kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала:" ?ш тілде білім беру-жар?ын болаша?ты? кепілі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Басбаева Айнур а?ылшын тілі п?н м??алімі болып ?ызмет ат?арамын. Мен маманды?ымды жа?сы к?ремін. Е?бек ?тілім 8 жыл. Екінші санаттымын.?азіргі та?да жа?а форматта саба? беремін. БА? беттеріне бірнеше ма?ала ж?не орта мерзімд, ?ыс?а мерзімді жоспарлырымды жіберіп, арнайы сертификаттар?а ие болудамын. Б?л мен ?шін ?лкен жетістік деп ойлаймын.М??алім бол?анды?тан ?з білімімді жетілдіру ма?сатында ?р т?рлі курстармен семинарлар?а ?атысып т?рамын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ала:" ?ш тілде білім беру-жар?ын болаша?ты? кепілі"»

«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі».


Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған болатын. Қазіргі таңда бұл жоба бойынша арнайы жоспар жасақталып, біртіндеп іске асырылуда. Бұл идеяның негізі: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей меңгерген жоғары білімді мемлекет ретінде тану керек. Қазақ тілін- мемлекеттік тіл, орыс тілін-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілін-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде қолдануымыз керек.

Жоғарыда аталған жоспарды басшылыққа ала отырып, № 10 жалпы білім беру орта мектебінде де арнайы жоспар жасақталып, іске асырылуда.

Мектепте математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арнайы курс ұйымдастырылып мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілуде. Мұғалімдер біртіндеп өз сабақтарына кішкене болсада ағылшын тіліндегі сөздерді қолдануда. Әрине бұл күрделі процесс, сондықтан ол уақыт қажет етеді.

Атап айтар болсам қаңтар айында өткізілген математика апталығында Қанатова Ақлиманың «Тапқыр болсаң, талас жоқ » атты сайыс сабағында оқушылар ұяшықтардан шыққан сұрақтың жауаптарын үш тілде айтып өтті. Ал Абдугафарова Райхан «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты интеллектуальдық сайыс сабағын өткізген болатын. Бұл сайыстың

«Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімінде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аударды. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай иеленді.

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

2.Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)

3.Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, а pen)

4.Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, fifty)

5.Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать, thirty)

6.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап, книга, a book)

Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қорыта айтатын болсам,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет екені анық.

Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі

№ 10 орта мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі

Басбаева Айнур Ибадуллаевна

Электрондық мекен жайы: aiko_jan83@mail.ru



Ұялы тел: 87785925120





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ма?ала:" ?ш тілде білім беру-жар?ын болаша?ты? кепілі"

Автор: Басбаева Айнур Ибадуллаевна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301142


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства