытумақсаттарыаясындасабақтыңмақсатына (оқумақсаты) қолжеткізугебағытталады.

  • Жаттығу/тапсырмаларпәнніңоқужоспарынаналынуымүмкіннемесесабақмақсатына (оқумақсаттарын) сәйкесіріктеліпдайындалады.

  • Мұғалімоқушыларменөзараәрекеттесеотырып, олардыңтанымдыққажеттіліктеріне/талаптарынасәйкесоқытужаттығуларынжетілдіреді, сабақтақалыптастырушыбағалаутәсілдерінқолданады.

  • Оқытудыжүзегеасыруүшінқажеттіресурстардыдайындайды

Қадағалаушы

  • Педагогикалықтәжірибенібақылаңыз

  • Белгіленгенкритерийлербойыншақадағалауғақатыстыбелгілержасаңыз

  • «Сыншыдос» ретіндекәсібидеңгейдемұғалімгекерібайланысұсыныңыз

  • Жақсартуғаболатынсалалары мен оңтайлыжақтарынаназараударыңыз

Қадағалаушысабаққашолужасаукезіндекелешеккеұсыныстар мен керібайланысқақатыстытиістісұрақтарқояды

Оқушы

    • Өзіңіздіоқушыретіндесезініпкөріңіз (өзіңіздіоқушымындепойлаңыз)

    • Тапсырмалардыоқушыретіндеорындаңыз

    • Тапсырмаларғаоқушыжауапберетіндейжауапберіңіз

    • Сабаққа бар ынтаңызбен, жан-жақты қатысып отырыңыз

    • Сұрақтарқойыңыз, егерқажетболсатүсіндірудісұраңыз, сізденталапетіпжатқанүдеріскетолығымененіңіз

    • Ықшамсабақтанкейіннемесеықшамсабақуақытындамұғалімменбөліскіңізкелгенқандай да біркерібайланыстыңесебінжүргізіңіз.

    • Оқушыретінде осы тапсырмалардыорындаубарысынакедергікелтіругемүмкіндікбермеңіз



Қолданылған әдебиеттер:

1.ALLEN, D.W , RYAN, K.A. Microteaching Reading Mass.:Addison Wesley, 1969.

2.Mirrors, Reflections and Refractions: the contribution of microteaching to reflective practice '; Authors: I'ANSON J.; RODRIGUES S.; WILSON G. ;Source: European Journal of Teacher Education, Volume 26, Number 2, June 2003 , pp. 189-199(11)

3.A study of the effects of video tape recording in microteaching training; Author: Kpanja, Edward ;Source:British Journal of Educational Technology, Volume 32, Number 4, September 2001 , pp. 483-486(4)

4.Silberman C.E. Crisis in the Classroom. – New York: Random House, 1970. Skinner B.F. The Technology of Teaching. – New York Appleton-Centur


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ықшамсабақ, микроурок, microteaching

Автор: Мухтарова Шолпан Еркебаевна

Дата: 22.12.2018

Номер свидетельства: 492091


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства