kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ты та?дай білесіз бе?” ата-аналармен конференция

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ма?саты:    1. О?ушылар мен ата-аналар?а о?ушыны? маманды??а бейімделу мен ?абілеттілігін ертерек аны?тау керек екенін к?рсету.

2. Ата-аналар?а жеткіншектерді? болаша? маманды?ты ?з бетімен та?дау?а м?мкіншілік беруін т?сіндіру.

Міндеті: 1.Ата-аналарды пікір айту?а ынталандырып, орта? шешімді аны?тау, о?ушыларды? болаша? маманды?тарын белгілеу.

2. М??алім-о?ушы-ата-аналар арасында?ы ты?ыз байланысты дамыту?а м?мкіндік тудыру.

К?рнекіліктер: К?ркем ?дебиет, н?с?ау материалдар: модуль ??рылымы, тірек-сызба   ж?не анкеталар. На?ыл с?здер, суреттер, бейне,диск CD ж?не ма?алдар.

?атысушылар: Ата-аналар, ке?есші мамандар, о?ушылар.

 Ма?алдар: “?ке к?рген о? жонар, шеше к?рген тон пішер”, “Бола к?рме ж?мыссыз, ж?мыссыз адам ырыссыз”, “?ызмет ?ыл да, міндет ?ыл”, “Ж?мысы жемістіні? ?мірі келісті”, “Жа?сы ж?мыс жан?а тыныш”, “Ж?мысты? жаманы жо?”, “Кім е?бек етсе сол то?”, “?стаз мейірі мен ана мейірі-егіз”, “Жеті рет ?лшеп, бір рет кес”

 

 

          

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ты та?дай білесіз бе?” ата-аналармен конференция »

Мамандық таңдай білесіз бе?

Мақсаты: 1. Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.

2. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.

Міндеті: 1.Ата-аналарды пікір айтуға ынталандырып, ортақ шешімді анықтау, оқушылардың болашақ мамандықтарын белгілеу.

2. Мұғалім-оқушы-ата-аналар арасындағы тығыз байланысты дамытуға мүмкіндік тудыру.

Көрнекіліктер: Көркем әдебиет, нұсқау материалдар: модуль құрылымы, тірек-сызба және анкеталар. Нақыл сөздер, суреттер, бейне,диск CD және мақалдар.

Қатысушылар: Ата-аналар, кеңесші мамандар, оқушылар.

Мақалдар: “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”, “Бола көрме жұмыссыз, жұмыссыз адам ырыссыз”, “Қызмет қыл да, міндет қыл”, “Жұмысы жемістінің өмірі келісті”, “Жақсы жұмыс жанға тыныш”, “Жұмыстың жаманы жоқ”, “Кім еңбек етсе сол тоқ”, “Ұстаз мейірі мен ана мейірі-егіз”, “Жеті рет өлшеп, бір рет кес”


“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе,-дейді. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтіреді. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек.”

Ж Аймауытов


Құрметті ата-аналар, қонақтар және оқушылар! Бүгін “Мамандықты таңдай білесіз бе?” атты ата-аналар конференциясын өткізгелі отырмыз.

Конференцияның мақсаты: 1. Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.

2. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.

Міндеті: 1.Ата-аналарды пікір айтуға ынталандырып, ортақ шешімді анықтау, оқушылардың болашақ мамандықтарын белгілеу.

2. Мұғалім-оқушы-ата-аналар арасындағы тығыз байланысты дамытуға мүмкіндік тудыру.

Ал, енді конференцияның модульдық құрылымымен таныстырып кетейін.

(бейнетаспада және бірінші бетте)

Бүгінгі қонақтармен таныстырайын:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында көптеген мәселелер қамтылған, әсіресе білім саласына

ерекше көңіл бөлініп, болашақта шәкірттеріміз білікті маман болып, Отанымыздың экономикасы жоғары, сәулеті көз тарталық болуына лайықты үлес қосуға ат салысуға тиісті екені айтылған.

Сол білікті маман мектептен бастау алатыны белгілі. Ендеше болашақ білікті маманды тәрбиелеу- ұстаздар қауымына зор міндет. Білімді де ақылды шәкірттерді дайындап шығару ұстазға ең биік мұрат.

Білім беру жүйесі-әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.

Сонымен он жылдық білім негізгі білім сатысы болып есептеледі. 10-сыныпты бітірген оқушы өз қалауымен арнаулы орта оқу орындарында және бастапқы кәсіптік білім беретін ұйымдарда білім ала алады. Одан әрі білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруына болады.

Ал 11-12-сыныптарда өзінің білімін жоғары оқу орындарында таңдаған мамандығына сәйкес жалғастыруды қөздеген оқушы оқи алады.

Яғни 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келесі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұның түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениеті ел ретінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алуына кепіл бола алады.


Кәсіп және мамандық ұғымдарын қамтитын түрлі қызмет салалары өте көп. Әр адамның бірнеше кәсіппен айналысуға қабілеті болғанмен, соның біреуіне ғана ынтасы ерекше ауады. Өйткені, әр кәсіпке қажетті қабілеттілік деңгейі түрлі дәрежеде болады. Мәселен, ұшқыштық қабілет тек ұшу немесе оған жаттығу, спорт ойындары кезінде; математикалық қабілет шахмат ойыны үстінде қалыптасуы мүмкін. Әрбір баланың асқар арманы, алға қойған мақсаты бар. “Мен кім болам?”

деп ойланып, олардың болашақ мамандары туралы талқылаймыз.

Сонымен “Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не?” деген сұраққа жауап беруге бізбен жүздесуге шақырылған салық комитетінің бөлім бастығы Абеева Жұлдыз Бекмұхаметқызы балаларға болашақ мамандығын таңдауда жаңұяның көмегінің мүмкін жолдары туралы айтып берсеңіз.

  • Нені болмасын “Жеті рет өлшеп, бір рет кескен” жөн-ау. Сонда мамандық таңдауда адаспайсың. Менімше, мамандықты жас кезіңнен таңдағаның жөн. Сол жолда ізденіске уақытың мол болады. Әр жаққа бір шашыла бермей, бір бағытта тереңірек дайындаласың.....

Оқушылар, сұрақтарыңыз болса қойыңыздар...


Мамандық таңдау жөнінде Амиржанова Мақпалға сөз берейін.

Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдай отырып алдымен баланың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына қарау керек, содан кейін барып жанұялық салтпен санасуға болады.

Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-әрекеті оның кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Бұған мыналарды жатқызуға болады: жас жеткіншектің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі, өзінің өмірлік позициясын қорғай алу, қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу, құқықтық мәдениетті дамыту. Соңғы кездері біздің түлектеріміз тұрмыстық және өндірстік дизайн, мебельдер жасау, безендіру, тоқыма және тігін, өсімдіктер өсіру, ландшафты дизайн, гүл өсіруші және бақташы, әр түрлі аңдар асырау сияқты кәсіптерге қызығушылық артуда. Мұндай жұмыс түрі қосымша білімді қажет етеді, еңбекке деген шығармашылықты талап етеді және қарым-қатынас жасайды.


Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгін қонаққа кеңесші маманын шақырдық.

Ол қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амирханов Әділжан Нағымұлы.

Сіз мына сұраққа кеңес берсеңіз:

Біздің оқушыларымызға қалай мамандықты таңдауға болады?

  • Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар. Бірінші әдіс- сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын да сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кету мүмкін.

  • Екінші әдіс- қандай мамандық таңдаса да әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу....

Егер сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.....


Келесі сұрақтар кезегі ата-аналарға беріледі:

1. Жанұяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба?

2. Болашақта балаңыздың қандай маман иесі болғанын қалайсыз?

3. Балаңыз қай саладағы мамандық туралы көп айтады?

4. Балаңыздың мамандық таңдаудағы қызығушылығын көрдіңіз бе?

5. Отбасыңыздағы мамандықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру керек па?


Біздің болашақ ұрпақтарымызға сөз берейік.Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де мойнына алады.


Келесі сұрақтарға жауап берсеңіздер.

  1. Сіз болашақ мамандығыңызды таңдадыңыз ба?

  2. Болашақта кім боласыз?

  3. Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауыңа не әсер етті?

  4. Өзіңізді болашақ маманға қалай дайындауға болады?

  5. Тандаған мамандығыңыз жөнінде не білесіз?


Айнура: Мен болашақта мұғалім болғым келеді. Халқымның ұл-қыздарына қазақ тілі пәнінен сабақ беріп, ақыл-білім үйретсем деймін. Оған қоса биылғы жылды тіл жылы деп белгілеген. Мен бұны түгелімен қолдаймын және де оған қоса биылғы Жолдауда да бұған үлкен көңіл бөлінген еді, мемлекеттік тіл- елдігіміздің тұғыры демекші біз ана тілімізді құрметтеп, қастерлей білуіміз керек.


Айдын: Мен келешекте дәрігер болғым келеді. Бұл мамандықты таңдауымның екі себебі бар. Біріншісі-өз анама еліктеуім, екіншісі- дәрігерлік мамандыққа деген шексіз құрметім. Сондықтан болашақта ақ халат киіп, адам жанының арашасы атанғым келеді.


Серік: Мен заңгер болғым келеді. Еліме тәртіп орнатып, адамдардың құқығын қорғаймын. Өмірде тек қана тәртіп, тыныштық болуына қызмет етемін. Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарға заңды құрметтеу рухында құқықтық білім және тәрбие беріп, азаматтардың жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қызмет көрсетемін.


Самал: Менің арманым дәрігер болу. Осы мамандыққа мен кішкентай кезімнен еліктеймін. Болашақта ақ халат киіп, жақсы, дәрежелі маман иесі болуына армандаймын. Біздің ауылда аудандық аурухананың құрылысы қызу жүріп жатыр, биыл аяқталады. Мен болашақта мамандық алып, осы әдемі, кең ауруханада қызмет етсем деп армандаймын.


Рая: Мер қаржы саласында қызмет көрсетуді армандаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты биылғы жылғы халыққа Жолдауында көптеген мәселелер қамтылған, әсіресе экономиканың өсуі мен қаржы саласындағы үлкен жетістіктер халықтың әл-ауқатын көтеруде. Биылғы жылы банктердің филиалдарына осы заманға есеп айырысу кассалық орталықтары мен банкоматтары бар өкілдіктерін кеңейтуге көмек көрсету жөніндегі мәселені жан-жақты шешіп жатыр.


Алмасбек: Менің арманым болашақта инженер болу.Бірінші: биылғы Жолдауда біздің егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекетіне ғалымдар мен инженерлер, ғылым мен техника саласындағы мамандар қажет екені деп айтылған. Сондықтан мен бұл мамандықты таңдап, біздің мемлекетке, әлеуметке үлкен пайда келтіремін деп ойлаймын. Екінші: Менің әкем да телекомда инженер болып жұмыс істейді. Оған жұмысы ұнайды. Өмірде “Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі” деп, халық ата дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы екенін ескертеді. Сондықтан мен ата дәстүрін, ата кәсібін жалғастырамын деп ойлаймын.


Құрметті ата-аналар және оқушылар қазір сіздерге анкеталық сұрақтар беріледі.

Сіздер сұраққа жауап беріп, кеңесші мамандарға тапсырасыздар. Кеңесші мамандар пайыздарыңызды санап, конференцияның соңында қорытындылайды.


Оқушыларға анкеталық сұрақтар:

  1. Сіз болашақ мамандығынызды таңдадыңыз ба?

  2. Қандай мамандық таңдадыңыз?

  3. Таңдаған мамандығыңыз жөнінде не білесіз?

А) Мамандығыңыздың өзіндік ерекшелігі

ә) Бұл маман заман талабына сай

  1. Егер әлі мамандық таңдамасаңыз, себебін айтыңыз.

А) Мамандық көп, таңдау қиын

ә) Қай мамандықты таңдауымды білмеймін

б) Өз мүмкіншілігімді жақсы білмеймін.

  1. Мамандықты таңдауына не әсер етті?

А) Мамандықты өзім таңдадым

ә) Ата-анам кеңес берді

б) Достарым кеңес берді

  1. Өз ата-анаңыздың мамандығы ұнай ма?

  2. Ата-анаңыздың өз мамандықтары жөнінде не айтады?

  3. Сіз ата-анаңыздың жұмыс орнында болдың ба? Сізге ұнады ма?

  4. Ата-анаңыздың жұмыс орнына өзіңізді қоя алар ма едіңіз?

  5. Ата-анаңыз олардың мамандығын жалғастыруын қалай ма?



Ата-аналарға анкеталық сұрақтар:

  1. Жаңұяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба?

  2. Балаңыздың мамандық таңдаудағы көзқарасына қосыласыз ба?

  3. Оның мамандық таңдаудағы қызығушылығын ескеру керек деп ойлайсыз ба?

  4. Болашақта балаңыздың қандай маман иесі болғанын қалайсыз?

  5. Оқу бітірген соң, оқуын жалғастыра ма, әлде жұмыс істей ме?

  6. Балаңыздың мүмкіндігі мен қабілетіне қарайсыз ба?

  7. Мамандық таңдау кезінде кеңесші маманның және психологтың қатысуына қалай қарайсыз?

  8. Балаңыз қай саладағы мамандық туралы көп айтпайды?

  9. Отбасыңыздағы мамандықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру керек па?

  10. Балаңыз мамандық таңдар кезде оның сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқадыңыз ба?



Мамандық таңдаудың тағы бір жолы бар. Ол- өзінің ата-анаңның, атаңның және бабаларыңның мамандығын таңдау. Мұндай жағдай егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады.

Бірақ ең бастысы- адамның өз маманына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.

Осы жәйлі тағы бір ата-анамызға сөз берейік.


Құрметті ата-аналар және оқушылар мамандық таңдау бойынша сіздерге кеңесші маманымыз жадынама арнайды.

-Құрметті ата-аналар! Мен кеңесші маман болғандықтан мамандық таңдау бойынша сіздерді төмендегідей жадынамамен таныстырайын.

    1. Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.

    2. Оның таңдаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.

    3. Мамандық таңдар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.

    4. Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген жарамдылығын да байқаңыз.

    5. Егер мамандық таңдау барысында қарама-қайшылық туындап жатса, кеңесші-мамандармен ақылдасыңыз.

    6. Мамандық таңдауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін.

    7. Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.

    8. Егер балаңыз мамандық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз,

оны жөндеуге болады.

    1. Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оған әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.

    2. Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты мамандық таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.


Сонымен “Мамандық таңдай білесіз бе?” атты конференциямыз аяқталды.

Жүргізілген анкета бойынша сөзді қонағымыз кеңесші маманға берейік...


Енді қорытындылайық, яғни негізгі салаларын келесі тірек-сызба түрінде көрсетейік.

Бүгінгі конференциядан қандай қорытынды жасауға болады?

Бірінші: бала жағынан ...(оқушылар толықтырады)

Екіншіден: ата-ана жағынан ....(ата-аналар толықтырады)

Келесі тірек –сызбаны толықтырайық.


Тәрбиелеймін үйретемін ақылдастық


Ата-ана

Таңдадық ұнайды талқыладық

қ

бала

олдаймын

мамандықты

Оқытамын мақтаймын қуаныштымын қалаймыз кеңес берді ақылдастық



Ертеңгі ұлы істердің, егеменді мемлекетіміздің қандай болғаны бүгінгі жастардың қолында, олардың болашақ мамандықтарына байланысты.

Құрметті оқушылар сіздердің келешекте халқына адал қызмет етіп, елінің намысын қорғайтын саналы азаматтар болуына кәміл сенемін

Құрметті ата-аналар, қонақтар сіздер уақыттарыңызды бөліп, біздің конференциямызға келіп, балаларыңыздың болашақ мамандықтарың таңдауға кеңес бергендеріңіз үшін шын жүректен рахметімді айтамын.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Маманды?ты та?дай білесіз бе?” ата-аналармен конференция

Автор: Амирханова Сания Сатылгановна

Дата: 09.01.2015

Номер свидетельства: 151853


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства