"Шы?армашыл т?л?а т?рбиелеу - ел болаша?ыны? бастауы."
"Шы?армашыл т?л?а т?рбиелеу - ел болаша?ыны? бастауы."
Алматы облысы
?арасай ауданы
?ш?о?ыр ауылы
«М.?уезов атында?ы орта мектебі» кмм
биология
п?ніні? м??алімі
Шамшаева Гулзине Казбековна
Шы?армашыл т?л?а т?рбиелеу - ел болаша?ыны? бастауы.
Шы?армашыл жеке т?л?а т?рбиелеу - ол ?стазды? ??лшынысынан, ізденісінен, ?иялынан, ерінбей е?бек етуінен туатын туындысы. ?зін болдым, толдым, жетістікке жеттім деп то?тат?ан адам рухни ?лсіреген адам. ?стаз – білім, ?ылым, ?нердегі, жалпы, адам баласыны? рухани ?міріндегі жанашыр жа?ыны, т?лім-т?рбие беруші, а?ылшысы. Жас ?рпа?ты? кеудесіне ?ш?ын беріп, зердесін ашып, т?лімін аямай ж?рген ?стаздар?а бала к??іліні? пернелерін д?л тауып, дамыта білу о?ай емес. Б?л ?стазды? ?з к?сібіне деген сенімділігі мен табандылы?ынан туындары аны?. Оны? сенімділігі м??алімні? білімінен ж?не бала ж?регіне жол таба білуінен к?рінсе керек. ?з бойында?ы білімді шы?дау ?стаз ?шін ?лкен ынта -жігермен, ??лшыныспен келетін е?бек екені даусыз. Ал б?л дегені?із – на?ыз шеберлік. ?стазды? т?л?алы? ?асиеті де оны? ал?ан ата?ында емес, ш?кіртіні? сапалы білімі мен т?лімді т?рбиесімен ?лшенеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Шы?армашыл т?л?а т?рбиелеу - ел болаша?ыны? бастауы."»
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Үшқоңыр ауылы
«М.Әуезов атындағы орта мектебі» кмм
биология
пәнінің мұғалімі
Шамшаева Гулзине Казбековна
Шығармашыл тұлға тәрбиелеу - ел болашағының бастауы.
Шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу - ол ұстаздың құлшынысынан, ізденісінен, қиялынан, ерінбей еңбек етуінен туатын туындысы. Өзін болдым, толдым, жетістікке жеттім деп тоқтатқан адам рухни әлсіреген адам. Ұстаз – білім, ғылым, өнердегі, жалпы, адам баласының рухани өміріндегі жанашыр жақыны, тәлім-тәрбие беруші, ақылшысы. Жас ұрпақтың кеудесіне ұшқын беріп, зердесін ашып, тәлімін аямай жүрген ұстаздарға бала көңілінің пернелерін дәл тауып, дамыта білу оңай емес. Бұл ұстаздың өз кәсібіне деген сенімділігі мен табандылығынан туындары анық. Оның сенімділігі мұғалімнің білімінен және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінсе керек. Өз бойындағы білімді шыңдау ұстаз үшін үлкен ынта -жігермен, құлшыныспен келетін еңбек екені даусыз. Ал бұл дегеніңіз – нағыз шеберлік. Ұстаздың тұлғалық қасиеті де оның алған атағында емес, шәкіртінің сапалы білімі мен тәлімді тәрбиесімен өлшенеді.
Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. Себебі, адамдар дүниеге келгеннен бастап, ес кіріп айналаны танығаннан кейін әйтеуір бірдемені армандайды, соны іске асыру үшін түрлі іс - әрекеттер жасайды. Сондықтан өмір бойы талпыныс пен ізденіс адамды алға жетелеп, арманыңды іске асыруға апаратын жолға салады. Дана Абай "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" дейді. Ендеше баланы алға жетелеу үшін, баланың қиялын шындыққа айналдыру үшін, кішкентай ғана бала жүрегіндегі сәулені жарқырата жандыру ұстаздың шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты. Себебі өзі тоқырауға ұшыраған ұстаз ешқашан баланы шығармашылыққа тәрбиелей алмайды
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаев былай дейді: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.