kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дуaлды және модульдік оқыту жүйесін енгізу - зaман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аңдатпа: Мақaлада Қазақстан республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуaлды оқытуды ендіру мәселесі қаралады. Қазіргі қоғaмның дaмуында білім беру жүйесі маңызды орын алады, соның ішінде орта кәсіптік білім беру. Заманауи маман бәсекеге қабілетті және білім беру мекемесінде алған білімдерін қолдана білуі, өндірістің үздіксіз жаңарып отырған жағдайда жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін кәсіби ұтқыр болуы тиіс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дуaлды және модульдік оқыту жүйесін енгізу - зaман талабы»

Дуaлды және модульдік оқыту жүйесін енгізу - зaман талабы

Аңдатпа: Мақaлада Қазақстан республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуaлды оқытуды ендіру мәселесі қаралады. Қазіргі қоғaмның дaмуында білім беру жүйесі маңызды орын алады, соның ішінде орта кәсіптік білім беру. Заманауи маман бәсекеге қабілетті және білім беру мекемесінде алған білімдерін қолдана білуі, өндірістің үздіксіз жаңарып отырған жағдайда жылдам бейімделуге мүмкіндік беретін кәсіби ұтқыр болуы тиіс.

 

Кілттік сөздер: техникалық және кәсіптік білім беру, дуaлдық, дуалды оқыту жүйесі.

 

Білім – тек ғылымның іргетасы емес,  шетелдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы, оның білім жүйесінің дегейіне, даму бағытына байланысты. Білікті мамандар топтасқан ортада алынбайтын қамал, еңсерілмейтін биік жоқ. Халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірибелі, білімді, үлкен сыннан өткен кадрлардың қолында және бұл жүйені іске асырудың бірден – бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселесі іске асырылуда.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз  теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі – техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнындадағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Германияда кез келген кәсіпкер өзінің жұмысын өрістетіп отырған жұмысшыларының кәсіби біліктілігі биік болғанын қалайды. Білікті жұмыс күші бизнестің кез келген қоғамдық ортада бәсекеге төтеп беруіне жол ашатыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның дамып, ел экономикасының өрістеуіне әсер етеді. Мұндай  табысқа қол  жеткізудің басында дуалды жүйе тұрғанын айтуға тиіспіз. Германияда бұл жүйе іске асқалы немістің компаниялары дүнижүзін таңқалдырып келеді. Неміс ғажайыбының басты сыры білікті жұмыс күшінде. Қазіргі таңда дуалды жүйені Франция да өздерінің іс-тәжірибесіне енгізіп жатыр. Жалпы бұл жүйені қандайда бір шенеунік немесе мемлекеттік мекеме ойлап тапқан жоқ. Дуалды жүйе кәсіпкерлер мен оқу орындардың арасындағы қарым-қатынастың арқасында пайда болған тәсіл. Сондықтан бұл жүйе қазір өзінің құндылығымен Германияны былай қойып, көптеген елдердің назарын өзіне аударып отыр. Осы ретте дуалды жүйені Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет - Қазақстанның бірінші болып қолға алуын өте орынды.

Қазіргі таңда осы жүйе бойынша маман дайындауға ден қойған Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі бар болғаны 3 % құрап отыр. Ал тұтас елде бұл көрсеткіш 7,8 % деңгейінде. Бүгінде Германиядағы 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7 % болса, бұл көрсеткіш Грекияда — 45, Испанияда — 43, Францияда — 30, Италияда 28 % құрайды. Осыдан-ақ, бұл жүйенің жұмыссыздар мәселесін шешуде қаншалықты тиімді екенін байқауға болады.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орыналуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.

Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігіт уындайды.

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Дуалдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің –  өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

Дуалды білім беру жүйесін енгізу кезінде колледждердің қызмет саласы мен құзыреттілігіне мыналарды жатқызуға болады:

- оқу мекемесінің нормативтік – құқықтық, кадрлық, материалдық – техникалық базасына талдау жасау;

- әлеуметтік тапсырысты меңгеру және оқу мекемесінің қызметін еңбек нарығының сұраныстарына қайта бағдарлау;

- маркетингтік зерттеулер нәтижелері бойынша дуалды білім беру жүйесінің даму перспективаларын игеру;

- мамандар дайындауда жұмыс беруші – кәсіпорындармен құқықтық, қаржылық, оқу – әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттемелерін жасау;

- басқару механизмдерін бейімдеу және оқу – практикалық сабақтар мен өндірістік практиканы жүзеге асыру бойынша бірігіп жоспарла;

- еңбек нарығы жағдайларына оқу мекемесінің оқу – тәрбие, оқу – өндірістік қызметін үйлестіру және бейімдеу.

Мысалы, қазіргі таңда «KAZPLAST» ЖШС мекемесі және біздің колледж дуалды жүйе бойынша экспериментальды база болып тағайындалғаннан кейін, «Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу» мамандық бойынша, бірнеше жылдан бері бірлесе жұмыс жасап жүрген әлеуметтік серіктестік «KAZPLAST» ЖШС ұжымымен жұмыс, оқу бағдарламалары бекітіп, жоспар жасап дуалды оқыту ендірілген.

Мұнда оқу жылы 2 топ – 50 оқушы аталған жүйе бойынша оқуларын жүргізеді. 2 курстың ІІІ семестрінен бастап аптасына бір күн өндіріске барып, тәжірибелік жұмыстарын бастаған оқушылардың мамандыққа деген түсінігі артып, оқуларында жаңа бір серпіліс пайда болғандай әсер қалдыруда.
Оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша ІІ курстың ІІІ семестрінде оқушылар өндірісте тәжірибе сағаттарын өтеді. Семестр бойынша бұл тәжірибе 120 сағатқа жетеді. ІІ курста аптасына 2 күннен, жалпы 396 сағат өндірісте болады. Сонымен қатар, ІІ курста 4 апталық оқу тәжірибесі де өндірісте өткізіліп, ал 2 апталық оқу тәжірибесін колледж базасында өткізу жоспарланып отыр. ІІІ курста аптасына 3 күн – 504 сағат және жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі 360 сағат (10 апта) өндірісте өтеді. Жыл сайын бір техникалық мамандық бойынша әлеуметтік серіктестермен келіссөздер жүргізіліп, келісімшарт негізінде дуалды оқыту жүйесін колледж ұжымы одан әрі дамытуда.

Студенттер колледж тарапынан көлікпен және өндірістегі жетекшімен қамтамасыз етілсе, серіктестер тарапынан арнайы киіммен, түскі аспен қамтамасыз етіледі. Колледж оқушылары жайлы әлеуметтік серіктесіміз де жоғары бағасын беруде. Жоғары білімді, өндірістегі тәжірибелері мол білікті мамандар энергетика мен машина жасау салаларының даму бағыттары жөнінде дәріс беріп, таңдаған мамандықтарының қыр-сырын үйретіп, оқушылардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруда.

Сонымен, оқу үрдісіне дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы күтелетін нәтижелер:

- Теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;

- Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешемін табады;

- Оқу орыны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп отырады;

- Жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальді оқу жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады;

- Дуалды оқу жүйесімен оқыған оқушы белгілі құзыреттерді меңгерген кәсіби маман болып қалыптасады.

   Оқу үрдісіне дуалды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:

1. Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;

2. Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;

3. Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;

4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;

5. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;

6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;

7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;

8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;

9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;

10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.

Президент тапсырмасына сәйкес, оқытудың дуалды жүйесін енгізудің ұлттық моделін қалыптастыру мен мемлекет экономикасының инновациясына білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығына байланысты қолға алынған оқытудың дуалды жүйесін енгізу бойынша қанат қақты жобаның нәтижелі жүзеге асырылуына ықпал етіп, өнеркәсіп пен оқу орындарының арасындағы байланысты нығайта түсуге қосымша серпін береді.

Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Дуaлды және модульдік оқыту жүйесін енгізу - зaман талабы

Автор: Рахимова Нулифар Бахадировна

Дата: 10.11.2022

Номер свидетельства: 617085


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства