kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды с?лулы??а т?рбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды белгілі бір п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды с?лулы??а т?рбиелеу»

Бейнелеу өнері пәні арқылы оқушыларды сұлулыққа тәрбиелеу



Адам баласының өмір сүруінде жалпы адамзаттық мәні бар және барлық адамға қажет іс – әрекет екені аян. Өнерге жақын адамның ақыл-ойына, сезіміне орай қабылданып, рухани тәрбие береді. Сұлулыққа іңкәрлік-адам баласына әу бастан-ақ еншілеп берген рухани сыбағасы. Өмір есігін жаңадан ашқан сәбиді сұлулық әлемі өзіне еріксіз тарта отырып, оны тәрбиелейді. Жақсылық нышанын жас адам осы сұлулық құбылысынан табады. Ол әдепкі кездерде әсемдіктің қыр-сырына, тылсым құдыретіне тереңдеп жете алмайды. Адамның эстетикалық көзқарасының қалыптасуы, сол жолда іштей дұрыс бағытпен тәрбиеленуі қашанда күрделі құбылыс.

Эстетикалық тәрбие балалардың сезім мүшелерін тәрбиелеп және олардың қабілеттілігін күшейтуге, өнер шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан ұғынуға, дамытуға бағыттайды, үйретеді.

Эстетикалық көркемдік білім берудің нәтижелі болуы үшін, ең алдымен тәрбиешінің өзі пәнді жетік меңгеруі және баланың ойлап-қабылдауы үлкен мән береді. Өйткені, «Ойлампаздық қасиеті өсіп жетпеген адамның тамаша сұлу, көркем заттарды қабылдауы нашар болады».

Бейнелеу өнері арқылы баланың ой-өрісі, ойлау қабілеті, шығармашылық елестетуі, эстетикалық сезімі, өмірге деген көзқарасы дамиды. Сондай-ақ олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы арта түседі, эмоциялық және шығармашылық белсенділіктері артады, бала өз бетінше жұмыс істеуге, алдына мақсат қоя білуге, еңбекті сүйе білуге үйренеді. Бейнелеу барысында балалардың сызбалық және живописьтік іс-әрекеттері дамиды. Әр түрлі жұмыстармен балаларды таныстыра отырып, олардың көз алдына елестетуге, заттарды көз алдына елестетуге, заттарды кеңістікте орналастыра білуге, бақылау және сезіну сияқты таным қабілеттерін арта түсуіне бағытталған. Сурет салу арқылы бала тек теориялық білім алып қоймай, сондай-ақ практика жүзінде де шыңдалады. Бейнелеу үрдісінде әр түрлі техникамен танысып, материалдарды дұрыс пайдалануды үйренеді. Мәселен, қарындашпен, су бояуымен, гуашьпен сурет салу. 1-сыныпта бейнелеу өнерінің бастапқы жолдары және әдіс-тәсілдерімен балаларды таныстыру басталады. Мұнда олар қарындашпен, су бояуымен, сәндік сурет салу элементтерімен, мүсіндеумен танысып шығады. Бейнелеу сабақтары арқылы кішкентай бүлдіршіндер өмірді танып, байқап бақылап отырады, сонымен бірге олардың таным қабілеттері, ұсақ саусақ бұлшық еттері дамиды, балалар әсемдікті сезіне білуге үйреніп, эстетикалық талғамдары арта түседі. Олай болса, адамның эстетикалық белсенділігі өмірдің сұлулығын жасай да, оны құра да алады. Осындай белсенділіктің іске асуы көркемдеп қабылдау негізінде болады. Өнер түрлері көркемдікке, сұлулыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің ерекше жолы, бұл тұрғыда өмірді жасаушы адам болғандықтан, оның сол сұлулықты жасауға ұмтылуы заңды. Халық педагогикасындағы ғасырлар бойы қалыптасып келген осы ұлттық мұраны бала тәрбиесінде тиімді пайдаланып, табысқа жету қоғамдық тәрбие орны-балабақша мен ата-аналардың тығыз байланысы арқылы жүзеге асырылатын тәрбиелік ықпалдың бірлігі мен үйлесімділігіне байланысты. Өнердің қаншама түрі, тәрбиелеу әдістері бар? «Басында бұлағы бар өзен, ұзақ ағады» демекші, қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуін әркез басты мақсат етіп, көздеген.



Алматы облысы, Сарқан ауданы

Тасарық орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі Сыдыкова Гулнур Мырзалиевна






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?ушыларды с?лулы??а т?рбиелеу

Автор: Сыдыкова Гулнур Мырзалиевна

Дата: 08.06.2016

Номер свидетельства: 333409


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства