Просмотр содержимого документа
«"Жас?спірімдер арасында?ы ???ы? б?зушылы?ты? алдын-алу" »
І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар және олардың алдын-алу бағытындағы атқарылып отырған жұмыстар туралы мәлімет
2012-2013 оқу жылында мектеішілік есепте 3оқушы алынды.Олар толық емес отбасына жатады. ІІБ-де 1 оқушы есепте тұр. Оқушылар мен ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың адам өміріне қауіп төндіретін қылмыстардың алдын алу,мемлекет заңдарымен қоғамда өмір сүру ережелерімен,қоғамдық,тәртіпті қалыптастыру, бала тәрбиесіндегі ата-ана,мектеп,қоғамның бірлескен назарын аудару,ата-аналардың бала тәрбиесіне деген белсенділігін арттыру мақсатында мектепішілік «Бала құқығын қорғау баршамыздың міндетіміз» тақырыбында құқық апталығы өткізіліп жоспары бекітіліп Шалқар ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Е.Шотановқа сұраныс берілді.Сұраныс бойынша ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мектепішілік барлық іс- шараларға қатысты.Ата-ана қамқорлығынсыз және қараусыз,панасыз балаларға жылулық сыйлап,олардың өмірге деген қызығушылығын арттыру,қадағалаусыз,қараусыз қалған балалардың санын азайту мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарымен профилактикалық шаралар және ішкі істер бөлімдерімен біріге отырып,мектеп мұғалімдерінен және ата-аналардан құрылған мектеп мөлтек ауданына қарасты кешкі рейдттер ұйымдастырылып рейд жұмысы қорытындыланды.Мектеп,ұстаз отбасы әрекеті арқылы оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізінде жасөспірімдердің ортамен қарым-қатынас құру қабілетін,өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын дамыту мақсатында « Мектеп,ата-ана және бала»тақырыбында кездесу кеші өткізіліп оған-ата-аналар қатысып ой бөлісті.
Оқушыларымызды жат қылықтардан сақтай отырып,халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен мұрасы имандылық,ғибыраттық,әдет-ғұрып,салт-дәстүрді бойларына сіңіре отырып елжандылыққа,ізгілік пен мейірімділікке баулу мақсатында 11 сынып оқушылар арасында «Исламдағы бес парыз бен Абайдың бес асыл сөзі»тақырыбында мектеп инспекторы Ж.Айжарықов дөңгелек үстел басында сұхбат өткізіп ой бөлісті. Қазан айының 15-21 аралығында оқушылар мен ата-аналар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Мен, қоршаған орта және құқық»тақырыбында құқық апталық өтті.Апталықа ұстаздар,ата-аналар оқушылар бірлесе қатысты.5-6 сыныптар арасында
«Рәміздерді дәріптеу» атты ашық тәрбие сағаттары өтілді.Бұл ашық тәрбие сағаттың мақсаты оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатынды
7-8 сынып оқушылары арасында «Ата-заңым ардақтым» атты ішкі істер қызметкерлерімен ата-ана бірлескен кеш өтті.Кештің мақсаты Ата заңымызды білуге,ұлт жандылыққа,отаншылдыққа, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағдар беріп тәрбиелеу.Сонымен қатар 9 сынып оқушылары «Өз құқығыңды білесің бе?» атты дөңгелек үстел жүргізді.Бұл шараға мектеп инспекторы,ата-аналар,оқушылар,құқық пәнінің мұғалімдері қатысып ой бөлісті.10-11 сынып оқушылары ішкі істер қызметкерінің ,құқық пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен «Шалқар жастарының құқық туралы түсінігі өз дәрежесіндеме?»атты дебат өткізді.Дебаттың мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен түрлерімен және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері,қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға,құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жетілдіру,көрсету болатынды.Ата-аналар комитетінің отырысы «Бала құқығын қорғау баршамыздың міндетіміз» тақырыбында ата-аналарға кездесу кеші өткізіліп оларға арналған дәрістер оқылып психологиялық тренингтер өткізілді.Оқушылардың салауатты өмір сүре білуге,адамзат өміріне қауіп төндіретін қатерлі дерттерден сақ болуға,одан қорғана білу мақсатында,Салауаттылық денсаулық негізі», «Арақ,шылым,темекі –қасірет көзі» тақырыбында аудандық нарколог Г.Рысщанова және С.Нұралинамен кездесу кеші ата-аналарды қатыстыра отырып өткізілді.Барлық өткізілген іс-шараларда сынып жетекшілер интерактивті тақтаны кеңінен пайдаланып отырды. Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 03.02.2012 жылғы №66-64/181 қатынасына сәйкес ақпан айының 17-ші жұлдызында «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы –балалардың құқықтарын қорғаудың кепілі» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар өткізілді.Семинардың мақсаты : ата-аналардың құқықтық мәдени деңгейін көтеру және олардың құқықтарын қорғау және білім саласы мәселесінен хабардар болуына әсер ету. Құқық пәнінің мұғалімі А.Лепесбаева жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарына «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел және дебат пікірталасын өткізіп қазіргі өзекжарды мәселелермен ой бөлісті. Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова ата-аналарға «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы - балалардың құқықтарын
қорғаудың кепілі» тақырыбында кең көлемде баяндамасы тыңдалып,ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды
Ата-аналарға өз балаларының құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсініктер беріліп,құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы екені түсіндіріліп «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау мақсатында ата-аналарға арналған тренинг өткізілді. Ата-аналарды мектеп жарғысымен , «Бала құқықтары туралы»Конвенциясымен,бала міндеттерімен таныстырды.
Бұл семинарда Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.С.Қошаева жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына «Гендер әйелдер мен ерлер,отбасы,мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы» тақырыбында баяндамасын оқып ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналарға гендер жеке адамның белгілі бір шектердегі мінез-құлқын белгілейтін және шектейтін әлеуметтік ұстанымдардың жиынтығы. ҚР Неке және отбасы туралы Кодексінің 22-бабына сәйкес Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелерге толық тоқталып өтті.
Ақтөбе облысының білім басқармасының 14.10.2012 жылы №2-3520 қатынасына сәйкес мектепішілік «Отбасы негізгі қамқоршы»атты акция өткізілді.Акцияның мақсаты кәмелетке толмағандардың тәртібіне мүдделерін қорғау сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктерін арттыру.Жоғары сынып оқушылары арасында құқықтық білімдерін тереңдету,заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге,саяси сауаттылыққа және оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету мақсатында «Бала бол,басқа бол,заң бәріңе ортақ»тақырыбында және 11 а сынып оқушылары арасында өткізілген «Қыз- қызғалдағым,ұлым ізгі арманым»тақырыбында ғы кездесу кешіне мектеп инспекторы
Ж.Айжарықов қатысты.Ал осы қоғам сіз бен бізден ,ата-аналар,ұстаздардан,тәрбиешілерден құралатынын және қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Деген сауалға екі топқа бөлініп кең көлемде өз ойларын толық айта білді. Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Оған аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы Ә.Дәменова,участкілік инспектор А Жұмбаназаров,мектеп инспекторы Ж.Айжарықов қатысуымен өтті. Мектеп психологтары А.Маханбетова,Г.Утепбергенова ,М.Жадрасиновалар тарапынан осы бағыттарда педагогтардың эмоционалды және көңіл күйлерін көтеруге,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында «Сенімен біргеміз» акция аясында мұғалім,ата-ана,оқушы арасында «Әрқашан сенімен біргемін»атты тренинг өткізілді.Бұл тренинг сенің әрқашанда жанында жүретін, жаныңызға шуақ сыйлаушы адамдардың бар екенін ұғындырып,адамгершілік,имандылыққа,әдептілікке шақыруда және мұғаліммен оқушы арасындағы сыйластықты кеңейту мақсатында өткізілген болатынды. Оқушылардың сауық орындарына,ойын-салондарында бей-берекет жүрмеуін қадағалау және сабаққа себепсіз келмей жүрген оқушылардың үйлеріне барып ата-аналармен сөйлесіп рейдтер ұйымдастырылды,рейдке ата-аналар комитетінің мүшелері,мектеп әкімшілігі және мұғалімдер тартылып рейд қорытындыланып отырды.Өткізілген іс-шаралар БАҚ құралдарына,яғни аудандық газеттерге берілді.Өткізілген іс-шаралар БАҚ-қа беріліп жариялануда.