Просмотр содержимого документа
«Открытый урок "?ай тіл к?п тара?ан?" »
Қазақ тілі, 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қай тіл көп тараған?
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорын байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, туған жерін, Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім мен дағдыны жүйелеу сабағы.
Сабақтың типі: қорытындылау және қайталау сабағы.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: интерактивті әдіс, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену, тіл дамыту, әңгімелеу.
Теориялық тренинг: Биыл сендер нешінші сыныпта оқисыңдар? Мектепте қазақ тілінен басқа қандай тілдерді оқытады? Қазақ тілі аптасына неше рет болады? Қазақ тілі сабағы қалай өтеді? Сабақта қалай жұмыс жасайсыңдар? Қазақ тілі сабағына қалай дайындаласың?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (10 мин) әркімді жеке тексеру.
Үйге 226-беттегі 2-тапсырма. Тұйық етістіктерді септеңдер. Қадірлеу, сөйлеу, білу.
3-тапсырма бойынша берілген сөйлемдерді толықтырып жазып келу.
Халық бар жерде ... де бар. (тіл)
Тілімізді ... ұстайық. ( таза)
Ұлттың өшуі ... өшуінен басталады. ( тілдің)
Тілсіз ешбір ұлт - ... болып қалмақ емес. ( ұлт)
Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - ... болу. (тілі) ( смайликтермен бағалаймын).
Топқа бөлу: «Тіл», «Ұлт», «Отан».
ІІІ.Жаңа сабақ (20 мин).Сабақтың тақырыбын Ребус шешу арқылы анықтау.
Қызығушылықты ояту.
Қ+ Т+, , +П , ,, + Н ?
Сабақтың тақырыбы: «Қай тіл көп тараған?».
ІV.Сөздікпен жұмыс
Дүние жүзінде - в мире
Қайсысы - какое
Пікір - мнение
Сөйлеушілер- говорящие
Ең көп тараған - больше всего распространенный
жасөспірім - подросток
меңгеруі - освоить
міндет – обязан
Сөздерді дауыстап қайталау
Сөздерден сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру
V.Ой қозғау. Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Қазіргі
кезде көп тіл білу -өмір талабы. Көп тілді білетін адамды полиглот дейді.
VІ . Топпен жұмыс. «Полиглот» мәтіні бойынша жұмыс (қиықшалар таратылады).
1) Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды. Мәтін бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.
«Полиглот»
Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды. Жер шарында полиглоттар өте көп. Мысалы атақты ойшыл, ғұлама Әл -Фараби жетпіс тіл білген. Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеуші, географ Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.
Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері. Сондықтан әр жасөспірім бір шет тілін меңгеруі міндет.
VІІ.Қосымша мәлімет: қосымша мәліметте дүние жүзіндегі тілдерге байланысты мағлұмат берілген, оқыңдар.
2) Балалар, біз де қазақ тілінен басқа орыс, ағылшын, неміс тілдерін мектепте оқимыз. Сондықтан, сендерге мынадай тапсырма: Топтарыңның атауларына байланысты және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, СӨЗДЕР ойластырыңдар, сол сөздеріңді орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.
VІІІ.Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма 226-бет. «Қай тіл көп тараған?»
Сұрақтарға жауап беру:
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсысы?
Қытай тілінің сөйлеушілерінің саны шамамен қанша?
Ағылшын тілінің сөйлеушілерінің саны қанша?
ІХ. Жұппен жұмыс: Әр топтан жұп шығып, мәтін бойынша диалог құру.
Х. Сергіту сәті. (2 мин) Жұмбақты дұрыс оқып, шешуін табу.
1) Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы,
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан? (Ә…е)
2) Қабат- қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Бұл не? (К…п)
ХІ. Дәптермен жұмыс: «Қай тіл көп тараған?» мәтінінен күрделі сан есімдерді сөзбен жазу.
Әр топтан тақтаға бір оқушы шығып жазады, қалғандары дәптерлеріне жазады.
844 – сегіз жүз қырық төрт миллион
437 – төрт жүз отыз жеті миллион
338 – үш жүз отыз жеті миллион
331 – үш жүз отыз бір миллион
Сан есімдер дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Неше түрі бар? Кәне, ауызша «бес» санын түрлендіріп көрейікші.
Есептік - бес
Реттік - бесінші
Жинақтық – бесеу
Топтау – бестен, бес-бестен
Болжалдық – бес шақты, беске жуық
Бөлшектік – бес жарым, бестен бір 1/5
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолданып, сөйлемдер құраңдар. Сөйлемнің ішінен үш сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.
Сөйлеушілер – кімдер? Зат есім, дара, туынды, жалпы, деректі, жанды, көпше, атау септік, сөйлемде бастауыш болып тұр.
Тіл – не? Зат есім, дара, негізгі, жалпы, дерексіз, жансыз, жекеше, атау септік, сөйлемде бастауыш та, анықтауыш та бола алады.
Қиын – қандай? Сын есім, дара, негізгі, сапалық, жай шырай, сөйлемде анықтауыш
болып тұр.
Сөйлемдерді толықтыр. Сан есімдерді жазбаша түрінде жаз: