kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды білім берудің жаңартылған бағдарламаларын жүзеге асыруда тұлғаға – бағдарланған білім беру

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды білім берудің жаңартылған бағдарламаларын жүзеге асыруда тұлғаға – бағдарланған білім беру»

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды білім берудің жаңартылған бағдарламаларын жүзеге асыруда тұлғаға – бағдарланған білім беру


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны:

- мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;

- ерте жастағы балалардың дамуы;

- әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі оқыту дағдыларын дамыту;

- 4 К дағдыларын дамыту (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту,

тіл табысуға дайын және командада жұмыс істей білу).

Мектепке дейінгі дайындық білім беру жүйесінің бастапқы сатысы ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 5 жастағы балалардың интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін жағдай жасайды.

Мектепке дейінгі ұйымның және білім беру ұйымының мектепке дейінгі сынып түлегі моделінің мынадай қасиеттері бар:

1) дене бітімі дамыған;

2) білуге құштар,

3) креативті;

4) Өзіне сенімді және белсенді;

5) эмоционалды елгезек;

6) құрбыларымен және ересектермен өзара іс-қимыл жасаудың әлеуметтік дағдылары мен тәсілдерін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын меңгерген;

7) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеуметтік орта), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсінігі бар;

8) 1-сыныпта оқу үшін қажетті білік және дағдыларды меңгерген тұлға болып табылады. Жаңартылған білім мазмұны

• оқытуды ұйымдастыру тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады;

• мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді;

• балалардың зияткерлік және жеке дене дамуы үшін жағдай жасайды;

• күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік міндеттерді шешуде балалардың тілдік дағдыларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері ретінде төрт тілдік дағдылардың: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымның қалыптасуына және дамуына көмектеседі;

• ата-аналармен ынтымақтастық қарым- қатынас орнатуға көмектеседі.

Қазіргі таңдағы өзгерістермен қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі-жеке тұлғаға бағытталған білім беру.

Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз-педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттер жиынтығы.

Якиманская Ирина Сергеевнаның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”. Сол сияқты Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Селевко Герман Константинович мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді.

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін, әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

Владислав Владиславович Сериков 

ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

1.      Жеке тұлға дегеніміз-адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.

2.      Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.

В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:

1.      Жобалау элементі-"тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.

2.      Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.

3.      Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.

4.      Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.

5.      Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.

Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.

Селевко Герман Константинович бұл технологиялардың негізінде өзін-өзі өзектілендіруге ұмтылатын "толық қанды тұлға” болуы тиіс дегенді баса атап көрсетеді. Мұндай тұлға әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты әрі саналы шешім қабылдай алатын болады. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.

Технолог ғалымдардың пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар әрбір баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту және тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін іздеуде. Мұндай технологиялар психодиагностика әдістерін пайдаланады, оқушылар қызметін ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгертеді, оқудың түрлі құралдарын қолданады. Демек, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі.

Қорыта келгенде, тәрбиеленушілердің шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға бағыт жасап оқытамыз «Егер саған бір балық берсе, сен бір күн тоқ жүресің, егер саған екі балық берсе, екі күн тоқ жүресін, ал егер сені балық аулауға үйретсе, сен өмір бойы тоқ боласың» деген халық даналығымен аяқтап, біз, тәрбиешілер қауымы өскелен жас ұрпаққа өміріне азық болатындай және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай білім беруіміз біздің басты міндетіміз болып табылады...



Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.   Библер В.С. Школа диалога культур:   введение  в  программу

// Прогнозное социальное проектирование. – М., 1989.

2.     Тубельский  А.Н.   Для  чего  и  как  мы  учим:   необходимо           изменить содержание   общего  образования  //  Школьные  технологии. – 2001. - №5. – 123 – 135 б.

3.    Ямбург   Е.А.    Единое образовательное   пространство    //    Народное  образование. – 1994. - №1.

4.Якиманская И.С. Развивающее обучение.- М.,1979-78б.

5. Қазіргі заманауи оқу- тәрбие үдерісіндегі білім беру технологиялары

Алматы қаласы 2017.

6. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа

мүмкіндіктері» Н.Ә.Назарбаев жолдау

7. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Н.Ә.Назарбаев мақаласы

8. «Мәңгілік ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке

тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы. Астана. 2016ж









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сапарбай Гаухар Тілеулесқызы

Дата: 29.01.2021

Номер свидетельства: 571716


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства