kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Заманауи технологиялар білім сапасының құралы» педагогиқалық кенес

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың білімділік,шығармашылық,танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отырғаны мәлім.Осы мақсаттарға қол жеткізу барысында біздің Ш.Абенов атындағы мектептің  жаңа форматты ұстаздары сыныпта отырған әр оқушының шығармашылық қабілеттерінің оянуына  ықпал жасап,олардың бойындағы академиялық,ақыл-ой,көркемдік,әлеуметтік сияқты дарындылық түрлерін анықтауда

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Заманауи технологиялар білім сапасының құралы» педагогиқалық кенес»

«Заманауи технологиялар білім сапасының құралы»

(педагогикалық кеңес)

Бір сарқылмайтын, терең бойлаған сайын еселеп

арта беретін бір байлық бар, ол білім.

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: Заманауи технологиялардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қазіргі заманғы педагогтардың педагогикалық біліктіліктерінің көрсеткіші ретінде түсіндіру.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың білімділік,шығармашылық,танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отырғаны мәлім.Осы мақсаттарға қол жеткізу барысында біздің Ш.Абенов атындағы мектептің жаңа форматты ұстаздары сыныпта отырған әр оқушының шығармашылық қабілеттерінің оянуына ықпал жасап,олардың бойындағы академиялық,ақыл-ой,көркемдік,әлеуметтік сияқты дарындылық түрлерін анықтауда.Бұл орайда сынып жетекшілер, ата-аналар және мектеп психологы бірігіп жұмыс жасауда.

Осы бағытта біздің мектебімізде өзімізді танытып, үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбектенуіміз керек деген мақсатпен, үйреніп жатқан Кембридж университетінің жобасы бойынша бағдарламадағы жеті модульде қарастырылған стратегиялар мен тәсілдерді әрбір сабақта оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастырудамыз. Дегенмен, әр ұстаздың шеберлігі, шығармашылық ізденісі бұл тығырықтан шығудың жолын табуда. Бұрынғы педагогикалық құндылықтарымызды жаңамен толықтыра отырып, жаңа белестерге көтереді. Бүгінгі таңдағы білім беру- өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Ұлыларымыздың бірі Ж.Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Қазіргі күні оқу бағдарламасына сәйкес сабақ беру барысында жаңа технологияларды қолданып, әдіс-тәсілдерді таңдап алу, қолдану барысында оқушыларды жалықтырып алмайтындай шеберлік танытудың орны ерекше. Жаңа ақпараттық технология мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге сабақты тиімді өткізуге, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының өз беттерінше ізденіп білім алуларына көмектесуге болады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.Осы мақсатта біздің мектебімізде "Заманауи технологиялар-білім сапасының құралы" деген тақырыпта мұғалімдер арасында дөңгелек үстел барысында педагогикалық кеңес өтті. Әрбір деңгейлік курстан өтіп келген мектебіміздің сертификатталған ұстаздары: І-ші деңгейлі ұстаздар В.З.Байбекова, А.С.Қамзабаева,ІІ- ші деңгейлі ұстаздар: К.М.Омарханова, Ж.Қ.Алжасарова, ІІІ-ші деңгейлі ұстаздар: М.Б.Еңсеханов, Т.Қ.Қожағұлова,А.М.Аубакирова,Қ.Т.Төлегенова,Ш.Егеубаева,Е.Райсхановаларөз істәжірибелерін әріптестерімен бөлісті.


Ұстаздарымыз Қожағұлова Т. «Диалог тәсілі арқылы оқытуды жақсарту»,Ш.Егеубаева «Мұғалімнің және оқушының сыни ойлауын дамыту»,А.Аубакирова «Формативтік бағалау түрлері»,М.Еңсеханов «АКТ -ны пайдалану тиімділігі»,Е.Райысханова «Жас ерекшелігіне сай оқыту»,Қ.Төлегенова «Талантты және дарынды балаларды анықтау» модульдері бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. К.Омарханова мен Ж.Алжасарова мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін зерделеуге байланысты анкеталық тапсырмалар беріп , яғни қазіргі мұғалім қандай болуы тиіс екендігін ой елегінен өткізуге және талқылауға көмек көрсету мақсатында сұрақтар әзірленіп, таратылды. Анкеталық сұрақтардың қорытындысын анықтап, дұрыс жауабына назар аударуда мұғалімдерге балдық жүйемен мінездеме берілді.Анкеталық сауалнамалар арқылы инновациялық технологияларды дұрыс пайдалана білу керектігін үйретсе,В.Байбекова мен А.Қамзабаева көшбасшылық модулі туралы жете түсіндіріп видео фильм арқылы дәлелдеді.

Тәжірибе алмасуда"Ынтымақтастық атмосферасы" ұйымдастырылып, ғұлама адамдардың нақыл сөздерімен топтарға бөлінді. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады. Осы мақсатта әр топқа жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың таным – белсенділігін арттыруға не қажет?-деген сұрақ төңірегінде постер арқылы ойларын жүйелеп жазу ұсынылды.

І-ші деңгейлі ұстаз В.Байбекова SWOT-талдамасы арқылы мектеп мұғалімдерінің күшті жақтарын;әлсіз жақтарын;мүмкіндіктерін; шектеу қою,қауіптілігіне талдау жасады.

Сабақтың әрбір кезеңдерінде жаңашыл ұстаздарымыз бағдарламаның жеті модулін сабаққа ықпалдастыру,сабақтағы стратегияларды түрлендіріп жаңашыл идеялармен күрделендіріп отырса ,оның сабағында алдындағы шәкірті де білімді, талантты,дарынды,ойлау қабілеті жоғары оқушы болатынына сенім білдірді.Осындай сабақтар арқылы ұстаздарымыз әріптестеріне көшбасшы бола отырып,ұжымдағы көшбасшылықты қалыптастырды.Коучингтен алған әсерлерін бөліскен әріптестер «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы сындарлы сын айта білді. «Пікірлер ағашын гүлдендіру» жұмысы арқылы тәлімгерлер мен тәлім алушылар арасында кері байланыс орнатылды.

Бұл шарадан төмендегідей нәтижелерге жететінімізге болжам жасадық:

  • ұжымда ынтымақтастық қатынас күшейе түседі,

  • жаңашыл технологиялар зерттеліп,мектеп өміріне, ұстаздарымыздың оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізіледі,

  • оқыту үрдісін жобалау,ұйымдастыру,сан қырлы шеберлік екенін түсініп, іс-тәжірибелері молаяды,

  • әр түрлі технологиялар арқылы оқушы шығармашылығына жол ашылады.

  • Оқыту мен оқудың сапасы артады.

Осылайша оқытуды жеті модуль арқылы жақсартқан ұстаздар білім сапасында жоғарғы нәтижеге қол жеткізеді.

«Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында». (МАН,7-бет)

Дөңгелек стол соңында мектеп директоры С.Кемерханов осындай іс -шаралардың жиі өтуі арқылы мектебіміздегі жас ұстаздарға әдістемелік көмек бере отырып, олардың кәсіби щеберлігін дамыта алатынына тоқталды.Ұстаздарымыз жаңашыл идеялармен білім шыңына жететініне сенімді.







ШҚО.Абай ауданы

Ш.Абенов атындағы орта мектептің

директордың оқу- тәрбие жөніндегі

орынбасары Венера Байбекова













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Заманауи технологиялар білім сапасының құралы» педагогиқалық кенес

Автор: Байбекова Венера Заманбековна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388568


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства