Ма?ала - методика: "Ша?ын жина?тал?ан мектептерде о?ытуды? ?тымды технологиясын ?олдануды? тиімді жа?тары" (біріктірілген сыныптарда)
Ма?ала - методика: "Ша?ын жина?тал?ан мектептерде о?ытуды? ?тымды технологиясын ?олдануды? тиімді жа?тары" (біріктірілген сыныптарда)
«А??ар жалпы орта білім беретін мектебі» ММ
Т?жірибені? та?ырыбы:
«Ша?ын жина?тал?ан мектептерде о?ытуды? ?тымды технологиясын ?олдануды? тиімді жа?тары»
(біріктірілген сыныптарда)
Тегі, аты, ?кесіні? аты:
Д?йсенбаева Лаура Абдулахат?ызы- математика п?ніні? м??алімі
Елбасы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев «Отанды? білім беру ж?йесіне инновавциялы? ?дістерді, шешімдерді ж?не ??ралдарды ?ар?ынды енгізуге тиіспіз» деген с?зі м??алімні? б?гінгі уа?ыт талабына сай жан-жа?ты білім к?теруіне, шы?армашылы?пен ізденуге т?рткі болды.
?лы ?стаз Ахмет Байт?рсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалда?, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу да?дысы» десе, халы? даналы?ы «?ыран т?легіне ?айырылмас ?анат сыйлайды, ?стаз т?легіне ал?а бастар талап сыйлайды» деп бекер айтылмаса керек.
Жас ?рпа? болаша?ыны? жар?ын болуын шын тілеген ?стаз-ол шы?армашыл, маманды?ын с?йетін ?з п?нін жетік білетін адам.
Еліміздегі білім беру ж?йесінде жа?а технологияларды? ?атары ?сіп келеді. М??алімні? осы жа?а технологияларды игерудегі шы?армашылы? ізденістері оны? к?сіби жетілуіне айтарлы?тай ?сер етеді.
Озат т?жірибелі м??алімдер жа?аны игеруге бейім т?рады. М??алімні? білім де?гейіні? жо?ары болуы да сапалы о?ыту кепілі. ?лы шы?ыс ойшылы ?бу Насыр ?л Фараби: «Адам ?уелі бала?а т?рбие, сосын білім беру керек. Егер б?л індет т?рбиесіз адамны? ?олына т?ссе, онда з?лымды?ты?, апатты? бол?аны деп т?сіну керек», -дейді. Сонды?тан жас буын?а сапалы білім, саналы т?рбие берудегі ізетті де ізгі, парасатты да білімді м??алім ?айраткерлігі аса ма?ыз?а ие.
Б?гінгі заман талабына сай ша?ын жина?тал?ан мектеп м??алімдері де о?ыту мен т?рбиелеу ісін ізгілендіру, демократияландыру, ?лтты? ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап о?ыту, балаларды? т?рлі жас ерекшеліктерін ескере отырып, ?р саба?ты? мазм?нын іздеу, ?ызы?тыра білу керек. Ол ?шін т?рлі тапсырмалар беріп, ойындар ?йымдастыру ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілетін ?штап, білімні? жа?а ?лгісін жасап, о?ыту мен т?рбиелеу ?рдісін ?йымдастыруды? сан т?рлі жа?а ?діс -т?сілдерді ?олдануды? ма?ызы зор.
Б?гінгі та?да ауыл мектептердегі о?у-т?рбие ?рдісінде де?гейлеп о?ыту техноллогиясы (Г.Г.?алиев), шо?ырландырып-?ар?ынды о?ыту технологиясы (Н.Н?рахметов, ?. А.?бді?алиев), блокты?-модульды? о?ыту технологиясы, сын т?р?ысынан ойлау технологиясына ерекше басым к?з?арас бай?алады.
Ал, ша?ын кешенді мектептердегі о?у-т?рбие ?рдісі жа?дайында осы м?селені зерттеп ж?рген ?алымдарды? пікірінше ж?йелік негізінде о?ыту ж?не шо?ырландырып о?ыту технологияларыны? ша?ын кешенді сыныптарда?ы о?ыту сапасын арттыруда?ы о? ?серін тигізеді ?рі осы жа?а технологияларды? дидактикалы? м?мкіндіктері мол екендігі ай?ындалады.
Ша?ын жина?тал?ан мектепте саба?ты ?йымдастыруды? ?зіндік ерекшеліктеріне байланысты дидактикалы? талаптарды ескеру ?ажет, ол ?шін о?у ба?дарламасы мен саба? ма?сатына ?орйлатын талаптар мазм?нын аны?тап, саба?ты? ??рылымы мен мазм?нын жа?а о?ыту технеологиялары бойынша о?ыту ?станымдарына с?йкестігіне баса назар аудару ?ажет.
Ша?ын жина?тал?ан мектептерде ?р п?нді де?гейлік тапсырмалар ар?ылы о?ыту?а болады. Де?гейге б?ліп о?ыту кезінде о?ушыларды? т?жірибелік-теориялы? дайынды?ын, о?у?а деген ынтасын, дара ?асиетін ?леуметтік-
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма?ала - методика: "Ша?ын жина?тал?ан мектептерде о?ытуды? ?тымды технологиясын ?олдануды? тиімді жа?тары" (біріктірілген сыныптарда)»
«Аңғар жалпы орта білім беретін мектебі» ММ
Тәжірибенің тақырыбы:
«Шағын жинақталған мектептерде оқытудың ұтымды технологиясын қолданудың тиімді жақтары»
(біріктірілген сыныптарда)
Тегі, аты, әкесінің аты:
Дүйсенбаева Лаура Абдулахатқызы- математика пәнінің мұғалімі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Отандық білім беру жүйесіне инновавциялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деген сөзі мұғалімнің бүгінгі уақыт талабына сай жан-жақты білім көтеруіне, шығармашылықпен ізденуге түрткі болды.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» десе, халық даналығы «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» деп бекер айтылмаса керек.
Жас ұрпақ болашағының жарқын болуын шын тілеген ұстаз--ол шығармашыл, мамандығын сүйетін өз пәнін жетік білетін адам.
Еліміздегі білім беру жүйесінде жаңа технологиялардың қатары өсіп келеді. Мұғалімнің осы жаңа технологияларды игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуіне айтарлықтай әсер етеді.
Озат тәжірибелі мұғалімдер жаңаны игеруге бейім тұрады. Мұғалімнің білім деңгейінің жоғары болуы да сапалы оқыту кепілі. Ұлы шығыс ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Адам әуелі балаға тәрбие, сосын білім беру керек. Егер бұл індет тәрбиесіз адамның қолына түссе, онда зұлымдықтың, апаттың болғаны деп түсіну керек», -дейді. Сондықтан жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі ізетті де ізгі, парасатты да білімді мұғалім қайраткерлігі аса маңызға ие.
Бүгінгі заман талабына сай шағын жинақталған мектеп мұғалімдері де оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, даралап, саралап оқыту, балалардың түрлі жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақтың мазмұнын іздеу, қызықтыра білу керек. Ол үшін түрлі тапсырмалар беріп, ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін ұштап, білімнің жаңа үлгісін жасап, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс -тәсілдерді қолданудың маңызы зор.
Бүгінгі таңда ауыл мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқыту техноллогиясы (Г.Г.Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Н.Нұрахметов , Қ. А.Әбдіғалиев), блоктық-модульдық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясына ерекше басым көзқарас байқалады.
Ал, шағын кешенді мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі жағдайында осы мәселені зерттеп жүрген ғалымдардың пікірінше жүйелік негізінде оқыту және шоғырландырып оқыту технологияларының шағын кешенді сыныптардағы оқыту сапасын арттырудағы оң әсерін тигізеді әрі осы жаңа технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері мол екендігі айқындалады.
Шағын жинақталған мектепте сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық талаптарды ескеру қажет, ол үшін оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатына қорйлатын талаптар мазмұнын анықтап, сабақтың құрылымы мен мазмұнын жаңа оқыту технеологиялары бойынша оқыту ұстанымдарына сәйкестігіне баса назар аудару қажет.
Шағын жинақталған мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытуға болады. Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік-психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан д тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білімі мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Деңгейлік тапсырмаларға қойылатын талаптар:
1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жататп алуға лайықталған болуы керек
2. Өткен сабақты қайталап жаңа сабақты пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Құрастырылған тапсырманың танымдылығы мен қызықты болуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
2-деңгейдегі тапсырмаларға:
Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілетін тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғавшқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Олардың танымдық жеке үйретушілік маңызы болуы қажет. Бұлар логикалық тапсырмалар, ребустар мен сөзжұмбақтар және т.б.
3 деңгейдегі тапсырмаларға:
Танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс -анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Проблемалық мәселе туындайды, оқушы оны шешу үшін жаңа әдістер іздестіреді. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар беріледі. Өздігінен тьапсырмалар құрастыру және оны орындау, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу, көрнекі құралдар дайындау. Ой қорытуға арналған тапсырмалар.
4 деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Ұғым, түсінік, қиял, ой еңбегіне негізделген өзіндік жұмыс, жазба жұмыстары беріледі.
Осы технология бойынша жұмыс жүргізу кезеңінде оқушылардың жеке тұлға ерекшеліктеріне бағытталған деңгейлік тапсырмалар арқылы нәтижелі жұмыс жүргізуге болады.
Математика пәні қызықты және өте қажетті пән. Қазіргі таңдағы математиканы үйренуге әдіс-тәсілдер сан қилы. Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі –жастарға терең білім мен тәрбие беру. А.Иүгінеки «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген сөзін мұғалімнің ұстанымы ретінде қарастыруға болады, яғни ол өз білімін үздіксіз көтеруі көтеру қажет. Осыған орай озық тәжірибе жаңа технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді және шығармашылықпен қолдану –ұстаз шеберлігінің белгісі. Жаңа әдістерді қодана оқыту оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Бүгінгі заман талабы-сабақты жаңашылдандыру болғандықтан, мен өзімнің ұстаздық жолымда «Математика сабағында оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру» тақырыбында жұмыс жасаймын. Аталған технологияны пайдалануда өз алдыма мынадай мақсаттар қойдым:
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының дидактикалық тұжырымдамасының іс жүзінде пайдалану әдістері.
Аталған технологияның барлық әдіс тәсілдерін оқушыларға жетік меңгерту.
Мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейін барлық оқушыларға жүз пайызға меңгерту.
Оқушының қабілеті мен бейімділігіне қарай білім алуына жағдай жасау.
Бағалаудың рейтинг жүйесін енгізу арқылы, оқу процесін ізгілендіру
Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Технологияның барлық әлементін пайдалана ортырып оқушының білім деңгейін көтеру.
Мұндай мақсатқа жету үшін мұғалім өзі оқытатын пәннің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қол жетеді.
Өзім сабақ беретін математика сабағында оқыту технологиясының барлық әдістемелік дидактикалық процесстері сақталады.:
-жүйелілік
-оқу материалдарының жетекшілігі
-оқушыны жетектей отырып, өтілетін материалдарды жан-жақты қарастырып, терең меңгертуге бағыттайды. Американдық ғалым Б.Блумның «Толық меңгерту теориясы» негізінде:
-тапсырманың мазмұны мен орындалу жолдарының қызғылықты болу;
-өткен материалмен салыстыра отырып, жаңа материалдың ерекшелігін ажырата алуға негізделуі;
-оқушның ойлау қаблетін жетілдіріп, (сөзжұмбақ, ребустар, жұмбақтар, логикалық есептер арқылы) ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын дәрежеге жеткізу;
-тапсырманың танымдығы-мұнда оқушының жан дүниесі байып, өмірге көзқарасы қалыптасып, дүниетанымы кеңейіп отыруы тиіс.
Мен өзімнің әр сабағымды үш кезеңге бөліп өткіземін.
Ой маржан (Ұйымдастыру кезеңі). Өткен сбақты қайталау, жинақтау, түйінде яғни жаңа сабақты өтер алдында оқушылар оның кілті бола алатындай тірек тапсырмаларын үйден орындап келеді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар өз бетімен ізденеді, оқулықпен жаңа қосымша әдебиетпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Бұл кезеңде оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, тақырыпты өз бетімен оқып үйрену алгоритмі беріледі. Оқушының оқулықпен жұмыс жасау барысында:
–танымдық әрекеті артады
-ізденімпаздыққа үйренеді
-өзіне сенім артып тұлға ретінде дамиды
-оқулықты міндетті түрде оқиды
3. Оқушылармен кері байланыс. Алғашқы алған білімін тексеру арқылы біліктілік дағдысын тереңдетіп, дамыту кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Ал деңгейлік тапсырмаларды екі топқа бөлемін:
1) Тек тақырып бойынша құрылған тестер
2)математикалық диктант
Мемлекеттік стандартпен басталған бірінші деңгейдегі тапсырмаларбірте-бірте күрделене береді. Деңгейлік тапсырмалар арнасын кең ашуға оқушының ойлау қабілетін үйренушілік деңгейден шығармашылық деңгейге дейін бағытталып құрылған.
1-деңгей. Сыныптағы барлық оқушылар өз бетімен жазбаша жауап береді. Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпта кездескен. Жаңа ұғымдар терминдер анықтамаларды жатқа айту және А тобының есебін шығару. Бағалау рейтингі 5 ұпай ол «3» деген бағаны білдіреді.
2-деңгей. Бұл тапсырмалар оқушылардың бірінші деңгейден біліміне негізделіп құрылады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі «4» деген бағаға сәйкес келеді.
3-деңгей. Бұл эвристикалық деңгей борлғандықтан оқушыға жаңа тақырып бойынша негізгі ойын қорытып өз бетінше орындай алатындай тапсырма беріледі. Дұрыс жауап берген оқушы бұрынғы 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып 30 ұпай алады. Бұл деңгей бойынша оқушы «5» деген баға алады. Үш деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушы үйге шығармашылық тапсырма алады. Мұндай оқушылар олимпиадаға дарынды оқушы болып саналады. Сонымен біріктірілген екі сыныптың оқушылары бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалдарды әр түрлі деңгейде игере алуы деңгейлеп саралау деп аталады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушыларға ешбір қысым көрсетілмейді. Әр оқушы өз еңбегін өзі бағалайды. Тапсырмалардың 3-4 деңгейге бөлініп берілуі үй тапсырмасын жақсы орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда профессор Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» бойынша жұмыс жасап келемін.Әрине алғашқы уақытта оқушыларға да, өзіме де технология әдістерін, элементтерін, ережелер мен міндеттерін бірден игеріп кету қиынға түсті. Сондықтан оқушылармен ұйымдастыру кезеңіне көп жұмыс жүргіздім. Яғни технологияның ерекшеліктерін үйретіп, 1,2,3 бөліну ерекшелігін деңгейлерді бағалау жолы қарастырылды. Аталған технологиямен жұмыс жүргізгенде сабаққа қатынаспай, шетте қалатын оқушы болмайды. Әр деңгейдегі оқушы өз деңгейлерінің берілген тапсырмаларын орындап, келесі деңгейге көтеріліп, сол деңгейдің тапсырмаларын орындауға тырысады, талпынады. Өзін өзге оқушымен салыстырып, маған неге сол деңгейдің тапсырмасын орындамасқа? Деген сұраққа жауап іздейді. Содан кейін оқушыларда алға қарай ұмтылыс қасиеті пайда болады.
Математика пәні бойынша оқушыларым деңгейлік тапсырмалар жүйесін орындауды үйренді, оларға өзін-өзі бағалау парағы жеке-жеке беріледі. Оқушылар бір сабақта әр түрлі формада жұмыс жасайды:жеке, жұптық, топтық. Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясында оқыту мазмұны мен формасының жаңалануы нәтижесінде әр оқушының білімі нақтыланып, ынтасы іскерлігі дамиды және оқушылардың білім сапасы көтеріледі. Бұл технология оқушының өз-өзіне деген сенімін нығайтады. Өз бетінше білім алу, іздену дағдыларын қалыптастырады. Оқушының тұлғалық қасиеттерін дамытыды. Осы технология пайдаланғаннан кейін оқушыларымның білім сапалары тоқсан сайын көтеріліп отырды. Біріктірілген сыныптардағы білім сапасының мониторингі:
Оқу жылы
сыныбы
Оқушы саны
«5»
«4»
«3»
«2»
үлгірім
сапа
2011-212
5,6
14
3
2
9
0
100%
36%
2012-2013
6,7
16
4
3
9
0
100%
44%
2013-2014
7,8
15
4
3
8
0
100%
47%
Дәстүрлі оқыту- меңгерудің репродуктивтік және алгоритмдік деңгейлерді ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар жеткілікті дәрежеде меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктігі қалыптаспайды. Бұл технологияның көмегімен меңгерудің эвристикалықжәне шығармашылық деңгейлерге жетуге болады.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы-мен ұмытып қаламын; маған көрсетші-менің есімде қалады; өзіме істеші-мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Визуалды және аудио ақпараттар оқушыларға ең жақсы нәтижелерді береді. Қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулер: адам ауызша берілген ақпараттың 15% және көрген ақпараттың 25% есте сақтайтынын көрсетті. Егер осы ақпаратты берудің екі әдісі бірге олданылса, ол осы ақпараттың 65% дейін қабылдай алады екен.
Мен қазіргі таңда математиканы оқытуда оқуылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану қажет деп санаймын. ХХІ ғасырда компьютердің ролі үлкен, ол математика ғылымын барынша қолжетімді етіп береді. Нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылықтары арта түседі. Мен өзімнің іс-тәжірибемде сабақтардың тиімділігін арттыру мақсатында негізгі ақпараттық мүмкіндіктерді қолданамын:
Стандартты бағдарламалар:Micrоsoft Offise Word, Micrоsoft Offise Excel, калкулятор.
Мысалы, 5 сыныптың «Дөңгелек диаграмма» тақырыбында Micrоsoft Offise Excel бағдарламасының «Мастер диаграмм» көмегін қолдануға болады.
Шағын жинақталған мектептің біріктірілген сыныптарында аталған технолгиямен жұмыс жасау қолайлы. Екі сыныппен бір уақытта деңгейлік тапсырмаларды орындап оқушыларды бағалауға болады. Біріктірлген сыныппен жұмыс жасағанда бір сынып тест тапсырмасымен жұмыс жасап жатса екінші сынып тақтада жұмыс жасайды. Екі сыныпта мұғалім назарынан тыс қалмайды. Біріктірлген сыныптың өзінше тиімді жақтарының бірі мысалы, 5,6 сынып бірігіп оқытылса, 6 сынып 5 сынып материалын еске түсіріп қайталап отырады. Оқушылардың есте сақтап жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызады. Біріктірілген 6,7 сыныптармен жүргізілген математика, алгебра сабағымның әзірлемесінің үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: Қайталауға есептер шығару.
Сабақтың түрі: Сыйлықтар еліне саяхат пысықтау бекіту сабағы.
Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
Тәрбиелік: оқушыларды бірін-бірі сыйлай білуге, өз ойларын жолдастарымен бөлісуге, топпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыз сыйлықтар еліне саяхат сабағы. Сыйлықтар ол сендердің бүгінгі сабақта алған бағаларың болады. Саяхатқа шығу үшін жолға дайындаламыз. Жолға дайындалу үшін тапсырмаларды орындаймыз.
І бөлім.І. Жолға дайындалу. Ой шақыру. Үй тапсырмасын тексеру (тест, сұрақ жауап) 6 сынып №1040 (1;2;3) 236 бет. 7 сынып №260 (1,2,3) 96 бет.
6 сынып-тест.
1. Екі теріс санның көбейтіндісі
А) оң В) теріс С) нөл Д) 1 Е) жоқ
2. Алгебралық өрнектің мәні деп...
А)алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды
В) алгебралық өрнекті
С) алгебралық қосындыны
Д) алгебралық бөлікті
Е) алгебралық көбейтіндіні
3. Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда...
А) жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбасын сақтайды
В) таңбасы қарама қарсыға өзгереді
С) таңбасы өзгермейді
Д) қосылады
Е) азайтылады
4. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны қалай ашамыз.а-(в-с+д)
А) а-в+с-д
В) а+в+с+д
С) а-в-с-д
Д) –а+в-с-д
Е) а-в-с+д
5. Есепте: (-56)+ 36
А) -20
В) 20
С) 92
Д)-92
Е) жауабы жоқ
6. Есепте: 5а-9а+4а-11а
А) -11а
В) 11а
С) а
Д) 0
Е) 22а
7. Өрнектің мәнін тап: 6а+4в мұндағы а =1, в =2
А)14
В)12
С) 10
Д) 10а
Е) 10в
8. Теңдеуді шеш:2,3х = 9,2
А) х =4
В) х =2
С) х =3
Д) х = 1
Е)х=0
9. Санды теңсіздіктер неше түрге бөлінеді?
А) қатаң, қатаң емес
В) қатаң, оң, теріс
С) оң, теріс
Д) қатң емес, үлкен
Е) кіші немесе тең
10. 8-ден «+» шексіздікке дейін қатаң емес теңсіздік шешімі
А) х -үлкен немесе тең 8-ге.
В) х-кіші шемесе тең 8ге.
С) х-кіші 8-ден.
Д) х-үлкен 8-ден
Е) х тең 8-ге
6 сынып тест жауаптары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
А
А
А
А
А
А
А
А
А
Пысықтау сұрақтары: 6-сынып
1. Сан аралығының түрлері: (интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)
2. интервал сан аралығы дегенімз не?(Интервал екеуіде ашық дөңгелек) 2
3. Кесінді сан аралығы дегеніміз не? (кесінді екуіде боялған дөңгелек) -4≤х≤3 [-4;3]
4. Жартылай интервал сан аралығы дегенімз не?( жартылай интервал біреуі боялған, біреуі ашық дөңгелек) -2≤х
5. Сәуле сан аралығына мысал келтір. х≥ 8 [ 8; +шексіздік)
сәуле бір жағы боялған бір дөңгелек,
6. ашық сәуле сан аралығына мысал келтір. (боялмаған дөңгелек ашық сәуле) х
(-шексіздік; 5)
7 сынып тест.
1. Екі өрнектің квадратының айырымы...
А) олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісі
В) олардың квадраттарының қосындысы
С) олардың айырымының көбейтіндісі
2.Рационал өрнектер дегеніміз...
А) бүтін және бөлшек өрнектер
В) бүтін бөлшек
С) ондық бөлшек
3. Көбейткішке жікте: 4а2-9
А) (2а-3)(2а+в)
В) (2а-3)2
С) 2(3а)2
4. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу үшін..
А) ортақ бөлімін табу
В) ортақ еселігін табу
С) ортақ бөлгішін табу
5. Бөлшекті қысқартудың негізгі қасиеті
А) алымында бөлімінде бірдей санға бөлу
В) алымында бөлімінде бірдей санға азайту
С) алымында бөлімінде бірдей санға қосу
6. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
А) екі қосылғышта бар ортақ сан
В) екеуінің қосындысы
С) екеуінің айырымы
7. Теңдеуді шеш: 81х2-9=0
А) 1/3
В) 3/9
С) 9
8. Есепте: 53-23
А)107
В) 105
С) 9
9.Бірм үшенің квадраты түрінде жаз: 225а6в4
А)(15а3в2)2
В) (5ав)2
С) (15а2в3)2
10. а2-...+в2
А) 2ав
В) ав
С) -2ав
7 сынып тест жауаптары:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
А
А
А
А
А
А
А
А
А
А
7 сынып .Пысықтау сұрақтары:
Рационал өрнек дегеніміз не? (бүтін және бөлшек өрнектер)
Рационал бөлшектерді қысқартуда қай формулалар қолданылады?(қысқаша көбейту формуласы)
Бөлімдері әр түрлі рационал бөлшекті қосу және азайту қалай орындалады.
(1. мүмкін болса бөлімін көбейткішке жіктейміз.2. ортақ бөлімін табамыз. 3. әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін табамыз.4. алымын толықтауыш көбейткішке көбейте отырып ортақ бөлімге келтіреміз.5. бөлімі бірдей қосуды немесе алу орындаймыз.)
Сабақтың ІІ бөлімі. (Деңгейлік тапсырмалар) Билет алу. Вагондарға отыру.
«Жалпы вагон» А тобының есептері. «Жұмсақ вагон» В тобының есептері. «Жеке бөлмелі вагон» С тобының есептері.
1.Жалпы вагон есептері: 6 сынып.
1. Теңсіздікті мүшелеп қос: 5
2. теңсіздікті шеш: 5х
3. Теңсіздікті шешіп, шешімін сан аралығында көрсет: 3х≥-18
Жалпы вагон. 7сынып
Өрнектің мәнін тап: а-2/а, мұндағы а=1
Бөлшекті қысқарт: х2+ху/х2
Амалды орында. а+в/3х+3а-в/3х
Жұмсақ вагон есептері: 6 сынып
1. Мына қос теңсіздіктің шешімінің жиынын координаталық түзуде кескіндеп, сан
аралығын көрсет. -4,5≤х≤2 [-4,5;2]
2. Теңсіздікті шеш: 5у+9≤3-7у
7 сынып: жұмсақ вагон.
1. Теңдеуді шеш: 16с2-49=0
2.Өрнекті ықшамда: 2х-у/2х+у+у/4х+2у
Жеке бөлмелі вагон есептері 6 сынып
Теңсіздікті шеш:2(3х+1)-х≤3(х+4)
Теңсіздікті шеш: х/6+1/2х-1/3
7 сынып.
1. Азайтуды орында: 5/а(а-2)-а+3/а2-4
2. Азайтуды орында: а-в/ав-а3-в3/а3+в3
3. Өрнектің мәнін тап: 5д4-15д2/48д-16д3 мұндағы д=18
ІІІ. «Оқыптуған» аялдамасы. логикалық тапсырмалар.
1. 1 мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады? 110=1
2. Қыңырдың жасы.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан:
- Жасың нешеде? – деп сұрапты. Сонда ол:
Менің 3 жылдан кейінгі жасымда үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Шешуі: Қыңырдың қазіргі жасын -х десек, есеп шарты бойынша:
3(х+3) – 3(х-3) = 3х+9 – 3х + 9 =18
Тексеруі:
18+3=21;
18 – 3=15;
21 х 3 – 3 х 15 = 63 – 45 =18.
Жауабы: Қыңырдың жасы. 18-де
3. «миллион» сөзін таратушы ұлы ағартушы ұстаз кім? (Ы.Алтынсарин)
4. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма? (тең)
5. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
IV. «Білім қуған» аялдамасы.
тапсырмасы:құрамында сан есімі бар мақал-мәтел айтып, санды квадраттап мәнін айту.
1.Отыз тістен шыққан сөз
отыз рулы елге тарайды
2.Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні бар.
3. Қызға қырық үйден тыю.
4. Ер бала он бесте отау иесі.
5. Жігітке жеті өнер де аз.
Мұғалім сөзі: ал, балалар «Сыйлықтар» еліне келдік. Қонақ үйге орналасу үшін жұмбақтарды шешейік.
Үлкен, кіші сандарды сен
Ажыратқың келсе егер
Қандай таңба қояр едің
Кәне ойланып көр.
(теңсіздік)
Санау үшін малды, талды
Ертеден мұра болып қалды.
Көбейтіп, қосып, азайтып, бөлеміз.
Күнделікті ол санды
(натурал)
Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығыда бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда
(Рационал)
Қорытынды: 7 сынып: Рационал сандарды қосу және азайту қалай орындалады?
6 сынып: Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешкенде теңсіздік белгісі өзгереді қандай жағдайда?
Үйге тапсырма: №262 96 бет (7 сынып). (6 сынып) №1033 235 бет.
Бағалау:Бір қария жол жүріп келе жатып ,алдынан бір тас тиеген арбаны сүйреткен адамды кездестірді. Қария одан :Бір күн бойы не істедің?-деп сұрады. Ол: « күні бойы тас тасыдым»,- дейді. Екінші адамнан сұрады. Ол: «Өз жұмысымды адал істедім»-деді. Үшінші кездестірген адамынан сұрады. Ол: «Мешіт салуға көмектестім»- деді.
Бүгінгі сабақта өз еңбектеріңді қай жолаушыға теңер едіңдер?
І жолаушы –жасыл түс
ІІ жолаушы –қызыл
ІІІ жолаушы-көк
Қорыта келгенде бұл технология бойынша жұмыс жасаудың тиімді жақтары төмендегідей:
-Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дайындалады;
-Оқушының жеке қабілеті айқындалады;
-Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
-Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
-Әр бала өз деңгейіне,қабілетіне қарай бағаланады.;
-Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады;
-Бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды.
Сонымен шағын жинақталған мектептердегі оқыту сапасын арттыру үшін осындай инновациялық технологияларды қолданып, түрлендіре жүргізу мұғалім шеберлігінің көрінісі болып қала бермек.
Әдебиет:
Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы Астана 2006 ж
«Ауыл мектебі» журналы 2008 ж
«Шағын мектеп» журналы №8 2008ж
4. Ж.У.Кобдикова «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» нәтижеге бағытталған білім берудің тиімді механизмі.Алматы,2009ж.