kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазіргі кездегі білім сапасын басқарудың теориясы мен тәжірибесі баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі кездегі білім берудегі жаңаша әдіс - тәсілдер туралы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазіргі кездегі білім сапасын басқарудың теориясы мен тәжірибесі баяндама»

Қазіргі кездегі білім сапасын басқарудың теориясы мен тәжірибесі

Жаңа заманның жаңа

адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер,

ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар.

Олар заман талабына сай білім алып

тәрбиеленуі тиіс”

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі таңда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімділігін қолдану. Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуынеліміз бірінші орынға қойып отыр. 

 Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі.Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың  бойында 

жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан- жақты дамуын, рухани  бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана

отырып,оқушы бойында өзінедеген сенімділік пен жауапкершіліктерді 

дамыту болып табылады. Оқушылардың оқуға дегенынтасы мен қызығушылықтарын одан әрі арта түсуіне ықпал жасаудамын. Питер Клайннің«Балаға  өз бетімен  зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан  әрі  жақсы оқи түседі» дегенсөзіне үстана отырып әр сабағымда оқушыларға өздігімен тақырыпты меңгеруіне және жұмысжасауына мүмкіндік беремін. Ол үшін сабақ барысында оқушыларға ынтымақтастық жәнекоммуникативті орта құру үшін әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері –жеті модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көзжеткіздім. Бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

(АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балалардыоқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және  оқу. 7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  

 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты.«Қалай оқу керектігін 

үйрету» немесе мета сана оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра 

алатын  білім  жинау жауапкершілігін  түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. 

 2. Сынитұрғыдан ойлауға үйрету.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, 

естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін 

өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.   

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Бағалау –одан арғы білім туралышешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин

4.  Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды(АКТ) 

пайдалану.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулікжұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық

 технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.   

5.  Талантты және дарынды балаларды оқыту.Талантты және дарынды оқушыларғабілім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани

 біледі. 

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және  оқу. Белгілі бір 

шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен 

жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелдіболатынын атап көрсетеді.   

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.Аталған модуль білім берудің

 кезкелген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керекдеген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдайбілу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.  

Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі қағидалары іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қажеттіжағдай жасау керек.

Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану нәтижесінде 

адам машықтанған тұлғағаайналуы өзіне-өзі түсінікті. Оқыту үрдісінде мұғалім мен компьютердің көмегін қолдану білім беру үдерісінің сапасын 

арттырады. Осы аталған әдістемені қолдану сабақ беру үрдісін белсендіре түседі және оқушылардың  білімге деген қызығушылығын

 арттыра түседі. Біріншіден, мұғалімнің жаңа сабақтакомпьютерді қолдануы дайындығы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білімді бірдей деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мұғалімнің кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылады, себебімұғалім сабақ беру әдістерінің қазіргі кезең талаптарына сай дәрежеде болуын үнемі қадағалап отыруыжәне өзінің біліктілігін қазіргі кезең техника және технология жетістіктері негізінде арттырып отыруықажет болады. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазіргі кездегі білім сапасын басқарудың теориясы мен тәжірибесі баяндама

Автор: Нурсултанов Серикбай Батиканович

Дата: 27.01.2018

Номер свидетельства: 452963


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства