kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас мамандар отырыстарының хаттамалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас мамандармен жұмыс барлық мектептерде жүргізіледі.Әріптестерге пайдас тиер деген мақсатта отырыс хаттамаларынжіберіп отырмын.Пікір жазсаңыздар болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас мамандар отырыстарының хаттамалары»

Хаттама №1

«Жас мамандар» мектебінің отырысы

05.09.2015

Қатысуға тиісті: 10

Қатысқаны:10

Күн тәртібінде:

  1. 2014-2015 оқу жылында «Жас мамандар» мектебінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысын талдау.

  2. 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру.

  3. Жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін Ереже және жекеленген Ережелермен таныстыру туралы.

  4. Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту.таныстыру жайында.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектептегі “Жас мамандар” орталығының жетекшісі Р.Әлиева өткен 2014-2015 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы айта келіп, 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.Жас ұстаздың кәсіптік қызмет картасы төмендегішеболатынын түсіндірді.
·        Біліктілігін көтеруі (курстар, семинарлар,т.б.)
·        Кәсіптік табыстары рейтингісінің жылдар бойынша өсуі.
·        Әдістемелік жұмыстары
·        Кәсіптік жаңашылдық қызметі
·        Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар құра білуі, өз қызметі бойынша есептер, мақалалар жаза алуы, төзімділігі, адами-рухани, психологиялық сапалары, қарым-қатынас шеберлігі
·        Пән б ойынша сыныптан тыс жұмыстары
·        Қоғамдық педагогикалық қызметі
Осындай кесте әрбір жас маманның нақты әрі нәтижелі жұмыс істеуіне жетекші бола алады..Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы ашық сабақтар,пихологиялық тренингтер,іскерлік ойындар,семинарлар жүргізілетіні және оқу жылының соңында “үздік жас маман ” байқауы қорытындыланатыны айтылды. Мектеп директорының бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдер таныстырылды.одан әрі жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру жүргізілді. Жас мамандарға еңбек тәртібі , өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық жұмысқа белсене араласу, педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәелелері ескертілді.Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер өздеріне бөлінген жас мамандармен жүргізетін жұмыс жоспарларын таныстырып өтті.

Жиналыс қаулы етеді:

1.2014-2015 оқу жылындағы “Жас мамандар” мектебінің жүргізген жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын;


2.2015-2016 оқу жылындағы жоспарланған жұмыстар уақытында орындалсын;


3. Жас мамандарға еңбек тәртібін қатаң сақтай отырып, негізгі ережелерде көрсетілген міндеттерді орындау тапсырылсын;


4. Тәлімгерлер мен жас мамандардың бірлесіп жұмыс істеуі қолға алынып, әр жартыжылдық сайын есебі тыңдалсын.


Отырыс төрайымы: Р.Әлиева


Хатшысы: А.Шахмарданова


Хаттама №2

12.11.2015

Қатысуға тиісті: 10

Қатысқаны:10

Күн тәртібінде:

1.Әдістемелік көмек.Тақырыбы:«Нормативтік құжаттар»

2. Дөңгелек стол.Тақырыбы.«Мұғалімнің жаңашылдық қызметі жайлы түсінік»

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша “Жас мамандар” мектебінің жетекшісі Р.Әлиева. “Нормативті құжаттар ” тақырыбында презентация көрсетті. Онда мұғалімнің сынып журналын толтыруы,күнтізбелік жоспары, күнделікті сабақ жоспарының құрылымы және жаңа технология мен сабақ өткізу шеберліктері жайлы айта келіп, мұғалім портфолиосына тоқталды.Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша «Мұғалімнің жаңашылдық қызметі жайлы түсінік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың ерекшеліктері жайлы мәселелер қозғалып, тәлімгерлер мен жас мамандар арасында ой бөлісу жүзеге асты. Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері : – әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; –  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; –  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; –  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту болса, осы жолда қазіргі заманғы мұғалім мәртебесіне лайық болу әрқайсысымыздың міндетіміз. Осы тақырыптағы ойларды тәлімгер мұғалімдер Г.Есқали , Г.Шамшатова , Ә.Пішкеевалар қорытындылап, жас мамандарға ақыл-кеңестерін берді.

Отырыс қаулы етеді:

1. Жас мамандардың портфолиоларының жүргізілуі қолға алынып, жұмыс нәтижелері жинақталуы міндеттелінсін.

2. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақты түрлендіре өткізу,оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіру жолға қойылсын.

Отырыс төрайымы: Р.Әлиева

Хатшысы: Ә.Шакмарданова





Хаттама №3

12.01 .2016

Қатысуға тиісті: 10

Қатысқаны:10

Күн тәртібінде:

  1. ІІ оқу тоқсанында өтетін ашық сабақтарға әдістемелік к өмек көрсету. 

  2. Іскерлік ойын: “Сабақты өзіндік талдау үлгісі”


Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша жоспарланған ашық сабақтар өткізетін жас мамандар А.Шақмарданова , Н.Жұмағүлов,Н.Қазиев , Ж.Құлданова, К.Көшекбаевтарға тәлімгер мұғалімдер Г.Сатымова, Г.Шамшатова, Г.Есқали, Ә.Пішкеевалар сабақ өту барысындағы сақталуға тиісті ұйымдастыру жұмыстарынан бастап, сабақты қорытындылау кезеңіне дейінгі барлық әрекеттерді дұрыс жоспарлау арқылы көздеген мақсатқа қол жеткізуге болатынын түсіндірді. Ашық сабақ барысында өтілген сабақ пен жаңа сабақ арасында байланыс көпірі сақталып, оқушыларды жаңа білімді игеру кезеңіндешығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларына төселдіру және ол үшін мұғалімнің өз бетінше ізденісі мықты болуы керек екендігі баса айтылды.

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша: “Сабақты өзіндік талдау үлгісі”тақырыбында жас ұстаздар мен тәлімгерлері арасында іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптары бойынша пікір алмасты.
• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті; 
• дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу; 
• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу; 
• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі; 
• сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу; 
• сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау; 
• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау; 
• сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру; 
• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау; 
• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу; 
• жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);
• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;

Постерлік қорғау жұмысы арқылы сабақты өзіндік талдау үлгісі қорытындыланды.

Отырыс қаулы етеді:

  1. Жас мамандардың жоспарланған ашық абақтарына әдістемелік көмек көрету тәлімгер ұстаздарға тапсырылсын;









Отырыс төрайымы : Р.Әлиева

Хатшысы: Ә.Шакмарданова



Хаттама №4

14.05 .2016

Қатысуға тиісті: 10

Қатысқаны:10

Күн тәртібінде:

1..Оқу жылындағы тәлімгер мен жас маман жұмысының қорытындысын талдау.

2.Тренинг. Тақырыбы:«Мамандығым- мақтанышым» 

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша “Жас маман”мектебінің жетекшісі Р.Әлиева 2015-2016 оқу жылындағы тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмыстары жайлы қорытынды хабарлама жсады.Оқу жылының басында мектеп директорының № бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдердің жылдық жұмысына талдау жасайтын болсақ, 5 жас маманның әрқайсысына бөлінген тәлімгер мұғалімдердің жұмыс жоспарлары жасалып бекітілген.Оқу жылының әр жартыжылдығында тәлімгерлер жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізілген жұмыстарының есебін нақтылап отырды.Жас мамандардың барлығы дерлік ашық сабақтар, пәндік апталықтар жұмысына қатыса отырып, өздерінің біліктіліктерін және өз қызметіне деген жауапкершілігі мен қызығушылығын таныта білді.Атап айтқанда ,биылғы оқу жылында еңбек жолын бастаған шет тілі пәнінінң мұғалімі А.Шақмарданова өз пәнін терең білумен қатар, өзіне бекітілген сынып жетекшілігі және қосымша факультатив сабақтар жұмысын да аса тиянақтылықпен атқара отырып,ізденісі мол ұстаз екенін көрсете білді. Сол сияқты математика пәнінің мұғалімі Н.Жұмағұлов теориялық білімі жоғары екендігін,өзінің бос уақытын тиімді пайдалана алатын спорт әуесқойы екендігін көрсетті .Сонымен қатар, К.Көшекбаев,Н.Қазиев, Ж.Құлданова сияқты жас мамандар да жыл бойы өздеріне тапсырылған жұмыстарын нақты атқара отырып,мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.Жыл қорытындысында А.Шақмарданова мектепішілік “Үздік жас маман-2016”сырттай байқауының жүлдегері атанды.

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша мектеп психологі Г.Мұратова жас мамандармен “Мамандығым-мақтанышым”тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында жас мамандар тәлімгер ұстаздаымен бірлесе отырып, 2-топқа бөлінді.Әр топқа педагогикалық кездейсоқ жағдайлардан шығу сұрақтары,эссе жазу , тақырыптық жоба қорғау тапсырмалары берілді. Тренинг “Тілек шамы ” жаттығуымен қорытындыланды.

Отырыс қаулы етеді:

1.2015-2016 оқу жылындағы тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілсін;

2.

Отырыс төрайымы: Р.Әлиева

Хатшысы.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жас мамандар отырыстарының хаттамалары

Автор: Алиева Рая Шаухаровна

Дата: 18.12.2016

Номер свидетельства: 370704

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) ""Физика, математика ж?не информатика" п?ндер м??алімдеріні? ?дістемелік бірлестігіні? ж?мыс жоспары "
    ["seo_title"] => string(109) "fizika-matiematika-zh-nie-informatika-p-ndier-mu-g-alimdierinin-distiemielik-birliestighinin-zhu-mys-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "133256"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416487109"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства