Сандар тізбегі тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, арифметикалық прогрессия, оның п-ші мүшесінің формуласы туралы түсінік беру. Жалпы формуласы берілген тізбектің мүшелерін, тізбектің мүшелері бойынша жалпы формуласын табуды үйрету.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру
Сабақ барысы. Блум таксономиясы бойынша
Рефлекция
Үйге тапсырма
Блум таксономиясы
I . Білу
IV. Жинақтау, бағалау
II . Түсіну
III . Қолдану, талдау
Топқа бөліну
Білу
Айдос ағасының туған күніне ұялы телефон сатып алып бермекші болды. Ол үшін бірінші айда 5000 теңге, ал келесі айларда қосымша 200 теңгеден қосып төлеуі керек. Егер Айдос ұялы телефонды жалға 6 айға алған болса,әр айда қанша теңге төлеуі қажет?
Жауабы:
5000; 5200; 5400; 5600; 5800; 6000; – мұндай тізбекті арифметикалықпрогрессия деп атаймыз
Прогрессия – (латын сөзі) өрлеу, ілгері қозғалыс. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысандары мысырлықтар мен вавилондықтардан басталады.
Грек математиктерін прогрессияның көпбұрыш сандарымен байланысы қызықтырды. Ежелгі Греция жазбаларында мынадай қосындыларды кездестіруге болады.