Ата-ана т?рбиесі - бала ?шін ал?аш?ы та?ылым. Бала?а д?рыс т?рбие беру - ата-ананы? моральды? ?ана емес, за? ж?зіндегі де міндеті. Осы орайда ?лы педагог А. Макаренконы?: «Сіз баланызды? т?рбиесіне бастамас б?рын, ?зі?ізді? мінез-??л?ы?ызды тексеріп алы?ыз» деген с?зі ой?а оралады. Баланы? адал да ізгі адам болып ?суі ?шін о?ан ата-анасы ?лгі болу?а тиіс ж?не бала т?рбиесі м?селесінде ата-ана арасында толы? келісім болуы керек.
«?яда не к?рсе?, ?ш?анда соны ілерсі?» дегендей, бала жасында ?алай т?рбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орны?ып, ?алыптас?ан т?рбие орынсыз к?ріністер баланы сын к?збен ?арау?а ?йретеді. Ата-бабамыз: «Адам ?рпа?ымен мы? жасайды» деп ?ла?атты к?регенділік таныта отырып, ?рпа? т?рбиесі мен болаша?ына ?ажетті рухани байлы?ты ?ажет еткен.
?рбір ата-ана ?з перзетіні? ?депті, саналы, иманды да ибалы, Отаныны? с?йікті ж?не кішпейіл азаматы болып жетілуін ?алайды. Ата-ана перзентіні? жа?сы азамат болып жетілуі ?шін ?з отбасында балаларын т?рбиелеуді? н?зік жа?тарыны? зандылы?тарын білуі шарт. Сыйласты?, т?сіністік, ?лкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – ба?ытты отбасы. Ба?ытты отбасында ?ана ата-ана ж?не оларды? ?зара ?атынасы мазм?нды, берілген т?рбие сенімді ж?не негізді. Бала т?рбиесіні? ал?аш?ы алтын ?азы?ы - ту?ан ?ясы, ?з отыны? басында?ы т?рбиесі, тілі.
Ата-ана т?рбие беруде ата-бабамызды? салт-санасы, ?дет-??рпында ж?ргізілген ?лгі-?негесіні? м?нісі зор. Отбасы т?рбиесінде ?кені? де, ананы? да орны б?лек. Отбасында?ы т?рбиені? кереметі - баланы е?бекке баулу. Ол - адамды? кемелденуді? негізі. Е?бек ете білмеген немесе оны жек к?рген адамны? отбасы берекелі болмайды. ?ке ?ашанда баланы с?збен емес, ?зіні? ісімен т?рбиелейді. Ер бала е? алдымен ?кені? ?негесінен на?ыз ер адам ?андай болу керектігін ?абылдайды. Сонды?тан да ?ке ?лын батылды??а, батырлы??а, ер ж?ректікке, адалды??а, ?айраттылы??а, ?лтжандылы??а, ?йел баласына серілік ?арым-?атынас таныту?а, ота?асы ?андай болу керек екендігін ?з т?жірибесі ар?ылы ?йретіп, ?й е?бегіні? аса ?иын со?атын істерді ?з мойнына алу?а талпыну?а т?рбиелеуі керек.
Ал, ананы? міндеті - ?лыны? алдында барлы? ?йелге т?н жа?сы ?асиеттерді к?рсете отырып, ?зіні? шынайы ж?не шексіз махаббатымен ?лынан да ?йел баласы алдында сондай жауапты ?асиеттерді к?рсетуге ша?ырады ж?не оны? эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланы? анасына деген ?арым-?атынасы белгілі д?режеде ?ыз балалармен жа?ымды ?арым-?атынасты ?алыптастыру м?нін игеруге м?мкіндік тудырады, адамдар?а ?ам?орлы? жасау?а ?йретеді, ?зіні? ма?айында?ылар?а ?ажетті к?мек жасау?а ы?пал етеді.
Шари?атта да алтын ?я - отбасы жо?ары ба?аланып, оны бала т?рбиелеп ?сіруіне бірінші д?режелі м?н берілген. ?йткені «Балалар - ата-аналар ?олына берілген аяулы аманат». Баланы ?здігінен ?мір с?руге м?лде ?абілетсіз н?ресте кезінен бастап ба?ытты балалы ша?, жеке ша?ыра? к?тергенге дейінгі жасты? жолдары ?тетін отбасын ба?ытты жа?алауын бетке алып, ?мір айдынында ж?зіп бара жат?ан ?айы??а те?есек, оны? ?ос ескегі – ?ке мен ана дер едік. Ата-ана ?зіні? міндеті мен жауапкершілігін жа?сы білуі тиіс:
1. М?дениетті адам т?рбиелеуге ж?не ?з баласын таза ?мір с?руге бейімдеуге міндетті;
5. Баланы? ?міріне, денсаулы?ына зиян келтіретін темекі, ара?, т.б. улы заттарды ?олданбау?а, оларды? бала?а зиянды екенін т?сіндіруге міндетті;
6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он т?ртке келгенше білім беріп ?ина, он т?рттен кейін ?лкен азамат деп сыйла» деген ?а?иданы берік са?тау?а міндетті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие ж?мыстарын ж?ргізудегі ата-ананы? ы?палы»
Тәрбие жұмыстарын жүргізудегі ата-ананың ықпалы
Ата-ана тәрбиесі - бала үшін алғашқы тағылым. Балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі де міндеті. Осы орайда ұлы педагог А. Макаренконың: «Сіз баланыздың тәрбиесіне бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріп алыңыз» деген сөзі ойға оралады. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс және бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуы керек.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып, қалыптасқан тәрбие орынсыз көріністер баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Ата-бабамыз: «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп ұлағатты көрегенділік таныта отырып, ұрпақ тәрбиесі мен болашағына қажетті рухани байлықты қажет еткен.
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Отбасындағы тәрбиенің кереметі - баланы еңбекке баулу. Ол - адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтан да әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылыққа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек. Ал, ананың міндеті - ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді. Шариғатта да алтын ұя - отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Өйткені «Балалар - ата-аналар қолына берілген аяулы аманат». Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалы шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік. Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:
1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;
5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;
6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата - ананың жауапкершілігі:
1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;
2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;
5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;
6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысына мысал: 1. «Танысу» жаттығуы. 2. Топқа бөлу. 3. Ой жинақтау. 4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы. 5. Ситуациялық сұрақтар. 6. Тест «Бала тәрбиесі». 7. «Ашық айтсам...» анкетасы. 8. Қорытынды. 1. Танысу жаттығуы. Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Бала тәрбиесіндегі өмірлік ұстанымын да айтады. 2. Топқа бөлу. Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. 3. Ой жинақтау. Екі топқа тақырып беріледі. Ата - аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. 2 топ. Бала үшін сынып жетекші мен ата - ана арасында қандай байланыс болуы керек? 4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы: 1. Балаңыздың туған күні? 2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні? 3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? 4. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз? 8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі? 9. Балаңыздың ең жақын досы кім? (Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді).
5. Ситуациялық сұрақтар. Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. 1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 3. Сізге сынып жетекшісі: «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Мұғалім сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? 6. Балаңыз қандай да бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз? 6. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?" 1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба? 2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? 3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба? 4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба? 5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? 6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? 7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма? 8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба? 9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба? 11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе? 12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба? 13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы: 1. Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 балл 2. Кейде ғана келісемін - 2 балл 3. Келіспеймін - 1 балл Сауалнаманы бағалау өлшемдері: 0 - 16. Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз. 16 - 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек. 30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
7. «Ашығын айтсам». Ата - аналарға парақ таратылады, олар өз баласының тәрбиесі туралы жазады.
8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі, Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміті, арманы - тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.