Сабақ кезеңдері: І. Кіріспе Уақыты: 5 минут ІІ. Тұсаукесер Уақыты: 5 минут Негізгі бөлім Уақыты: 25 минут Қорытынды Уақыты: 7 минут Бағалау Уақыты: 2 минут Үйге тапсырма Уақыты: 1 минут | Ұйымдастыру Тренинг. Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып, әрқайсысы оң қолдарын ортаға созады. Өзіне қарама-қарсы тұрған оқушының қолын қысып, оның кім екенін біледі. Жанындағы екі адамның қолынан ұстауға болмайды. Қайтадан кезекпен кімнің қолын ұстады, соған бір жылы сөз айтады. 1,2,3 сандарын кезекпен айтқызып, үш топқа бөлемін. Топтастыру. Берілген сөз: Морфология (оқушылар тоғыз сөз табын, сөзжасамды, түбір мен қосымшаны жазады.) Әр топқа өз топтастыруын қорғатамын, басқа топтардағы толықтыруларды енгіздіремін. Жетекші сұрақтар беремін. /диалогтік оқыту/ Тіл білімінің негізгі салаларын ата? Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін атай аламыз ба? Түбір мен қосышаны қалай ажыратамыз? Қосымшаның түрлері қандай? / формативті бағалау: аплодисмент арқылы/ Келесі тапсырма /топтық жұмыс/ 1-топ. Төмендегі өлең шумақтарынан негізгі сөз таптарын тап. Ақ көгершін,көгершін, Қолғанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт ел үшін Кең дүниенің көлемін. Әділеттің құсы деп, Көз алмастан жолыңнан. Бақыт болып қоншы деп, Ұшырамын қолымнан. 2-топ. Мына өлең шумақтарындағы әр сөзді түбір мен қосымшаға ажырат. Мен қазақпын мың өліп мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 3-топ. Суретпен жұмыс. (шылау, одағай, еліктеу сөздерді қатыстырып мәтін құр) Дарынды балалармен жұмыс "Менің класым" тақырыбына эссе жазу Қабілеті төмен оқушымен жұмыс Досмурзин А. - негізгі сөз таптарына 3 cөзден жазу Интерактивті тақтадан тест тапсырмалары "Біліміңді байқап көр" 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? А) 6 Б)9 Ә) 7 В) 8 2. Оқушы,бала,ана сөздері қай сөз табына жатады? А) Сан есім Б) Есімдік Ә) Үстеу В) Зат есім 3. Жалғаудың неше түрі бар? А) 4 Б) 5 Ә) 3 В) 2 4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле. А) –хана,-паз,-кер Ә) –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті Б) –шы,-ші,-лық,-ім,-ыс В) –дай,-дей,-тай,-тей 5. Күрделі зат есімдерді тап. А) білім,күрек,күйші Ә) аяқ,ауыл,бала,дала Б) ана,қала,мектеп В) ашудас,аяқ-табақ,ауыл-аймақ 6. Тәуелдік жалғауының оңаша,ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет А) –ым,-ім,-м,-мыз,міз Ә) –ңыз,-ңіз,-ыңыз,іңіз Б) –сы,-сі,-ы,-і В) –ң, -ың,-ің. 1. өзін-өзі бағалау 2.Топты бағалау «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» қағидаты Морфология тарауы, жаттығу жұмыстарын орындау |