kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?а вожатыйлар?а ?дістемелік к?мек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп а?а вожатыйына арнал?ан ?дістемелік  ?сыныс

Ал?ыс?з

А?а Вожа?тый — балалар бірлестігімен  ж?мыс  ж?ргізетін  педагог.

      Орталы?та?ы балаларды? бас т?лімгерлері – ?йымдастырушы ?стаздар болып табылады. Бра? балалар оларды ерте кездердегідей жетекшілер – деп атайды. Вожатый – дегеніміз - ол ?зіні? со?ынан ергендерді ?ызы?ты ж?не танылма?ан ?ажайып ?лемге жетелеп апаратын бастаушы.

  А?а   Вожа?тый — осы с?зді? м?ні мен ма?ынасын т?сініп к?рі?іздеші. Ол жеті ?ріптен ??рыл?ан,ал жеті саны ?асиетті сан. Ертеден жеті саны ?асиеті ж?не киелі деп санал?ан: Аптада жеті к?н, Кемпір?оса?ты? т?сі жеті т?рлі, жеті нота, ?лемні? жеті кереметі ж?не т.б.

 Білім беру  ?йымдарында білімі беруді дамытуда?ы т?рбие  ж?мыстарыны? ж?зеге асырушы  т?л?аны?  бірі мектепті? а?а вожатыйы.

Біз ?мір с?ріп отыр?ан уа?ыт алды??ы тол?ынны? заманына м?лдем ??самайды. Бала болаша?ы оны? жа?а т?жырымдарды т?сінуі мен ?абылдай білуіне, д?рыс та?дау жасауына, б?кіл ?мір бойына ?згермелі жа?дайлар?а тез икемделе білу ?абілетіне байланысты болма?. Осы?ан байланысты м?ндай т?л?а?а ?ойылатын бірінші кезектегі на?ты талап: ойлылы?, салма?тылы?, белсенділік, ?леуметтік жауапкершілік, тере? білімділік, к?сіби сауаттылы? т.б. Б?л о?ушыны? бойында ?алыптасатын т?пкілікті ма?сат, міндеттерін ай?ындау?а тікелей м?рынды? болады.

?аза?ты? XX ?асырды? белгілі а?артушысы Ж.Аймауытов «?азіргі ?аза? мектебіне ?ажеттісі – тек білім беруші м??алім ?ана емес,.баланы ?мір с?руге ?йретуші ?стаз!»-деген еді. Б?л с?здерді? б?гінгі к?ні де м?ні ?те жо?ары. XXI ?асыр ?ылым мен білімні? ?арыштап дамы?ан ?асыры болады деп к?тілуде. Сонды?тан б?гінгі к?ні о?ушы?а  мектеп  ?ылым негіздерінен м?ліметтер беріп ?ана ?оймай, оны д?ниеж?зілік білім, а?парат, экономика ке?істігіне шы?у?а, ?ата? б?секе жа?дайында ?мір с?ріп, е?бек етуге дайындайды осы  орайда  балалар  ?йымымен ?оса ж?мыс  жасайтын А?а  вожатыйды?  ролі  зор.

А?а  вожатый:  О?ушыларды? бастамаларын, м?дделері мен ?ажеттіктерін ескере отырып, еріктілік, ?зін-?зі бас?арушылы?, адамгершілік ж?не демократизм принциптері бойынша балалар ?о?амды? ?йымдары, бірлестіктері ж?мыстарын ба?дарлау?а к?мектеседі, оларды? ?ызметін дамыту?а ы?пал етеді. Балалар            ?йымдары, бірлестіктері ?ызметіні? мазм?ны мен формаларын жа?арту?а ы?пал етеді, о?ушылар жас ерекшеліктері мен ?мір талаптарына с?йкес оларды? ?жымды? шы?армашылы? істер ?ызметін ?йымдастырады.О?ушыларды? ж?мыс істеп т?р?ан балалар мен жастар ?йымдары, бірлестіктері туралы ке?інен а?парат алу жа?дайын ?амтамасыз етеді.

0лар ж?ргізген ж?мыс та?ырыптары бойынша к?рнекі безендірулер ?йымдастырады ж?не о?ушыларды? азаматты? ж?не адамгершілік ?станымдарын к?рсетуге, ?з м?дделері мен талап-тілектерін ж?зеге асыру?а м?мкіндік беретін ?олайлы жа?дай жасайды, саба?тан бос уа?ыттарды оларды? дамуына пайдалы да, ?ызы?ты етіп ?ткізуге к?мектеседі.О?ушыларды? каникулды? демалыстарын ?йымдастырады. Балалар            ?йымдары, оларды? бірлестіктеріндегі бастауыш ?жымдары жетекшілерін (?йымдастырушыларын) іріктеу ж?не дайындау ж?мыстарын ж?ргізеді.

Шы?ысты? ??ламасы ?л-Фараби: "Жас жеткіншектері?ізді к?рсеті?із, мен сіздерді? болаша?тары?ызды айтып берейін" - деген. Адам ?мірге б?рі бірдей болып келеді, біра? та ?се бара оларды? та?дыры ?рт?рлі болып ?алыптасады. Ал жа?а ?сіп келе  жат?ан т?л?аны жетектеу мен ба?ыттауда?ы  ж?мыстарды ат?аруда  а?а вожатый?а  ж?ктелер  жауапкершілік те  мол. 

?сынып  отыр?ан  жина? а?а  вожатыйларды? ?з ж?мыстарын  ж?йелі ж?не ма?сатты ж?ргізу.?шін жасалды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?а вожатыйлар?а ?дістемелік к?мек »


Мектеп аға вожатыйына арналған әдістемелік ұсыныс жинағын құрастырған:

Саржан Н.М

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі














Мектеп аға вожатыйына арналған әдістемелік ұсыныс

Бұл әдістемелік нұсқау мектептегі аға вожатыйларға , қосымша білім беру педагогтарына арналған.

































Мектеп аға вожатыйына арналған әдістемелік ұсыныс


Алғысөз

Аға Вожа́тый — балалар бірлестігімен жұмыс жүргізетін педагог .

Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы ұстаздар болып табылады. Брақ балалар оларды ерте кездердегідей жетекшілер – деп атайды. Вожатый – дегеніміз - ол өзінің соңынан ергендерді қызықты және танылмаған ғажайып әлемге жетелеп апаратын бастаушы.

Аға Вожа́тый — осы сөздің мәні мен мағынасын түсініп көріңіздеші. Ол жеті әріптен құрылған,ал жеті саны қасиетті сан . Ертеден жеті саны қасиеті және киелі деп саналған: Аптада жеті күн, Кемпірқосақтың түсі жеті түрлі, жеті нота, әлемнің жеті кереметі және т.б.

Білім беру ұйымдарында білімі беруді дамытудағы тәрбие жұмыстарының жүзеге асырушы тұлғаның бірі мектептің аға вожатыйы.

Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.

Қазақтың XX ғасырдың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес,....баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!»-деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан бүгінгі күні оқушыға мектеп ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындайды осы орайда балалар ұйымымен қоса жұмыс жасайтын Аға вожатыйдың ролі зор..

Аға вожатый: Оқушылардың бастамаларын, мүдделері мен қажеттіктерін ескере отырып, еріктілік, өзін-өзі басқарушылық, адамгершілік және демократизм принциптері бойынша балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері жұмыстарын бағдарлауға көмектеседі, олардың қызметін дамытуға ықпал етеді. Балалар ұйымдары, бірлестіктері қызметінің мазмұны мен формаларын жаңартуға ықпал етеді, оқушылар жас ерекшеліктері мен өмір талаптарына сәйкес олардың ұжымдық шығармашылық істер қызметін ұйымдастырады.Оқушылардың жұмыс істеп тұрған балалар мен жастар ұйымдары, бірлестіктері туралы кеңінен ақпарат алу жағдайын қамтамасыз етеді.

0лар жүргізген жұмыс тақырыптары бойынша көрнекі безендірулер ұйымдастырады және оқушылардың азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен талап-тілектерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдай жасайды, сабақтан бос уақыттарды олардың дамуына пайдалы да, қызықты етіп өткізуге көмектеседі.Оқушылардың каникулдық демалыстарын ұйымдастырады. Балалар ұйымдары, олардың бірлестіктеріндегі бастауыш ұжымдары жетекшілерін (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Шығыстың ғұламасы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Ал жаңа өсіп келе жатқан тұлғаны жетектеу мен бағыттаудағы жұмыстарды атқаруда аға вожатыйға жүктелер жауапкершілік те мол.

Ұсынып отырған жинақ аға вожатыйлардың өз жұмыстарын жүйелі және мақсатты жүргізу .үшін жасалды.





Аға Вожатыйға арналған лауазымдық нұсқаулық.


Аға вожатый

1. Жалпы ереже

Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251-111 Еңбек кодексі(2011.22.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), ҚРБҒМ нің 2009 жылғы 13 шілдедегі "Педагог қызметкерлер мен оларға теңгерілген тұлғалар лауазымдарының сипаттамаларын бекіту туралы" N 338 Бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім беру туралы" N 319 заңы, жарғысы мен мемлекеттік мөлшерлі – құқықтық құжаттар ережелер, жергілікті құқықтық актілер негізінде жасалды.

1.2. Аға вожатый бұл лауазымға мектеп директоры тарапынан қабылданады және босатылады.

1.3. Аға вожатыйдың Вожатыйдың жоғары кәсіби немесе орта кәсіби білімі болуы қажет, еңбек өтіліне талап қойылмайды, немесе орта (толық) жалпы білім алғаны жөнінде құжаты болуы мүмкін және арнайы дайындықтан өтеді, еңбек өтіліне талап қойылмайды. 
1.4. Аға вожатый мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына бағынады. 
1.5. Білуге міндетті:

• ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Неке және отбасы туралы" заңдарын және басқа білім беру мәселелері және мөлшерлі құқықтық актілерді;

• ҚР Еңбек кодексін;

• Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын;

• педагогиканы, жас ерекшеліктеріне тән психологияны, оқыту әдістемесін; мектеп гигиенасын;

• физиология және социология негіздерін;

• вожатыйлық қызметтің маңызын;

ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін;

бағдарламалық-әдістемелік құжаттамаларды.

Сондай-ақ өз қызметінде барлық деңгейдегі білім беру ісін басқару органдарының оқушыларға білім және тәрбие беру мәселелері жөніндегі шешімдерін, жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерді (соның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шарттарын (келісім-шарттарды) басшылыққа алады.

Бала құқықтары туралы конвенцияны сақтайды.

Аға вожатый компьютерлерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, Internet желілерін тиімді пайдалана білуі тиіс.

2. Функциялары:

Аға вожатый қызметінің негізгі бағыттары мыналар:

Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметінің дамуына, олардың өзін-өзі басқаруын дамытуға ықпал жасау.

2.2. 0қушылардың сабақтан бос уақыттарда демалысьн ұйымдастыру.

3. Лауазымдық міндеттері:

Аға вожатый мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады:

3.1. Оқушылардың бастамаларын, мүдделері мен қажеттіктерін ескере отырып, еріктілік, өзін-өзі басқарушылық, адамгершілік және демократизм принциптері бойынша балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері жұмыстарын бағдарлауға көмектеседі, олардың қызметін дамытуға ықпал етеді.

3.2.Балалар ұйымдары, бірлестіктері қызметінің мазмұны мен формаларын жаңартуға ықпал етеді, оқушылар жас ерекшеліктері мен өмір талаптарына сәйкес олардың ұжымдық-творчестволық қызметін ұйымдастырады.

3.3.Оқушылардың жұмыс істеп тұрған балалар мен жастар ұйымдары, бірлестіктері туралы кеңінен ақпарат алу жағдайын қамтамасыз етеді.

3.4.0лар жүргізген жұмыс тақырыптары бойынша көрнекі безендірулер ұйымдастырады.

3.5.оқушылардың азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен талап-тілектерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдай жасайды, сабақтан бос уақыттарды олардың дамуына пайдалы да, қызықты етіп өткізеді.

3.6.Өзіне сеніп тапсырылған оқушылардың амандығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды; еңбек корғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін сақтайды.

3.7.Тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогика қызметкерінің қоғамдық ережелеріне сәйкес этикалық тәртіп нормаларын сақтайды.

3.8. Оқушылардың каникулдық демалыстарын ұйымдастырады.

3.9.Балалар ұйымдары, бірлестіктері бастауыш ұжымдары жетекшілерін (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді.

3.10.Өз жұмысын жоспарлайды, белгіленген тәртіп бойынша құжаттама жүргізеді.

4. Құқықтары:

Аға вожатый мынаған құқылы:

4.1. Жарғыда белгіленген тәртіп бойынша басқаруға қатысуға.

4.2. Кәсіби абырой, намысын қорғауға.

4.3. Өз жұмысына баға беретін арыз-шағымдармен, өзге де құжаттармен танысуға, оларға тиісінше түсінік беруге.

4.4. Кәсіби этика нормаларының бұзылуына байланысты тергеп-тексеру немесе қызметтік тексеру жағдайында өз мүддесін өзі және соның ішінде адвокат арқылы қорғауға.

4.5. 3аңда қарастырылған кейбір жағдайларды қоспағанда, тәртіптік (қызметтік) тергеп-тексеру құпиялылығының сақталуына.

4.6. Оқушылармен жұмыс жүргізу формасы мен әдістерін таңдауға және оны жалпы жұмыс жоспары мен педогогикалық мақсаттарға сәйкес жоспарлауға.

4.7. Біліктілігін арттыруға.

4.8.Тиісті біліктілік категориясына ерікті түрде аттестатталуға және аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда оны иеленуге.

4.9. Оқушыларға сабақ немесе үзіліс кезінде тәртіпті сақтау жөнінде өкім беруге, тәртіп бұзған оқушыларға мектеп жарғысындағы Ережеге сәйкес ескерту жасауға жазаға тартуға немесе керісінше ынталандыруға , 

5. Жауапкершілігі:

5.1. Лауазымдық міндеттерін, мектеп Жарғысын немесе мектеп ішілік жұмыс кестесі Ережелерін орындамағаны үшін немесе тиісті түрде орындамағаны үшін , аға вожатый осы нұсқаулыққа сәйкес еңбек заңнамасында анықталғандай тәртіптік жауапкершілікке шақырылады. Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін жаза ретінде жұмыстан босату шарасы қолданылуы мүмкін.

5.2. 0қушының, жеке басына күштеу және (немесе) психикалық қысым жасау тәрбиелеуде бір рет те болсын күш көрсететін болса, сондай – ақ тіпті басқа бейморальдық әрекеттері үшін Аға вожатый ҚР еңбек заңнамалары, ҚР «Білім туралы» Заңына және Еңбек заңнамаларына сәйкес қызметтен босатылуы мүмкін; Мұндай әрекеттер үшін жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылмайды.

5.3.Оқу-тәрбие процесінде ұйымның, еңбек қорғау, санитарлық-гигиеналық ережелер бұзғаны үшін Аға вожатый әкімшілік заңнамаларында қарастырылған тәртіппен жағдайлар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

5.4. Өз лауазымдық қызмет атқару кезінде келтірген залалы немесе оқу процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін Аға вожатый еңбек және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.

6. Лауазымы бойынша өзара қарым-қатынас, байланыс түрі:

Аға вожатый:

6.1. 36 сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалған график және директор бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

6.2. Аға вожатый өзін - өзі басқару органдарымен, педагогтық ұжым мен және қосымша білім беретін оқу мекемелерімен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатады.

6.3. Әрбір оқу жылына, еңбек оқу тоқсанына арналған өз жұмысын өзі жоспарлайды. Жұмыс жоспарын директордың тәрбие ісі және орынбасары жоспарлы кезең басталған соң 5 күннен қалдырмай бекітеді.

6.4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз қызметі туралы жазбаша түрде есеп беріп отырады.

6.5. Әкімшіліктен нормативтік құқықтық және ұйымдық әдістемелік сипатта ақпарат таралады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.6. Мұғалімдермен, оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) тығыз бірлестікте жұмыс істейді; әкімшілік пен педогог қызметкерлермен өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.


КЕЛ1С1ЛД _ _ _ _ /

" " _ 20 Лауазымдық. Нұсқаулықпен таныстым:


Аға вожатыйдың жұмыс құжаттары

- Аға Вожатыйдың жұмыс жоспары. 
Жоспарлар түрі : 
•тоқсандық немесе айлық жоспар ; 
• жылдық; 
• күнделікті, 
• нақты істің жоспарын дайындау; 
• бағдарлама. 
•балалар ұжымына сапалы мінездеме беру (сынып саны, ағымдағы оқу жылындағы олардың жұмыс сапасы,балалар ұжымдарының даму деңгейі, көшбасшылар, оқушылар, сынып жетекшілері); 
• сайыстар мен жарыстар ережелері жинағы; 
• сайыстар мен жарыстар өткізілуінің қортытынды анықтамалары

•балалар ұйымдарының мектепішілік, аудандық, қалалық,облыстық шараларға қатысуы; 

•отырыстар мен жиын хаттамалары

• қызықты істер күнделігі

• жұмыс бағыттары бойынша бұрыш

• өз білімін көтеру жоспары

• белсенділерді оқыту кестесі

• пед кеңес, ДЖО, семинарлардағы жұмыс тақырыбы

• балалар ұйымының жұмыс жоспары

• «Жас Ұлан» балалар ұйымы (бұдан әрі – Мектеп комитеті) мүшелерінің тізімі

•жетістіктері мен кемшіліктері; 

Аға вожатыйдың әдістемелік қызметі.
Вожатыйдың әдістемелік қызметіне кіретіндер: 
•өз ықыласы бойынша үнемі сынып жетекшілеріне, вожатыйларға тәрбие жұмысы бойынша жеке ұстаздарға, топтарға, бірлестіктерге бос уақытты тиімді әрі қызықты етіп өтуіне көмек көрсету. 
•вожатый міндетіне кіретін мәселелер бойынша пед.кеңесте, мәжілістерде, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінде есеп беру, кеңес айту, әдісімен бөлісу; 
•мектептің әдістемелік жұмысына қатысу; 
•өз қызметін, балалар ұжымының қызметін, бірлестіктердің, олардың ата-аналарының вожатыйлердің, белсенділердің жұмысын талдайды, 
•басқа мектептегі әріптестерінің тәжірибелерімен танысады, оны өз жұмысында қолданады; 
•әдістемелік көрмелер, конкурстар, байқаулар ұйымдастырады; 
•өздігінен білім алуды одан әрі жалғастырады, біліктілік аттестациясынан өтуге дайындалады, вожатыйлер шеберлігінің байқауына қатысады; 

Аға вожатыйдың қызмет алгоритмі 
1. Мақсат қойыңыз, не істеу керектігін анықтаңыз (идеялар тастау, істі барлау). 
2. Барлық істі, жеке тапсырмаларды кімнің қадағалайтынын анықтаңыз (штаб, кеңес, т.б) 
3. Барлық жоспарланған істерді бөлімдерге бөліңіз, орындалу жоспарын құрыңыз (дайындық кезеңдері,істі өткізу) 
4. Істердің кезеңдермен орындалуы жөнінде тәжірибелі адамдармен кеңесіңіз. 
5. Шағын топтарға бөліңіз (экипаж, команда, патруль, жұлдызшалар, отряд, штаб, отау, т.б) 
6. Шағын топтар ,олардың ішінде жеке балалар арасында міндеттерді бөліңіз. 
7. Тапсырманы қалай орындайтыныңызды шешіп алаыңыз :жалпы жиында, шағын топтар жиналысында ; 
8. Жұмыс шарты талап етсе, өзгерістер енгізуге болады. 
9.Кімнің қалай жұмыс істейтінін ескеріңіз (ең белсенділерді үздіктер белгісімен марапаттау) 
10. Істің қорытындысын шығарыңыз, барлық кезеңдерді талдаңыз, келешекке ұйғарым жасаңыз;  Жұмыс кезінде адамдармен қатынастың негізгі ережелерін есте сақтаңыз. 
11. Сыпайы және әдепті болыңыз. 

12. Әрқайсысының көзқарасын ескеріңіз. 
13. Өз ойыңызды нақты әрі түсінікті етіп жеткізіңіз. 
14. Әділ әрі шыдамды болыңыз. 
Бұл ережелерге сіз өз қызметіңізге қажет болатын ережелерді қосуыңызға болады. 
Балалар ұжымы 
Нағыз, біріккен ұжым бірден қалыптаспайды, ол біртіндеп, кезеңдеп қалыптасады. Ұжымның дамуының деңгейін ескеріп, Аға Вожатый оларға жетекшілік етуге түрлі тәсіл қолданады. Басқарудың бірнеше тәсілдерін қарастырайық: 
Бұйрық беру: 
•Мақсатты нақты қойып, балаларға нұсқау беріңіз; 
• Нұсқаулықты жиі өткізіңіз; 
•Балалардың тапсырманы түсінгендерін тексеріңіз, 
• Әр орындаушымен оның әрекетін қайталаңыз; 
• Тапсырманың орындалуын қадағалаңыз; 
• Жақсы орындалған тапсырмалар мен қателіктерді белгілеп отырыңыз; 
• Талап ете біліңіз; 
Ынталандыру және тапсырма бөлу: 
•жұмыс барысында балалардың жеке жұмысын , жұмыс мазмұнын бағалаңыз; 
•жалпы қызығушылықты анықтаңыз; 
•қажет жағдайда тапсырма беріңіз; 
•тапсырмалар нақты орындалуын қадағалаңыз; 
•басқалардың көзінше мақтаңыз; 
•кемшіліктерін жеке айтыңыз; 
•көзге түскендерді мадақтаңыз; 
Шешім қабылдауға қатысу: 
•Жетістігін анықтамай-ақ мақсат қойыңыз; 
•Тура нұсқаулық пен бақылауды шектеңіз; 
•Өзін-өзі бақылау жүйесін құрыңыз, 
•Жеке проблемалар жөнінде кеңестер өткізіңіз:; 
• Айтылған ескертулерді жылы қабылдаңыз; 
• Бақылаудан тыс қалмаңыз; 
Өкілеттілікті тапсыру: 
•егер балалар қажет десе, өз көмегіңіз бен кеңесіңізді көрсетіңіз; 
•Аса қажет болмаса , іске араласпаңыз; 
•Қадағалауды әлсіретпеңіз; 
•баланың мүмкіндігі мен тапсыпманың күрделілігін өлшеңіз; 
•балаларды мүмкіндігінше жиі мақтаңыз; 

Ұжымды басқару ерешеліктері
Психологтар қарым-қатынас құру жетістіктерінің бірнеше түрін ұсынады: 
1.Өзіңізді басқа адамның орнына қойып көріңіз. Олар өмірге қалай қарайды? 
2.Ол өзінің күш-жігерін қайда жұмсайды, соны ойлаңыз. 
3.Бұл адамның мінез-құлқына не әсер ететінін байқаңыз.Оның өміріне өзгеріс енгізетін жағдайлар бар ма екен? 
4.Ашық қарым-қатынас құруды жоспарлаңыз. Бұл әрқайсыңызды басқа біреумен мәмілеге келуге шақырады. Вожатый жұмысында түрлі жағдайлар кездеседі: көңіл-күй көтеру, қолайсыз эмоциональды немесе басқа да жағдайларды тоқтатуға тура келеді. Р.Л.Кричевский өзінің «Егер сіз жетекші болсаңыз...» кітабында жақсы көңіл-күйдің бірнеше түрін көрсетеді. Соған жүгінейік. 
Жақсы көңіл-күйдің компоненттері: 
• Адами қарым-қатынас. 
• Бақытты адамдар ортасында болу 
• Өзіңнің әңгімеңмен жұртты қызықтыра білу 
• Жолдастарыңның ортасында болу 
• Адамдарға бақылау жасау 
• Ашық әңгімелесулер 
• Өзіңнің махаббатыңды көрсете білу 
• Біреуге мақтаулар, мадақтаулар айта білу 
• Шай үстінде әңгімелесу 
• Басқаларға көмек көрсете білу 
• Жаңа достар таба білу 
• Күлкі 
• Жақсы бірнәрсе ойлау 
• Әдемі пейзажды тамашалау 
• Таза ауаны жұту мүмкіндігі 
• Таза киімді сезіну 
• Түнде жақсы түстер көру 
• Сүйікті әнді тыңдау 
• Жымию 
• Отбасыңның және жақындарыңның қолайлы екендігін білу 
• Дене шынықтырумен айналысу 
• Өз пікіріңді ұстана білу 
• Қандай да бір шараны жоспарлау және ұйымдастыру 
• Өз ойыңды дәлдеп жеткізу 
• Мақтаулар мен мадақтамалар алу 
• Өз жұмысыңды сапалы орындау 
Ұжымда жұмыс істей жүріп әріптестеріңізбен және басшылармен қарым-қатынасыңызды оңтайлы жолға қоя біліңіз. Пайдаланыңыз : 
«Өмірге деген данагөй көзқарастың принциптері » 
1. Негізгіні қосымшадан айыра білу; 
2. Түрлі жағдайларға әрекет етудің мөлшерін білу; 
3. Мәселеге жан-жағынан қарай білу; 
4. Өзіңді күтпеген жағдайларға дайындау; 
5. Басқаларды түсінуге тырысу; 
6. Болып жатқан құбылыстардан жағымды тәжірибе алу; 
Вожатыйдың табысты жұмысына баға беру. 
Вожатый өзін педагогика және психология жағынан көрсете білу керек, әр жастағы балалармен жұмыс істеу әдісін білу, практикада теориядан алған білімін іске асыра білу қажет.

Әкімшілік вожатыйға келесідей баға бере алады
Практикада психологиялық және педагогикалық білімін жете қолдану, әр жастағы балалар мен жасөспірімдердің ерешеліктерін айыра білуі. 
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарын қолдану; 
Диагностика өткізу; 
«Ұялшақ», « жалғыз», « ұяң» балаларды бос уақытты қызықты өткізуге қатыстыру; 
Оқыстан болған жағдайларды шеше білу; 
Әкімшілік шешіміне бағыну; 
Балаларды біріктіруде өз мүмкіндіктерін қолдана білу; 
Балалармен жұмыс барысында жеке және ұжымдық нысандарды жоспарлау және тарату, 
Өзіне жауапкершілік алу; 
Бірлескен қызметке өзіндік баға беру, өзіндік анализ жасау;

Аға вожатыйдың тәрбие жұмысын жоспарлауы

1. Жылдық жұмыс жоспары.

Жылдық жоспары мектептің тәрбие жоспары негізінде жасалады.

Жылдық жұмыс жоспары төмендегі бөлімдерді қамтуы керек:

• Тәрбие жұмысының барлық бағыттарын;

•Жас ерекшеліктері топтарын;

•Іс –шараға жауапты адамды;

•Ата – анамен жұмыс бағыттарын ;

•Қосымша білім беру мекемесі ұйымымен бірлесіп жұмыс істеу;

•Республикалық, аудандық, облыстық сайыстарға, іс –шараларға қатынасу;

•Сыныптағы белсенді оқушылармен жұмыс

Жылдық жоспарды құрудағы талаптар:

1.Титулдық бет:

•Мекеменің толық атауы ;

•Жоспар тақырыбы оның жүзеге асырылу мерзімі;

•Аға вожатыйдың аты-жөні, санаты (аттестациядан өткен мерзімі).

2. Былтырғы оқу жылының жұмысына қорытынды талдау анықтамасы.

3.Жоспар мақсаты мен міндеттері:

Аға вожатый өз жұмысында қандай кемшіліктер болса соларды түзетуді мақсат қылып тәрбие жұмысын да сол арнаға бұрып жоспарлайды. 
Мақсат дегеніміз – біз не үшін тырысамыз сол, біз көргіміз келетін болашақ. Мақсат бұйрық райы түрінде қалыптасады : мысалы «балалар ұйымдарында тәрбие сапасын арттыру мақсатындағы жұмыс жүйесін қалыптастыру ».

Мақсат біреу. («тәрбиелеуден» - «қалыптастыру» парадигмасына көшу)

Мақсат – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.

Осыған қоса вожатый қазіргі әлемдік білім кеңістігіне кіріп отырған жағдайда өз жұмысында мына мақсаттарды да алға қоя білуі керек.

• қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

• өзін-өзі дамытуға;

• өз ойын еркін айта білуге;

• өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

• жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. [4; 10]

Міндет дегеніміз – ненің көмегімен мақсатқа жетеміз, сол болып табылады.

Міндет бірнеше болуы мүмкін, олар бәрі де нақты. Міндеттер өздерінің маңыздылығына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өзін-өзі басқаруды және оқушылардың қатысуымен басқаруды дамыту, жұмыстың әртүрлі әдістерін қолдану, балалар ұйымының барлық мүшелерін жұмысқа қатыстыру, т.б. 

Мысалы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы білім беру мен тәрбиелеудегі төмендегідей міндеттерді жүктейді, сондықтан да біз мемлекеттік тапсырыстарды орындау мақсатында жұмыс міндетімізде осыларды басшылыққа алуымыз керек.

Міндеттер:

● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;

● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;

● балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

● өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.

Жоспар жұмыс түріне қарай ұйымдастырушылық және жалпылама жұмыс түріне қарай жасалады. Ұйымдастырушылық жұмыс түріне аудандық, облыстыұ, қалалық семинарлар, кеңестер, отырыстарға қатынасу, мектеп белсенділерімен отырыс, жиындар, кеңестер, т.б жатады. Ал жалпылама жұмысқа жалпы мектепішілік жұмыс шаралары аудандық, облыстық, республикалық іс - шаралар жатады. Мектептегі үнемі болуды қажет ететін тақырыптағы жұмыстар «Қамқорлық » қайырымдылық орталығы, «Олимп», «Медиа -Пресс», т.б. Әр орталықтың нұсқаулық, ереже ,жадынамалар болуы тиіс. 
Мысалы, «Қамқорлық» орталығында «Іздеу» штабы жұмыс істеуі мүмкін,

«Сенім» телефоны, «Қайырымды істер бюросы» , «Ардагер» клубы, т.б. сияқты жқмыстар болады.

Ұйымдастыру жұмысы Кесте 1.

Мазмұны

Кім үшін

Уақыты

Жауапты







Жалпылама жұмыс

Мазмұны

Кім үшін

Уақыты

Жауапты






Жалпы мектепішілік іс– шара жылына төрттен аз болмауы керек, ал параллель сыныптарда тоғыздан аз болмауы керек.

Кез келген жұмыс жоспарына оны өткізілу жағдайы туралы анықтама папкасы болуы керек.

Тоқсандық немесе айлық жоспар

Бұл жоспар нақты жазылып жасалуы керек. Жауапты адам нақты аты - жөнімен көрсетіледі. Осының ішінде дайындықтар уақыты, жиналу уақыты күні сағаттарымен көрсетіледі. Кесте 2

Іс шара

Жауаптылар

Қатынасу

шылыр

Күтілетін

нәтиже

Орындалуы туралы белгі









Апталық жоспар

Бұл жоспарда әр күнге аға вожатый қызметті нақты өзі жазады. Әсіресе тақырыптық апталықтар кезінде («Адамдар дос, бауырлар», «Қамқорлық» және т.б).

Кесте3. (Апталық жоспар үшін)

Дата

Іс шара

Қатынасу

шылыр

Жауапты

бағыты

Нәтиже (сандық және саплық көрсеткіш)

Орындалуы туралы белгі








Кесте 4 (тақырыптық апталық жоспары)

Апталық тақырыбы:

1-күн,

Күн аты

Уақыты

2- күн

Күн аты

Уақыты

3- күн

Күн аты

Уақыты

4- күн

Күн аты

Уақыты

5- күн

Күн аты

Уақыты


Мектеп комитеті және сынып белсенділері жоспарлары.

Мектеп комитеті мен сынып белсенділерінде қарапайым болса да өз жоспары болуы керек .

Кесте 5

Не

Қайда

Қашан

Жауапты

Қортындысы







Осыған өткізген жиын, жиналыстардың хаттамалары біріктіріледі

Әдістемелік бұрыш

Әдістемелік бұрышта балалармен ата аналармен жұмыстың нұсқаулары, кеңестер, ілінеді.

«Жас Ұлан» мектеп комитеті бұрышы.

Бұрышта «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болуы керек.

Осы бұрышта «Жас Ұлан» балалар ұйымының жүргізіп жатқан іс - шаралары туралы құжаттар, тізім, фотолар, жұмыс бағдарламасы мен жұмыс жүйесінің моделі болуы керек.

Бұрыш төмендегідей талаптарға сай болуы керек:

Бұрыш «Сөйлеп тұруы» керек яғни оның мазмұны мен рубрикасы өзгеріп отыруы керек;

1. Бұрыш мектеп комитетіндегі отрядтың жұмысын жан – жағынан көрсетуі керек. (өз өзіне қызмет жасау; спорт; ауыл, аудан, қала мерекелеріне қатынасқан фотолары);

2. Бұрыштың безендірілуіне міндетті түрде «Жас Ұлан» мектеп комитеті немесе отряд мүшелері қатынасуы керек.

Мысалы «Жас Ұлан» отряд мүшелері бұрышы төмендегідей рубрикалардан тұруы керек:

«Бұл біздің отряд» (отрядтағы балалар туралы қысқаша мәлімет);

Отряд өлеңі, ұраны;

Отряд заңы, тоқсандық жоспар,құттықтаулар, мадақтаулар;

Сайыстар;

Мектеп комитеті мен отряд жұмыстары, мерекелеріне дайындықтар жасау;

Шығармашылық сайыстар мен байқауларға қатынасу туралы.

«Жас Ұлан» мектеп комитеті мүшелерінің тізімі.

«Жас Ұлан» мектеп комитеті тізімі жылына екі рет жасалуы керек.

25 мамыр –толығымен, 25 желтоқсанға дейін қанша бала кірді.

Кесте 6.

Аты жөні толығымен

Туған жылы

Мекен жайы

Мектебі сыныбы

Мүшенің өз қолы








«Жас Ұлан» мектеп комитеті мүшелігіне кәмелетке толған адам кіретін болса қосымша тізім жасалады. Кесте 7.

Аты жөні толығымен

Туған жылы

Мекен жайы

Құжаттық мәліметтер

(паспорт)

Жұмыс орны

Мүшенің өз қолы








Отряд бұрышы балаларға не береді? - деген сұраққа жауап бере болсақ:

  • Белсенділікті дамытады;

  • Өз білгені мен білетініне қанағаттанбайды;

  • Көрнекілік жасау мәдениетін меңгереді;

  • Өз ұжымы өмірінің қызықты өтуіне қызығушылығы оянады.

Отрядтар арасында ең мазмұнды қызықты бұрыш сайысын өткізу керек

Отряд бұрышына төмендегідей рубрикалар қоюға болады:

- Біз осындай көңілдіміз (фотолармен)

- «Менің сізге айтарым» немесе «Менің сіздерге тілегім» деп жазылып бір біріне тілектер жазған ватман бұны «Тілек қоршауы» (Забор пожеланий)»,, Қоршаудың әр тірегі отрядтың әр мүшесіне тиесілі болуы керек ( оқушыға, «Жас қыран» , «Ұлан басшысы» немесе вожатыйға).

-Танымал күндер календары.

Барлық күн тек көңілді әзілмен өтті.

- Отрядтың көңілді соқпағы.

- Біздің стратегия.

- Ал, бүгін бізде... .

- Құттықтаймыз («Гип-гип-гип-ура!!!», «Маэстро, музыка!», «Құттықтаймыз-Қыдықтаймыз-- Қызықтаймыз!, «Біздің бүгінгі нәрестеміз»).

- Спорт («старттан финишке дейін», «Біздің жүзметрлік»).

- Физдайындық («Біздің рекордтар»).

- Белсенділер тізімі немесе қандай да бір іс шараға ұатынасушылар тізімі немесе фотосы («Бізбен таныс болыңыз!», «Біздің тусовка», «Ба,бізге таныс адамдар!»).

- Қыр астында («Басқа отрядта», «Асулар мен таулардан асқанда....», «Ал осы уақытта көршілерде»).

- Почта («Хат жазыңыздар», «Кеңестер мен сәлемдемелер қоржыны»).


Өз білімін көтеру жоспары.


Жоспарға өз білімін көтеру бойынша өз жұмыс тақырыбы, қандай бағыттар жағынан өз білімін көтереді және ол үшін қандай ақпарат көздерін пайдаланады. Нәтижесінде не құрастырып не жасап шығарады. (уақыты)

Жеке өзіндік білім көтеру жоспары

20 – 20 оқу жылы

Жалпы мектеп тақырыбы: ..............................................

Жеке білім беру тақырыбы: ...........................................

Тақырыппен жұмыстың басталуы: ....................................

Тақырыппен жұмыстың аяқталуы: ....................................

Білімі: ......................................................................................

Қашан, қай оқу орнын бітірді

Б.Ж.К. ......................................................................................қашан оқыды, бітірді

Өзіндік білім көтеру тақырыбының міндеттері мен мақсаттары: ............................................................................






Тақырып бойынша өзіндік білім көтеру жұмыс жоспары:


Оқып – үйренуге арналған негізгі сұрақтар.

Тақырыпты зерттеу кезеңдері

Тақырып бойынша жыл сайын қолданылатын әдебиеттер

Өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша шығармашылық ынтымақтастық













Жұмыс қорытындысы










Тақырып бойынша өзіндік білім көтеру жұмысы:


Оқып – үйренуге арналған негізгі сұрақтар.

Тақырыпты зерттеу кезеңдері

Тақырып бойынша жыл сайын қолданылатын әдебиеттер

Өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша шығармашылық ынтымақтастық













Жұмыс қорытындысы








Балалар ұйымының тарихи кезеңдері

Жастар қозғалысының әр түрлі тарихи кезеңдері мен даму жолдары бар
XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардық негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж). Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітапта толық жарияланған.
Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу.
1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қоғамы құрылды.

Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу.
1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.
1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды бойнелеп келді.

Скаут мүшелерінен өз басшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талап етті. Осыған байланысты көп жылдар бойы КСРО-ғы жастар ұйымдары мен скауттар ұйымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастап Бүкілодақтың пионер слетінің шешіміне сөйкес балалардың қоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістер болды. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай нысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды.
Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.
Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.
XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайтатуды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының, ізбасарларының санының өсуіне және өмірге икемділігіне, тіршілікке қабілеттілігіне мүмкіндік туғызады.
1991 жылы бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты оның құрамындағы барлық одақтас республикалар егеменді мемлекеттерге айналды. Олар бостандық алып, жастардың қоғамдық ұйымдарын жаңа демократиялық талаптарға сай ұйымдастыру қажет деп тапты.
Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін дызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардық бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. Олардың республикада болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістерге қатысы бар. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының мақсаты: қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір балаға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру.
Ұраны:"Отан үшін, жақсылық және әділдік".
2. Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс әрекеттерін "Атамекен", "Жұлдыз" бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. "Атамекен" бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген.

1991 жылы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін Ақмола облыстық балалар ұйымының авторлық ұжымы профессор Е. А.Дмитриенконың басшылығымен "Жұлдыз" бағдарламасын жасады.
Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердің республикалық слетінде қаралып, 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай делінген: "Жұлдыз" бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіне, қиындықтарды жеңіп, нағыз достар тауып, бақытты болуына көмектеседі".
Ең бастысы - өз жұлдызыңның биік шыңына шығу тек өз қолыңда екенін ұмытпа. Ол үшін өзіңе-өзің көмектес! Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты 4 кезең көрсетілген:
1. Балапан" кезеңі - 5-8 жас.
2. "Балдырған" кезеңі - 9-11 жас.
3. "Жас ұлан" кезеңі - 12-14 жас.
4. "Мұрагер" кезеңі - 15-18 жас.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар алдында қуанышты, қызықты, істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу.

Қашық перспектива -ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы. Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
5. А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" дамытты. Коммунар әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдістері: ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттерді ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру. Бұл әдістер И. Л. Ивановтың "Коллектившілерді тәрбиелеу" атты еңбегінде жазылған.
Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1-кезеңде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады, іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
6. Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының XIII Съезінде Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы

6 шілдеде «Елорда күніне» орайластырылып жастар ұйымдары көшбасшылары ««Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігін құрды.

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы туралы ЕРЕЖЕ

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелігіне қабылдау орынының безендірілу талаптары:

  • Ел рәміздерінің болуы міндетті.

  • Мерекелік безендірілу (шар,гүл т.б.).

  • «Жас Ұлан» символикасымен баннер.

Біздің ұран: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан»

«Жас Қыран» төсбелгісі «Жас Ұлан» төсбелгісі


Тудың техникалық бейнесі









































Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің

АНТЫ

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:


Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


Жас ұландар әні

Әні мен сөзін жазған: Ұ. Ж. Жаналиева

Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын.

Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын!

Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.


Қайырмасы


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.

1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады. 

1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

2. МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ  

2.1. «Жас Ұланның»  мақсаты:

-  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

2.2.«Жас Ұланның»  міндеттері:

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;  

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

3. ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ  

3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:

- тәрбиелік;

- танымдық;

- коммуникативтік;

- әлеуметтік;

- ақпараттық;

- шығармашылық.

3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:

- азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;

- еріктілік және қол жетімділік;

- ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;

- ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер  мен балалардың бірлігі;

- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

4. «Жас Ұлан» мектеп комитеті мүшелігіне қабылдану , шығу тәртібі.

4.1. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.

4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

4.3. «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.

4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.

4.5.Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:

- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;

- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;

- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);

- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;

- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;

5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;

- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;

- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;

- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;

- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;

- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.

6. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ

6.1. «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.

6.2. Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.

Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.

Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.

Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.

Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушыі мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.

6.3. Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.

6.4. Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.

6.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.

7. Құрылымы

7.1. «Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады.

7.2. Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.

7.3. «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады.

7.4. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі.

7.5. «Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.

7.6. Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан) Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді.

7.7. Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

7.8. Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.

7.9. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

7.10. Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.

8. БАСҚАРУШЫ ОРГАНДАР

8.1. Жоғары кеңесуші органы - «Жас Ұлан» Республикалық Құрылтайы болып табылады. Құрылтай кемінде жылына бір рет өткізіледі.

8.1.1. Құрылтайды шақыру, күн тәртібін, регламент, өкілеттілік нормасы мен делегаттарды сайлау тәртібін Республикалық Кеңес анықтап, жариялайды. Оны төтенше және кезектен тыс шақырылымдарды есептемегенде, өткізілу күнінен екі ай мерзімге дейін уақытта хабарлауы тиіс.

8.1.2. Төтенше және кезектен тыс Құрылтай Кеңес төрағасы немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен Кеңес шешімі негізінде шақырылады.

8.2. Басқару органы - Республикалық Кеңес.

8.2.1. Республикалық Кеңес отырысы жылына үш рет, соның ішінде күнтізбелік жыл соңында Кеңестің есеп беруі өткізіледі. Кеңес төрағасы өз бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен кезектен тыс Кеңес отырысын шақыра алады. Кеңес шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Өткізу тәртібі мен дауыс беру түрін Кеңес мүшелері алдын ала жұмыстың басында белгілейді.

8.2.2.Кеңес құзіретіне келесілер кіреді:

- «Жас Ұлан» ережесін бекіту;

- ұйым бюджеті мен жылдық қаржылық есептерін бекіту;

- ұйым Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасы;

-ұйымның бағдарламасы мен негізгі бағыттарын анықтау және оларды «Жас Ұлан» Құрылтайына ұсыну;

- «Жас Ұлан» Құрылтайының күн тәртібін бекіту;

- Төтенше және кезектен тыс Құрылтайды өткізу туралы шешім қабылдау;

- Кеңес Төрағасын 2 жыл мерзіміне сайлау;

- Ұйымның құрметті мүшелерін қабылдау;

- Ұйымның бөлімшелерін құру және қысқарту туралы шешім қабылдау, Ұйым бөлімшелері туралы Ережені бекіту;

- «Жас Ұлан» қызметіне байланысты басқа да мәселелер.

8.2.3. Кеңестің құрамы делегаттар қатарынан анықталып, сайланады (әр облыстан, Алматы және Астана қалаларының атқарушы хатшылары мен «Ұлан басшыларын» қосқанда 2 адамнан)

8.2.4. Кеңестің өкілеттілік мерзімі – екі жыл.

8.3. Кеңестің жалпы қызметіне Кеңес Төрағасы жетекшілік етеді.

8.3.1. Кеңес төрағасының өкілеттігі Құрылтайдың сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын тоқтатылады;

8.3.2. Кеңес төрағасы келесідей қызметтерді атқарады:

- Құрылтайда есеп береді;

- төтенше және кезектен тыс Кеңес отырысын өткізу бастамасын айтады;

- Кеңестің қызметін үйлестіреді және Кеңес отырыстарына басшылық етеді;

- «Жас Ұлан» қызметін ұзақ мерзімді жоспарлау барысын үйлестіреді;

- мемлекеттік және басқада мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста «Жас Ұланның» ресми өкілі болады;

- ұйым қызметін басқару, штаттық кесте және лауазымдық нұсқаулықтарды атқарушы директордың ұсынуымен бекітеді;

- ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етеді.

8.3.3. Кеңес төрағасының орынбасарлары болады. Орынбасарларды «Жас Ұлан» Кеңесі сайлайды.

8.4. Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады.

8.4.1. Атқарушы директорды Төрағаның ұсынымы негізінде Республикалық Кеңес тағайындайды.

8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге асырады, Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есеп береді, олардың шешімін орындайды. Атқарушы директор ұйым алдында қызметінің нәтижесі мен заңдылығы бойынша жауапты.

8.4.3. Атқарушы директор құзіретіне:

- өз мүлкі аясында ұйым қызметіне қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;

- жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық құралдарды тарту;

- Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;

- бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатқа иелік ету;

- кадрлық мәселелерді шешу, орынбасарлары мен аппарат құрылымының жетекшілерін Кеңес Төрағасының келісімімен тағайындайды;

- ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олардың ауысуы мен жұмыстан шығу туралы бұйрық шығарады, атқарушы директорат құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлерге орындауға міндетті талаптар жасайды, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызметкерлерді қабылдайды;

- еңбекақы жүйесін анықтайды, сыйақы беру, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгіс жариялайды;

- ұйым атынан келісім-шарт жасайды;

- Кеңестің және Құрылтайдың құзіретіне кірмейтін басқа да өкілеттікті жүргізеді.

8.4.4. Атқарушы директор өз уәкілдігін немесе бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.

8.4.5. Атқарушы директор өз қызметін жүзеге асыра алмағанда, оның қызметі жаңа директорды сайлағанға дейін орынбасарына жүктеледі.

8.4.6. Атқарушы директор қызметінен Кеңестің сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын босатылады.

9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ.

9.1. «Жас Ұлан» қызметі Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жас ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара әрекеттеседі.

9.2. «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қатысады.







«Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау сценарийі

РОСО РМҚК «Балдәурен» 28 қаңтар 2012 жыл

Спорт зал Басталуы сағат 10.00

Аяқталуы сағат 10.40

(Зал торжественно оформлен государственными символами и атрибутами «Жас Ұлан», установлен шанырак с разноцветными лентами, кереге, шарами и флагами, звучат фанфары, в зал входят гости и занимают свои места)

Кадр сыртындағы дауыс: «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жалауы еңгізілсін!

(под звуки торжественного марша, знаменная группа

торжественно вносит знамя организации)


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.

Ведущий: 11 февраля 2011 года прошел XIII Съезд Народно-Демократической партии «Нур Отан», на котором Главой государства отмечена необходимость объединения молодёжи страны путем создания единого движения «Жас Ұлан», а также создании новой системы детских организаций «Жас қыран».

Жүргізуші: «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің туылған күні 2011 жылдың 6 шілдесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылында болып отыр.

Ведущий: И сегодня , находясь в стенах Республиканского учебно-оздоровительного центра «Балдаурен», вы имеете честь стать участниками юбилейных мероприятий, посвященных 10-летию «Балдаурена».

Жүргізуші: Сөз мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызына беріледі.

(выступление директора департамента дошкольного и среднего образования Жонтаевой Ж. А )

(Торжественная церемония, посвященная приему в ряды Республиканской общественного объединения

«Единая детско-юношеская организация

«Жас Ұлан», объявляется открытой.

Звучит Гимн РК)

Жүргізуші: Сөз Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Болдурукова Нәзира Болатқызына беріледі.

(выступление Председателя РОО «ЕДЮ «Жас Ұлан» Болдуруковой Н.Б. Она в своем выступлении приветствует ребят и приглашает повязать галстуки новым членам организации. К гостям выходят 20 детей, на фоне звучания песни «Жас Ұлан» им торжественно повязывают галстуки. В это же Уақыты всем детям повязывают галстуки и вручают значки педотряд «Жастар», почетные гости, ветераны детского движения)

Жүргізуші:Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Ведущий: Мой Казахстан, живи и процветай!

Ты - колыбель великого народа,

Всю красоту и мудрость передай

И сохрани для будущего рода.

Жүргізуші: Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

Ведущий: Моя Родина – это бескрайние степи,

Это светлое небо над головой.

Лучше места этого не найти на планете:

Это рай, это дом, это край мой родной.

Әмірғалиев Жангелді «Жаса Қазақстан» әнімен!

Со второго куплета начиная выходят девочки в национальных костюмах на подтанцовку.

Жүргізуші: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті.

Ведущий: Желаем удачи! До новых встреч!

Жүргізуші: Балдәуренде қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша құрметті қонақтарымызды ортамыздан шығарып саламыз.

Соңы.


Балалар ұйымының жұмыс құжаттары:

- «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ережесі;

- Бағдарлама;

Жұмыс жоспары;

Балалар мен ата аналардың Бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымына кіруге сұранған өтініштерінің жинағы;

«Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема;


Балалар ұйымы қоғамының бағдарламасының түрлері

Мерзіміне қарай:

Ұзақ мерзімге – 2 жылдан артық;

Орташа мерзімге – 1 жылдан 2 жылға дейін;

Қысқа мерзімге – 1айдан 1 жылға дейін.


Бағдарлама жұмыс бағытына қарай:

1) бейіндік: лагерь, клуб, штаб,т.б.;

2) кешенді (екі немесе одан да көп жұмыс бағыттар бойынша ):

а) авторлық;

б) бейімдеушілік.


Балалардың қоғамдық ұйымының Бағдарлама құрылымы:

Кіріспе (түсінік хат) Бұнда бағдарламаның не және кім үшін жасалғанын, оның қазіргі таңдағы қажеттілік деңгейін оның ішінде аталған мектепке қажеттілік деңгейін атап өту.

1. Мақсат, міндеттері ол Балалар ұйымы ережелерінің мақсат міндетімен сәйкес келуі керек.

2. Бағдарлама мазмұны болуы керек

3. Мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдіс тәсілдер туралы нақты жазу.

4. Бағдарламаның жүзеге асырылу механизмі. Бағадарлама түрі, жүзеге асырылу уақыты.

5. Күтілетін нәтиже.

Балалар қоғамдық ұйымының жоспары .

Жоспарды құру кезінде әдістемелік ұсыныстарға, мөлшерлі құқықтық құжаттарға, ата – ана сұранысы мен оқушы қалауына ауыл, ел, халықаралық деңгейдегі бала өміріне қатысты мәселелерді араластыра отырып жасалу керек.

Балалар ұйымының жұмыс жоспарының құрылымы

Титульдық бет.

Мектеп атауы

Балалар қоғамдық ұйымының жоспары

Оқу жылдары


Жоспар кестесі

(Кесте 8).

Мазмұны

Кім үшін

Уақыты

Жауапты

Күтілетін нәтиже

Орындал –

ғаны жөніндегі белгі









Жоспарды жасауды ұйымдастыру кезеңі – бұқарамен жұмыс (жас ерекшілігіне қарай). 
Жоспардың бұл бөліміне қызметтің әр түрі кіреді: танымдық, еңбек, ойын,спорттық, көркем-эстетика, патриоттық, балалардың жастарына қарай қолайлыны таңдау. Жоспардың бұл бөлімін жоспарлауға балалар ұйымының барлық мүшелері кіреді , оқушылар және мұғалімдер. Барлық ұсыныстар қарастырылады. 

Жоспар бөлімі:

1.Кіріспе бөлімде БҚҰ(Балалар қоғамдық ұйымы) жөнінде қысқаша мінездеме (балалар жасы; , қызы нешеу іс кеңесі яғни жұмыс жүргізетіндер кімдер оның ұлы нешеу, қызы нешеу, кім лидер, қай сыныптан).

Аға Вожатый тәрбие жұмысына байланысты болашақ жоспарын жасар алдында келесідей талаптарды ескерген жөн. 
Талаптар : 
- Мақсатты бағытта. Тәрбие жұмысының әдісі мен қалыптарының мазмұнын , мақсатын, міндетін қамтамасыз ету; 
- Сабақтастық (жаңа оқу жылына жасалған жұмыс жоспары былтырғы жылдың жоспарына сәйкес болуы керек), шынайылық, жүйелілік және ізбасарлық (тәрбие жұмысының мұндай элементтері алдыңғы жұмысқа қарап даму сатысын анықтайды; 
- Балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс әдісін, мазмұнын, қалыптарын сәйкестендіреді; 
- Балалар ұжымымен жұмыс істеуде жұмыс әдісі мен қалыптарының жан-жақты болуын қадағалайды; 
- Аға вожатыйдың жоспары мектептің жоспарына сәйкес болуы; 

2. Жаңа оқу жылына мақсаттар мен міндеттер.

3. Жұмыстың мазмұны. 
Мақсаттар мен міндеттерді анықтағаннан кейін қызметтің түрі мен нысанын,бағытын таңдауға кірісу керек. Ол үшін бірнеше міндетті кешенді түрде шешетін қызмет нысаны мен тәрбиедегі құндылықтарды таңдау қажет. Мен бұл орайда Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа алуды ұсынамын.

Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді.

Адам – абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі».

Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы. Қазіргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.

2. Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.

3. Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

4. Денсаулық, салауатты өмір салты – бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.

5. Еңбек – адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты». Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.

6. Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

7. Мәдени мұра – барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

8. Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

9. Достық – өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.

Құндылықтар бағыты бойынша әр сыныпқа бөлу керек.

Оған қоса:

Жоспар мазмұнында мына сияқты мәселелерді де қамтуға болады.

Кабинетті безендіру ; медиа - пресс; көңілді үзіліс, мектеп кеңес отырысы; мектеп радиосы; күнделік жүргізу; газет шығару т.б.

Мектеп белсенділерімен жұмыс (ай бойынша: саиттарға, қабырға газеттерін шығаруға тақырыптық күндер, дөңгелек стол, ҰШІ ).

Мектеп кеңесі ( тоқсанына 1 реттен, ал бесіншісі жазғы лагерьді ұйымдастыруға арналады).

Дәстүр (жылына 2-3 мектепішілік немесе бірлестіктер бойынша).

Іс –шара (кесте түрінде).

Аудандық – облыстық іс – шараларға қатынасу.

Кітаптар көрмесін өткізу, 

Мектеп бойынша жол көрсетушіні сайлау; 

Өз аулаларыңда орындықтарды жөндеу, 

Өз аулаларыңдағы балалар алаңдарын жөндеу, 

Ұжымдық шығармашалақ тапсырма беру (ҰШТ).

Аға Вожатый жоспарын директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жоспар қызметінің басталуына 5 күн қалғанда тексеріп, мектеп директорына бекіттіреді.

Күнделікті жоспар –бұл аға вожатыйдың жұмыс күнделігі болып табылады, онда сол күні немесе келесі күні атқарылатын жұмыс түрлері жазылады ,мысалы телефон соғу, ескерту, жариялау, келісу т.б.

Бұл вожатыйдың жеке жоспары болғандықтан мектеп әкімшілігімен бекітілмейді. 

Аға вожатыйдың іс - шараны талдауы. 
Жұмыс барысын қадағалау, оның орындалуын есепке алу, атқарылған жұмыс әсерлілігін қорытындылау бағасы - бұл вожатый жұмысының негізгі бөлімдері. 
Тәрбие теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық талдау мәселесінен басқа өзекті мәселе болмас. Талдау – бұл затты ойша бірнеше бөліктерге бөлу, оны элементтерге бөлшектеу, оның ішінде, әр элементтерге бағалау мінездемесі беріледі, ал біртұтас алғанда мұның бәрі затқа мінездеме береді. 
Күнделікті өмірде біз талдауға жиі ұшырасамыз.Мысалы, айнаға қарап өз бейнемізді көреміз, тағамның дәмін татамыз.

Педагогикалық талдау дегеніміз – тәрбие жұмысының анықталған мерзім ішінде нәтижесін оқып-білу. Бірақ, бұл жыл ішінде атқарылған тізім емес, жұмыс әсерлілігін дамытуға немесе кедергісін анықтау. 
Педагогикалық талдау жасау мақсатының бірі кәсіби қызметтің жемістілігіне көз жеткізу. Себебі, қандай да талдаудың бір анықтамасы болады: 
- өз қызметіңнің және балалар ұжымы қызметінің нәтижелілігі; 
- өткізілетін педагогикалық жұмыстың мақсаттылығы; 
- қолданылатын педагогикалық құралдардың әсерлілігі, қызмет нәтижесіне олардың ықпал ету деңгейі; 
- педагогикалық қызмет ұйымдастырудағы жетістіктер мен кемшіліктер, олардың себебі; 
- педагогикалық үдерісті дамыту жолдары, анықталған кемшіліктерді болдырмау; 

Әрбір әдістемелік үдеріс сияқты, талдауда келесідей кезеңдердің сақталуын талап етеді: 
1. мақсат қоя білу; 
2. талдау нысанын, бағытын, тақырыбын таңдау; 
3. әрекет бағдарламасын жасау, әдісін таңдау; 
4. өз қызметін талдау; 
5. қорытынды шығару, қарым-қатынас жасау, 
6. нәтижелері; 
Талдау негізіне көбінесе мәселелер және оларды тарату болғандықтан , мынадай алгоритм ұсынылады: 
1- қойылған мәселенің толығымен қалай шешілгені жөнінде қорытынды шығару; 
2- қойылған мәселені шешу үшін не істелінді, қандай жұмыс атқарылды және оның шешілуіне не себеп болды. 
3- әсерлі педагогикалық құрал жөнінде ұйғарымдар, қолданылмаған мүмкіндіктер мен резервтер, педагогикалық қызмет нәтижесінің төмендеу себептері, 
Талдаудың бірнеше түрі бар: 
1. Шұғыл (шара аяқталысымен өткізіледі ) 
2. Тақырыптық  
3. Кезең бойынша  
4. Жалпы  
5. Қорытынды . 
Жоғарыда көрсетілгендердің барлығы талдаудың қай түріне болса да қатысы бар. Сонымен қатар, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Аға вожатыйлар негізінен талдаудың нақты түріне жүгінеді. 
Тәрбие жұмыстарының жалпы талдауы:
1. Тақырып пен мақсаттың өзектілігі 
2. Шараның мазмұны және оның құрылымы 
Басы – оқушының онда қатысуға психиологиялық дайындығы, қызметтің жағымды себептері; 
Негізгі бөлімі - мазмұнның мақсаттылығы, оның оқушы тәрбиесінің деңгейіне және жасына сай келуі, негізгі элементтердің логикалық сәйкестігі. 
Қорытынды – шараның негізгі мақсатқа сай келуі, сынып сағатынының бағдарламасына сәйкес (кез-келген басқа да шаралар) оқушылар алдына нақты іс - әрекет қоя білу. 
Оқушылардың тәртібі. 
Белсенділік, мұқияттылық, қызығушылық, тәртіптілік, шараға дайындалудың жоғары деңгейі. 
Әдістердің, техникалық құралдардың көрнекіліктердің мінездемесі. 
Шаралардың мазмұны мен мақсатына, оқушылардың жасына және тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы. 
Қызметтің ұйымдастырушылық аспектілері. 
Шара құрылымының негізгі элементтерінің нақтылығы: басы, негізгі бөлімі, қорытындысы; шара жалғасының сенімділігі, жарқын эстетикалық безендіру, алдын-ала дайындалған бағдарламаға шараның сәйкестігі, қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлу; 
Нәтиженің жалпы мінездемесі : 
-құрамдылығы; 
-ұйымдастырушылық қасиеті; 
-педагогикалық такт; 
-аудиториямен жұмыс ; 
-жағымды психологиялық климат құра білу; 
Талдау ішіндегі ең күрделісі – қорытынды талдау (оқу жылын қорытындылау). Оқу жылының қорытындысы бойынша талдау жұмысының мақсаты – ағымдағы мерзім ішіндегі педагогикалық қызмет нәтижесіне баға беру, оның одан әрі дамуына ең үздік нұсқалар жинақтау, келесі оқу жылына мақсаттар мен міндеттер жоспарлау; 
Оқу жылы ішіндегі жұмысты талдау кестесі: 
1. Балалар ұжымының сапалы мінездемесі. 
Сынып саны, жыл ішіндегі оның жұмысының сапасы, балалар ұжымдарының даму деңгейі, өздеріне айрықша көңіл бөлуді қажет ететін көшбасшылар, оқушылар, жұмыс барысында арқа сүйер оқушылар, сыныптар және сынып жетекшілері . 
2. Оқу мерзімінің бағыттары және өзіндік ерекшіліктері. 
Былтырғы оқу жылында қандай мақсаттар мен міндеттер болды, қызметтің қандай бағыттары пайдаланылды, қандай зерттеулер өткізілді, олардың мақсаттары және нәтижелері. 
3. Жұмыс нәтижесі, мақсаттарға жету, идеялар тарату. 
Көздеген мақсатқа жетті ме, жетпесе қандай себептер болды, мектептің қалалық шараларға қатысуы, аға вожатыйдың жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер, тәрбиенің қандай түрлері қолданылды. 

4.Шешілмеген мәселелер мен кемшіліктер.

5.Осыны шешу жобасы ұсынысы.

Аға вожатыйдың құжаттары:

Аға вожатый жұмысының жүйелілілігін қамтамасыз ету және оның жетістіктері мен кемшіліктерін назарда ұстап отыру мақсатында жиналатын құжаттардың жұмыстағы тигізер пайдасы мол болмақ.

Аға вожатыйдың тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы құжаттардың болуы міндетті және міндетті емес құжаттар болып екіге бөлінеді.

1. Аға Вожатыйдың жұмыс жоспары. 
Жоспарлар түрі :
 
-тоқсандық немесе айлық жоспар ; 
- жылдық; 
- күнделікті, 
- нақты істің жоспарын дайындау; 
2. Бағдарлама. 
3.Балалар ұжымына сапалы мінездеме беру (сынып саны, ағымдағы оқу жылындағы олардың жұмыс сапасы,балалар ұжымдарының даму деңгейі, көшбасшылар, оқушылар, сынып жетекшілері); 
4. Сайыстар мен жарыстар ережелері жинағы; 
5. Сайыстар мен жарыстар өткізілуінің қорытынды анықтамалары

6. Балалар ұйымдарының мектепішілік, аудандық, қалалық,облыстық шараларға қатысуы; 

7. Отырыстар мен жиын хаттамалары

8. Қызықты істер күнделігі

9. Жұмыс бағыттары бойынша бұрыш

10. Өз білімін көтеру жоспары

11. Белсенділерді оқыту кестесі

12. Пед кеңес, ДЖО, семинарлардағы жұмыс тақырыбы

13. Балалар ұйымының жұмыс жоспары

14. «Жас Ұлан» балалар ұйымы (бұдан әрі – Мектеп комитеті) мүшелерінің тізімі

15. Жетістіктері мен кемшіліктері;

16. Жұмыс жүйесінің моделі 

Балалар ұжымы - аға вожатый жұмысының ұйымдастырушылық

қызметінің негізі.

Ұжым - бұл ортақ әлеуметтік маңызы бар, қызметтес, осы қызметті ұйымдастырушылар, бірлік, ынтымақ арқылы ерекшеленетін, жалпы жауапкершілік атқаратын, барлық мүшесіне міндеттер бірдей бөлінетін тәрбиеленушілер тобы. 
Ұжым теориясын құрастырған көрнекті отандық педагог өкілі Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939). 
Ол ұжым өмірінің заңын қалыптастырды: қозғалыс – ұжым өмірінің қалпы, тоқтау – оның ажалы, ұжымның даму принциптерін анықтады (жариялылық, жауапты тәуелділік, болашақ бағыты) ұжымның даму кезеңдерін мүшеледі. 
Ұжымның даму сатылары. 
1. ұжымның қалыптасуы (алғашқы бірігу сатысы). Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, одан барлық талаптар шығады. 
Ұжымда белсенділер анықталып, тәрбиеленушілер бір мақсат негізінде бірігіп, ортақ ұйым, ортақ қызмет жасай бастағагда даму сатысының бірінші кезеңі аяқталды деп саналады. 
2. Ұжымның құрылымын тұрақтандыру. 
Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе сияқты қалыптасады, мұнда өздігінен ұйымдасу және реттелу механизмі істей бастайды. 
Педагогтың бұл сатыдағы негізгі мақсаты – ұжымның бар жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру, яғни ұжым не мақсат үшін құрылса, соны шешу болып табылады. 
Ұжым дамуының бұл сатысында жарыстар да, ұжым және кей оқушылар арасындағы келіспеушілікті жеңу, жалпы және жеке болашақ жоспарлар, оқушылардың жеке топтары арасында. 
3. Ұжымның гүлденуі. 
Бұл кезеңде ұжым әр мүшесінің жеке дамуының құралына айналады. 
Жалпы тәжірибе, құбылыстың біркелкі бағасы – ұжым дамуының үшінші сатысының өзіндік ерекшеліктерінің негізгі белгісі болып табылады. 
4. Ұжымның дамуы. 
Бұл сатыда әр оқушы өзінің нақты қалыптасқан ұжымдық тәжірибесіне айқындалған талаптар қоя біледі, сонымен, тәрбие үдерісі өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіне ауысады. 
Даму сатыларының арасында айқындалған шектеулер жоқ – келесі сатыға көшу мүмкіндіктері өтілген сатылар негізінде құралады. 
Егер вожатыйға оқушылармен жұмыс істеу үрдісінде өзінің мақсатына қол жеткізу үшін жаңа ұжым құру қажет болса, онда вожатыйге ұжым қалыптастырудың келесідей жаңа алгоритмі (жүйесі) ұсынылады: 
Мен ұжым қалыптастырамын
1. Мен балаларға ұнауым керек. 
2. Мен оларды танып –білуім керек. 
3. Мен біз бірігетін қызмет түрін анықтауым керек. 
4. Мен балаларды осы қызметімізбен айналыстыруым керек. 
5. мен бұл қызмет айналасына балаларды біріктіруім керек – менің жақын көмекшілерімді (белсенділер) табуым керек.
6. Мен балалар алдына болашақтағы жарқын және айқындалған жақын мақсатымызды қоя білуім керек. 
7. Мен қарым – қатынастың түрін анықтап, балалар арасындағы қарым-қатынас түрін бекітуім керек. 
8. Мен қызмет басқаруды балаларға жартылай беруім керек және өзін-өзі басқару органдарын құруым керек. 
9. Мен оқушыларға ерекшелік белгілерін ұсынуым керек. 
10. Мен ұжымның кездесу орнын жабдықтауым керек. 
11. мен айрықша қызықтыратындай етіп мектеп оқушыларының ұжымдық дәстүрлерін ұсынуым керек 
12. Мен оқушылардың бойында өзіне деген сенімін қалыптастыру сезімін қамтамасыз етуім керек. 
13. Мен балалардың тұйық болуын болдырмай, ұжымды жарқындыққа баулуым керек. 
14. Мен балаларға жаңа жолдастар, қызықты, көңілді достар тобынан құралған ұжым табуым керек. 
15. Мен бір орында тұрмауым керек. Тоқтау – ұжымның тарауының кепілі. 

Жасөспірімдер ұжымындағы бірлестіктер түрі мен оның іс -әрекеті. 

Өзінің тәжірибесінде вожатый тұрақты, уақытша ,әр жастағы , бейінді және т.б балалар-жасөспірімдер ұжымдарымен қарым – қатынаста болады. Әр ұжымның негізі – ортақ қызығушылық, ортақ мақсаттар, ортақ іс болып табылады. 
Әр мектепте бірлестіктің тұрақты түрде істейтін 5 түрі болады, олар вожатыйға өзінің мүмкіндіктерін, бірлестік мүшелері және жетекшілерімен жұмыс, ересектер мен балалардың байланыстарын талаптарға сай жүргізу қажеттігін ұсынады. 
Бұлар келесідей бірлестіктер
- Сынып – сабақтық – қатаң түрде бірдей жастағылар, міндетті сынып жетекшінің басшылығымен оқушылар үшін, бағдарламалар бойынша сынып ұжымы ішіндегі жүйе мен орнын анықтап, қажет жағдайда Вожатый тарапынан көмекке жүгіне алатындар; 
- Факультативті –үйірмелік - әр жастағылар жиналуы мүмкін, оқушылардың еркін таңдауы арқасында құрылады, толығымен ересек жетекшілердің назарында болады, вожатыймен байланыста өздерін еркін ұстайды, вожатыйдың тапсырмасын орындайды; 
- Клубтық –сондай әр жастағылар – балаларды тек еркін таңдау арқасында біріктірмейді, сонымен қатар, клубтың ересектері ұсынатын жалпы мақсатқа бірігеді, қоғамға жақын, вожатыйлар өз жұмыстарында көбінесе олардың бірлестіктеріне жүгіне алады, клубқа жетекші немесе көмекші ретінде кіре алады; 
- Қоғамдық-ұйымдастырушылық – мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару формаларының біріндей болады, мысалы, мектеп республикасы, қолөнершілер қаласы, оқушылар кеңесі, т.б. - әр жастағылар, ересектердің белсенді қатысуымен, негізінен – мектеп мұғалімдері, соның ішінде осы бірлестік белсенділерінің ұстазы, көмекшісі ретінде Вожатыйларды да жатқызуға болады, олар осы бірлестіктер жұмысына тікелей жауап береді; 
- Еркін құрылғандар – қоғамдық ,олар білім беру мекемелерінің пед.ұжымдарынан тәуелсіз, тек аға Вожатыйлер мен үйлестірушілерге, осы бірлестіктің жетекшілері, ұйымдастырушыларға, көмекшілеріне тәуелді болады, 
Мектеп бірлестіктеріндегі Вожатыйлердің ұйымдастырушылық қызметі осы бірлестіктердің бағытына қарай әр түрлі. Олардың ортақ ісі – жоспар бағдарламасын дайындауға, шаралар өткізуге жәрдемдесу болып табылады. Осы бірлестіктердің бірегейі ол мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы.


Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстары


Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы - бұл мемлекет басқару жүйесі негізінде сондай-ақ мектепте сол билік  жүйесіндегі ішкі заңдылықтары мен ережелерін қатаң түрде ұстанып, мектептің бүкіл жағдайын негізге ала отырып жақсы қырынан көрсету.
Мақсаты: мектеп проблемасын басшылыққа ала отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау, мектеп өміріндегі іс-шараларға белсене араласу, қазіргі заманға сай жеке тұлғаны тәрбиелеуге көмектесу. Оқушы өмірін жариялылыққа,
еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау.
Міндеттері:
-Мектептегі  оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бүкіл білім алушылардың араласуына ықпал етеді.
- Мектептегі  оқушылардың демократиялық принципін сақтап, қалыптастырады.
- Оқушылардың білімді мемлекеттік стандартқа сай менгеруіне, адамгершілік тәрбиеге дейін
жауапкершіліктерін көтеруге ат салысады.
- Білім алушылардың өмірге, қоғамға, еңбекті сүюге, адам мен адамзаттық мұраларды қастерлей
білуге және туған елі мен табиғатты қорғай білуге деген көзқарастарын қалыптастырады.
-Білім беру ұйымдары арасында аудандық, қалалық және халықарлық байланыстарды
нығайтады.
Оқушыларға өзін-өзі басқару ұйымы мынадай мүмкіндіктер береді:
- басқару қызметінің тәжірибесін жан-жақты оқып үйренуге;
- оқушы бойындағы шығармашылық пен ұйымдастырушылық қабілетін аша отырып, оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін туғызуға;
- мектеп өмірінің өзекті мәселелерін шешуде өзінің қатысы, орны бар екендігін сезінуге, өзіндік
пікірін еркін айтуға.
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің өзектілігі:
Оқушылардың бүгінгі таңдағы мектеп қабырғасында өзін-өзі басқаруы барысында, оқушылар әрекетінің еріктілігі, тең құқылығы, өзіндік шешім қабылдау жағдайға жетуі, еркін
пікір айтып, еркін ойлай алуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Өзін-өзі басқарудың қағидалары:
Оқушылардың өзін-өзі басқаруда мынадай қағидаларды ұстанады; демократия, білімділікті, әділділікті, жауапкершілікті, белсенділікті т.б. аталған қағидаларды ең басты ұстаным ретінде ала отырып жұмыс жүргізеді.
Өзін-өзі басқарудың құндылығы сонда осы ұйым арқылы оқушылар мектеп өміріне, мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді. Келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің ұжымымызда оң нәтижесін береді деп ойлаймыз. Ең бастысы, мектебіміздегі үйірмелерге, өнерге бейім оқушылармен қоса, тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушыларға өз
көмегін тигізеді.
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру барысы:
1.Оқушылар өздерін президентке үміткер ретінде ұсынады.
2. Әр үміткер өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын жасайды.
3.Үміткердің сенімді өкілдері сайлау алдында үгіт-насихат жүргізеді.
4. Жасалған бағдарламасын мектеп жиынында оқушыларға жариялайды.
5. Президентті сайлау күні белгіленіп, сол күні мектеп оқушылары бюллетен алып сайлау өткізетін жерге келіп дауыс береді.
6. Дауыс беру нәтижесінде жеңіске жеткен үміткер мектеп оқушылары алдында президент ретінде заңды түрде ант қабылдайды.
7. Өзінің тобындағы билік жүйесінің өкілдерін таныстырады, олар өздерінің болашақтағы жұмыс бағдарламасын, атқаратын қызметі жайында мәлімдеме жасайды.
8. Өзін-өзі басқарудың басшылары анықталғаннан кейін бағдарламада көрсеткен өз жұмыстарына кіріседі.
9. «Жас ұлан» балалар ұйымен тығыз қарым-қатынаста бірлесе отырып жұмыс атқарады.
      Өзін-өзі басқару мектептің ажырамас және қажетті атрибуты болып табылады. Оқушылар өзін-өзі және ұжымды басқаруды үйренетін, азаматтық, құқықтық, мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибесін жинақтайтын, мектеп өмірінің маңызды міндеттерін шешетін, өздігінше дамитын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Осы мақсатта мектепте құрылған өзін-өзі басқару ұйымның жұмысы мектептің жарғысы, ұйымның ережесі, көшбасшылардың міндеттері мен құқықтары, министрлердің жұмыс жоспары, ұйымның заңдары негізінде жүзеге асырылады.

Өзін-өзі басқарудың демократиялық бағыттағы формасы

Дербес шешім қабылдау, оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;

Әр оқушының дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

Оқушының сынып, мектеп және қоғамдық өмірде басқаруға дайын болуы;

Негізгі ұстанымы

Өзіміз шараны ойластырамыз;

Өзіміз жоспарлап, атқарамыз;

Өзіміз қорытындылаймыз;

Өзін-өзі басқаруды дамыту моделі

Әрекеттің мақсатын анықтау;

Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау);

Басқару мәселесін қою (идея ұсыну);

Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе нақты бір нұсқасын таңдау);

Шешімді қабылдау (жобаны бағалау);

Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру);

Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау). 

Мектептегі  өз өзін атқару комитеттің министірліктерін құруға болады. Министірлердін өз міндеттері болады.

Осы өзін өзі басқару ұйымымен мектеп аға вожатыйының міндеті

 Мектеп белсенділерінің жұмысын  ұйымдастырады, қадағалайды.

 Мерекелік күндері іс-шаралар жүргізеді.

Сыныпаралық сайыстар, концерт, пікірталас  сайыстарын ұйымдастырады.

Музей, театр, көрмелерге, тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырады және атақты  тұлғалармен  кездесулер өткізеді.

Мерекелік іс-шараларға қатысқан оқушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей жауапты.

Оқушылардың  бос уақыттарын маңызды ұйымдастыру.

 Мектеп әкімшілігі, педагог-психологтармен, сынып жетекшілермен бірлескен тәрбие жұмыстарына қатысу.

 Өмірде қиын кезеңдеріне кезіккен кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту тақырыбында жүргізілетін тәрбие жұмыстарына қатысады.

 Атқарылған іс-шараларға ата-аналарды қатыстырады және ата-аналармен тығыз   байланыста жұмыстар жүргізеді.

Педагогикалық этика нормаларын сақтайды. Өз білімін үнемі жетілдіреді, балалармен  жұмыс атқарудағы көп тәжірибелі аға тәлімгерден кеңес алып отырады, сонымен қатар өз қызметінде ҚР «Білім туралы», «Неке және отбасы», «Бала құқығы туралы» заңын,  «Конвенция» басқа да нормативті актілер мен құжатты негізге алады

  Мектеп президенттің міндеті

1. Мектеп оқушыларының өз-өзіне басшылық жасау.

2. Мектеп директоры тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог және басқа да ұстаздардың ұсыныс, тілектерін ескере отырып оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің жұмыс жоспарын жүргізу.

3. Мектеп басшыларымен,  ұстаздармен және ата-аналарымен тығыз байланыста болу және олардың ескертпелерін басшылыққа алу.

4.Оқушылардың білім сапасын арттыру, қиын оқушылармен жұмыс, мектеп бойынша кезекшілік жұмыс және басқа оқу тәрбиелік іс-шаралардың дер кезінде орындалуына көмек беру.

5. Мектептегі түрлі қоғамдық және мерекелік іс-шаралардың орындалуына ат салысу.

6. Оқушылардың көз қарасымен санасу мақсатында тиісті сауалнамалар жүргізіп отыру

7. Әр апта соңында жүйелі түрде президент жанындағы отырыс ұйымдастыру, басқару жүйе мүшелерінің есебін тыңдау және оларға нақты тапсырмалар беру.

8.Әр тоқсан соңында оқушылар алдында есеп беру.

Вице-президенттің міндеті

1. Мектептегі оқушылардың өзін-өзіне басшылық жасауды мектеп президентіне көмек беру.

2.  “Балдаурен” ұйымының жиналысын президентпен бірлесе отырып басшылыққа алу, және оны өз деңгейінде өткізу

3. Тәртіпті талап ету мақсатында тәртіп министрімен бірігіп жұмыс жасау

4. Әр апта соңында жүйелі түрде президент жанындағы отырыс ұйымдастыру, басқару жүйелі мүшелерінің есебін тыңдау

5. Мектептің директордың тәрбиесі жөніндегі орынбасары, аға вожатый, психолог , ұстаздармен тығыз байланыста болу.

6. Оқу үлгерім министрімен әр тоқсан  соңында  оқушы күнделігінің таза, таза еместігін тексеріп жиналыстарда ескерту.

7. Екі аптада бір рет мектеп жиналысын жасауға міндетті түрде қатысу

 Медиа Пресс орталығы міндеті

1. Мектептегі ақындық жазушылық қабілеті бар оқушыларды іріктеу, тізімін алу

2. Мереке күндері оқушыларға тілек,  құттықтау т.б қабырға газетіне  ілу

3. Тәрбиелік мәні бар газет, журналдарға оқушылардың жазылуын қадағалау

4. Әр мезгілде ақындық қабілеті бар оқушыларға өлең шығарту

5. Оқушыларға шығармаларын газет журналға шығаруын қадағалау

6. Мектептегі түрлі іс-шараларға белсене ат салысу

7. Оқушыларды марапаттап отыру

Қоғамдық тәртіп кеңесі міндеті.

1.Мектепішілік тәртіпті реттейді;

2.Тәртіпбі қиын оқушылармен жұмыс жүргізу;

3. Келіспеушілік жағдайларды шешу;

4. Оқушылардың құқығын қорғау;

5. Сабақтан кешігетін оқушылардан есеп алу,  шара колдану;

6. Ұйым отырысына, мектепішілік жиналыстарға ат салысу;

7. Тәртібі қиын оқушылардың тізімін алу.

Мәдени сауықтыру министрінің міндеті

1. Жылдық жоспарын түзіп мәдени секторларды сайлау.

2. Мәдени-сауықтыру шараларын жургізу.

3. Мектепішілік және калалық, аудандық мерекелерге оқушыларды ұйымдастыру.

4. Музыка жетекшілерімен бірігіп жұмыс жүргізу.

5. Мерекелік сценарияларға көмек көрсету.

6. Оқушыларды марапаттауды ұйымдастыру.

7. Істелінген жұмыстардың есебін беру.

8. Өнерлі оқушылардың тізімін алу

Оқу министрінің міндеті

1.     Екі аптада бір рет апталық оқу үлгерім көрсеткіші мониторингін шығарып тұрады.

2.     Оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді

3.     Тоқсан соңында білім деңгейін анықтап отырады.

4.     Оқу секторларының тізімін алу

5.     Комитеттің апталық жұмысын өткізу

6.     Апталық, айлық жұмыс жоспарын бекіту

Спорт және денсаулық министрінің міндеттері

1.Спорттық секциялардың жұмысын атқарады, іс шаралардың өтуіне көмек көрсетеді

2. «Ең спортқа бейім сынып» деген жарыстар ұйымдастырады.

3. Мектеп ленейкасында жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттау

4.Мектеп қабырғасына спорттық жарыстардан орын алған оқушыларды (алғыс хат,диплом, мақтау)  ілу.

5.Көңілді спорт мерекесін ұйымдастыру

«Тәлімгерлер» курсы

«Жас қыран» отряды мүшелері жұмысын басқарушы ұйымдастырушы

«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы.

«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асыратын қоғамдық ұйым. 


Мектеп балалар ұйымының жоғарғы органы жиналыс болып табылады. 
Жиналыс арқылы әр оқушы ұжым қызметінің мәселелері бойынша, шешім қабылдауға құқық беріледі; 
Жиналыс жылына 1 реттен кем өтпеуі тиіс. 
Жиналыс қызметтері : 
- Оқушылар ұжымының қызметін айқындайтын құжаттарды айқындайды және бекітеді; 
- өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін тыңдап, ұжымдағы оқушылардың қарым-қатынасын анықтайды; 
- өзін-өзі басқарудың атқару органдарын сайлау; 
- сайланған белсенділер мүшелерінің міндеттерін анықтайды; 
- ұжым жұмысының нәтижесін шығару; 
- ұжым жұмысына баға беру; 
- сыныптарды, топтарды, жеке оқушыларды марапаттау; 
Шағын ұжымдар – бұл сыныптың басты жұмыс ұжымдары. 
Мұндай шағын ұжымдарды қалай атауға болады. 
Біздің ұсыныстар : топтар, достастықтар, серіктестіктер, бірлестіктер, қоғам , экипаждар,бригадалар т.б. 
Шағын ұжымдар келесідей принциптерге құралады: 
-достық (кім-кіммен достасса) 
-мекен-жай (бір көше, бір үй) 
-қызығушылық (кім немен айналысады) 
-қызмет мазмұны (кім бірдей тапмсырма орындайды). 
Жадынама белсенділер қызметін жүйелендіріп, дағдысын қалыптастырады. 
Саған маңызды және жауапты іс тапсырылады. 
«Тәртіп және ереже» комиссиясы 2 аптада 1 рет ,сейсенбі күні сағат 13.30-да жиналады. 
Сен міндетті түрде қатысуың керек. 
Сенің міндеттеріңе кіретіндер: 
-сыныптарды кезекшілікке жауаптылардың міндеттерін ұйымдастыру; 
-сыныптың оқу ісінің меңгерушісімен бірлесіп кезекші кестесін құру; 
-кезекшіліктің өтуін қадағалау, 
-сыныптар кезекшілігінің қорытындысын шығару, 

Балалар ұжымындағы белсенділердің іс -әрекеті.


Белсенділер – ұжымның ең шығармашылық, белсенді мүшесі, өздерінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін көрсете алатын, ұжым қызметінде алда жүретіндер. 
Ұйымдастырушылық қабілеті – бұл жеке тұлғалық қасиет, ол адамға қай істе болмасын жылдам ,әрі сенімді істер атқаруға көмектеседі. 
Ұйымдастырушы тұлғаның жалпы сапалары: 
Құзырлылық – ұйымдастыру талап ететін істі білу қажет; 
Белсенділік –практикалық мәселелерді шешу кезінде жылдамдық әрекеті; 
Бастамашылық – белсенділіктің ерекше шығармашылығы, идея, ұсыныстар жасай алады; 
Көпшіл – басқаларға ашық, қарым-қатынасқа дайын, адамдармен қатынасқа түсу қажеттілігі; 
Ой-пікірлілік – құбылыстардың себебін, негізгісін анықтау; 
Табандылық – күш –жігерін , табандылығын көрсету, істі аяғына дейін жеткізе білу; 
Өзін - өзі қадағалау - өз сезімдерін, қиын жағдайларда өз мінезін қадағалау мүмкіндіктері; 
Жұмыс істеу қабілеттілігі – шыдамдылық, қиын жұмыс істеу мүмкіндігі, ұзақ уақытқа дейін шаршамау; 
Байқампаздық – көре білу, есте сақтау мүмкіндіктері; 
өздігінен – шешім қабылдауда тәуелсіздік, мәселе шешу кезінде дұрыс жол таба білу, өзіне жауапкершілік алу; 
Ұйымдастырушылық – қажетті жұмыс кестесіне өзін бағындыра білу, өз қызметін жоспарлау, жинақылық көрсете білу. Белсенділер арасында ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, вожатый өзінің де жетекшілік ете білу қабілетін қалыптастырады, яғни, ұжым қызметін толық немесе кей түрлерге бағыттай алады : спорттық, қоғамдық – еңбектік, ойын т.б. Ұжымды осылай немесе жеке жұмыс түрлерімен басқара білу белсендіні жетекші ретінде таныта алады. 
Ереже бойынша ұжым жетекшісін ұжым мүшелері сайлайды, кей жағдайда вожатыйдың, педагогтардың, басқа да өзін -өзі басқару органдарының ұсынысымен тағайындалады. Мұндай тағайындаулар балалар бірлестіктерінде, сыныптарда болады. Бірақ, мұнда ұсыныс арқылы тағайындалған балалардан басқа да өте ықпалды тұлғалар – көшбасшылар болуы мүмкін. Көшбасшы ,әдетте, осы ұжым ішінен шығады, ұжымның мүддесі мен мақсаттарын қорғайды, осылай өз жолдастары арасында бейресми жетекші бола алады. Бұл арадағы вожатыйдың міндеті – ұжым арасында осындай көшбасшыларды анықтау, оларға ресми түрде жетекші болуға көмектеседі.

Бұл арада нені түсіну қажет : 
Көшбасшы – ұжым ішіндегі шағын топ шешімдерін реттейді, ал жетекші ұжымға байланысты барлық мәселелерді реттейді; 
Көшбасшы – ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа толық тәуелді болады, оның басымдылығы тек бір топта немесе ұжым қызметінің бір көрінісінде ғана бола алады, ал жетекші ұжым ішінде беделді болып танылып, оның көңіл – күйіне тәуелді болмайды, ол өзінің ұжымында ұжымнан басқа, қоғамдық қарым-қатынас нәтижелерін жариялап отырады; 
Көшбасшы – бұл заңды жетекшінің көмекшісі, ұжымның мүддесін қорғай алады, ал жетекші ұйымдасқан ұжымның басшысы болып табылады; 
Көшбасшы – көбінесе ұжым мүшелерінің көңіл-күйіне бағынады, сондықтан ол ұжым ішінде тұрақты емес, ал жетекші - өзіне сенімді, ұжым ішінде тұрақты, ұжым мүшелерінің көңіл – күйіне тәуелсіз; 
Көшбасшы – бұл кішкентай, аз топтың мүддесін қорғайды, ал, жетекші - өз ұжымын қоғамда көрсете алады; 
Осындай ерекшеліктерді біле тұра жетекші балалар – жасөспірімдердің қай ұжымында болмасын , қай бірлестікте болмасын өзіне көмекшіні, ұйымдастырушыны тез тауып алады, азғантай топтардың көшбасшыларын анықтай алады, олармен бірлесіп қандай да бір жұмыс түрін істеуді ұйғарады. 
Қандай да болмасын бір істе танылған көшбасшы балалар ұжымда, бірлестіктерде, белсенділер арасында өз қызметінің нұсқаушысы болады. Мысалы, туризм жөнінде нұсқаушы, абаттандыру жөніндегі нұсқаушы т.б. басқа балаларды өзінің білгеніне үйрету, шағын топтардың мүддесін қорғау үшін ұйымдастырушы бола алады. Мысалы, звено, экипаж, жас туристер, жас экологтар ,жас коллекционерлер топтары. 


Балалар ұжымындағы – аға вожатыйдың тапсырмалар жүйесі

Балалар ұжымындағы тапсырмалар жүйесі. 
Тапсырма – бұл мақсаттар мен талаптардың тізімімен анықталған міндет, олар жеке тұлға сапасының қандай дәрежеде екенін анықтайды (өздігінен жұмыс істеу, жауапкершілік т.б.). 
Балалар ұжымындағы тапсырма – бұл баланың практикалық қызметінің шеңбері. Тапсырма беру баланың ұйымдастырушылық қабілетін, еңбек тәжірибесін шынықтырады. 
Тапсырма түрлері : 
- тұрақты және уақытша ; 
- жеке және ұжымдық ; 
- таңдаулы және бекітілген; 
- қызмет түрлеріне қарай; 
Оқушы жыл бойы орындайтын тапсырмаларды тұрақты деп атаймыз. Бұл өздігінен басқару органдарының қызметімен байланысты тапсырмалар. Бұл сайламалы тапсырмалар – топ басшысы, топ командирі, республика президенті, ұлан, т.б. 
Уақытша тапсырмалар – бұл мазмұны мен тәрбиелік мәніне қарай қысқа уақытта орындалатын тапсырмалар. 
Тапсырма ұжымға арналуы мүмкін, бұны ұжымдық дейміз, ал бір балаға арналса – жеке болып саналады. 
Ұжымдық тапсырмалар : 
- ерікті топ (істің мазмұнына барлау жасайды) 
- іс Кеңесі (істің дайындығына жетекшілік жасайды) 
- шығармашылық шағын топтар (істің жеке бөлшектерін дайындайды) 
Жеке тапсырмалар : 
- безендірушілер; 
- бишілер; 
- жүргізушілер; 
- аспаздар; 
- ди-джей; 
- тәртіпті сақтаушылар; 
- сыйлықтар шеберханаларының қызметкерлері; 
Оқушы өзі- өзіне тапсырма таңдап ала алады, олар – таңдаулы деп аталады. Қызмет бағыты бойынша тапсырма түрлерін анықтау мүмкіндігі : 
- өзін -өзі басқару органдарының жұмысы; 
- еңбек десанттары; 
- демалыс шараларын ұйымдастыру, 
- безендіру жұмысы; 
- жаңа білім іздеу, 
- алғашқы көмек көрсету; 
- қызықты үзілістер ұйымдастыру, 
- әскери-спорттық ойындар ұйымдастыру т.б. 
Тапсырма мен міндетті айыру қажет .

Егер тапсырма болса, онда ол анықталған міндеттер жүйесі, егер жеке міндет болса, - бұл тапсырманың дара түрі. 
Алғашқы шағын ұжымдардың кезектесіп атқаратын іс – тапсырмалардың нұсқалары: 
- кезекшілік 
- санитарлар 
- кітапханашылар 
- гүл өсірушілер 
- физоргтар 
- ой тастаушылар 
- даналар 
- журналистер 
- тимуровшылар т.б. 
Тапсырмалар бойынша қызметтерге жалпы жиналыс, жиындарда баға беріледі. Баға беру талаптарын балалар өздері немесе Вожатый анықтауы мүмкін . 
- уақытында орындалуы 
- шығармашылық мазмұны; 
- тату жұмыс; 
- әр қайсысы еңбек етті; 
- істері айналадағыларға пайда тигізді, 
Тапсырмаларға қойылатын талаптар : 
1. тапсырмалар айқын анықталып, балаға түсінікті болуы тиіс; 
2. айқындалған тапсырманың мақсаты мен қоғамдық ерекшелігін балаларға түсіндіру қажет, 
3. тапсырманы орындау кезінде «табыс әрекеті» жасалуы тиіс; 
4. тапсырманың орындалғаны жөнінде балалар жолдастары алдында есеп берулері тиіс; 
5. тапсырманы тағайындау алдында баланың қабілеттері, мүмкіндіктері ескерілуі тиіс, ол тапсырма балаға ұнауы тиіс; 
6. тапсырма баланың шеберлігіне байланысты беріледі; 
7. тапсырма баланың жасына сай келуі тиіс, 
8. әр тапсырма тұлғаның дамуына өз үлесін тигізуі тиіс; 
Тапсырманы мүмкіндігінше ересек адам емес балалар ұжымы берген жөн, сонда орындаушыда үлкен жауапкершілік пайда болып, қызығушылықпен атқарады. Жұмыс әдетінше қарапайым тапсырмалардан басталып, күрделене түседі. Ұжымдағы әр балаға тапсырма берілуі тиіс, кей жағдайда бір бала бірнеше тапсырма орындауы мүмкін. Тапсырманы орындау кезінде Аға Вожатый немесе басқа балалар қажет жағдайда көмек берулеріне болады. 

Жиналысты дәстүрлі жобамен бастау (жиылыс, түгендеу, тексеру), сосын секциялар жұмысы, аяқталу мәресі – жиналыс, марапат. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
А?а вожатыйлар?а ?дістемелік к?мек

Автор: Саржан Н?рзия Молдабай?ызы

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства