kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің асыл туған өлкем, сені мәңгі жырлап өтем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка для 8 классов с русским языком обучения (с задержкой психического развития), 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АШЫҚ САБАҚ Менің асыл туған өлкем, сені мәңгі жырлап өтем»

Тақырыбы: «Менің асыл туған өлкем,

сені мәңгі жырлап өтем

Мақсаты: Оқушылардың туған ел туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері, Ата заңы, тілі, салты туралы дербес мемлекет екендігін түсіндіру.

Ұлтжандыққа, патриотизмге, туған елге деген сүйіспеншілдікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: сабақтың тақырыбы жазылған плакат, талдау таблосы, суреттер, жұлдызшалар, гүл, шар, техникалық құралдар.


Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбын ашу:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ел дәстүрін жалғамақ,

Ер намысын қорғамақ,

Ұландар шықты ортаға!

Әнұраным- жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам, әнұраным!

Қазақстан Республикасының әнұраны ойнатылады

- Сонымен, балалар біз әнұранды неліктен айттық, сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Әнұранымызда не туралы айтылған?

- Дұрыс, балалар. Біздің сыныптан тыс сағатымыздың тақырыбы «Отан», «Туған жер» туралы, толығымын айтатын болсам «Менің асыл туған өлкем, сені мәңгі жырлап өтем»

-Сыныптан тыс сағатымыздың мақсаты қандай?

- Қандай мақсатқа жетуіміз керек?

- Жақсы

-Енді, балалар топқа бөлініп алайық топқа бөлу: суреттер арқылы топқа бөлу (мемлекеттік рәміздер арқылы)

І. «Көрме әдісі» (алдын- ала тақырып бойыша суреттер салуға берілген) сол суреттерді тақтаға іледі, топтың суретін келесі топ бағалайды.

1. Суреттің тақырыпқа сай болуы

2. Көркемділігі

3. Суретті бейнелеуі

Бағалау: жұлдызшалар арқылы (әр жұлдыздың түсіне қарай бағалау) қызыл түсті жұлдыз – 5 балл

жасыл түсті – 4балл

көк түсті- 3 балл

сары түсті- 2 балл

ақ түсті- 1 баллада

Тақтада табло ілініп тұрады, оған жұлдыздар әр жұмыстың тұсына жапсырылады


  • Ал, енді балалар, кезекті әдісіміз «Өлең сөздің патшасы», бұл бөлімде

«Отан», «Туған жер» туралы тақпақтар айту

  1. Өлеңді жатқа оқуы

  2. Мәнері

Дыбыстардың дұрыс айтылуы Туған жер алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Мәңгі де, бақи есімде- сергей




Туған жердің болашағы біз жастармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз,

Қасиетті, киелі туған жерім

Келешекте үмітіңді біз ақтармыз артем



Туған жер мен өзіңмен өзектестім

Қиналғанда дем беріп көмектестің

Табанымда туған жер табы қалып

Топырағыңнан нәр алып өзіңде өстім егор



Туған жер,

Сағындым ғой, қайран далам,

Ұлың ба сен туралы ойланбаған.

Көзіме оттай ыстық басылады,

Қыратың ат ойнатып, сайрандаған Юлия


Бұл жарыққа аяқ басып тұрған жер,

Кіндік кесіп,кірім сенде  жуған жер.

Жастық-алтын,қайтіп келмес күнімде

Ойын-ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. Виктория

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!



Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.



Отаным менің - Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.



Сергіту сәті: «Мен қазақпын» әніне би


«Ән шырқайық» бөлімі (осы өлеңдерді аудио арқылы тыңдап, қандай ән туралы айтқанымды табады)

Сүйем сені туған ел - атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Іздеймін деп «Жерұйық», желдей желген
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен.
Қорқыт та емен елсізде, көр басында
Қобызымен сырласып күңіренген.
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін - осы сертім.
«Атамекен», Қадыр Мырзаәлі



Тұрғанда ту тілдесіп биіктермен,
Көзін алмай қарайды сүйікті елден.
Алыстың да хабарын алады ол,
Жүйрік желден барлығын жиып келген.
Желден хабар алады ол, күннен жарық,
Қуанғанда қалады бір шайқалып,
Отқа күйіп, суыққа тоңбайды ту,
Тозбайды ту азбаса туған халық. «Көк тудың желбірегені», Ибраһим Ескендір

Өлең бойынша әннің атауын табу. 2 топқа 2 ән беріледі «Атамекен», «Көк тудың желбірегені» әннің тарихы туралы қысқаша мағлұмат беріледі

  1. Берілген ақпаратты қысқаша баяндауы

  2. Нақышына келтіріп орындаулары

  3. Авторы кім?

  4. Не туралы айтылған?

  5. Қай жылы шыққан?

Бағалау жұлдыз арқылы екі топ бірін бірі бағалайды

Бар қазақ баласының аузында жүрген «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады. Ән бірден халық сүйіспеншілігіне бөленді.

Әннің авторы Алмас Ахметбекұлы. «Қорғас» бекетінен өткенде Көк Тудың желбірегенін көрдім. Көзіме жас толды, кеңсірігім ашыды, көкірегімде өлең жолдары үйіріле берді. Міне, осылайша «Көк тудың желбірегіні» әнінің сөзі өмірге келді. Шүкір. Патриоттық рухыңды көтеріп, қазаққа қызмет етіп жатқандығына қуанамын. Әлбетте, бұл ән де Тәуелсіздікке    деген сағыныштан жұдырықтай жүректі жарып шыққан туынды. Сөзі халыққа жетті, өңдеуі ұлттық бояумен нақышталды.


«Стоп кадр» әдісі арқылы

1 топқа «Толағай» ертегісі берілсе

2 топқа «Жерұйық» фильмінен үзінді суреттер беріледі (суреттер бойынша қысқаша айтып беру)

  1. Ойларын қысқаша баяндауы

  2. Атауын табуы

  3. Не туралы түсірілген?


Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..


Мақал-мәтелмен жұмыс. «Кім жылдам?» әдісі

 

  • Туған жер туралы мақалдарды толықтырайық

 

Ер туған жеріне, ит тойған жеріне.

Ер елінде, гүл жерінде.

Жат елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

 

Отан оттан да ыстық.

Отан от басынан басталады.

Туған жердің намысы, бөтен қолда кетпесін.

Сағынған елін аңсайды, сарала қаз көлін аңсайды.

 

 

Қимыл-қозғалысқа мақал ойлау.

Мысалы: Барлығы бірігіп тұрады- «Бірлік болмай, тірлік болмас».

Бір оқушы кетіп қалса- «Бөлінгенді бөрі жейді».

-Болашақта Қазақстан еліміздің қандай болғаның қалайсыңдар?

Оқушылар пирамида жасайды, ең жоғарыдағы оқушы көк туды желбіретеді.

-Болашақта еліміз   биіктен көрінсін, көк туымыз желбірей берсін -деп, қалаймыз!

-Отан деген не? Алақан тренинг.


Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз-тіліміз.

Қасиетті ана тіл, аз ба сенің

Өзің барда ескірмес, тозбас елім

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

 

Жетер енді, әркімге бір ермейік,

Қазақ болып құлашты бір сермейік,

Қанға сіңген қазақ тілін халқым- ау,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

 

Қорытынды.

Әр баланың өз арманы, тілегі болады.

Оқушылардың арман тілегін «» әнімен жолдаймыз.









































Шығыс Қазақстан облысы Білім бөлімінің

«Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ

















Сыныптан тыс ашық сағат:

«Менің асыл туған өлкем, сені мәңгі жырлап өтем!»



Өткізген:

Қазақ тілі мен

әдебиеті мұғалімі:

Адылханова АА













Өскемен қаласы, 2021ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Алгебра

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Менің асыл туған өлкем, сені мәңгі жырлап өтем"

Автор: Адылханова Аяулым Аскаровна

Дата: 25.04.2022

Номер свидетельства: 605667

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Мені? елім-мені? болаша?ым" "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-ielim-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "191296"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427290639"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Мені? ?аза?станым - мені? болаша?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "mienin-k-azak-stanym-mienin-bolashag-ym-4"
    ["file_id"] => string(6) "249845"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984388"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Елімнің жүрегі Астана"
    ["seo_title"] => string(25) "ielimnin_zhurieghi_astana"
    ["file_id"] => string(6) "393696"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487561690"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства