Сапалы білім-елді? келешегін на?ты ай?ындайтын к?рсеткіші. Б?гінгі ?стаз алдында білім алып отыр?ан ш?кірттер ерте?гі ел тізгінін ?стар азаматтар. Жо?ары сапалы біліммен ?амтамасыз ету - бізді? басты міндеттерімізді? бірі.
?азіргі та?да м??алім о?ушылар?а жа?а технологиялар ар?ылы білім беріп,о?ушылар?а ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпазды?ын ?алыптастырады, ?з бетінше шешім ?абылдау?а да?дыландырады. " Кембридж ба?дарламасы " да жо?арыда айтыл?ан принципті ?стайды. ?йткені м?нда?ы о?ушы ?зі ізденіп, ?зі ?йретеді, ал м??алім н?с?ау ба?ыт береді.
"" Ма??ыстау ?дебиеті " факультативтік курсы п?нін ?ткізуде аталмыш ба?дарламада?ы т?рлі ?діс-т?сілдерді пайдаланып, о?ушылар?а саба? беріп ж?рмін. Жалпы б?л п?нді о?у ар?ылы о?ушылар ата-бабаларыны? туып ?скен жеріндегі, Ма??ыстау т?бегіндегі, ?мір с?рген халы?ты? ?шан - те?із бай ?дебиетіні? ?р т?рлі жанрда?ы асыл с?з ?лгілері мен танысады, т?бектегі с?з ?нерлеріні? даму тарихын, оларды? ?кілдеріні? ?мірі мен шы?армаларын о?ып ?йренеді. Осы жерді мекен еткен халы?ты? ?о?амды? ?леуметтік, м?дени ?мірі мен азатты??а ?мтыл?ан арманымен байланысты дамы?анына к?з жеткізеді.
8 - сыныпты? курста Иса Тіленбай?лына арнал?ан та?ырыпта саба? беруде осы т?сілді пайдаландым.О?ушыларды топ?а б?ліп,?деттегідей ?р топ ?з критерийлерін белгілеттім.О?ушылар?а " Иса кім ? " деген с?ра? тастап, ?нерпаз т?л?а туралы білетіндерін потер ар?ылы ?ор?аттым. Туындыларыны? аудио н?с?асын ты?датып, та?ырыптарын аны?тады?,о?ушылар я?ни ?р топ ?ле? ??рылымына, тілдік к?ркемдік ерекшелігіне талдау жасаттым. " Диалогті о?ыту " т?сілі ма?ан е? ?олайлы т?сіл болды. Б?л о?ушыларды? ойын ашы?, еркін айту?а,белсенділігін арттыру?а, бір-біріні? пікірін ты?дай білуге ?те ?олайлы т?сіл. ?р топ?а тапсырмалар бердім Мысалы: 1 топ?а Иса мен Махамбет батырларды Венн диаграмасына топтастырса, 2 топ Иса?а топтастыру ар?ылы мінездеме берді ж?не олар оны ?з де?гейлерінде ?ор?ап шы?ты. Саба?ты ?орытындылау кезе?інде топ м?шелері " Екі ж?лдыз, бір ?сыныспен " ба?аланды.?йге " ?рпа? ?ні " та?ырыбында эссе жазу?а тапсырма бердім. ?аша?ан К?ржіман?лына арнал?ан саба?та о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын, тал?ампазды?ы мен білімділігін арттыру ма?сатында да « Кембридж » о?ыту т?сілін пайдаландым. Алдымен топтастыру стратегиясы бойынша « ?аша?ан кім ? » деген та?ырыпта о?ушылар арасында сауалнама ж?ргізіп, а?ын ?мірі, шы?армашылы?ы,?мір жолынана естелік ??гімелерге слайд ар?ылы м?ліметтер енгізіліп, о?ушылар назарына ?сынылды. О?улы?та берілген суырыпсалма д?лд?л а?ынны? « Ес?али с?пы?а айт?аны » ??гімесіні? мазм?нымен танысып, оны? т?рбиелік м?ніне то?талды? ж?не о?ушыларды 5 топ?а б?лу ар?ылы тапсырмалар берілді.
1-топ?а: Сілтеме табушылар ( м?нда о?ушылар м?тіндегі негізгі ойды аны?тап т?р?ан, о?и?аны? ?ызы?ты жерін тауып о?иды )
Просмотр содержимого документа
«" Ма??ыстау ?дебиеті " факультатив курсын кембридж ба?дарламасы бойынша о?ыту т?жірибесі »
" Маңғыстау әдебиеті " факультатив курсын кембридж бағдарламасы бойынша оқыту тәжірибесі
Сапалы білім-елдің келешегін нақты айқындайтын көрсеткіші. Бүгінгі ұстаз алдында білім алып отырған шәкірттер ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. Жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету - біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыларға жаңа технологиялар арқылы білім беріп,оқушыларға ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырады, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады. " Кембридж бағдарламасы " да жоғарыда айтылған принципті ұстайды. Өйткені мұндағы оқушы өзі ізденіп, өзі үйретеді, ал мұғалім нұсқау бағыт береді.
"" Маңғыстау әдебиеті " факультативтік курсы пәнін өткізуде аталмыш бағдарламадағы түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларға сабақ беріп жүрмін. Жалпы бұл пәнді оқу арқылы оқушылар ата-бабаларының туып өскен жеріндегі, Маңғыстау түбегіндегі, өмір сүрген халықтың ұшан - теңіз бай әдебиетінің әр түрлі жанрдағы асыл сөз үлгілері мен танысады, түбектегі сөз өнерлерінің даму тарихын, олардың өкілдерінің өмірі мен шығармаларын оқып үйренеді. Осы жерді мекен еткен халықтың қоғамдық әлеуметтік, мәдени өмірі мен азаттыққа ұмтылған арманымен байланысты дамығанына көз жеткізеді.
8 - сыныптық курста Иса Тіленбайұлына арналған тақырыпта сабақ беруде осы тәсілді пайдаландым.Оқушыларды топқа бөліп,әдеттегідей әр топ өз критерийлерін белгілеттім.Оқушыларға " Иса кім ? " деген сұрақ тастап, өнерпаз тұлға туралы білетіндерін потер арқылы қорғаттым. Туындыларының аудио нұсқасын тыңдатып, тақырыптарын анықтадық,оқушылар яғни әр топ өлең құрылымына , тілдік көркемдік ерекшелігіне талдау жасаттым. " Диалогті оқыту " тәсілі маған ең қолайлы тәсіл болды. Бұл оқушылардың ойын ашық, еркін айтуға,белсенділігін арттыруға , бір-бірінің пікірін тыңдай білуге өте қолайлы тәсіл. Әр топқа тапсырмалар бердім Мысалы: 1 топқа Иса мен Махамбет батырларды Венн диаграмасына топтастырса, 2 топ Исаға топтастыру арқылы мінездеме берді және олар оны өз деңгейлерінде қорғап шықты. Сабақты қорытындылау кезеңінде топ мүшелері " Екі жұлдыз, бір ұсыныспен " бағаланды.Үйге " Ұрпақ үні " тақырыбында эссе жазуға тапсырма бердім. Қашаған Күржіманұлына арналған сабақта оқушылардың қызығушылығын , талғампаздығы мен білімділігін арттыру мақсатында да « Кембридж » оқыту тәсілін пайдаландым. Алдымен топтастыру стратегиясы бойынша « Қашаған кім ? » деген тақырыпта оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, ақын өмірі, шығармашылығы,өмір жолынана естелік әңгімелерге слайд арқылы мәліметтер енгізіліп, оқушылар назарына ұсынылды. Оқулықта берілген суырыпсалма дүлдүл ақынның « Есқали сұпыға айтқаны » әңгімесінің мазмұнымен танысып, оның тәрбиелік мәніне тоқталдық және оқушыларды 5 топқа бөлу арқылы тапсырмалар берілді.
1-топқа: Сілтеме табушылар ( мұнда оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның қызықты жерін тауып оқиды )
2 – топқа: Ізденушілер ( мәтінге қатысты қосымша ақпараттарды оқушыларға ұсынады )
3 топқа: Дәнекер топ: ( оқиғаның қазіргі өмірмен байланыстырады )
4 – топқа: Сөз тапқыштар тобы: ( мәтінге сай мақал-мәтел, нақыл сөздерді табады )
5 – топқа: Бейнелеуші топ: ( Оқиға сюжеті бойынша сурет салады ) Осылайша оқушылар өз тапсырмаларын постерде орындап қорғайды.
Ақын Светқали Нұржановтың шығармашылығынан « Желтоқсандағы жырлар » жыр-шоғырынан үзінді өткен кезде де « Кембридж » бағдарламасы бойынша тиімді тәсілдерді қолдандым деп есептеймін. Ақын өлеңінің тақырыбына, құрлымына көркемдік ерекшілігіен талдау жасай отырып, « Сыр сандық » страдегиясы бойынша оөушылармен жұмыс жүргіздім. Мұнда оқушылар бүгінгі мәтіннен есте қалған 10 зат атауын жазады, ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толық мәлімет жазады.Сабақты қорытындылау барысында оқушылар « Бүгінгі сабақтан алған әсерім » тақырыбында рефлексия жазады.Әр топ өз-өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.
Бүгінгі заманда оқушыларға сапалы білім беруді ұйымдастыра білетін жаңашыл ұстаз болу- менің басты мақсатым. Сол себепті педагогдік біліктілігімді Кембридж бағдарламасын меңгеру арқылы арттырдым. Аталмыш бағдарламамен оқытуда оқушылардың өз бетімен ізденіп, білі алып,өзін-өзі реттеп, диалогтік қарым-қатынас арқылы білімін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеп, елімізге өз үлесін қосатын ұлт перзентін қалыптастыратынын байқадым. Ұстаздар қауымына « Кембридж » бағдарламасымен оқытуға кеңес беремін.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы " Үстірт орта мектебі " ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі :