kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заманына сай білімді ұрпақты тек құзыретті мұғалім ғана тәрбиелейді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Каким должен быть современный учитель? На казахском языке

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заманына сай білімді ұрпақты тек құзыретті мұғалім ғана тәрбиелейді»

Анетбекова Айнұр Төреханқызы

155 орта мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Алматы қаласы

ainur.anetbekova @mail.ru



Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев



Заманына сай білімді ұрпақты тек құзыретті мұғалім ғана тәрбиелейді



Оқыту сапасының тұрақты болуына қол жеткізу жолдары мені де көптен бері мазалап жүрген ой болатын. Алдымызда отырған әрбір баланы «шоқ жұлдызға» теңей отырып, өзіндік пікірі қалыптасқан, озық ойлы, қабілетті тұлғаны тәрбиелеу әрбір педагог өкілдерінің басты міндеті деп санар едім.

Осы тұрғыдан алғанда ПШО-да алған білімдерімді тәжірибе барысында мектебімнің даму жоспарына енгізе отырып, пайдаға асыруды жөн деп санаймын.

Қай кезде болмасын даму барысында пікірлер тоғысып, қарама-қайшылықтар да орын алатыны орынды. Мен де өзімнің курсалды зерттеулерімде осындай қайшылықтармен бетпе-бет келдім. Ал ПШО-да тренерлердің берген білімдерінің негізінде мұғалім өз заманына сай құзыретті болу қажеттілігі - бүгінгі күннің талабы екеніне көзімді жеткіздім.

ХХI ғасырда білімнің жоғары сапалы болуына ықпал ету үшін елімізде жаңа реформалар туындап қана қоймай, оны білім беруде енгізу қажеттігі айқындалды. Жаңа реформалардың мектеп деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, білім сапасын көтеруге ықпалы болған жағдайда ғана жаңашыл тұжырымдар сәтті шығары анық.

Оқытудың жаңа үдерісіне өту барысында репродуктивті оқытумен айналысып жүрген мұғалімді жаңаша үрдіске үйрету жаңашыл көзқарастағы, идеяшыл көшбасшының шеберлігіне байланысты. Осыған байланысты мұғалім оқыту саласындағы сарапшы көшбасшы екенін ескерер болсам – көшбасшылық тарапынан қолдау көрсете отырып, «ССС» қағидасы (сенім, сыйластық, сүйіспеншілік) негізінде мұғалімдерге сенім артумен қатар өзара сенім, сыйластық, сүйіспеншілік таныта отырып, бірлесе жұмыс істеуді жөн санаймын.

Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі тек біздің еліміздің ғана емес, әлем елдерінде білім беру саясатының өзекті мәселесі болып отыр. Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарла-масы қазақстандық мұғалімдерге эвалюация жасаудың арнайы жүйесін дамытуға бағыттап отырғанын ескере отырып («Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын тапсырмалар», 4 б.), мен өзіме «Біздің мектепте өзгерісті кімнің қолдауымен, қандай күштің әсерімен енгізуге болады?» деген сұрақты көп қойдым.

«Деңгейлі бағдарламадан күтілетін нәтижелер: мұғалімдердің өз оқушылары тәуелсіз мақсатқа ұмтылғыш, өзін жігерлендіре алатын, сенімді, жауапкершілігі мол және сын тұрғысынан ойлай алатын құзырлы азаматтарды дамытуға бағытталған» деген сөздерді (Курсалды тапсырмалар, 5 б.) негізге ала отырып, әріптестерімізді білім саласындағы тың өзгерістерге тарту, үйрету - әрқайсымыздың міндетіміз болып табылатынын, өз тарапымыздан үнемі ізденіп, басқаға қолдау көрсетуіміз керек екенін түсініп қана қоймай, өзгерісті жүзеге асыру арқылы «Өзгеруіміз қажет!» деп ойлаймын. Себебі заманына сай білімді ұрпақты тек құзыретті мұғалім ғана тәрбиелеп, білім нәрімен сусындата алады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Заманына сай білімді ұрпақты тек құзыретті мұғалім ғана тәрбиелейді

Автор: Анетбекова Айнур Турехановна

Дата: 29.03.2017

Номер свидетельства: 404622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства