( Жаңа сабақты меңгерту). «IDEAL» белсенді әдісі. Оқушылар оқулықтың 61-бетіндегі мәтінді оқиды. I – мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау D – проблеманы сипаттау E – проблеманы шешу жолдарын анықтау A – проблеманы шешу үшін әрекет жасау (мәселені шешу жолын көрсету) L – қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау. «Bilimland» ақпараттық ресустар арқылы санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірлер туралы видео көрсетіледі.(оқушылар өздерінің жауаптарын дұрыс, дұрыс еместігіне көз жеткізеді) (Ө,Ж,Т) 1-тапсырма: «Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар өз ойын қорытып, жұп болып пікірмен бөліседі, бұл барлық топтық талқылауға ұласады. Кестедегі бос орынды толтырыңдар: а | 9 | 64 | | 0,36 | 2500 | | | | | 13 | | | | Дескриптор: - санның квадрат түбірі анықтамасын түсінеді; -арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу мүмкіндігін біледі; - саннан квадрат түбірді табуды біледі. (ҚБ) «Бағдаршам» әдісі . Сұрақ: Қандай екі шарт орындалғанда =b теңдігі орындалады? (Ж) 2-тапсырма «Ақиқат - жалған» әдісі бойынша оқушылардың санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірлер ұғымдары қалыптасады. Дескриптор: санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірлердің анықтамасын түсінеді; санның квадрат түбірі мен арифметикалық квадрат түбірлер айырмашылын ажыратады. ҚБ: «Егер 5 минутым болса...» әдісі арқылы әр топ өз ойларын ортаға салып түзету жұмыстарын жүргізеді. Сұрақ: х-тің қандай мәндерінде өрнегінің мәні болады? (Т) 3-тапсырма. «Математикалық мозаика» әдісін қолданамын. Себебі оқушылар ойын түрінде тиімді әрекет жасауға, уақытты үнемдеуге, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. Тапсырманы дұрыс орындап мозаиканы құрастырсаң, Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы білетін боласың. 1)0,2 2) 3)20+х2=56 4)у2-3=1,84 5)-0,4: :11 6)0,5 Дескриптор: санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірлердің мәндерін есептейді; арифметикалық квадрат теңдеуді шешеді. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды. Сұрақ : 1.«Түбір» ұғымын енгізудің қажеті неде? 2. Осы ғимарат туралы не білесің? |