kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему: "О?ушыларды? ?зіндік санасын дамытуда рухани-адамгершілік т?рбиені? ма?ызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«О?ушыларды? ?зіндік санасын дамытуда

рухани-адамгершілік т?рбиені? ма?ызы»

(А.??нанбаев атында?ы №6 жалпы орта білім беретін мектептегі рухани-адамгершілік т?рбиені? ж?зеге асырылуы туралы есеп)

                «Біз бала т?рбиелеуде халы? т?жірибесіне с?йенеміз» деп Аристотель айт?андай, ?лтты? рухани ??ндылы?тарды са?тай отырып, ?лемдік ?ркениетті? даму к?шіне ілесу - білім беру мен т?рбие беру ісіні? негізгі міндеттеріні? бірі. Бізді? мектебіміз Орал Д?улет?ызыны? «Асыл м?ра» ба?дарламасы мен ?аза?стан Республикасыны? ?здіксіз білім беру т?жырымдамасын басшылы??а ал?анды?тан о?ушылар бойында рухани-адамгершілік ?асиеттер ?алыптастыру ?шін ж?йелі ж?мыстар ж?ргізілуде. ?лтты? т?рбие д?ст?рімізді? ар?ауы - ?айырымдылы?, кішіпейілділік, ізеттілік, инабаттылы?, ?лкенге ??рмет к?рсету, ар-?ятты са?тау секілді ?асиеттерді о?ушы бойына дарыту - ата-ана мен мектепті? ы?палдасты?ынан ай?ын к?рініс табады.

Рухани-адамгершілік т?рбиені? ма?саты: о?ушыларды? ?зіндік санасын дамыту?а жа?дай жасап, жеке т?л?аны? ?деп ?станымын, оны? ?о?ам ?міріні? нормалары мен д?ст?рлерімен келістірілетін моральдік ?асиеттерін ?алыптастыру.

Бастауыш сыныпта о?ушыларды? адамгершілік, досты?, жолдасты?, Отан туралы ??ымдары ?алыптасатынды?тан ?стаздарды, ?лкендерді, ата-аналарды ??рметтеуге, е?бек етуге, ізеттілік нормасын са?тау?а ?йренеді. Та?ылым са?аты, іскерлік ойын, ??гімелесу, т?сіндіру ар?ылы сынып жетекшілері  мектептегі, жан?яда?ы, ?о?амды? орындарда?ы баланы? мінез-??л?ыны? д?рыс ?алыптасуына жа?дай жасайды.

5-9 сынып о?ушылары ?зіні? м?мкіншіліктеріне сын к?зімен ?арамайды, кейде шешімділік пен шапша?ды?ты, табандылы? пен ?айсарлы?ты, жел?кпелік пен батылды?ты шатастыра береді. Сонды?тан сынып жетекшілері  б?л жаста?ы о?ушыларды? адамгершілік  дамуына пікір алмасу, д??гелек стол, ток-шоу, т?рбие са?аты, тренинг ар?ылы ?йымшылды?, т?ртіптілік, с?йіспеншілік, ?ам?орлы?, ??ндылы? та?ы бас?а ?асиеттерді сі?іреді.

10-11 сынып о?ушылары  маманды? та?дау?а ынталы болып, ?ділеттік, борыш, ?ят, адалды?, ерлік, намыс та?ы бас?а моральды? категориялар?а ерекше к??іл б?лгендіктен ?лкендермен ?арым-?атынас жасауды, ?зін-?зі т?рбиелеуді ?ажет етеді. Сонды?тан рухани-адамгершілік ?асиеттерді ?алыптастыруда интерактивті ?діс-т?сілдерді пайдалану, жа?даяттарды тал?ылау, сырласу, ке?ес беру, т?сіністік таныту ?зіндік сананы ?алыптастыру?а жа?дай ту?ызады. Жетілген мінез-??лы? ?ш н?рсені? - ж?ректі?, а?ылды? ж?не ?олды? бірлігі мен келісімі. Бала ?з ж?регін ты?дау?а ?йренсе, ж?регіні? айт?анын істейтін болса, ?мірден ?з орнын табады. О?ушылар арасында «Мен ж?не руханилы?», «Мені? ізгі істерім», «Рухани ?су жолдарым» атты тренингтерді психологтар ?ткізеді.

Белгілі ?алым, профессор Ш.Жан?білов ?зіні? «Саулы? к?здері» монографиясында:«Т?рбие дегеніміз - адам бойында?ы ата-баба тегінен, ?кесі мен анасы ар?ылы келе жат?ан шежірелік а?параттарды баптау» деп жазады.  Сонды?тан  о?ушылар?а рухани-адамгершілік т?рбие беру жолдары бойынша ата-аналарды? білімін к?теретін іс-шараларды ?йымдастыруда сынып ата-аналар ке?есі мен «Отбасы» клубыны? р?лі зор. Себебі, отбасы - б?л т?рбиені? бір б?лігі бол?анды?тан  ата-аналар баласыны? к?нделікті ?мірі мен ісіне басшылы? етеді, оларды рухани ж?не е?бек д?ст?рі рухында т?рбиелейді. Осыларды? барлы?ы баланы? жан д?ниесіні? ?алыптасуына мол ?сер етеді. Бала т?рбиесінде ата-аналарымыз ?лтты? т?лім-т?рбиеге ж?гінсе, адамгершілік, кішіпейілділік, инабаттылы?, имандылы?, ?стамдылы?, ой-?рісті? ал?ырлы?ы биік сатыдан к?рінеді. ?азан  айында  ?ткізілген  жалпы ата-аналар жиналысында о?ушыларды? психо-физиологиялы? ерекшеліктері жайлы психолог маман  Диас Еркін?лы, ?ыз бала мен ер бала т?рбиесі жайында Би?атша Садырбаева, рухани-адамгершілік т?рбие, имандылы? ?дебі туралы наиб имам Арлан Бауыржан?лы, ???ы?ты? жауапкершілік жайында Берік Ж?махан?лы ата-аналармен ой б?лісті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему: "О?ушыларды? ?зіндік санасын дамытуда рухани-адамгершілік т?рбиені? ма?ызы"»

«Оқушылардың өзіндік санасын дамытуда

рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызы»


(А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептегі рухани-адамгершілік тәрбиенің жүзеге асырылуы туралы есеп)


«Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз» деп Аристотель айтқандай, ұлттық рухани құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік өркениеттің даму көшіне ілесу - білім беру мен тәрбие беру ісінің негізгі міндеттерінің бірі. Біздің мектебіміз Орал Дәулетқызының «Асыл мұра» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тұжырымдамасын басшылыққа алғандықтан оқушылар бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық тәрбие дәстүріміздің арқауы - қайырымдылық, кішіпейілділік, ізеттілік, инабаттылық, үлкенге құрмет көрсету, ар-ұятты сақтау секілді қасиеттерді оқушы бойына дарыту - ата-ана мен мектептің ықпалдастығынан айқын көрініс табады.

Рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсаты: оқушылардың өзіндік санасын дамытуға жағдай жасап, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін қалыптастыру.

Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік, достық, жолдастық, Отан туралы ұғымдары қалыптасатындықтан ұстаздарды, үлкендерді, ата-аналарды құрметтеуге, еңбек етуге, ізеттілік нормасын сақтауға үйренеді. Тағылым сағаты, іскерлік ойын, әңгімелесу, түсіндіру арқылы сынып жетекшілері мектептегі, жанұядағы, қоғамдық орындардағы баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды.

5-9 сынып оқушылары өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамайды, кейде шешімділік пен шапшаңдықты, табандылық пен қайсарлықты, желөкпелік пен батылдықты шатастыра береді. Сондықтан сынып жетекшілері бұл жастағы оқушылардың адамгершілік дамуына пікір алмасу, дөңгелек стол, ток-шоу, тәрбие сағаты, тренинг арқылы ұйымшылдық, тәртіптілік, сүйіспеншілік, қамқорлық, құндылық тағы басқа қасиеттерді сіңіреді.

10-11 сынып оқушылары мамандық таңдауға ынталы болып, әділеттік, борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс тағы басқа моральдық категорияларға ерекше көңіл бөлгендіктен үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану, жағдаяттарды талқылау, сырласу, кеңес беру, түсіністік таныту өзіндік сананы қалыптастыруға жағдай туғызады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің - жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Оқушылар арасында «Мен және руханилық», «Менің ізгі істерім», «Рухани өсу жолдарым» атты тренингтерді психологтар өткізеді.

Белгілі ғалым, профессор Ш.Жанәбілов өзінің «Саулық көздері» монографиясында:«Тәрбие дегеніміз - адам бойындағы ата-баба тегінен, әкесі мен анасы арқылы келе жатқан шежірелік ақпараттарды баптау» деп жазады. Сондықтан оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру жолдары бойынша ата-аналардың білімін көтеретін іс-шараларды ұйымдастыруда сынып ата-аналар кеңесі мен «Отбасы» клубының рөлі зор. Себебі, отбасы - бұл тәрбиенің бір бөлігі болғандықтан ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық етеді, оларды рухани және еңбек дәстүрі рухында тәрбиелейді. Осылардың барлығы баланың жан дүниесінің қалыптасуына мол әсер етеді. Бала тәрбиесінде ата-аналарымыз ұлттық тәлім-тәрбиеге жүгінсе, адамгершілік, кішіпейілділік, инабаттылық, имандылық, ұстамдылық, ой-өрістің алғырлығы биік сатыдан көрінеді. Қазан айында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында оқушылардың психо-физиологиялық ерекшеліктері жайлы психолог маман Диас Еркінұлы, қыз бала мен ер бала тәрбиесі жайында Биғатша Садырбаева, рухани-адамгершілік тәрбие, имандылық әдебі туралы наиб имам Арлан Бауыржанұлы, құқықтық жауапкершілік жайында Берік Жұмаханұлы ата-аналармен ой бөлісті.

Биылғы жылы «Отбасы тұлғаның әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру және дамыту факторы ретінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция республика көлемінде аталып өтті. Осы конференцияcының «Рухани-адамгершілік құндылықтар мен отбасылық дәстүрлер қазіргі отбасын дамытудың негізі» тақырыбындағы секция жұмысын ҚББ-нің әдіскерлері мектебімізде ұйымдастырды. А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің ата-аналар кеңесінің төрайымы Рысалды Бақытқызы Абдрахманова «Отбасы - бақыт мекені!» тақырыбында баяндама оқып, мектебіміздегі ата-аналармен бірлескен іс-шараларға тоқталып, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда мектеп кітапханасының мүмкіндігін пайдаланамыз. «Туған елім-Қазақстан», «Туған жер-тұғырың», «Атадан қалған асыл сөз» тақырыптарында кітап сөрелері оқушыларға таныстырылса, орта буын оқушылары үшін «Тәуелсіздік жолы-қасиетті жол» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылса, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген» тақырыбындағы әңгімеде Бердібек Соқпақбаев шығармалары арқылы рухани-адамгершілік тәрбие берілді. Қыркүйек айында №2 қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөліміне 1-5 сынып оқушылары саяхат жасаса, «Бір ел-бір кітап-2014» акциясы бойынша Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты шығармасына арналған конференцияға 8 «Б» сыныбының оқушылары қатысып, Маликова Диана мадақтама қағазымен марапатталды.

Иман - жүректегі нұр, яғни имандылық - адамға бітетін көркем мінез. І жартыжылдық бойынша мешіт қызметкерлерімен кездесу 5 рет өткізіліп, оқушыларда биік адамшылық қасиеттің болуы насихатталды.

Рухани-адамгершілік тақырыбындағы кинолар, деректі фильмдер, бейнеүзіктер, электрондық оқулықтар қазақ әдебиеті, тарих сабақтарында тақырыпқа сай көрсетіліп, оқушыларға түсіндіріледі. «Жаушы», «Көшпенділер», «Заман-ай», «Қыз Жібек», «Батыр Баян», «Жаужүрек мың бала» т.б. руханилыққа үндеген туындылар арқылы тәрбиелеу маңызды. Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрға мектеп оқушылары арнайы кестеге сай саяхат жасайды. Қалалық деңгейде өткізілген «Абай оқулары» байқауында «Асыл сөзді іздесең...» номинациясы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Сыздықбаева Мерей бас жүлде (пән мұғалімі-Ибикенова Л.Қ.), «Құлақтан кіріп бойды алар...» номинациясы бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Хамзин Ералы І орын, «Сәулең болса кеудеңде...» номинациясы бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Сардаров Тұрсынбай ІІІ орын иеленді (пән мұғалімі- Бекенова С.Қ.).

«Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, адамгершілік тәрбиесінің қүрамдас бөлігі- ұлтжандылық, отаншылдық қасиеттер. «Қазақ тілі- елдігімнің кепілі» тақырыбында 4-сынып оқушылары дала өлкесі мұражайына саяхат жасаса, 7 «Г» сыныбы тіл мерекесіне байланысты кездесуге қатысты. І жартыжылдықта 1-6 сынып оқушылары өлкетану мұражайына саяхат жасап, ұлттық құндылықтарға көз жеткізді. Сынып жетекшілері мүмкіндігінше оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерінің берік орнауын қамтамасыз ету үшін олардың күнделікті өмірдегі кішігірім болса да игі іс-әрекетін жергілікті баспасөз беттерінде жариялап отырады. Мысалы, жақында ғана «Болашақ» мектеп комитеті мүшелерінен құрылған «Жалын» тимуршылар тобының мүшелері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері Абжан Тоқай мен Бушуев Владимир Николаевичпен кездесіп, алған әсерлерін «Арқалық хабары» газетіне жариялады.

Жасөспірімдер театрында өткізілген «Мәңгілік ел» форумына «Дебат» үйірмесінің мүшелері қатысып, Өмірбекова Ботакөз өз ойымен бөлісті. Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған қалалық іс-шарада 9-сыныптың оқушылары президент жайлы өлеңдерін оқыды. «Құпия сырлы өлке-Арқалық, өмір сүруге лайықты өлке» атты алғашқы туристік-өңірлік мектеп оқушылары мен жастардың слетіне қатысып, туған өлкенің құнды жәдігерлерін сақтауда зор үлес қосып ұйымдастыру жұмысына белсене қатысқан Сабырова Гүлсезім, Елтабаров Жанатбек, Хасенов Нұрсұлтан, Қуанышов Ислам секілді оқушыларымыз мақтау қағазымен марапатталды. 2 «В» сыныбының оқушылары Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!» тақырыбындағы қалалық мерекелік концертте өнер көрсетті.

   Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Осындай ұлылардың ғибратты сөздерін оқушы бойына сіңірудегі еңбектеріңіз жемісті, рухани дүниесі бай, адамгершілігі асқақ шәкірттеріңіз көп болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Карашинова Алмагуль Серикбаевна

Дата: 27.02.2016

Номер свидетельства: 299746


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства