Жасалған жинақ кітапшада «БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ДАМЫТУ МЕКТЕБІ» және «АТА-АНАЛАР МЕКТЕБІ» жобалары мектептің және сынып жетекшінің тұлғаны тәрбиелеу бағытындағы жүргізілетін жұмыс түрлерінің үлгісі, автор жұмыс атқаратын мектептегі жанұялық тәрбие бағдарламасы және онымен жұмыс жоспары әр сыныпқа нақты жоспар жасап ұсынған. Ата - анамен жүргізілетін диагностикалық жұмыс түрлері және ата – анамен бірлескен ойын түрлері құрастырылып ұсынылған
Жинақ отбасымен жұмыс жасайтын : мектеп және тәжірибелі маман психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілерге арналады.
Мектеп, ата-ана, ұстазболыпбірігіп, сапалыбілімді, саналытәрбиелі, салауаттыұрпақтәрбиелеу.
1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті
2. Ата-ананың атқаратын міндеті
3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже
Сынып жетекшінің міндеті:
1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту;
3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу;
5. Ата-аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс;
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.
Ата-ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін.
Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға мектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
1. Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.
Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
1. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады.
Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.
2. Сыныптық ата-аналар жиналысы.
Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі.
Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек.
Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.
Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма?
Әрине, болады.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата-аналар кодексінде:
-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;
-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
-Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Ата-аналарға арналған этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін,
дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
1. Сынып жетекшісі;
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Әлеуметтік педагог;
5. Мектеп басшысы.
Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмыстарының негізгі формалары.
Ата-ана мен сынып жетекшісінің қызметі.
І-қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады, алғашқы жиналыста өзі ата-анамен танысады.,өзімен таныстырады,жұмыстарының бағыты,мақсаты,жоспарымен таныстырып бірге талқылайды.
Іс-әрекет түрлері.
Балалар мен ата-аналардың шығармашылық күнін өткізеді.
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді.
Мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және қаржылық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады.
Шефтік көмекті ұйымдастырады.
Ата-аналардың мектеп жұмысына араластырады.
ІІ-қызметі. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
ІІІ-қызметі. Ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту.
ІҮ -қызметі. Отбасында кейкілжіңі көп,психологиялық жағдайы ауыр қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көп көңіл бөлу.
Ү -қызметі. Ата –аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет етуі.
Отбасын аралағанда келесі шарттарды сақтаңыз.
отбасына ескертпей келмеуі,
5-10 минуттан артық болмау.
отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау.
әңгімені әкімшілік,әміршілік сынаймен жүргізбеу.
Ата-ананы үйретпеңіз,кеңес беріңіз.
Негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата-анаға да қолайсыз болмайтындай етіп бастау керек.
Ата-ананы тәрбие мәселесін бірге шешейік деп,өтініп шақыру қағазын жіберуге де болады.
Ата-аналар жиналысының құрылымы.
Ата-аналар жиналысын өз уақытында
бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген
жиналыстың өзі шамамен 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
Сынып жетекшінің кіріспе сөзі – 5 минут.
Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекші,психолог,мұғалім),қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут.
Тақырып бойынша сөйлеу:шақырылған маман немесе сынып жетекшісінің өзі.Сөз нақты,дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс – 5-15 минут.
Мәселені ата-анамен бірге талқылау- 20 минут.
Сынып жетекшісінің сынып үлгірімін талдауы. Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек. Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей,сенімді түрде айтылғаны жөн.
Мүмкіндігіне қарай пән мұғалімдерін де жиналысқа қатынастыруға тырысыңыз
Қортындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп,рахмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1минутқа кідіре тұруларын сұрайды.
Ата-аналар жиналысының үлгі тақырыптары.
- 5-сынып оқушыларының жаңа жағдайларға бейімделуі. (ескерту; осындай тақырыпта 1, 9, 11 сыныптарда да өткізуге болады)
- Мектеп пен отбасының біріккен одағы жақсы тәрбиенің тірегі.
- Отбасы тәрбиесінің типтері.
- Тұлға қалыптастырудағы отбасының рөлі.
- Балалармен жаңа оқу жылына тәрбиелік жұмыстар ұйымдастыру.
- Бала тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалаудың рөлі.
- Қиын да, қызық жасөспірімдік шақ.
- Педагогика және өмір.
- Жағымды өзіндік бағалау тұлғаның табысты дамуының басты шарты
ретінде.
- Отбасында ұл өсіп келеді...
- Ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы.
- Анаға қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер.
- Жақсы сөз - жан азығы
Бірінші тоқсандағы оқу жұмысының қорытындысына арналған оқушылар,ата-аналар және пән мұғалімдерінің бірлескен жиналысының үлгісі.
Күні.... Айы..... Жылы ....
Мақсаты: оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу жұмысының нәтижесін арттыруда олардың жауапкершілігін қалыптастыру.Оған ата-аналарды тарту.
Дайындық жұмыстары.
1.Оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу жұмыстарының нәтижесіне талдау жасау.
2. Оқушыларға анонимдік тұрғыда сауалнама сұрақтарын жүргізу.
3. Пән мұғалімдерімен әңгімелесу.
4. Қаралып отырған мәселені талқылауға қатысты оқушылар тобын дайындау.
Өту барысы.
1.Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
2.Сыныптағы оқушылардың бірінші тоқсан бойынша оқу жұмыстарының нәтижесіне талдау.( Сынып жетекшісі,оқу секторы,директордың оқу-тәрбие жұмысындағы орынбасары).
3.Оқушылармен қаралып отырған мәселеге сай ортақ пікірді қалыптастыруға арналған сұрақтарды талқылау:
-оқуда жақсы нәтидеге қол жеткізуде нендей нәрсе кедергі болды.?
-сыныпта оқу жұмысының сапасын арттыруды қалай ұйымдастыруға болады?
4.Оқушылардың сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын талқылау.
5.Алдын-ала дайындаған оқушылардың жұмыс тобының пікірін тыңдау.
6.Пән мұғалімдері мен ата-аналар пікірін тыңдау.
7.Жиналыстың шешімін әзірлеу тобын тыңдау.
8.Шешім қабылдау.
Н.Наушабаев атындағы
Затобол орта мектебі
Жанұялық тәрбие
БАҒДАРЛАМАСЫ
2012 – 2016 оқу жылдарына арналады
"Бүгінгі бала, ертеңгі ата - ана "
(Кіріспе)
"Бүгінгі бала, ертеңгі ата - ана " бағдарламасы оқушыларды болашақ жанұялық өмірге даярлаудың алғашқы баспалдағы тәрізді
Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі” , яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
“жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”
“Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”
“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу). Бала психикасы, оның жан дүниесі, адамгершілік қасиеттерінің негізі жанұяда қалыптасады. Сондықтан балаға толыққанды тәрбие беру үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастықта жұмыс істеген абзал. Немесе бұны Бала + Ата – ана + Мектеп = «Үштік Одақ» десек те болады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – “Үштік Одақ” ынтымағы арқылы құзыретті тұлға тәрбиелеудегі білім мен тәрбиенің тиімділігін арттыру
Бағдарламаның орындалу мерзімі 2011- 2015 жж
Бағдарламаның тәрбиелік мақсаты:
Адамдағы жоғары құндыллықтар мен өмірге деген сүйіспеншіліктің арқасында баланы жаман қылықтардан аулақ болуға дағдыландыру;
Тұлғалық қарым – қатынасты жетілдіру;
Жанұялық өмір туралы түсініктерін қалыптастыру;
Ұлттық мәдениет пен салт – дәстүрге құрметпен қарауға дағдыландыру;
әлемдік мәдениеттен хабардар ету және үлгілі, бақытты жанұя деген не екенін білгізу;
жанұялық өмір этикасы , жанұядағы психологиялық ахуалдың «бақытты жанұя» болудағы ролін білгізу;
Болашақ жанұялық өмірге даярлау.
Міндеттері:
- Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру.
- Отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту
- Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау
- Мектеппен қарым – қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
- Лайықты әке – шеше бола білуге ерте бастан тәрбиелеу
- Шынайы өмірдегі жанұяның тұрмыс тіршілігі, оны жеңудің жолдарын білгізу, кино – видеодағы шындықтан әрі тұратын өмірдің жалғандығын ажырата білуге баулу
Бағдарламаны жүзеге асыру жолдары
- Мектептегі сынып жетекшілермен, тәрбиешілер арасында оқыту- әдістемелік семинарлар өткізу;
- оқушылардың арасында түрлі іс- шаралар өткізу;
- Ата -әжелердің кеңесін тыңдату.
Бағдарлама әдістемелігі:
Психологиялық тренингтермен өткізілетін сабақтар
Оқушыларды психологиялық қорғайтын сабақтар
Психокоррекция
Тақырыптық сынып сағаттары
Диспуттар
Медқызметкерлермен кездесу
Мектептің тақырыптық газетін шығару
Денсаулық күнін өткізу
Ата – ана жиналысы, дәрістер оқу
Үйірме, клуб жұмыстары
Жанұялық сайыстар
Сыныптық – жанұялық жаяу топсеруен
Көрме
Танымдық, ролдік ойындар
Күтілетін нәтиже:
Түлек жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалай білу және адамдағы табиғи құқықтары мен міндеттері болатындығын біліп шығады ;
Өзін - өзі дамытуға, бағалауға ,өзіне - өзі сын айта алуға қалыптасады,
Жанұяда псхолгиялық жағынан жанұялық өмірге деген көзқарасы түсінігі бар бала өседі;
Ол өзінің де болашақта ата – ана болатынына сеніммен қарай отырып, ата – ана ақылына құлақ асатын болады;
Бала мен ата – ана арасында өзара берік түсінушілік қалыптасады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған жұмыс тақырыптары мен түрлері:
№
Балаларға арналған іс - шаралар
Ата – аналарға арналған іс - шаралар
Ата – анамен балаға арналған іс - шаралар
«Мен және менің жанұям»
1- сынып
1.
Презентация «Портрет» менің жанұям.
Өз жанұясының бала болашағына ықпалы туралы әңгіме.
Конференция «Жанұя дәстүрі және оның тәрбиедегі ролі»
2.
Жанұялық демалыс.
«Біздің сүйікті ойынымыз»
Шығармашылқ кезхдесу (дөңгелек стол)
Тақырыбы:
«Жанұялық демалыс проблемасы»
Табиғатқа саяхат.
3.
Презентация «Алғашқы баға тойы»
Жанұдағы бейбіт психологиялық ахуалдың балаға әсері - әңгіме
Ата – анаға арналған - Мини сабақ
4.
Біздің үй
Золушкаға сабақ.
Еңбек тәрбиесіне арналған іс- тәжрибелерімен алмасу.
Біз бақытты жанұя - ертеңгілік.
2 сынып
1.
Сынып сағаты: «Қыз бала яғни мен үйде, мектепте, көшеде қандай болуға жауаптымын».
Көрме «Жанұямның шеберханасы».
Ата –анасының жұмыс орнына саяхат.
2.
Кездесу
« Атамның арбасында, Әжемнің сандығында не бар екен...»
Шығармашылық кездесу
Ата - әжелер ақылы.
«Менің жанұям менің байлығым» кездесу.
3.
Жанұя және денсаулық
Қозғалмалы ойындар түрін жинақтау.
Жиналыс
«Күн тәртібін сақтау қажет».
«Көңілді старт»
4.
Жанұяммен жаным бірге
«Мақалдар мерекесі»
Ақыл клубы «Әкелер мен балалар»
Жаңа жылдық мереке – жанұялық мереке.
3 сынып
1.
Жеті ата
Кім кімнің баласы? (Зерттеу)
Диспут «Жанұя кімге бағыну керек?»
Қанына тарту, тектілік деген не?.
2.
Жанұялық қаржы
Ойын
«Кімнің миллионер болғысы келеді?»
Жиналыс
«Жанұялық бюджет»
Ролдік ойын
«Бюджетті жоспарлау»
3.
Спорт және жанұя
«Спорттық экспресс»
Іс – тәжірибе: «Шынығу мен жаттығу»
«Папам , мамам және Мен»
4.
Отбасылық естелік
Жанұялық альбомды көркемдеу
Дастархан басындағы әңгіме
«Маманың балалық шағынан»
Газет шығару
«Менің жанұям»
4 сынып
1.
Жанұя мәліметі
Менің жанұямның тарихы
Маманның кеңесі. Адамға көрінбетін жау (ішімдік, СПИД, темекі)
8 наурыз ана, әже, қыздар мерекесі.
2.
Жыныстық тәрбие
Әңгіме «Қыздар арасында».
Жиналыс «Жанұядағы жыныстық тәрбие»
Ролдік ойын «Қызы - шешесі»
3.
Жанұя дәстүрі.
Әңгіме: « Мен - мамам сияқты, Мен -папам сияқты болғым келеді».
Дәріс
«Жанұялық дәстүрдің бала тәрбиесіндегі ролі»
Еске алу кеші
«Мен соғысты көрген жоқпын...»
4.
Жанұядағы Этика сабағы.
Бәрімізге ортақ міндетті тәртіп. (ауызша журнал)
Психологиялық кеңес «Көпшіліпен бірге өмір сүруге қалай баулу керек»
Бастауыш сыныппен қоштасу
5 сынып
«Менің жанұям - Анкета». (Сынып сағаты)
Жанұядағы жазалау мен мадақтау.
(Дәріс)
Презентация «Менің жанұямның фотопортреті»
«Менің атым нені білдіреді». (Әңгіме)
Жанұя газетінен сайыс
Еркін тақырыпта
«Менің кім болғым келеді?»
.(Сынып сағаты)
Жиналыс«Жанұя салты мен құндылықтар»
Жоба
«Менің туыстарым»
Мед. Қызметкерімен кездесу
(Қыздар арасындағы әңгіме)
Қыздар тәрбиесі .(Дәрігер дәрісі).
Қыз және Ұл ол кім? (Рольдік ойын)
Жасөспірімнің физиологиялық ерекшеліктері.
(Хабарламалық парақшалар тарату)
Сайыс «Ал қанеки ұлдар мен қыздар»
6 Сынып
Жанұядағы конфликтілікжағдаят.
(Ролдік ойын)
(Презентация) Жанұялық альбом.
Жанұяның мақал – мәтелдерінің жинағы. (Конкурс)
Доктор Карнегидің кеңесі.
(Хабарламалық қаттама жасау)
Біздің жанұялық қызметіміз - әңгіме
«Рахмет саған, Анашым!»
(Концерттік бағдарлама)
Әңгіме: «Жанұядағы ананың ролі»
Мен сән туралы не ойлаймын?
(Пікірталас).
Қақтығыстан қалай шығуға болады?
Дөңгелек стол стол
«Еркектер әңгімесі»
Әңгіме: «Жанұядағы әкенің ролі»
7 сынып
Менің фамилиямның тарихы
«Менің баламның досы»
Сырласу сағаты.
Жанұядағы құндылық пен дәстүрлер
Ата, әже, немере.
(Фотопроекты)
Жанұядағы қақтығыстың бала психологиясына әсері. Психолог кеңесі.
Сырласу сағаты.
Ата – анама хат «Айтатұғын сырым бар...».
Сізге балаңыз сенеді ме? (Сауалнама)
Дәріс «Үлкендер де балалар да махаббат туралы»
Махаббат және жанұя:Заң және дәстүр
8 сынып
«Жанұялық роль».
(Сынып сағаты)
Отбасы, отбасы құндылығы деген не?
(Дәріс)
Қыздарға арналған тренинг «Бұл әлде махаббат па?»
Біздің баламыз ғашық болып қалса... (Психолог кеңесі)
Махаббат туралы өлеңдер сайысы.
(Жыр кеші)
Қыз бала мен ер балалар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастар
(Психологпен әңгіме)
Ата – ананың балаға деген қарым қатынасының бала болашағына әсері. (Дәріс)
Ата- анамен қарым – қатынас және қақтығыс.
(Тренинг)
Баламмен қарым – қатынасым . Қақтығыс.
( Тренинг)
Тәрбиелеу мәдениеті.
(Конференция)
9сынып
Қалай әдемі болуға болады.
Стилист кеңесі.
Сән және денсаулық. Ата – анаға кеңес
Мені қызықтыратын әлем.
Біздің сыныптың Стилистері мен кутюрьелері.
Бала құқы конвенциясымен таныстыру
(Пікірталас)
Ата - анақұқықнан айыру және шектеу деген не? (Дәріс)
Тренинг «Ер баланың батылдығы, Қыз баланың қылығы».
«Әйел тарихының тағдыры»
(Аналар мерекесіне жоба)
Мерекелік дастарханды қалай сәндеуге болады. (сынып сағаты)
Денсаулыққа пайдалы тамақ. Жанұялық тамақ рецепті.
Үй дастарханының мәдениеті.
Мектеп жарғысымен келісемін, қарсымын сұхбат.
Ата – ана құқы мен міндеті.(Дәріс)
10 класс
Шығарма
«Менің ата - ана алдындағы парызым»
Ата – ана бола білу өнері.
Әңгіме - пікірталас «Қандай ақылды бала»
Жұбай бола білу өнері (Дәріс)
Тренинг «Мен қандай әке, мен қандай шеше бола аламын»
( Психологтың қатынасуымен жұмыс)
Жанұяны кім басқарады?.
(Жиналыс)
Бақытты жанұя болудың шарттары.
Жоба
Ынтымақты жанұя болудың формуласы қандай?( ата – ене кеңесі)
Пікірталас
«Жанұядағы міндеттерімізді бөлісіп көрейік»
Ең үздік бағдарлама қорғау сайысы
«Біз бақытты жанұя»
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі .(Дәріс).
Фестиваль – конкурс«Мамам, папам және мен, біз бақытты жанұя»
Тренинг – қыздарға «Қыз қылығымен, әйел айласымен жеңеді»
Дәрігермен кездесу
«Қыз бала, бойжеткен, әйел»
Махабатты сақтай біліңіздер.(сынып сағаты).
Менің ата –анамның үйлену тойының фотографиясы көрме.
Атаақты адамдар отбасының өмірінен
презентация
11 сынып
Сырласу сағаты
Ана мен баланы қорғау.
Бала тәрбиесіндегі ананың ролі.(дәріс).
Мерекелік кеш. Аналар құрметіне
Жанұялық қарым – қатынас психологиясы.
(дәріс – диалог)
Психолог кеңесі
«Жанұядағы қарым – қатынасты қалай қалыптастыруға болады»
Әйгілі жанұялық жұптардың өмірінен.
( презентации)
Өмірлік жұбайыңды қалай таңдауға болады.(Әңгіме)
Психолог кеңесі
«Өмірлік жолғашығуға өзіңді кімге қалай сеніп тапсыруға болады»
Ұрпақтар жалғастығы.
(Мерекелік кездесуге дайындық. Жанұялық династия)
Жанұялық династия–ны тойлау кеші.
(Мереклік кеш).
Сюжеттік – ролдік ойын
«Үйлену тоы және некелік контракт».
Айрылысу немесе некені сақтап қалу (Дәріс)
Айрылысқан отбасы, қайталанған неке деген не?(Дәріс)
Дайындық
Белсенді демалыс сағаты ата – анамен бірге.
Жанұялық ойындардан сайыс.
Жанұя экономикасы (дәріс)
Қаржыны қалай жеткіземіз?
(Психолог кеңесі)
Тренинг «Жанұя бюджетін қалай есептеу керек?»
Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінде өткен ата – аналар жиналысының «Білім алудағы оқушы құқығы» тақырыбымен өткізілген сағаттың әзірлемесі
«Білім алудағы оқушы құқығы»
Мақсаты:
Ата – ананың азаматтық – құқықтық білімдерін дамыту
Азаматтық белсенділіктерін дамыту.
Ата – аналардың шығармашылық қабілеттерін тарату.
Түрі:
Танымдық ойын
Қажетті құралдары:
Компьютер кабинеті, мультимедиялық құрылым, телевизор, Жетондар. Сигналдық жалаушалар
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бірде жер бетіндегі барлық адамдар бір жерге жиналады. Біреулері батыстан, екіншісі шығыс пен солтүстіктен , бір сөзбен айтқанда әлемнің әр түкпіріндегі бай елден де кедей елден де, соғыс болып жатқан, бейбіт өмір сүріп жатқан елдердің бәрінен де келеді олардың арасында әйел де еркек те бала да кәрі де, жас та бәрі де болады. Олар тек бір – бірінен түрі, тілі, діні, терісінің түсі жөнінде ғана айырмашылықтары болды.
Бұлардың көбі соғыс азабынан зардап шегіп отырған, көп адам қырғыны болып отырған соғыс жүріп жатқан елдерден келген кісілер болатын. Барлық жиналғандарды бір ғана мәселе біріктірді: « Ол ешқашан Соғыс болмасын! Соғыс азабын әлемде еш бала көрмесін, Әрқашан бала ұйқысы бұзылмасын! Ешкім ешқашан жазықсыз жазаланбасын!» деген ойлар еді. Осы үшін бұлардың бәрі бірігіп ЗАҢ қабылдады. Сонымен бірге бұл құжатқа олар әлем адамдарының құқықтарын жазып, оны құрметтеу, қатаң сақтау әр адамның құрметті міндеті екенін де жазды.
І. Блиц –сайыс
ҚР – ның негізгі Заңы?
(Конституция)
Адам құқығын қорғау Заңдарын кімдер қабылдайды?
(парламент, депутаттар)
Кәмелеттік жас қай жастан басталады?
(18жас )
Баланың басты қорғаушысы кім?
(ата - анасы)
Кімдерді жасөспірім дейміз?
( 14 жасқа жетпеген бала)
Кем принята «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ» қандай ұйым қабылдады?
( БҰҰ ның Бас Ассамблеясы 1989 ж, 20 қараша.)
«Бала құқықтары туралы Заң» қай жылы қабылданды»?
(2002 жылы 8 тамыз)
Адам қай жастан бастап, қылмыстық іске жауап береді?
(14 жастан )
Адамның адами құндылықтарын сыйлауды қай жастан бастау керек?
(Туған сәттен бастап)
Баланың құқын қандай Заң қорғайды?
(«Бала құқықтары туралы Заң» )
Бала өз құқының қорғау үшін, бала өз бетімен сотқа қай жастан бастап бара алады?
( 14 жастан).
Бала деп қай жасқа дейінгі адамды айтамыз?
(18 жасқа дейінгі)
ІІ. Ойын
Көк түс
Ата – ананың қамқорлығынсыз қалған баланы
уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы
тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам жасасатын
шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге
берген кездегі тәрбие нысаны қалай аталады?
Баланың заңды өкіл
Патронат
Жетім бала
Қамқоршылық
Қызыл сары түс
Ата – ана, асырап алушылар, қорғаншысы,
қамқоршысы, патронат тәрбиелеушісі
ҚР – ның заңдарына сәйкес олардың орнына
қамқорлық жасайтын, білім, тәрбие беретін
, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдарды кімдер дейміз?
Баланың заңды өкілдері
Патронат
Жетім бала
Қамқоршылық
Жасыл
Қоғамдағы дәстүрлі келісілген тәртіпке
қарсы жат мінез көрсету, құқықтық
нормаларға сай емес жат қылықтар жасауды не деп атайды.
девианттық қылық,
үлгілі қылық
тәртіпсіздік
заңсыздық
Сары түс
Девианттық қылықтың қоғамға қауіп
төндіруі қалай аталады
девианттық қылық
делинквенттік қылық
бопсалау
әдепсіздік
Күлгін
түс
Ата – аналық міндеттерін орындаудан
жалтару ата – ананың (олардың орнындағы
адамдардың ) балаларды тәрбиелеу мен күтіп – бағу міндеттерін тиісінше орындамауы, ата – ананың баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездікпен қарау, оларды қанауы неге әкеліп соқтырады?
тәртіптілікке әкеледі
заңмен қорғалады
ата – аналық құқықтан айырады
жазаланбайды
ІІІ. Бастауыш сынып оқушыларына «Бауырсақ» ертегісін айтқызу.
Балалармен сұхбат жасау.
Бай жанұяның мамасы ұлының кедей, жағдайсыз отбасының қызымен кездесуіне қарсы және қызды сол үшін кінәлайды да. Баланың құқы бұзылды ма?
ҚР – ның Бала құқықтары туралы Заңы
4-бап. Балалардың тең құқтылығы
1.Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына, тұрғылықты жеріне , денсаулық жағдайына, балаға және ата – анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты өзге де мән – жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
5- сыныпта оқитын баласына мамасы буфеттен тамақ алып жеу үшін қолына 30 тенге ақша ұстатты, ал бұны білген 10 – сынып оқушысы баланың 30 тенгесін қорқытып алып қойды?
Жоғары сынып оқушысына қандай жаза қолданылады?
Бұл жағдайда жоғары сынып оқушысының қылығын мектеп әкімшілігі деңгейінде қарауға да, қылмыстық кодекс бойынша да қарауға болады.
Жасөспірім қыздың ата - анасы қыздарының сабаққа келмегеніне немесе келгісі келмейтіндіктеріне өздерін жауапты емеспіз деп ойлайды. Бұл кезде қандай Заң бұзушылық болды?
ҚР – ның «Білім туралы Заңы»
38 – бап Ата – аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
3. Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге міндетті
10 сынып оқушысына тез арада реферат жасау керек болды. Кітапханадағы материал оншалықты ұнай қоймаған соң ИНТЕРНЕТ – тен материал қарастыруға барып еді информатик ағай бұған рұхсат бермеді. Бұл жерде баланың қандай құқы бұзылды?
ІV. Ситуация
Әр ата – ананың ойын тыңдай отырып, дайын жауаптар мултимедия арқылы жазылып көрсетіліп отырады.
V - Қорытындылау
Ата – анамен бірлесіп тәрбие жұмысын жоспарлауға арналған диагностика
Мақсаты:Сыныпта жүргізуге арналған тәрбие жұмыстарының нәтижелігін, тәрбиелеудегі ынтымақтастық үшін қажеттілікті арттыру үшін пайдалануға арналған зерттеу жұмыстары.
Жоспары:
Сынып ұжымындағы ұйымдастыру жұмыстарына оқушыларды жұмылдыру
Сыныптағы тәрбие жоспарын оқушылармен, ата - аналармен бірлесіп жасауға арналған жұмыстарды ұйымдастыру
Жұмыс мазмұны.
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауды сынып ата – анасымен сынып оқушыларының оған деген көзқарасынан бастау керек..
Бұл зерттеу жұмысы оқу жылының басынан бастап емес оқу жылы аяқталғаннан кейін, жұмыс қорытындысы нәтижесінде келер жылдың жұмысына мақсат дайындау барысынан басталуы керек.
Бұл үшін төмендегідей тәсілдерді пайдалануға болады;
Анкета «Сыныптағы тәрбие жұмыс ата – ана көзімен»
Ең соңғы ата – ана жиналысында сыныптағы тәрбие жұмысын жақсартуға,балалардың болашағына деген ықпалдың зор болуына ата – аналардың үлесі зор екендігін айта келіп анкетаны ұсыну керек.
Сіздің балаңызға биылғы мектепте және сыныпта өткен қандай іс – шара ұнады.
Сізге биылғы мектепте және сыныпта өткен қандай іс – шара ұнады.
Сізге биылғы мектепте және сыныпта өткен қандай іс – шара ұнамады.
Сіздің балаңызға биылғы мектепте және сыныпта өткен қандай іс – шара ұнамады.
Келер жылғы қандай іс – шараға сіздің балаңыздың қатынасқанын қалар едіңіз.
Келер жылғы қандай іс – шараға сіздің өзіңіз қатынасқыңыз келеді.
Сіз мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмысына қандай тақырыптағы іс – шараларды көп өткізулерімізді ұсынар едіңіз?
Сіз балалар мен ата – аналар бірлесіп, өткізілетін қандай іс – шара тақырыбын ұсынар едіңіз?
Міне осындай анкеталар ата – ананы мектеп өміріне жақындатыңқырып, тәрбиедегі күрделі мәселелерге ата – ананың араласып, мектепке тек сын көзбен ғана қарамай, бірлесіп жұмыс атқаруына мүмкіндік берер еді.
Жаңа оқу жылының басындағы жалпы ата - аналар жиналысында биылғы оқу жылындағы ата – аналар мен оқушыларға қойылатын талаптар мен ережелерді оқып таныстырып, талдауға ұсынып сосын жиналыс шешімімен алғашқы күннен бастап- ақ оқушыларды келмей қалған ата – аналарды таныстыру керек.
Мектептің талап ережелері төмендегідей:
Мектеп оқушылары ережесі:
Үйде де мектепте де тек қана өз ана тілінде сөйлеу
Сабақтан себепсіз қалмау
Сабаққа себепсіз кешікпеу
Мектеп формасын қатаң сақтау
Оқу құралдарын күнделікті сабақ кестесіне қарай әкеліп отыру
Мектеп мүлкін өзінің көз қарашығындай сақтау
Темекі, алькоголь, наша сияқты жаман әдеттерден аулақ болу.
Ата – ананың міндетті ережесі:
Баланы сабақтан себепсіз қалдырмау
Баланы сабаққа кешіктірмеу
Бала ауырып қалған жағдайда жедел дәрігерге қарату, баланы мектепке анықтамамен жіберу
Баланы себепсіз, мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз сабақ кезінде басқа жаққа әкетпеу
Баланы оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету
Мектеп формасымен қамтамасыз ету
Жылына төрт рет ата – ана жиналысына қатынасу
Ең аз дегенде айына бір рет баласы туралы мектеппен хабарласып тұру
Аптасына бір рет бала күнделігін тексеріп қол қою
Мектептің балалар үшін жасалып жатқан іс – шарасына мектеп шақырған уақытта уақыт тауып келу.
Мектепішілік ата – ана жиынында оқылған
«Тәрбие - әлеуметтік процесс» тақырыбымен өткізілген лекция
Балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі
жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы
жағдайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман-
жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да,
балалардың өнеге алып үлгі тұтары- ең алдымен өздерінің ата-
аналары.
Жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен де ықпал жасайды. Мысалы:
«Дені саудың- жаны сау, - деп – таза жүр, жаным-ау!»деген сөзді мың қайталағанша күнделікті өміріңізде осыны өзіңіз орындасаңыз ол балаға дағды болып қалыптасар еді.
МЫСАЛЫ мына шығарманы тыңдап көріңіздерші.
Сорлы әкесі ұлының,
Сорып тұрды шылымын -, шылым тартқан немесе арақ ішкен әке мен шеше ұлы мен қызына неше жерден арақ ішпе -, шылым тартпа дегенмен ол өзінің ұяда көргенін қайталайды, тіпті ол бір күні өзіңіз неге тартасыз немесе өзіңізде арақ ішесіз ғой деуі мүмкін. Ал бұл сөзден кейін бәрі де кеш болуы мүмкін немесе Оспанхан Әубакіровтың «Әке мен бала» деген фельетонында:
Папа, ит арақ іше ме?
Ішпейді.
Шошқа іше ме?
Ішпейді.
Есек іше ме?
Ішпейді.
Ал,өзің неге ішесің?
Әкеде үн жоқ!
Ал, жөн сұраған балада мін жоқ- деген үлгіміз жоғарыда айтылған ойымызға дәлел болмақ.
А.С.Макаренко сөзімен айтқанда, тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс.
Баланы адамдар да, заттар да тәрбиелейді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым.
Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысты жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірелетіні даусыз мәселе.
Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның жағымды әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой- пиғылдардың қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады.
Атап айтсақ, солардың ішіндегі оқушылардың ішімдік пен нашақорлыққа құмар болуы.
Балалардың ата-аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осыныың бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдіктерді самсатып қояды.
Ал, жастардың қай-қайсысы болмасын өзін ересектерше ұстайды,ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол – бала көргенін істеп, ішкілікке бой ұрады.
Ата-аналар және басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес болып достарды даладан іздей бастайды. Ішімдікке әуес қонаққа барғыш, қонақ шақырғыш ата – ананың баласына көңіл бөлуі , оның хал – жағдайын сұрауға да уақыты болмайды.
Сөйтіп бала, өз бетімен жүреді де, бірте – бірте өтірік айтуды, себепсіз сабақ қалдыруды бастайды. Түнде қонақтан келіп басы ауырып жатқан ата – ана таңертең тұрып баласын сабаққа жіберудің орнына өзімен әлек болып, баланы сұрап келген немесе звондаған мұғалімге баласының өз кесірінен ұйықтап қалғанын жасырып, ол ауырып жатыр деп өтірікті соға салады. Ал осыны естіген бала келесі жолы да осыны өзі қайталай салады. Өкінішке орай бұл факті біздің өзіміздің мектебіміздегі жағдай.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығына келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқары қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер –білімге баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Үшіншіден, ата-ананың немесе сол отбасындағы қайсібір мүшелерінің ұнамсыз әрекеттері де баланың бұзылуына әсерін тигізеді.
Бүгінгі қоғамды жаңарту, жариялық заманында жастардың батыстың күйіне,жағымсыз үлгілеріне еліктеуі басым болып барады. Ал, кино мен көгілдір экраннан ұнамайтын,сыйықсыз көріністер және ондағы келеңсіз әрекеттердің тигізер зиянына ешбір адамның күмәні болмас.
Кейбір балалардың ерік-жігері әлсіз боп келеді. Олар ойланбай әрекет жасауға, зиянды ықпалға оңай берілуге оңтайлы болады. Баланың мұндай жігерсіздігі мен еркінің бостығы, оның келеңсіз оқиғаларға тап болуына әсерін тигізеді.
Отбасының жағдайының нашарлауы, қаржы тапшылығы, жетіспеушілік балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық жасап, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады.
Мектеп өміріндегі мінез-құлқы күдік келтіретін «Қиын» деген балалардың барлығы бәрімізге аян. Қоғам,мемлекет ұйымдары, жұртшылық боп «қиын» балалардың тағдырына ерекше көңіл аударады. Соған қарамастан олардың саны жылдан жылға азаймай келеді.
«Қиын» балаларға тән қасиет сабаққа кешігіп келу немесе мектептен кетіп қалу, өзінен әлсіздерді жәбірлеу, үлкендерді сыйламау, дөрекілік мінез көрсету. Мұндай оқушылардың көбі оқығысы келмейді. Себебі,оқуға ықыластары азайған, қоғамдық белсенділігі төмендеген. Мұндай балалар өзінен басқа жолдастарына да қоғамдық тәртіпті бұзуға нмесе басқадай іспен айналысуға мұрындық болуға ыңғайлы келеді. Тіпті өз қатарларына жігерсіз балаларды тартып әкету икемділіктері де басым болады.
Оқушылардың құқықтық білімдері мен тәрбиесінің жеткіліксіз болуына кейбір жағдайда мектеп те кінәлі. Оқушылардың отбасындағы жағдайын жете білмегендіктен, оның жағымсыз әрекетіне қажетті тойтарыс бере алмайды.
Оған қосымша сол «қиын» деген балалармен тәрбие жұмысын жүргізуде елеулі кемшіліктері баршылық. Бола тұра,оларға жете көңіл бөлінбейді. Олардың жүретін ортасын, мінез- құлық ерекшеліктерін, мүддесін уақытылы зеріттелмей қалып жатады.Ол балалар кей кездері сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тартылмайды.
Мектеп мұғалімдері мен қиын балалардың қарым-қатынастары «ақыл» айтумен, ұрысу, ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен ғана сипатталынады. Сондықтан да, отбасында және мектепте жіберілген кемшіліктер жинақтала келе қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен ұштастырып, тәртібі нашар немесе қиын балалардың одан әрі қоғамдық тәртібі бұзуына түрткі болады.
Мектепте оқушыларға тәлім-тәрбие беруде мұғалімдердің жеке басының адамгершілік қасиеттерінің де ықпалын әсте естен шығармау қажет.
Мектепте құқықтық насихат жұмыстарын жүргізудің кешенді жүйесінің қамтамасыз етілмеуі, оқушылар Жарғысы мен мектеп ережелерінің өз дәрежесінде орындалмауы секілді мәселелер де құқықтық тәрбие жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруға кері ықпалын тигізді. Бұған қоса айтарымыз, бүгінгі қоғамымызды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында оқушылармен құқықтық-азаматтық тәрбие жүргізуде жаңа тиімді тәсілдерді қолдануда әлі де айтарлықтай жұмыстар атқарылып отырған жоқ. Құқық нормаларын бұзуға қарсы алдын-алу жұмыстарына барынша жауапкершілікпен қарау біздің бала тәрбиесіне деген жауапкершілігімізді көрсетеді. Сондықтан құрметті ата – ана баланың жақсы болуы да жаман болуы да үлкендер өзімізге байланысты екенін естен шығармайық.Ата- аналар баланың тағдыры өзіміздің қолымызда, сынып жетекші мен әр баланың ата-анасы бірлесе отырып жұмыс жасаса кез-келген мәселені оңай шешуге болар еді. Біздің ата-аналарымызды шақыртып алмасақ, өз баласының жағдайын, сабақ үлгірімін білейін дейтін ата-ана бірен-саран ғана.Тіпті баласының мектепте немен айналысатының, сабағының қалай екендігін білмейтін ата-аналар да кездеседі. Әр сыныптағы 24-28 баланың ата-анасы бір ай ішінде аз дегенде жетісіне екі рет кезектесіп сынып сабағына қатысып,өз баласының оқуы-тәртібі,мектеп өміріндегі орнымен танысып отырса,ол дегеніміз бала үшін де сыныптастары, тіпті мұғалім үшін де үлкен жауапкершілікті туғызар еді.Сонда ғана білім сапасы жоғарлайды деп ойлаймын. Ата-аналар бірлесе жұмыс жасайық. Балаларымыз аман , дендеріңіз сау болсын.
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы бала – көп нәрсені естіп білуге, үйренуге және көкейге түюге талпынады.
Дәуренбеков Сырым
Жақсы балаға тән қасиет – ата-ананы сыйлау, сәлемдесу, қонақ күту, үлкен-кішіге қайырымдылық жасау, әділеттілік, дәстүрді құрметтеу - деп білемін.
Камалбаева Аяулым
Жақсы бала – бүгінгі ісін ертеңге қалдырмайды. Сабырлы болады. «Ұят» - өлімнен күшті екенін есінен шығармайды.
Шакиртова Айгүл
Жақсы баланың жан дүниесі, рухани әлемі таза, адал болады. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның достығы – мәңгілік. Көп оқуы керек.
Нұрлан қызы Инкар
Жақсы бала – ол үлкенді сыйлайтын, кішіге ілтипатты, тәртіпті, ұқыпты адал бала болу керек.
Сұранчиева Жазира
Жақсы ата-ана – балаларға өздерінің ісімен үлгі болуға тиіс. Бос уақыттарын қалай пайдаланатынын қадағалайды. Кітап оқуға, серуендеуге Бегалинкаға әкеліп тұрады.
Ахметжанова Жанна
Жақсы ата-ана – қарапайым болуды, табиғатты сүюді балаларына үйретеді. Арақ пен темекенің зияндылығын айтып, жақсы оқуға, көп білуге, кітапханада (Бегалинкада) болуға жағдай жасайды.
Пиралиев Жеңіс, екі ұлдың әкесі
Жақсы ата-ана – балаларын жақсы көреді, оларды соқпайды. Балаларының жақсы тұрмыс жасауларына көшбасшы болады. Еңбек етуге үйретеді.
Қабди қызы Сайран, ата- ана
Жақсы ата-ана – балаларына үлгі, мейірімді, қайырымды адамдар. Қатты дауыс көтеріп сөйлемейді. Балаларына ақылдарын айтып, оларды дұрыс жолға салады.
Иргебаева Күмісай, алты баланың анасы
жеті немеренің әжесі
Жақсы ата-ана – балалар ойымен санасатын, оларды тыңдауға уақыт табатын адамдар. Кішіпейіл, қамқоршы, балаларының келешегін ойлайды. Білім алуларына көп көңіл бөледі.
Балтин Серік, екі баланың әкесі
Ата-аналар арасында бала тәрбиесі мәселесінде толық келісім болуды қалаймын. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды, сабырлы болып, өзін-өзі билей білу керек.
Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін - оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отырамын.
Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың морльдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
Сағатова Әйгерім
Жақсы бала – менің ойымша, мәдениетті болу керек. Ол музейге, кітапханаға, театрға бару керек. Және де жақсы жүрсең сен басқа адамдардың көзіне жақсы болып көрінесің. Жақсы адамның түрі көзінен білінеді.
Сейтхалық Гүлдана
Ата – аналармен жүргізілетін ойындар
Ойын терапиясы
(ойыншықтармен түрлі жағдайларды ойнау)
8-10 жасқа дейінгі балалар үшін, кейде ересек балалар үшін де бұл әдіс тиімді, өйткені бір жағынан бұл жағдай қауіпсіз формада мазалайтын тақырыптарды ойнауға мүмкіндік береді, екініші жағынан, ересектерге мәселенің шешілу жолын көрсетеді. Әдістің негізгі идеясын баланың қандай да бір рөлдерді ойнап отырып өз мәселелерін, мазасыздануларын, қоршаған әлем туралы түсініктерін анықтауға мүмкіндік білдіреді.
Ересектер үшін жағымсыз жағдайларға қатысты ойындарын баланың бірнеше рет қайталауынан қорқудың қажеті жоқ. Осылайша балалар өздерін мазалайтын тақырыптармен жұмыс жасайды. Бұл ойындар уақытының өзгеруі, жағымды аяқталуы маңызды.
Арттерапия
Баламен көптеген мәселелер бойынша талдау жасауға мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады.
- Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырптардың айқындалу тәсілдерінің өзгерісіне ерекше көңіл бөлген маңызды. Өзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай өзгеріс кейіпкерлер көлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге өзгеруі, кейіпкер көлемінің ұлғаюы - басым позитивтіліктің қалыптасуын білдіретін маңызды критериилер болып табылады.
- Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады.
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?
- Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бөлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды динамика да маңызды болып табылады.
Ертегі терапиясы (терапиялық оқиғалар шығармасы)
Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама- қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы- онда қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылады.
Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға өз қиындықтарын сезінуге және олармен әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырыпқа әңгімелесуден гөрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы өте маңызды, өйткені онда баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды.
Оқиғаларды құрастыру кезеңдері
1. Баланы мазалайтын мәселе туралы ойланыңыз, баланың мәселелі жағдайды қалай қабылдайтынын түсіндіріңіз.
2. Әңгіменің негізгі мәселесін құрастырыңыз. Балаға қандай ойды жеткізгіңіз келеді? Сіз балаға қандай практикалық қадамдар, шешімдер ұсынар едіңіз?
3. Әңгімелесуді мәселелері ұқсас кейіпкерді бейнелеуден бастау қажет. Балаға өзін кейіпкер тарихымен ұқсастыруды жеңілдету үшін оны максималды түрде балаға сәйкестендіру қажет- мүмкіндігінше оған ұқсас есімдер беріп, жастары мен бауырларының санын да сәйкестендіру керек.
4. Баланың абыройы, мінезінің күшті жақтарын, қасиеттері және дарынын да ескеру қажет.
5. Әңгіме кейіпкерін әңгімелеп болағаннан кейін, әңгімеде көрсеткіңіз келген негізгі мәселеге бірден көшуге болады.
6. Әңгіме барысында баланы мұқият бақылаңыз. Егер бала мұңайып отырса, онда сіз оны мазалап жүрген жағдайды таппағаныңызды білдіруі мүмкін. Егер сіз әңгіменің ары қарайғы бағытын таңдауда қиналатын болсаңыз, сіз баладан «қалай ойлайсың, ары қарай не болды?», «ол не істеді?» деп сұрауыңызға болады. Бала белгілі бір бағытты анықтап беруі мүмкін.
7. Егер де бала сұрақтар қойып немесе сіздің әңгімеңізді толықтыратын болса- бір жағынан бұл өте жақсы белгі, себебі сіз оны әңгімеңізбен әсерлендірдіңіз, оны мазалап жүрген жағдайды таптыңыз, екінші жағынан бұл сіз үшін ұсыныс, яғни ары қарай не тыңдағысы келетінін білдіреді- бұл жерде баланың айтқандарын назарсыз қалдырмаңыз.
8. Егер де сіз қандай да бір жағдайда не мазалап жүргенін нақты білмесеңіз, оқиғаны сипаттап және баладан ары қарай не болғанын, кейіпкерді қандай жағдай ренжіткенін сұрастырыңыз.
9. Баланың даму деңгейін ескеріңіз- әңгімені күрделендіріп, созып жібермеңіз.
Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.
Сенімді құлау
Мақсаты: сенімділік сезімін және басқа адам үшін жауапты болуды дамыту. Сонымен қатар үрей және қорқыныш сезімдерін төмендету.
Жұптарда: ата-ана бала. Бала ата-анасының алдына арқасымен тұрып, аяқтары мен тізелерін бүкпей, еденнен аяғын көтермей артқа қарай құлайды, осы жерде ата-ана баласын қолтығының астынан алақандарымен ұстауы қажет. Тапсырманы орындау мөлшері бойынша ата-ана баласын төмен жарлерден ұстайды, соңында еденнен ұстайды.
Менің және анамның қолы.
Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну.
Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
Бала денесі суретін бірлесіп салу
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы демократиялық қарым-қатынасты нығайту, баланың өзін-өзі қабылдауын және жағымды эмоционалды жағдайда өзіндік бағасын көтеру.
Жаттығу бала-ата-ана жұптарында жүргізіледі. Еденге 1,5 метр көлеміндегі обой қағазы төселеді. Бұл қағазға бала жатады, ала ата-ана оның денесінің сыртынан жүргізіп сызбасын жасайды. Осыдан кейін бала орнынан тұрады және ата-анасымен бірлесе отырып бейнеленген сызбаны ішінен бояйды, бірақ түстерді таңдауда бала жетекшілік етеді. Жұмыстың соңында жалпы шеңберде талдау жүргізіледі.
«Көліктер»
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
Жаңа тәсіл
Балалар жарты шеңбер құрайды.
- Қазір әр қайыссымыз ортаға шығып, топқа қарап, бір-бірлерімізді қайталамай, кез-келген тәсілмен топпен сәлемдесеміз. Біз әр сәлемдесуді қайталаймыз.
Құқықтар тізімдері
Психолог барлық «құқықтар» тізімдерінен өтініштерін айту және өтінішті орындаудан бас тартудың қандай үлкен орын алатынына көңіл бөлуі керек. Содан кейін ол балаларға тізімнен келісім шарттарын қарауды ұсынады және оны не үшін құқыққа енгізгенін немесе енгізбегенін түсіндірулерін сұрайды.
«Тәтті тоқаш»
Психолог қандай да бір өтініштің тәтті тоқаш екенін ескертеді: формасы бір, ал мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: тоқаш тәтті және ашты болуы мүмкін т.с.с. Балаларға түрлі тоқаштардың суретін салып олардың түстерін, дәмдерін сипаттау ұсынылады. Қысқаша талдау жүргізіледі.
«Ассоциация»
Тренингке қатысушылардың біреуі есіктің сыртына шығады. Қалғандары топтан, ассоциация бойынша анықталатын адамды таңдайды. Жүргізуші кіріп, сұрақтар қоя отырып, кімді жасырғанын табуға ұмтылады: Түсі қандай? Қандай дәмге ұқсайды? Қандай әнге ұқсайды? Қандай кітапқа ұқсайды? т.с.с. Бірақ жүргізуші дәл кімнің жауап бертінін көрсетеді. Ол бес сұрақ қояды, содан кейін жасырылған адамның атын атайды. Егер тапса, орнына отырады, таппаса қайтадан сыртқа шығады. Екі мәрте шеше алмаса, ойыннан шығады.
Талдау:
қай кезде шешу жеңіл болды: жасырылған адам жауап бергенде немесе басқа біреу жауап бергенде?