kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мектепішілік жобалардың маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру ұйымдарында жүргізуге ұсынылатын Жобалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мектепішілік жобалардың маңызы»

Білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мектепішілік жобалардың маңызы


Муханова Диана Жанболатовна

Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары


Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік жұмыс ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі қызметі – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және диагностикалық, аналитикалық, ақпараттық іс-әрекетін дамыту. Осыған байланысты әдістемелік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да жыл өткен сайын жаңара түсуде.

Әдістемелік жұмыстың ең негізгі ерекшелігі – күнделікті педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланыста болу, сол негізде туындайтын мәселелерді тани білу және оны шешудің ұтымды жолдарын қарастыру. Яғни әдістемелік жұмыстағы негізгі бағыттар:

  • Мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жоспарлау (пән бойынша, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша курстарға жіберу);

  • озат іс-тәжірибені тарату (семинар, конференцияларға қатыстыру);

  • бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялауға бағыттау;

  • Пәндік олимпиадалар, түрлі танымдық сайыстарға қатыстыру;

  • Педагогтардың біліктілік санаттарын арттыру;

  • Қызмет нәтижелеріне аналитикалық, диагностикалық сараптама жасау (мониторингілеу).

Әдістемелік жұмысты бастаған сәтте әр бағыт бойынша көптеген мәліметтердің қажет екендігі, алайда ол ақпараттардың бөлек жинақталатыны, бума-бума папкалар, қағазбастылыққа тап болдым. «Бұл ақпараттар тек есептілік үшін ғана жинақталмау керек», «әр бағыт бойынша мәліметтерді бір жерде қалайша тоғыстыруға болады?» деген сұрақтар туындады. Шешімі ретінде, әрі қызмет нәтижелерін мониторингілеу үшін, мұғалімдер үшін де тиімді болатын мектепішілік ЖОБА енгізуді қажет екендігі айқын еді.

Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, әлеуметтік прогресс педогог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Сол педагог-маманның кәсіби білімі мен шеберлігін шыңдауға, оқу-тәрбие процесінің нәтижесін мониторингілеуге, білім беру ұйымы қызметкерлерінің шығармашылық құзіреттілігінің дамуын қалыптастыруда мектепішілік жобалар маңызды рөл атқарады.

Мектебімізде енгізілген нәтижелі жобалардың бірі «Мұғалімдер рейтингісі» жобасы. Ол 2015 жылдан бері үздіксіз жүзеге асырылуда.

“Рейтинг” – жеке адамның сапалық жетістігін бағалаудың сандық көрсеткішін білдіреді. “Нәтижелік рейтинг” жүйесін тек оқыту саласына ғана емес, оқушылар мен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кез келген саласына да, ұстаздармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарға да тиімді қолдануға болады.

Қазіргі жаңаша оқыту технологияларының басты артықшылығы болып есептелетін “санның сапаға, сапаның санға айналуы” бұл жүйеде де толық жүзеге асыруға болатын нәрсе. Дегенмен, мұғалім еңбегін рейтингілеу үшін қандай өлшемдерді негізге алу керектігі, оның мұғалім беделі мен жұмысқа деген ынтасына әсері ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданып, белгілі бір жүйелі пікір қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан біз мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне, ұстаз шеберлігіне атқарып жатқан жұмыстарына, қоғамдық белсенділігіне байланысты рейтингтік көрсеткіш ретінде әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын таңдап алдық. Бұл бағыттарды әр мектеп өзіне тиісінше мәліметтер бойынша өзгертіп қолдана алады.

Атқарылған жұмыстарды бағалау критерийіне деңгейіне қарай

  • Мектепішілік;

  • Аудандық;

  • Облыстық;

  • Республикалық;

  • Қашықтық деп бөлініп, әрбір бағыттың деңгейіне қарай ұпай берілді.

Мұғалімдерді рейтингілеу нәтижесінде аталған критерий бойынша қай бағыттың қандай деңгейде екендігін көруге болады. Яғни әр әдістемелік бағытқа мониторинг жасалады. Ол арқылы келер оқу жылында әдістемелік жұмысты жоспарлау кезінде қалыс қалып тұрған бағыттарды дамыту бойынша іс-шаралар қойылады. Рейтинг арқылы әр бағыт бойынша мектептің де, жекеленген оқытушылардың да жыл бойы атқарған жұмыс нәтижесін көруге болады.

Нәтижесінде сарапталған бағыттар бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған алғашқы және соңғы ондық құрамындағы мұғалімдер анықталды. Қазіргі таңда «Педагог мәртебесіндегі» міндеттердің бірі педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту болып табылады. Осы міндетті орындау мақсатында «Алғашқы ондық» «Үздік жиырмалыққа» енген ұстаздар мектептің кәсіподақ ұйымы, Қамқоршылық Кеңесі тарапынан марапатталып, мұғалімдерді ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар берілді. «Марапат мерейді өсіреді» демекші, кез келген мұғалім үшін еңбегінің еленіп, өз ұжымының алдында марапатталуы ең жоғары баға болып есептеледі.

Ал «Соңғы ондықта» тұрған мұғалімдер келесі оқу жылынада өз рейтингісін көтеру мақсатында жұмыстануға тартылады.

Мұғалімдерді рейтингілеу арқылы жинақталған мәліметті қайда қолданамыз?

  • Рейтингілеу бағыттары бойынша жұмыстың қарқынын анықтауда;

  • Әдістемелік жұмысқа МОНИТОРИНГ жүргізуде;

  • Жекеленген пән мұғалімдерінің әр бағыт бойынша жыл бойы атқарған жұмыс нәтижесін көруге;

  • Келесі оқу жылына әдістемелік жұмысты тиімді жоспарлауға;

  • Әдістемелік жұмысқа SWOT талдау жүргізуде.

Бұл ЖОБА бізге не берді?

  • шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді айқындаудың жолы;

  • Әдістемелік жұмысқа МОНИТОРИНГ жүргізуде қолданылатын мәліметтердің айқын көрінісі;

  • Мұғалімдердің еңбегін бағалаудың, ынталандырудың бірден-бір тәсілі;

  • Мектептің әдістемелік жұмыс бағыты: кемшіліктер мен жетістіктері;

  • Мұғалімдерді жетістікке жетуге ынталандырудың ерекше тәсілі.

Қазіргі таңда мектебімізде «Мұғалімдер рейтингісі» жобасының нәтижесінде жекеленген бағыттар бойынша олқылықтарды жою мақсатында мұғалімдерді дамытуға бағытталған «Білім экспресі», «Ізденіс. Нәтиже» жобалары, білім сапасын арттыруға бағытталған «Нәтижеге бағытталған сыныптар» жобасы жүзеге асырылуда.

«Білім негізі – бастауышта» демекші, сапалы білімнің негізгі іргетасы 1-сыныптан басталады. Педагогтардың кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру, өзін-өзі дамытуына ықпал жасау, кәсіби дағдыларын жетілдіру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру мақсатында 1-сынып мұғалімдеріне арналған «БІЛІМ ЭКСПРЕСІ» жобасы өткізілді.

Жоба барысында мұғалімдерге сабақ беретін пәндеріне қарай тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды пән мұғалімдерінен тұратын шығармашылық топ құрастырды. Шығармашылық топ құрамына мектебіміздің жоғарғы санатты, педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдері енді. Әр кезең соңында мұғалімдерге қорытындылар (әр мұғалімнің жеке өзіне) жіберіліп отырады.

Жоба 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде тапсырмалар түрлендіріліп берілді. І кезең – тест сұрақтары (мамандығына сәйкес);

ІІ кезең – пән бойынша тапсырмалар (теория, грамматика);

ІІІ кезең – Эссе (жазылым);

ІV кезеңі – мәтінмен жұмыс (оқылым, жазылым);

V кезеңі – логикалық тапсырмалар.

Жобаға нәтижесінде жалпы ұпайдың 70% жинай алған мұғалімдер ЖҮЛДЕГЕР атанып, кәсіподақ ұйымының қолдауымен ЖҮЛДЕГЕР сертификаты мен бағалы сыйлық («Абайдың қара сөздері» және «Қазақ есімдерінің энцеклопедиясы» кітаптары) беріледі.

«Ізденіс. Нәтиже» жобасына өткен оқу жылының қорытындысы бойынша көрсеткіш деңгейі (білім сапасы, оқушы мен мұғалім жетістігінің көрсеткіші) төмен пәндерді жетілдіру мақсатында жылдық жоспарға енгізілген пән мұғалімдері қатысады. Ізденіс кезеңінде мұғалімдерге қажеттілігіне қарай оқыту-семинарлары ұйымдастырылады. Нәтиже кезеңінде оқыту-семинарларында берілген білімді жинақтау, тексеру мақсатында әр-түрлі форматта тапсырмалар орындап, барлық ұпайдың 70% жинаған мұғалімдер Жоба үздігі атанып, марапатталады.

Қорыта айтқанда, ұстаз еңбегін дұрыс бағалау мектеп және мұғалімге деген жұртшылық пен ата-аналардың көзқарасын өзгертіп қана қоймай, оның қоғамдағы орнын да айқандап береді.

Біздің халқымыз «Ұстаздық ету – талабы қашанда таусылмайтын, заманы ешқашан ескірмейтін кәсіп» деп санаған. Сондықтан кез келген мұғалім «Өмір бойы оқу, үйрену» қағидасын ұстанғаны жөн.

Қандай жоба болмасын барлығында бір мақсат – Сапалы білім беру. Еңбегіміз жемісті, мектебіміз табысты болсын.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Муханова Диана Жанболатовна

Дата: 23.02.2021

Номер свидетельства: 573939


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства