kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептегі денсаулы? са?тау проблемалары: шешу жолдары ж?не болаша?та?ы дамуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                       «Салауатты  ?мір  салты  мен  адамны?  ?з  денсаулы?ы  ?шін  ынтыма?ты  жауапкершілік  ?а?идаты – мемлекеттік  саясатты?  е?  басты  м?селесі»

Н.Назарбаевты?  ?аза?стан  хал?ына  Жолдауы

 

    Бала - бізді?  болаша?ымыз.  ?аза?станны?   б?гіні  мен  болаша?ы  жастарды?  еншісінде.  «Елімізді  2030  жылы  Азия  барысына  айналдыратын  к?ш  б?гінгі  мектеп  партасында  отыр?ан  о?ушылар  мен  15 – 20  жас  аралы?ында?ы  жастар»  деп  Елбасымыз  тегіннен  тегні  айт?ан  жо?.  ?азіргі  жас  буын  мемлекетімізді?  мы?ым  тірегі  бола  алса  ?ана  шын  м?нінде  экономикалы?  ?леуметтік  жа?дайымыз  ?з  д?режесіне  к?теріліп,  жа?а  д?уір  салтанат  ??ратын  болады.  Олай  болса  21  ?асыр  жастарды?  жан  жа?ты  тере?  білімді,  саяси  -  экономикалы?  сауатты,  денсаулы?ы  берік,  барлы?  жа?ынан  дайынды?  де?гейі  жо?ары  болуын  талап  етеді.  Тере?  біліммен  ?арулан?ан  азамат  ?ана  ?з  денсаулы?ыны?  ?адіріне  жетіп,  салауатты  ?мір  салтын  ?алыптастырады  деп  ойлаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі денсаулы? са?тау проблемалары: шешу жолдары ж?не болаша?та?ы дамуы. »



Мектептегі денсаулық сақтау проблемалары: шешу жолдары және болашақтағы дамуы.


Истлеуова Бибигуль Мажитовна


Ақсай негізгі мектебі

«Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты – мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі»

Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


Бала - біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгіні мен болашағы жастардың еншісінде. «Елімізді 2030 жылы Азия барысына айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15 – 20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз тегіннен тегні айтқан жоқ. Қазіргі жас буын мемлекетіміздің мығым тірегі бола алса ғана шын мәнінде экономикалық әлеуметтік жағдайымыз өз дәрежесіне көтеріліп, жаңа дәуір салтанат құратын болады. Олай болса 21 ғасыр жастардың жан жақты терең білімді, саяси - экономикалық сауатты, денсаулығы берік, барлық жағынан дайындық деңгейі жоғары болуын талап етеді. Терең біліммен қаруланған азамат қана өз денсаулығының қадіріне жетіп, салауатты өмір салтын қалыптастырады деп ойлаймын.

21 ғасыр инновация индустрияның заманы. Техника өзөінің дамуымен бірге жер шарына түрлі экологиялық зиян да әкелді. Одан алдымен адам баласы зардап шегеді. Ал кез кеғлген экологиялық жағдайларға адамдардың өздері алдын ала жайын тұрғаны абзал. Ендеше бала да ортаның қолайсыз жағдайларына өзінің қарсылығы мен қайраттылығын көрсететін тәрбиенің берік негізі болып қалануы тиіс.

«Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ляззат ала білмейтін мылқау жанды болса, абал айыпты емес, тәрбиеші кінәлі..»

Осыған орай бала денсаулығын сақтау мектеп партасынан қаралуы қажет.

Бүгінгі күні баланың денсаулығын сақтай оқыту жаңа технологиялардың бір ретінде оқу – тәрбие үрдісіне еніп те кетті.

Бұл оқыту технологиясы баланың ақыл - ойын дамытуды көздейтін басқа технологиялармен терезесі тең, мақсат мүддесі ортақ. Тіпті бұл технология – олардың мазмұнын жинақтап, бағыттарын айқындайтын өзегі де бола алады.

Білім беру жүйесінде қолданылатын денсаулық сақтайтын технологияларынан денсаулықты қорғауға қатысты әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданылатын бірнеше топтарды айқындауға болады.

Денсаулық сақтайтын технологияларды жіктеу үшін басқа да негіздер бар. Әрекет ету сипаты бойынша олар мынадай типтерге бөлінеді: қорғану – профилактикалық – қалпына келтіру – нейтралдеу – ынталандыру – ақпараттық – оқыту.

Денсаулық сақтайтын оқыту технологиялардың мақсаты оқу кезіндегі оқушының денсаулық сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушыда салауатты өмір салты бойынша қажетті білім білік пен дағдыларды қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Мағжанша айтқанда, «дене – жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау жан, сау денеде ғана болады» деген азамат дүниесінің ескі мәтелі шын дұрыс мәтел». Олай болса ұстаздық жолымызда ең маңызды нәрсе – сабақтың жоспарын құруда өзімен бірге айналасындағы адамдардың, тікелей қарым - қатынаста болатын баланың денсаулығы басты назарда болуы тиіс.

Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білім мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүрміз. Осыған орай мектебімізде біз үзілістердің қалай өтілетініне үлкен көңіл бөлеміз. Үзіліс кезінде белсенді бұлшықет қозғалыстарымен байланыстыойындар мен жаттығуларды ұйымдастырамыз. Оқушылардың жұмыс жасау қабілеті дүйсенбі күні сенбімен салыстырғанда едәуір төмен. Сол себепті қиын және жаңа тапсырмаларды аптаның алғашқы күніне жоспарламаймын. Үлкен интеллектуалды ойлауды қажет ететін жұмыстарды (бақылау, шығармашылық және басқа да тексеру жұмыстарын) дүйсенбі мен сенбіде жүргізбеймін. Жалпы мектепке оқушылар үйден келе жатқанда таза ауамен жүріп өтеді, ал бұл қанның оттегімен байытылуына, психикалдық статустың жоғарылауына әсер етеді, сол арқылы оқу үрдісінің басталуына жақсы көмек береді. Күн тәртібінде сонымен қатар таңғы «Қара жорға» биі өте ықпалын тигізеді. Бұл би таңғы сағат 8.00 басталады.

Балалардың дене сұлулығын, икемділігін, сымбаттылығы мен дененің саулығын қалыптастыруда өз сабақтарымда төмендегі кестедегі ойындарды қолданамын.



Бұл әдіс тәсілдерді сабақта қолданбастан бұрын балалардың физиологиялық және психикалық ерекшеліктеріне қарай отыра шаршап - шалдықпай, еңсесін немесе бойын зерек ұстау үшін пайдаланамын. Сабақ барысында психологиялық тұрғыдан жайлы, дауыс ырғағымның жағымды және де оқушылармен қарым қатынасым достық барысында болуын қадағалаймын. Ол үшін 5 -10 минуттық уақыт алатын ойын жаттығуларын қолданамын.

Оқушылардың көңіл күйін көтеріп оқуға деген ынтасын арттыруда неше түрлі ойын түрлерін қолдануға болады. Негізінде ойлау қапбілеттерін дамытатын, ой - өрістерін қалыптастыратын жеңіл формадағы ойындарды қолданамын. Мысалы: «Аяғымызбен жер тебеміз» ойыны 4 сыныпта өткіздім. Ойнаушылар қимылдаған кезде тимейтіндей қашықтықта дөңгеленіп тұрады. Өзім балалармен бірге мәтінді жай, тәптіштеп айтып тұрамын. Бұл балаларға өлеңде айтылғанқимылдарды істеуге мүмкіндік береді.

Аяқпенен тарсылдатып билейміз,

қолды соғып басымызды изейміз.

Қолымызды көтереміз,

Қолымызды түсіреміз,

Қолымызды ұсынамыз.

Осы сөздерден балалар біріне - бірі қол беріп, дөңгеленіп тұрады. Одан кейін былай жалғастырамын:

Ал шығайық сайланып,

Жүгірейік айналып.

Аз ауқыт өткеннен кейін «тоқта» , -деймін. Бәрі тоқтайды. Содан кейін сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз

Сонымен қатар Аутотренинг жоғары сынып оқушылары арасында 3 – 5 минут өткіземін. Аутотренингке кіріспестен бұрын кабинеттегі жарықты төмендетіп, баяу, жай әуен қосамын. Содан кейін балаларды психологиялық дайындап ыңғайлы отырып, демалысы, дене бостығын ұйымдастырамын. Орындықта отырып, оқушыларға сәл ілгері еңкейтіп, басын сәл түсіріп, көзін жұмғызып, аяқты нық бастырып, екі тізе бір - біріне қосылмайтындай етіп, шынтақтарын белге қойғызып, саусақтарын бос жібергіземін. Бұл отырыс «Арбакеш» бейнесіне ұқсау қажет

Сергіту сәтінде қолданылатын «Денсаулық» сөзіне мақал - мәтелдер:

Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен

Е - Емнің алды - еңбек

Н – Негізгі байлық – денсаулық.

С – Саулық – байлық негізі

А – Ас – адамның арқауы.

У – У ішсең өлерсің.

Л – Ластың досы – шыбын

Ы – Ыдысы тазаның ырысы таза.

Қ – Қотыр қолдан жұғады.

Сөзімді қорытындылай келе балалар жас кездерінен салауатты өмір салтының талаптарын өз бойларына қалыптастырып, әдетке айналдырса, дәрігерге де аз барады, өмірдегі өз мақсаттарына еш кедергісіз жете алады, білім алуға да ауқыттары көп болады. Дене шынықтыру сабағы, спорттық мекемелер, сергіту ойындарына біздің бүлдіршіндер белесене қатысса, дені сау ұрпақ көбейеді. Денсаулықтың, көп жасаудың бір кепілі – қимылды әрекет, ұдайы шынығу, еңбек ету екені ғылымда дәлелденген. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі – салауатты өмір салтын ұстану. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуы қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Денсаулық мықты болу үшін жағымсыз әрекеттерден аулақ болу керек. Дені сау адам ақ жарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға басады. Отбасында тыныштық орнайды. Адамның басты байлығы - денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы, сыйлығы.

Денгсаулық сақтау технологиясын қолдану әр оқушыға өз жағымды ықпалын тигізетіні сөзсіз, қиындықты жеңе білуге, мақсатына жетуге, жеңіл және жемісті білім алуларына көмектеседі.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ұстаз газеті.

  2. Білімдегі жаңалықтар. журнал

  3. 12 жылдық білім

  4. Дидактические игры и упражнения . Катаева А.А.

  5. Аутогенная тренировка. Докторский Я.Р.

  6. «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қазіргі заманғы дамыту стратегиясы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық тамыз интернет - конференция матеиалдары


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектептегі денсаулы? са?тау проблемалары: шешу жолдары ж?не болаша?та?ы дамуы.

Автор: Истлеуова Бибигуль Мажитовна

Дата: 30.01.2015

Номер свидетельства: 164392


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства