kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдістемелік қызмет арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін арттыруды ұйымдастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

  ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдістемелік қызмет арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігін арттыруды ұйымдастыру»

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жалғасова Орынкүл Асанқызы, экономика ғылымдарының магистрі, «Жас өркен» колледжінің әдіскері


Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. Нәтиже дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Құзырлылық – ол терең білім. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзырлылыққа жету керек. Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. [1]

Осы ретте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымымен жұмыс жасайтын ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын әдістемелік кабинеттің белсенді, жақсы жоспарланған және ұйымдастырылған жұмысының маңызы зор.

Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

ТжКБ ұйымдарының әдістемелік қызметінің негізгі міндеттері:

  • Педагогтардың өз жұмыс практикасына енгізуі мақсатында оларды білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім және тәрбие беру технологиялары, озық отандық және шетелдік тәжірибе, психология және педагогика ғылымдарының жетістіктері туралы жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету.

  • Диагностика негізінде педагогикалық қызметті жүйелі, жан-жақты зерделеу және талдау,

  • Бітірушілерді даярлау сапасын бағалаудың кешенді жүйесін қалыптастыру;

  • Барлық оқу сабақтарының әдістемесін жетілдіру, өткізу тиімділігін арттыру;

  • Оқытылатын пән саласындағы білімдерді жаңарту және жетілдіру;

  • Ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жай-күйіне, педагогика, психология талаптарына жауап беретін пәндер бойынша оқу құралдары мен басқа да оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және басып шығару;

  • Педагогтың шығармашылық әлеуетін арттыру, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіптік шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру;

  • Педагогтарды аттестаттауды ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • Студенттердің шығармашылық және өздік жұмысын жетілдіру т.с.с.[2]

Оқу-әдістемелік жұмыс колледж жұмысының барлық жүйесін тұтастандырады және оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, олардың кәсіби деңгейін көтерудің маңызды құралы болып табылады, оқытушылардың уақытша шығармашылық топтарға, аттестаттауға, шығармашылық есеп беруді өткізуге қатысу арқылы өздік білім алумен айналысу қажеттілігін қалыптастырады.

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалімнің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді үрдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

Осы бағытта «Жас өркен» колледжінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Колледжде оқу-әдістемелік жұмыстың бағытын анықтайтын, пәндік-циклдық комиссия жұмысын үйлестіретін оқу-әдістемелік кеңес құрылған. 3 пәндік-циклдық комиссия жұмыс жасайды: техникалық, гуманитарлық және жаратылыстану. Колледждің ғылыми-оқу әдістемелік  жұмыстары жыл басында бекітілген жоспарға  сәйкес “Өндірістік және педагогикалық технологиялар – инженер-педагог қызметкерлердің кәсіби құзырлылығын арттыру қызметінде” тақырыбында  жүргізілуде.

Педагогтардың өзіндік білім алу арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруі, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін көтеруді меңгеру арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіру оқу-әдістемелік қызметінің ерекшелігі болып табылады.

Колледж басшылығы мен оқытушылары Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, «Сумен қамтамасыз ету және су ағызу жүйелерінің тазалау құрылыстары» мамандығына үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларын, тест тапсырмалары мен типтік оқу бағдарламаларын, «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандықтарына тесттік тапсырмалар жинағын әзірледі.

2016 жылы колледж директоры Исаев М.М., және Рүстемов И.А., Хибашева А.Б., Сарсенбаев Б.А. бірлескен авторлығымен «Құрылыс материалдарының сапасын бақылау» атты оқу құралы жарық көрді.

«Жас өркен» колледжі 2015-2016 оқу жылында «Кәсіптік білім және әріптестер сұхбаты» облыстық форумы аясында өткізілген «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны - 2015» байқауында бір жылдық жұмысының нәтижесі бойынша ІІІ орын иеленді.

«Педагогикалық кәсіби шеберлік – ізденісті көп қажет етеді» атты республикалық жинаққа колледжіміздің директоры М.М.Исаев бастаған жоғары санатты бірқатар оқытушыларымыздың кәсіби жетістіктері жайлы мәліметтер енді.

Колледжімізде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының, техникалық және кәсіптік оқу орындарының ұйымдастыруымен өткізілген түрлі сайыстар мен олимпиадалар, конференцияларда оқушыларымыз жетістіктерге жетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Колледжіміздің жетістіктерге жетуіне ықпал етіп, оқу-әдістемелік қызметінің алдына қойған мақсаттарын жүйелі орындауда ұжым еңбегінің маңызы зор.

Колледжде барлығы 36 педагог қызметкерлер бар. Олардың 7 (19,4 - % -ы)  жоғары,  13 (36,1 - % -ы) бірінші, 11 (30,5  - % -ы) екінші санатты және 5 (13,8- % ы) санаты жоқ.  Жоғары және бірінші санатты оқытушылар үлесі – 55,4 %.

Педагогикалық қызметкерлердің жыл сайын аттестаттаудан өтуі де әдістемелік жұмыстың көмегімен өткізіледі. Соңғы 3 жыл ішінде 29 оқытушы аттестатталды.

Әдістемелік және ұйымдастырушылық–ақпараттық қолдау колледжішілік байқауларға да ие. Әрбір оқу жылында «Жас маман», «Үздік оқытушы», «Үздік портфолио» т.б. байқаулары ұйымдастырылып, өткізілуде. Оқушылармен әңгімелесу, сабағына қатысу, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы әдістемелік көмек көрсетіліп, жеке жұмыстар іске асырылады. Дәстүрлі отырыстармен қатар пәндік-циклдық комиссия жоспарына сәйкес әр бірлестікте жылына екі реттен тақырыптық апталықтарда ашық сабақтар, сайыс сабақтар, семинар, дөңгелек үстелдер, тренингтер т.с.с. өткізілді.

Педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру бойынша жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі:

  1. Өзіндік білім алуға арналған әдістемелік тақырыпты таңдау, нормативтік құжаттарды зерделеу, әдістемелік басылымдар материалдарын қолдану, ашық сабақтар өткізу, өзара тәжірибе алмасу;

  2. Теориялық сабақтар, семинарлар, конференциялар т.с.с.,

  3. Пән бірлестігі жұмысына атсалысу, қатысу;

  4. Республикалық және облыстық деңгейде білім беру мамандарының біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау институттары мен оқу орталықтарында біліктілік арттыру курстарынан өту.

Колледж оқытушылары жыл сайын біліктілік арттыру курстарында, семинарларда, тренингтерде өз біліктіліктерін жетілдіреді. Мәселен, 2014-2015 оқу жылында 40 оқытушы, 2015-2016 оқу жылында 25 оқытушы түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі біліктілік арттыру курстарынан өтті. Колледж педагогтары педагогикалық, шығармашылық еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болған.

Қорытындылай келе, мамандарды даярлау сапасы тікелей оқытушының кәсіби құзыреттілігіне, біліктілік пен кәсіби тәжірибе негізінде қалыптасатын қабілеті мен дайындығында көрсетілетін тұлғаның сипатына байланысты деуге болады. Колледждің педагогикалық ұжымы үздік дәстүрлерді сақтай отырып, бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлаудың жаңа нысандары мен жолдарын іздейді, оқу үрдісінің сапасын көтеруге бағытталған белсенді жұмыс жасайды. Сонымен қатар білім алушылардың кәсіби дайындығының сапасын, дамуын, білімін және тәрбиелік деңгейін көтеруге үлкен ықпал жасайтын оқу-әдістемелік жұмысының үнемі дамып жетілуі қажет деп санаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Абдықалықов Қ. Инновациялық педагогикалық технология: оқытудың кредиттік технологиясы. Әдістемелік құрал. Қарағанды, 2012.

  2. Колледжде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Әдістемелік нұсқау. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Астана.2015.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жалгасова Орынкул Асанкызы

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414999


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства