Метеп ?мірі басталысымен ?ызу да ?арбалас тірлік басталады. Сол кезде е? алдымен ж?мыс?а жылды? жоспар ??руданбастаймыз. Жоспарсыз еш?андай тірлікті? бітпесі аны?. ?тілетін ?рбір іс-шара ?р баланы? ?міріне, к?з?арасына, жан –д?ниесіне жа?а серпіліс ?келетіндей,естен кетпес мол ?сер сыйлай алатындай етіп ?тілсе, тиімді жоспар ??ра білгені?.
Мектептегі ?р бала ?з алдына бір ?лем. Оларды? бойына адамгершілігі жо?ары, ?леуметтік ?мірге бейім, ?зін –?зі т?рбиелей алатын т?л?а ?алыптасру мені? басты ма?сатым. А.С.Макаренко: «?зін-?зі т?рбиелеуді ту?ызатын т?рбие ?ана на?ыз т?рбие»- деп бекер айтпаса керек.
?азіргідей жа?ару кезе?інде мектепті? н?тижесі о?ушыларды? білімімен ?ана ?лшенбейді,баланы? психологиялы? дамуы, дене мен ой е?бегіні? ерекшелігі,интеллектуалды? даму ерекшелігін ?оса ?амтиды. Сонды?тан да басты назар – тиімді берілген т?рбиеде.Ал т?рбиені? жолы сан тарау.
Баланы? бойына берілетін ?адыр –?асиет анасыны? ??рса?ынан бастап дамитынын ескерсек, т?рбиені? негізі де тере?нен,я?ни ал?аш?ы д?ниеге келген к?ннен бастап берілуі шарт. Т?рбиені? ба?ыт ба?дары ?те к?п, соны? ішінде баланы? жанына жа?ын, н?тижесі к?рінетін басты ба?ыттарды аны?тауымыз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Болаша?ты? та?дыры ?стаз ?олында »
«Болашақтың тағдыры ұстаз қолында»
Ұстазбын мен қияға қанат сермеген
Арманымды әсем оймен тербеген
Толағайдай табыстарға жетем деп
Мақсатымды өрге сүйреп келем мен.
Метеп өмірі басталысымен қызу да қарбалас тірлік басталады. Сол кезде ең алдымен жұмысқа жылдық жоспар құруданбастаймыз. Жоспарсыз ешқандай тірліктің бітпесі анық . Өтілетін әрбір іс-шара әр баланың өміріне , көзқарасына , жан –дүниесіне жаңа серпіліс әкелетіндей ,естен кетпес мол әсер сыйлай алатындай етіп өтілсе , тиімді жоспар құра білгенің.
Мектептегі әр бала өз алдына бір әлем . Олардың бойына адамгершілігі жоғары , әлеуметтік өмірге бейім, өзін –өзі тәрбиелей алатын тұлға қалыптасру менің басты мақсатым. А.С.Макаренко: «Өзін-өзі тәрбиелеуді туғызатын тәрбие ғана нағыз тәрбие»- деп бекер айтпаса керек.
Қазіргідей жаңару кезеңінде мектептің нәтижесі оқушылардың білімімен ғана өлшенбейді ,баланың психологиялық дамуы, дене мен ой еңбегінің ерекшелігі ,интеллектуалдық даму ерекшелігін қоса қамтиды . Сондықтан да басты назар – тиімді берілген тәрбиеде.Ал тәрбиенің жолы сан тарау.
Баланың бойына берілетін қадыр –қасиет анасының құрсағынан бастап дамитынын ескерсек , тәрбиенің негізі де тереңнен ,яғни алғашқы дүниеге келген күннен бастап берілуі шарт. Тәрбиенің бағыт бағдары өте көп , соның ішінде баланың жанына жақын , нәтижесі көрінетін басты бағыттарды анықтауымыз керек.
Балалар мен жас өспірімдердің бойындағы қабілеттерін анықтап ,одан әрмен дамыту мақсатында ,азаматтық құндылығы жоғары құқықтық- саяси тәрбие беру барысында , конституция күні , Республика мерекесі , Тәуелсіздік күндерін атап өту , жиналыстар мен кездесулер өз нәтижелерін бермек.
Иә , қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Кез келген
халық , өзінің өткен тарихын , жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа , Отансүйгіштікке ,шышшылдыққа баулып, тәрбиелеп отырған.
Тәрбие жүйесінде , жеке адамның ,соның ішінде жас ұрпақтың жақсы қасиеттер дамытуда қоғамныңалатын орны ерекше. Десек те, «Отан отбасынан басталады» - дегендей баланыңжеке тұлға болыпқалыптасуына ықпал ететін бірінші фактор ол – отбасы.
Ата-аналардың болашақ тәрбиесә үшін жауапкершілігі ұрпаұтан –ұрпаққа жалғасуда. Балапан ұяда не корсе , ұшқанда соны іледі дегендей , ата –ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер не айтса , соны айтатынын , не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені ,жақындарынан естігені ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені ,демек жақсылыққа ұмтылып , жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісі мен берер тәлімі мол болмақ , жасөспірім тәлім-тәрбиені ,адамгершілік қасиеттерді үлкендерден , мұғалімдерден ,насихат жолынан емес тек шынайы көру , сезіну арқылы ғана алады.
Отбасынан кейінгі үлкен тәрбие орталығы - мектеп. Адам жанының бағбаншысы – ұстаздар қауымы. Олардың атқарар қызметі мен алға қойған міндеттерінің ауыр жүгі ата –ана міндетінен көп болмаса аз емес. Бала оқыту арқылы оның білімді де өнерлі ,тәрбиелі ,тәлімді болуын қадағалай отырып, бүкіл бір елдің болашағын тәрбиелеу деген сөз. Ал ол оңай мәндет емес.
Білімнің басымдығы қоғам дамуының шынайы заңдылығына айналмайынша , проблемалар тасқынын шешу қиын, іс-жүзінде мүмкін емес. Ал білім берудің алтын діңгегі мектеп болмақ. Мектеп бүкіл халықтың ұлылығы мен ұсынысын , ары мен барын , табысы мен намысын пір тұтар алтын қазық. Ұлттық мектептің негізін қалыптастыратын басты шарты ол тәрбиенің ұлттық бағдарламасын жасау. Бала тәрбиесі өте күрделі процесс. Тәрбиенің үш сатысы бар.
Отбасы
Балабақша
Мектеп
Отбасынан жақсы бастау алған тәрбие , сатысында-ақбүр жарады.Сондықтанда бастауыш сыныпқа келген оқушыны дайындау әлдеқайда күрделі қиын. Бастауыш сыныпқа келген оқушы жаңа отырғызылған жас шыбық сияқты . Оныңжайқалып өсіп өнуіне барлық жағдай жасайтын бағбаншы бастауыш сынып мұғалімдеріне түсер салмақ та басым болмақ. Жас шыбықтың тамырын кеңге жайып , сымбатты да сұлу бәйтерекке айналуына оқу мен тәрбиенің басты тыңайтқыш екенін естен шығармау керек. Қзіргі ұлттық педагогика негізінде тәрбиенің жолдары өте көп.
Адамгершілігі жоғары инабатты да ибалы жас өрен өз жерін, Отанын сүйе білсе , елімізге қорған болар азамат қалыптастыра алсақ , дұрыс тәрбие берілгендігін көрсетеді.
Қолдарын көкірегіне қойып әнұранды орындап тұрып , желбіреген көк тудың асқақтығын сезінсе , сезініп тұрып , дербестіктің үлкен күреспен келгенін ұғынып тұрса , ұғына тұрып , елдігіміздің айбары мәңгі болғай деп тілеп тұрса , ұстаздың да ,ата-ананың да еңбегінің еш кетпегені. Себебі бірігіп еңбектенуіміз шарт. Тәрбие бір жақты емес жан-жақты берілгенде жемісті болмақ!
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» ,- деген болатын елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде , олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруда , әр мектеп ұстазының қасиетті борышы болып қала бермек.