kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Стратегия Казахстан 2050 - трехъязычие в Казахстане

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мы принимаем активные меры по развитию трехъязычия, — начал Назарбаев. — Казахстан создал все условия, чтобы каждый этнос сохранял свой язык, культуру и традиции. Еще раз хочу сказать: в нашей стране никто не должен ущемляться по принципу принадлежности к тому или иному языку».

Назарбаев отметил, что знание русского языка является историческим преимуществом казахской нации, обеспечивший ей выход на мировую культуру и мировую науку. Кроме того, президент отметил необходимость качественного «рывка» в изучении английского языка, который способен открыть для каждого казахстанца новые безграничные возможности в жизни».

«Наряду с государственным  языком мы и дальше будем продолжать создавать наилучшие условия развитию языков, культур и традиций всех наций, этносов, проживающих в Казахстане», — подытожил Назарбаев.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Стратегия Казахстан 2050 - трехъязычие в Казахстане »

«Тіл халықтың - жаны»


Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, - деген болатын. Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 % пайызға дейін жетеді деп өз сөзінде айтқан болатын. Әрине, дамыған өркениетті отыз елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты, шын мәнінде елдің ертеңі үшін керек. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз жүр. Бірақ, кейбір компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниеге келіп отыр. Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, үш тілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасай алатын маман иелері өте қажет болып отыр. Аталмыш мамандар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады. Демек ағылшын тілін білмей , заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы–көптілділік.

Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу өте маңызды. Мәселен, орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдеиетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім алу, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамыту барысында қазақ тілі, яғни ана тіліміз бірінші орында тұр. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқының 93,5 % өз ұлтының тілін – ана тілі деп санайды.

Ал, 74 пайызы қазақ тілінде ауызша еркін сөйлей алады, түсінеді. Сонымен қатар 92% орыс тілді болса, 16% ағылшын тілін толық меңгергендер.

Үштұғырлы  тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Сондықтан, балаларды өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында: eлімізде білім саласы айрықша даму үстінде. Кеңестік одақ кезінде аты естілмеген өзгерістер 20 жылда өмірімізге енді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» - мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан халқы бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс» екенін ерекше атады. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті түлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабылеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министірлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. «Қанша тіл білсең, сонша рет адамсың» дейтін нақыл сөз бар. Бұл сөзде шындық та бар, қайшылық та бар. Шындығы сол - екінші бір тілде сөйлеу жай ғана басқа тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениет, басқа ұлттық психология аясына ену. Қайшылығы сол - әр адам тегі жағынан (бұл жерде биологиялық тек қана емес, рухани тектің де болатынын ескерте кету керек) бір ғана ұлттың өкілі болады. Асылы, бұл нақыл сөзге Абай тұрғысынан, яғни, «дағуасына кіру» деген тұрғыдан  келу керек сияқты. Қалай десек те, қостілділік, көптілділік жеке тұлғаның қабілет ерекшелігіне байланысты. Бірақ қазір дүниежүзілік қоғамдастық талап етіп отырған құбылыс болып отыр. Адамның ойын жарыққа шығаратын құрал - тіл. Ал, тіл - адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі.

Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу - бізге мұратты іс.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Қазақ тілі -өзінің даласындай кең де, жайдарлы да жалпақ тіл. Қазақ қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін өсіп тұрады. Тілге тиек етіп өтер жайт бұл тіл үйрену болашақта қолданылатын латын әліпбиімен тікелей байланысты болмақ. Неге десеңіз ағылшын тіліндегі 26 әріптің көбі, тіпті барлығы десек те болады, латын әліпбиінде кездеседі және оқылуы жағынан да бірдей десек те болады. Бұл латын әріпіне көшу жайлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Үш тұғырлы тіл» туралы жобаны 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 құрылтайында жария еткен болатын. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әрпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісеміз деп жоспарлауда. Бір кезде тарих бедерінде қазақ халқы мұндай қадамды жасаған болатынбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен ғаламтор тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. 
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз және алдағы 2017 жыл болтын ЭКСПО дүние жүзлік көрме осылар нақты дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті болып отыр. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді де білікті ұрпақтардың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!














Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Қазақстан Республикасындағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


2. Әлметова Ә.С. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» пед.ғыл.доктор.дисс.автореф. Алматы, 2007. -48б. 


3. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. (Жоба)


4.Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» - Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16


5.Байтұрсынов А.-Тіл-құрал (қазақ тілінің сарфы).

6. Б.Хасанов. Ана тілі-ата мұра.Алматы:Ғыл,1998.250б























1 мектеп-гимназиясы











Тақырыбы: «Тілхалықтың - жаны»

(Баяндама)



Дайындаған: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Дубээн Есен








Сарқан қаласы

2014 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Стратегия Казахстан 2050 - трехъязычие в Казахстане

Автор: Есен Дубээн

Дата: 25.11.2014

Номер свидетельства: 135329

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Доклад на тему " Развитие устной русской речи учащихся начальных классов казахской школы ""
    ["seo_title"] => string(80) "doklad_na_tiemu_razvitiie_ustnoi_russkoi_riechi_uchashchikhsia_nachal_nykh_klass"
    ["file_id"] => string(6) "377753"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1484076567"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства