kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептегі т?рбие ж?мысыны? есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп-гимназияны? т?рбие ж?мысыны? жылды? ?орытынды талдауы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі т?рбие ж?мысыны? есебі»

«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ

2015-2016 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі.

Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, № 437.15.09.2012ж бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.

Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етіліп, аудио, бейне таспалары бар.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып-үйренуге, өзін - өздері танытуларына, құзіреттілікті қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешуге бүкіл жұмыс жүйесі бағытталды.

Міндеттер:

1.Оқушылардың саламатты, денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және жаңа технологияларға сүйене отырып жүргізу;

2.Тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде, балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, өзін - өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруда сынып жетекшінің жұмысының сапасын арттыру, «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру;

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады. Ондағы берілген 12 бағыт күнделікті қамтылып, мектептің дәстүрлі мерекелері мен әр ай сайын өтілетін айлықтарда көрініс тауып отыр. Бағыттардың әрқайсысына өткен оқу жылында мәлімет бере кеткен болатынмын. Биылғы жылы жеке-жеке тоқталмай, басты назарда ұстауды көздеп отырған бағыттарды атай кететін болсам:

  • Азаматтық - патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  • Отбасы тәрбиесі

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

  • Әлеуметтік - мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие

  • Эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

  • Еңбек және экономикалық тәрбие

  • Кәсіби - шығармашылық тәрбие

  • Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Биылғы 2015-2016 оқу жылына арналып мектебіміздің жылдық тәрбие жоспары құрылып, жүйелі жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі таңдағы мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытушы тәрбиешіге байланысты. Осы негізді басшылыққа алуда мектебіміздің тәрбие жұмысын басқарудың моделіне сүйене отырып, жұмыс жүргіземіз. «Тәрбиелеу үрдісінің субъектілерінің рухани адамгершілік құзіреттілігін белсенді әрекеттер технологиясы негізінде дамыту» өзекті тақырыбынан туындайтын міндеттерді халықтық тәлім-тәрбие мұрасымен, қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерімен, ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыруда. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешуге бүкіл жұмыс жүйесі бағытталды. Жыл басында мектебіміздің психологтары әр сыныпта оқушыларды зерттеу диагностикасын жүргізіп, төмен параметрлер бойынша проблемаларды анықтап, жыл көлемінде атқарылатын шаралар жоспарланады. Ұлттық рухы биік, адамгершілік құндылықтары негізінде ойлау қабілеті жоғары оқушыларды тәрбиелеу мақсатында жыл көлемінде әр түрлі ұйымдармен жұмыс жоспарлаймыз. Білім тәртіптен басталатындықтан, оқушылардың бірыңғай талапты , мектеп формасын, мектептің ішкі ережесін орындаулары бақыланады.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда мектебімізде оқушының алаңсыз білім алуы үшін дене тәрбиесімен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған іс-шаралар жоспары құрылған. Сынып жетекшілердің әр оқушыны зерттеп, ата-анамен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу сапасын жақсарту жұмыстары алға қойылды. Оқу жылының басында Тәрбие жұмысы әртүрлі мазмұнды, түрлі формада ұйымдастырылып, оқушы бойына ұлттық салтымызды дарыта отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асуда. Әрбір жеке тұлғаға кешенді тәрбие беру үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологімен бірлесе отырып, әрбір сынып жетекші өз сыныбындағы оқушылардың педагогикалық – психологиялық даму жұмысын жасады.

Мектепте 62 сыныпқа сынып жетекшілері тағайындалған. Сынып жетекшілері жыл басында бекітілген тәрбие жоспарымен жұмыс жүргізеді. Жыл басында сынып жетекшілеріне лауазымдық нұсқаулық таныстырылады. Сынып жетекшілерінің күнделікті, апталық,айлық, тоқсандық жұмыс циклограммасымен жұмыс жүргізеді.


Тәрбие жұмысының апталық циклограммасы

Апта күндері

Іс-шаралар

Дүйсенбі

Әкімшілік бақылау

«Кезекші дауысы» апта қорытындысы.

Әкімшілік отырыс.

Жоспарлау.

Әкімшілік бақылау.

Сейсенбі

Өзіндік білім көтеру және тәрбие беру қызметі

Оқушылар тазалығын тексеру

Тәрбие жоспарларын тексеру.

Күнделіктер тексеру.

Әкімшілік бақылау.

Сәрсенбі

Әдістемелік күн

Сынып жетекшілерінің бірлестік отырысы.

Өзін-өзі басқару ұйымының отырысы.

Әкімшілік бақылау.

Бейсенбі

Өзіндік білім көтеру және тәрбие беру қызметі

Үйірмелердің жүруін тексеру.

Қыздар мен ұлдар жиналыстары.

Қоғамдық ұйымдар бірлестігімен байланыс жасау.

Әкімшілік бақылау.

Жұма


Ұжымдық шығармашылық істер

Мектепішілік және мектептен тыс тәрбиелік шаралар, тәрбие жұмыстары.

Сынып сағаттары.

Мектеп мейрамдарын, кештерін өткізу.

Әкімшілік бақылау.


Сенбі

Ата - аналар күні.

Ұжымдық қызмет, спорт, еңбек күні.


Ата-аналар жиналыстары, сынып жетекшілердің, пән мұғалімдерінің, әкімшіліктің ата-аналарды қабылдауы.

Ата-аналар комитетінің мәжілісі.

Құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық кеңес отырысы.

Спорттық жарыстар, денсаулық күні, еңбек десанттары.




Оқу жылының басында – 1591 оқушы тіркелді.

Оның:

1-4 сыныптарда – 530 оқушы

             5-9 сыныптарда – 550 оқушы

             10-11 сыныптарда – 151 оқушы

Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі бар, жұмыс жоспары жасалған, мақсат, міндеттері көрсетілген. Алдағы 3 жылға арналған перспективалық жоспар жасалған. Алайда бірлестіктің және жалпы тәрбие саласының проблемалық немесе ізденіс тақырыбын нақтылап, тақырып аясында жұмыстарды дамыту қажет. Мектепке барар жол акциясы белсенді ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары мен сөмкесі таратылды. Отбасы қамқорлығынсыз қалған балаларға да ата-аналар комитеті тарапынан сыйлықтар жасалды. Қыркүйек «Білім күні » жоспар бойынша жүйелі түрде өткізіліп мерекелік безендіруге 1-сынып жетекшілері жауапты етіп қойылып, бұл ұстаздар өздеріне берілген жұмысты жауапкершілікпен орындай білді. Әр сыныпта ата-аналарымен біріккен «Менің Отаным - Қазақстан», «ҚР Ассамблеясының 20 жылдығы» сынып сағаттары өткізілді. Қыркүйек айының алғашқы аптасы оқушыларды мектептің бірыңғай талап - тәртіп ережелерімен таныстыру болып, күнделіктеріне дерлік 9 ереже жазылған жаднамалар жапсырылды. Аптаның соңында Денсаулық күні ұйымдастырылып өткізілді. Дегенмен де денсаулық күнінің ұйымдастырылуы айтарлықтай нәтижелі болмағанын, келесі жолы мұндай кемшіліктерге жол бермеуіне мектебіміздің педагог - ұйымдастырушысы Омаров Ержанға қатаң ескертілді. 22 Қыркүйек «Тілдер мерекесі» орыс тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді. Аптаның алғашқы күні тақырыптық лездеме, тәрбие сағаттары және ерекше айта кететін әдеби-сазды концерттік бағдарламаны Демеубаева Шолпан Тұрысбекқызы мен Жондыбаева Мадина Серікболқызы мәнді де мағыналы етіп ұйымдастырып өткізді. Қазақ тілі мұғалімдері ашық сабақтар берді. Қыздар жиналысы мен ұлдар жиналысы жүйелі түрде өткізіліп, келеңсіз жағдайлар болса дер кезінде қолға алынып, түзету тәрбиелік шаралары жүргізіліп отырды. Дегенмен, қазіргі күнде қоғам қасіретіне айналған басты мәселе мектебіміздің оқушыларының санасына интернет желісін тиімді пайдалана алмайтындықтарына, отбасындағы ата-ана тарпынан да баласының қам-қарекетіне салқын қандылық танытудағы себептері оқыс оқиға салдарына әкеп соқтырды. Келесі жолы мұндай келеңсіздіктің алдын алу шараларын жасау үшін тәрбие жұмыстарын, ата-аналар жиналыстары мен оқуларын жиі жүргізу қарастырылып, әр дүйсенбі күні әр сыныпта 1- сағатты тәрбие сағатына арнап отырмыз. Сол сияқты мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын жиі ұйымдастыру көзделіп отыр. 29 қазан күні мектебіміздің 9-сынып оқушысы Магешов Нұрасылдың үйінің өртеніп кетуіне байланысты тәрбие ісінің меңгерушілері «Қайырымдылық» акциясын ұйымдастырып,ұстаздар,ата-аналар мен оқушылар тарапынан 160.000 теңге көлемінде қаржылай алғашқы көмек көрсетілді. Өрт болған үйге барып, оқыс болған жағдай актісі жасалды.

Әлеуметтік жұмыстары бойынша санаты төмен отбасы балалары анықталып, қазіргі күнде 74 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Өткен оқу жылдарынан бері күнделікті бал тегін берілетін болса, биылғы оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушылары сүтті аптасына екі рет тегін ішетін болды. Сонымен қатар отбасы тәрбиесіне келсек мектебіміз ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас жасау үстінде, мектеп ата-аналарының стендісі өз қаражаттарына жасалынды. Мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, жаңа оқу жылына комитет төрайымы болып 1,3,8-сынып ата-анасы Рамазанова Жұлдыз сайланды. Педагог - ұйымдастырушы Жылқыбаева Айнұрдың тікелей міндеті бойынша өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және волонтерлер тізімі анықталып, бірқатар жұмыстарды ұйымдастыруда. Оқушылар тарапынан мектеп Президенті сайлауы өткізіліп, Телтаева Диана президенттікке сайланды. Өзін-өзі басқару ұйымының да стендісі жасалып, ілінді. Сонымен қатар мөлтек аудандарда тұратын ҰОС - ның 7 ардагері мен 100-ге жуық тыл ардагерлерінің тізімі жасалды. Қазан айынының 1- і күні осы ардагерлердің үйлеріне бөлініп берген сыныптардағы өзін-өзі басқару тобының балалары барып, құттықтап қайтты.

«Қарты бардың қазынасы бар» атты қарттар күні мерекесінің өтілуіне 5-сынып жетекшілері Ибатаева Индира, Қаблақатова Раушан, Зейнелхан Гүлжазира, Меткенова Индира, Байрова Гүлназ, Свенова Салтанат жауапты болып, атаулы мереке өз дәрежесінде өткізіліп, мерекелік құрмет дастарханы жайылды. Дегенмен, үйде отырған ардагер ұстаздарымыздың бірде біреуінің келмегені жауапты сынып жетекшілердің жауапкершілігінің аздығынан деп түсініп, ескерту жасалды. Қарттар күні бастауыш сыныптар арасында да өте белсенді ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 2- сынып жетекшілері Ақтанова Айнаш, Қажиева Назымды ерекше айта кету керек. Ұстаздар күні мерекесінің ұйымдастырылуына өзін-өзі басқару ұйымының балалары белсене араласып, таңертеңгі 7.00-ден бастап, зор құрмет көрсете білді. Патриоттық тәрбие беруде жоспар бойынша 4- сыныптар арасында «Балдырған» әскери-спорттық сайысы өткізілді. 10-сыныптар арасында «Ал, қанеки қыздар!» атты сайыс өткізілді. Қалалық «Жас Ұлан» әскери-патриоттық сайысқа қатысып, 4-орынға ие болды. Қалалық оқу бөлімінен келген тапсырма бойынша Нұрлан Иманбайұлының бастауымен 9А2,9Г сынып оқушылары сынып жетекшілері Абикенова Дана мен Бигельдинова Асем Ауған соғысы ардагерлері ескерткіші жанына барып, гүл қойып, тағзым етті. Салауатты өмір салтын сақтауда дене шынықтыру мұғалімдері Жастар спартакиадасы волейболдан 5 күн бойы қалалық сайыс өткізді. Облыс әкімінің бұйрығы бойынша футболдан іріктеу сынағы болып, әр түрлі тест тапсырып, нәтижесінде 7 оқушы жоғарғы көрсеткішке жетіп, облыстық құрама командасына біздің мектеп оқушылары да енді. Дәл осындай сынақ қыздар арасында волейболдан өтіп, нәтижесінде 3 оқушы облыстық құрама командаға кірді. Мектебімізде 8 спорттық үйірмесі жұмыс атқарады. Волейболдан ұлдар арасында мектепішілік іріктеу жарысы өтті. Онда 7-8-9-10-сынып ұлдары қатысты. Футболдан өткен облыстық кәсіби сайысқа мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Қапсаметов Айбек белсене қатысып, 1- орынды иеленді. Абаттандыру бойынша спорт залдың ішіне Қазақстан спортшыларының және мектебіміздің оқушыларының жетістіктері жасалынып, ілінді. Тазалық айлығы да өз деңгейінде ұйымдастырылды. Эстетикалық тәрбиені жетілдіру мақсатында мектебіміздің дәстүрлі мерекелерінің бірі «Алтын күз» мерекесі өткізілді. 1-4 сыныптар арасында әр сынып ертеңгілік ретінде өткізсе, 5-6-сыныптар, 7-8- сыныптар, 9-10-сыныптар арасында сайыс түрінде өтті. Әр сынып өте белсенді қатысып, 5-6,7-8-сыныптар арасындағы орын алған сыныптарға ата-аналар комитетінің төрайымы өз тарапынан сыйлықтар ұсынды. Дегенмен, 9в,10в сынып оқушыларының дәстүрлі іс-шараларға тартылулары төмен деңгейде жүргізілетіндігі сынып жетекшілеріне ескертілді. Оқушылардың күзгі демалысқа шығуларына орай Күзгі демалыс кестесі құрылып, бекітілді. Қалалық әкім орынбасарының бұйрығы бойынша концертке баруға 15 мұғалім жіберілді. Спорт сарайында өткен хоккейге 10 мұғалім жіберілді. Қалалық білім беру бөлімінің бұйрығы бойынша біздің мектептің оқушылары Облыстық драма театрына тарихи қойылымдарға және ертегілер көруге жіберілді. мектеп-гимназиямызда тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатындағы мемлекет саясатын жүзеге асыру үшін жыл сайын жоспар құрылып, жүзеге асырылуда. Тоқсанына екі рет құқықтық мәдениетке байланысты «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты жаппай мектепішілік тәрбие сағаттары өткізіледі. Құқық қорғау орындарынан арнайы мамандар шақырылып, әңгіме жүргізілді. Қазан айында «Өз құқыңды білесің бе?» атты қалалық сайысқа қатысып, құқық қорғау қызметкерлерінің мақтау қағазын алдық. 1-11 сыныпқа дейін Құқықтық мәдениет атты тәрбие сабағы өтіліп отырады. Ондағы мақсат: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектеп ұстаздары мен оқушыларының және ата-аналардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылып отырады. Ата-аналар қауымдастығы жыл көлеміндегі жоспарлары бойынша бала құқығына байланысты ата-аналар оқуын ұйымдастырады. Салауатты тамақтанудағы тұтынушылардың құқын қорғау мәселелері де жиі қаралып отырады. Мектебіміздің кітапханашылары мен тарих пәні мұғалімдері оқушылар арасында баспасөз басылымдарынан саяси хабар жинақтап, әр дүйсенбі сайын лездемеде жариялатып отырады. Биылғы жылы құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған стенді жаңаланып жасалды.

Тәрбие жүйесінде оқушыларға Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие беру бағыты бойынша жыл көлемінде құрылған арнайы жоспар бойынша мектеп ұстаздары тұлғаның бойына ұлттық құндылықты дарытып, патриоттық сезімдерін ұялатуда бірқатар іс-шаралар атқарды. «Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады.II оқу - тоқсанында 1 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай өтілген барлық іс-шаралар жүйелі түрде құрылған жоспар бойынша өткізілді. Президент күніне орай салтанатты лездеме ұйымдастырылып, оқушылар өлеңдерін оқыды. 1-4 сыныптар арасында «Елімнің ертеңімін» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшілердің тәрбие сағаттарының жоспары мазмұнды етіп құрылып, патриоттық сезімдегі тәрбие беруге үлкен үлестерін қоса білді. Республика алаңында өткен қалалық іс-шара Тұңғыш Президент күніне арналған флеш мобқа мектебімізден 20 мұғалім қатыстырылды. 2- тоқсан басталысымен-ақ, әр сыныпта ата-аналар жиналыстары өткізілді. Ондағы мақсат: интернет желісінде балалардың отыруын қадағалау және алда келе жатқан мерекелердің ұйымдастырылуы қарастырылды. Қыздар арасында және ұлдар арасында жиналыстар уақытымен өткізіліп отырды. 2-тоқсаннан бастап оқушылар арасында күнделікті сейсенбі - сенбі күндері таңғы сергіту жаттығулары ұйымдастырылып отырды. ҚР - ның Тәуелсіздігі күніне орай да мектеп көлемінде алдын - ала жоспар құрылып, сынып сағаттарының, сайыс, көрмелердің тақырыптары беріліп, олардың орындалуы қадағаланды. 5-7 желтоқсан аралығында сурет пәнінің мұғалімдері Қозыбаев Қуантай мен Зейнетаев Бекзат «Тәуелсіздік - оқушылар көзімен» деп аталатын суреттер сайысын жасап, көрме ұйымдастырды. Жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Дене тәрбиесінің мұғалімдері «Дене белсенділігі және спорт» деп аталатын оқушылар арасында сайыстар өткізді. Мектеп кітапханашылары «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатын өткізді. «Тәуелсіздік - телегей тәңір сыйы» атты шығармалар сайысы өткізіліп, тарих пәні мұғалімдері Қамбасова Мөлдір мен Мұхамадиянова Айнұр «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты сайыс сабақ өткізді. 11 желтоқсан күні мектебімізде үлкен мерекелік концерт жоспарлы түрде өте жоғары деңгейде тақырыпқа сай өткізілді. 1-4 сыныптар арасында «Әнім де саған, жырым да саған Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер шеруін және мұғалімдерге арналған спорттық шараларды мектебіміздің шығармашылық тобы аса бір жауапкершілікпен өткізді. Тәуелсіздік күніне орай ата-аналардың көмегімен акт залына баннер және мерекелік шарлар ілінді. Тәуелсіздік күніне орай 5а1 сыныбы Байрова Гүлназдың оқушысы Сатыбалды Томирис Талгатқызы Алматы қаласында «Жұлдыз жолы» атты көркем гимнастикадан ашық біріншілігінен 1- орынды иеленіп қайтты. Сол сияқты Мектебіміздің 3 «г», «д», «е» сыныптарының «Таңшолпан» бишілер тобы Лариса Ерғажықызының бастауымен Астана қаласында өткен «Алтын Тұлпар» атты байқауға қатысып,3- орынға ие болып келді.

Өзін-өзі басқару ұйымы Балалар шығармашылық үйінде өткен ұйымға

қабылдау мүшелігіне қатысып қайтты.

16 Желтоқсан күні мектеп мұғалімдері Республика алаңына шеруге қатысты.

Жаңа жыл мерекелік шыршасын өткізу жоспары құрылып, концерттік бағдарламалар, қойылымдар, мектеп оқушыларының өнерлері, шыршаның безендірілуі жаңа жыл кешіне арналып оның орындалуы қадағаланды. Осы жаңа жылға ертегі кейіпкерлері және ата – аналары да келді. Оқушылардың өздері де жаңа жыл мерекесіне арналған костюмдерін киіп, сонымен қатар өз өнерлерін Аяз ата мен Ақшақарға сыйлық ретінде дайындап әкелді. Мерекенің басталуы жаңа жылдық «Шырша жыры»,«Кел, жаңа жыл» әндерімен басталды. Желтоқсан айының соңғы апталары бойы шығармашылық топ ұйымдастырған жаңа жылдық әндер айтылып, билер биленді. Ұстаздар арасында да шығармашылық топтың ұйымдастыруымен Жаңа жылдық би кеші қарқынды да, мазмұнды етіп жасалды. Жаңа жыл мерекесінің безендірілуіне ат салысып, қамтамасыз еткен ата-аналар комитеттеріне де мектеп директоры және ұжымы атынан шексіз алғыс жарияланды. Мектебімізде бірнеше жыл бұрын құрылған «Азат » ұйымы мен «Жас Ұлан» мектеп комитетінің ұйымдастыруымен әдептілік, имандылық , адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру мақсатында аталар мен әжелермен және мектептен тыс ұйымдармен дөңгелек үстел , кездесулер , тәрбие сағаттары өткізіледі. Ұлдар , қыздар жиналыстарында, жиындарда сынып белсенділері , «Жас Ұлан» мектеп комитетінің мүшелері өз ойларын ортаға салып, «Оқушы үнін» арттыруда.

Мектепте атқарылып жатқан тәрбиелік шаралар туралы мақалалар мектепішілік «Тұлпар» газетіне жарияланып отырады. Сыныптан тыс шаралардың әсерлі өтуіне ата-аналар көп белсенділік танытады.

Биылғы жылғы атаулы мерекелер, тәрбиелік шаралар ата-аналармен бірге өткізілуде. Ата - аналарды мектеп өміріне тартуда спорттық шаралардың маңызы зор. Қысқы демалыста ата-аналар мен ұстаздардан құралған топ болып, волейболдан жарыс өткізілді. Бұл сайыстың өтілуіне қолдау көрсеткен ата-аналарымызға алғыс айтылды. Қаңтар айында отбасы тәрбиесіне орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Бұл жиналыстарда бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Қаңтар айы Азаматтық қорғаныс айлығы болып жүйелі жоспар бойынша жүргізілді. Бұл айлықта әртүрлі сайыстар және 5-11 сынып оқушылары дерлік нысанаға көздеп атуға қатысты. Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге арнап гүл шоқтарын қоюға 10 «б» сынып оқушылары жіберілді. Салауатты өмір салтын сақтауда мектеп оқушылары күнделікті таңғы жаттығу жасады. Патриоттық және эстетикалық тәрбиені одан әрі оқушылардың бойына қалыптастыруда әр аптада әртүрлі тақырыпта «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылып отырды. Ақпан айында 6-8 сынып оқушылары арасында КВН - Көңілді тапқырлар клубы өткізіліп, 8 «а», 7 «б», 7 «в» сынып өнерпаздары өздерін алдыңғы қатардан көрсете біліп, облыстық лигаға жолдама алды. Ол жерде де жақсы өнер көрсетіп, финалға шықты. Іс-шараның өтілуіне ата-аналар комитеті қолдау көрсете білді. 9-10 сынып оқушыларына Діни орталықтардан келген өкілдермен тәрбие сабақтары жүргізілді. Сара Алпысқызының туған күніне орай тәрбие сағаттары өтіліп, мерекелік концерт, ашық лездеме өткізілді. 8 Наурыз мерекесі де жүйелі құрылған жоспар бойынша өтілді. Әр сыныпта тақырыптық тәрбие сағаттары және ата-аналармен біріккен мерекелік концерттер қойылды. Бастауыш сыныптар және жоғарғы буындар арасында «Қазақ аруы 2016» сайысы өтілді. Сайысқа 8а, б,в,г және 9а1,9б,10 б,10в сыныбының ару қыздары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 8 Наурыз мерекесіне орай Ақтанова Айнаш өз сыныбының қаздары және олардың аналармен бірге спорттық сайысты өте тартымды етіп өткізсе, Райгүл Ибрайқызы анасы мен қызы топтасқан сайыс өткізді. Наурыз мерекесіне орай жоспар құрылып, әр сыныпта Наурыз көже ішіліп, тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар оқушыларымыз театр, кітапхана, мұражайларға да барып, Наурыз мейрамының қалай өтілу керектігіне тағы бір мәрте көз жеткізіп, саналарына сіңірді. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде жаз мезгілінде мектептің ауласын гүлдендіру жұмыстары жүргізіледі. «Отанды қорғау - басты парызың» бағыты - оқушылардың бойында патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында мектебімізде көптеген шаралар өткізіледі. Әр сынып оқушылары өздері қамқорлыққа алған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің , Ауған соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып көмек көрсетті. Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес сәуір - мамыр айлары әскери-патриоттық айлық болып өткізілді. Айлыққа сай өткізілетін іс - шаралардың жоспары жасалып, айлықтың ашылуы өткізілді. Мұғалімдер жиналысында,айлық жоспарын таныстыру,талқылау болды. Жас Ұлан оқушылар комитеті айлық өткізуге байланысты мектеп стен газетін шығаруға ат салысты. Мектеп бойынша ықшам ауданында тұратын ҰОС ардагерлері, Ауған соғысы және тыл ардагерлерін анықтап,тізімін ЖБК - ға (КМС) бекітті. Сынып жетекшілері әр сыныпта ерлік сабақтарын өткізді. Мөлтек ауданында тұратын ҰОС, Ауған соғысы , тыл ардагерлеріне шефтік көмек жасау болды «Гимназия күні» мерекесін толық қамтылған көлемде ұйымдастыра отырып, салтанатты жиынмен ашылды. 5 сынып оқушыларын гимназист қатарына қабылдау болды. Әр сыныпта әртүрлі іс-шаралар жалғансын тапты. Сәуір айының 18-28 аралығында «Талбесік» тобының «Мен және қоршаған орта» атты тақырыптағы онкүндік апталығы өткізіліп, семинарда қорытынды жасалды. ҰОС - ның 71 жылдығына арналған, тыл және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізілді. «Зарница» әскери - спорттық ойынына арнайы нұсқаулық бойынша 10 сыныптың оқушылары апарылды. 5 мамыр күні мектеп алдында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған лездеме өткізіліп, 1-11 сынып оқушылары сапқа тұрғызылып, құттықтау сөз сөйленіп , салтанатты шеру, саптық әндер сайысы көрсетілді. 5-10 сынып оқушылары аса бір жауапкершілікпен дайындалып, өздерін саптық жүруде жоғары деңгейде көрсете білді. 31 сынып арасынан үздіктер танылып, 10 «а» сыныбына бас жүлде, басқа да қатысушы сыныптарға «Ең жақсы әскери киім», « Ең жақсы саптық жүріс», «Әнші сынып», «Үздік отряд», «Үздік топ басшы», «Ұйымшыл отряд» атақтарымен марапатталды. Бұл шарадан оқушылар өздеріне зор тәрбие алды деп айтуға болады. Мөлтек аудандағы мектебімізге қарасты ардагерлер шақырылды, бірақ денсаулықтарына байланысты келе алмайтындарын айтты. Салтанатты жиын аяқталған соң әр ардагерге жауапты бекітілген сынып жетекшілер оқушыларымен бірге ардагерлерді құттықтауға барды. Мереке мектепте қызмет атқаратын ер мұғалімдерге арналып қойылған концертпен жалғасын тапты. Әр сыныпта болашақ Отан қорғаушылар ретінде ұл балаларды құттықтап, тәрбие сағаттарын өткізді. Әр сынып өздері барып, көмек көрсетіп жүрген ардагер апа - аталары жайында мәлімет жинап, стен газетін шығарды. Мектебіміздің оқушылары мектептен тыс қоғамдық ұйымдармен де тығыз байланыста жұмыс атқарып, ҰОС - ның 71 жылдығына арналып өткен іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосты. Жас Ұлан әскери - патриоттық қалалық сайыста 2- орын, « Алау» қалалық сайыстан 2- орын, оқушыларымыз «Жарқыл» ойынына , 5518 әскери бөлімінің ашық есік күніне қатысты, қалалық қорытынды жиында мектебіміздің болашақ сарбаздарынан құрылған «Қаһарман» клубы 2- орында танылды. «Мен Қазақстан патриотымын» атты тақырыпта сенбіліктер ұйымдастырылып, мектеп алдына көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Әр сынып өз ауласына шырша ағаштарының өскінін отырғызды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын құрметтеуге байланысты жыл көлеміне арналған іс-шаралар жоспары құрылып, жүйелі жұмыстар атқарылады. ҚР- ның мемлекеттік рәміздерін қолдану тәртібі жөнінде, рәміздерді насихаттай отырып, оқушыларымыздың бойына азаматтық - патриоттық сезімдерін оята білетін тәрбие сағаттары жоспарланды. Білім күнінде 1-11 сыныптарға Елбасы жолдауымен қатар мемлекеттік нышандарды дәріптеуге арналған тәрбие сағаттары өткізіледі. Әр тоқсан сайын мемлекеттік нышандары білу деңгейлерін тексеретін анкеталық сұрақтар мен тест тапсырмалары алынып отырады. Салтанатты іс-шараларда ҚР- ның мемлекеттік туын алып жүруді мектебіміздің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Нұрлан Иманбайұлы жүргізеді.. Мектепте өтілетін әрбір салтанатты шара мемлекеттік гимнмен басталып отырды. Мемлекеттік нышандар мектебіміздің Республика залында, тарих және АӘД бөлмелерінде тақтаның оң жағында ережеге сәйкес ілулі тұр. Мектебіміздің 60 оқушысы ШҚО-ның спартакиадасының ашылуына қатыстырылды. 9-11 сынып оқушыларының аттестат алу кеші өз деңгейінде ұйымдастырылып, түлектер үлкен өмір жолына жолдама алып, алтын ұя мектебімен қош айтысты. Жыл басында және соңында оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін анкеталық сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы шығарылып отырады. Соңғы көрсеткіштен байқағанымыздай, мектебіміздің оқушыларының тәрбие деңгейлері жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын мынадай кестеден байқауға болады.

2013-2014,2014-2015,2015-2016 жылдардағы оқушылардың тәрбие деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші

Мектебіміздегі үйірме жұмыстарына келсек 1591 баланың 1140 оқушысы үйірмеге қатысады.

411-і тіл үйірмесіне, 367-і өнер үйірмесіне, 362-і спорт үйірмесіне қатысады.

Мектептің 72 % үйірмелерге қатысады.



Ол 3-топқа бөлінген

  1. Эстетикалық үйірме.

  2. Спорттық үйірмелер.

  3. Пәндік үйірмелер.

1.Эстетикалық үйірмелер. Эстетикалақ бағыт оқушылардың бойында биік адамгершілік касиеттерді қалыптастыруға жәрдемдесді. Қазіргі тыңда мектебімізде домбыра, қобыз, эстрада, би, драма, қыл қалам, ақжол мәнерлеп оқу үйірмелері атқарып келеді.Үйірме жұмыстарының әр қайсының өз тақырыбы, модулі және зерттеу жұмыстары бар.

Эстетикалық үйірме жұмыстарының нәтижесі туралы мониторингісі

жылдар

би

эстрада

домбыра

театр

қобыз

2013-2014

ІІІ орын

ІІ, ІІІ орын

ІІ орын

ІІІ орын

ІІІ орын

2014-2015

Қалалық, облыстық, республикалық

6- I орын

5- II орын

1- III орын

Қалалық, облыстық, республикалық

  1. I орын

  1. ІІ орын

Қалалық, облыстық, республикалық

3- I орын

2- ІІ орын

Қалалық

1- I орын

3-номинация

Қалалық

1- I орын

1-III орын

2015-2016

Қалалық, облыстық, республикалық

5- I орын

6- II орын

2- III орын

Қалалық, облыстық, республикалық

5-I орын

5-ІІ орын

Қалалық, облыстық, республикалық

2- I орын

3- ІІ орын

Қалалық

1- I орын

1-номинация

Қалалық

2-2 орын


Оқушылардың сыныптан тыс спорттық үйірмелерінің қалалық,облыстық жарыс нәтижесі туралы мониторингісі

Үйірменің аты

2013-2014

2014-2015

2015-2016

Жаттықтырушысы

1

Волейбол (ұлдар)

3 орын

15 орын

11 орын

Хамитжанов А.

2

Волейбол

(қыздар)

3 орын

8 орын

6 орын

Аукебаева Г.


3

Қазақша күрес

3 орын

6 орын

4 орын

Мергенбаев М.


4

Тоғыз құмалақ

3 орын

3 орын

5 орын

МергенбаевМ.


5

Шахмат

6 орын

5 орын

6 орын

Картаев М


6

Шашки

1 орын

5 орын

6 орын

Картаев М


7

Жеңіл атлетика, эстафеталық жүгіріс

12 орын

15 орын

18 орын

Серікбаев Е.С



8

Президенттік көп сайыс

4 сынып

15 орын

22 орын

25 орын

Картаев М.

9

Президенттік көп сайыс

5 сынып

18 орын

25 орын

21 орын

Капсаметов А.

Хамитжанов А.

10

Президенттік көп сайыс

9-сынып

13 орын

21 орын

18 орын

Аукебаева Г.

Хамитжанов А.

11

Президенттік көп сайыс 11сынып

15 орын

33 орын

18 орын

Аукебаева Г.

Серікбаев Е.

12

Теннис

2 орын

21 орын

16 орын

Хамзин Н.

13

Футбол

1 орын

21 орын

15 орын

Капсаметов.А


14

Каратэ

10

15

18

Қанқожаев А



Үйірмеге қатысатын оқушылардың қалалық жарыстағы көрсеткіштері



Үйірмеге қатысатын оқушылардың қалалық жарыстағы көрсеткіштері



Үйірмеге қатысатын оқушылар санының мониторингісі

р-с

сыныбы

оқушы саны

тіл білімі

өнер

спорт

1

26

1

2

3

2

24


1

2

3

18



5

4

20

3

3

4

5

19



2

6

20



3

7

32

3

4

4

8

30


4

3

9

30

1

12

2

10

32

9

7

5

11

26

2

2

3

12

29


2

1

13

28

2

2

2

14

26

5

4

11

15

25

2

10

8

16

25

7

6

12

17

24

2

10

1

18

24

7

6

7

19

24

6

3

4

20

23

2

22

5

21

29

12

10

10

22

29

11

8

8

23

25

6

13

7

24

27

7

8

3

25

26

7

8

3

26

25

7

8

3

27

31

12

8

5

28

31

10

8

7

29

28

6

14

13

30

27

5

2

1

31

27

4

8

1

32

27

15

9

5

33

26

17

9

5

34

27

9

5

5

35

5а1

26

15

9

5

36

5а2

24

3

4

6

37

22

7

10

7

38

25

12

16

6

39

6а1

27

17

9

5

40

6а2

25

10

7

9

41

22

8

8

8

42

24

7

8

9

43

23

3

5

9

44

21

10

10

7

45

24

2

15

11

46

7а1

24

7

6

8

47

7а2

21

6

5

10

48

28

14

5

9

49

28

10

1

9

50

27

6

1

4

51

26

15

4

11

52

9а1

26

15

2

8

53

9а2

27

6

6

11

54

28

18

4

8

55

27

3

5

11

56

25

4

2

7

57

10а

28

6

1

4

58

10б

27

21

5

2

59

10в

28

6

1

6

60

11а

26




61

11б

11




62

11б

27




Жалпы саны


1591

411

367

362




Тәрбие жұмысы бойынша жетістіктер мен кемшіліктер:


Жетістіктер

Кемшіліктер

Қалалық «Тәрбие ісінің меңгерушісі 2016» сайысында 2-орынға ие болдық

Биылғы жылы мектебімізде оқушыларға арналған «Жайдарман» 1-КВН сайысы өтті.

-Тәрбие сағаттарының сапалы өтілуін қадағалау;



-Ата-ана, мектеп, білім алушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту

-«Жас Ұлан» ұйымының жұмысын күшейту.






Үйірмелер бойынша

Оқушының аты-жөні

Конкурс түрі

Денгей


орын

Мұғалімі

1

Токиев Фатих

Ұзындыққа секіру

қала

1

Картаев М

2

Амангелді Қымбат

Әнші-бұлбұлдар

обл

3

Сахариева Б.

3

Медет Айым

Жас музыкант

обл

4

Сахариева Б.

4

Жанат Дария

жүгіру

обл

3

Картаев М

5

Қайдаров Мирас

жеңіл атлетика

респ

1

Картаев М

6

Магауия Шынгыс

Каратэ

хал-қ

1

Қанқожаев Ә

7

Болатов Ислам

Каратэ

қала

2

Қанқожаев Ә

8

Сабитұлы Ахат

Каратэ

респ

1

Қанқожаев Ә

9

Құлсариева Айгерім

волейбол

обл

1

Аукебаева Г.

10

Нағашбекқызы Айгерім

волейбол

обл

1

Аукебаева Г.

11

Бакбаева Алтынай

тоғызқұмалақ

қала

2

Аукебаева Г.

12

Рамазанова Анель

гимнастика

қала

2

Аукебаева Г.

13

Рамазанова Анель

гимнастика

хал-қ

сер

Аукебаева Г.

14

Рамазанова Анель

гимнастика

обл

4

Аукебаева Г.

15

Рамазанова Анель

гимнастика

хал-қ

2

Аукебаева Г

16

Асылханов Саят

жеңіл атлетика

обл

2

Картаев М

17

Асылханов Саят

жеңіл атлетика

қала

1

Картаев М

18

Асылханов Саят

жеңіл атлетика

қала

2

Картаев М

19

Қайдаров Мирас

Жүгіру

респ

1

Картаев М

20

Қаликарманов Тимур

аспапта ойнау

хал-қ

2

Сахариева Б

21

Мусина Айдана

медианта

обл

1

Қанқожаев Ә

22

Рамазан Тамерлан

Каратэ

хал-қ

2

Қанқожаев Ә

23

Өмірханов Қайсар

дзю-до

қал

1

Қанқожаев Ә

24

Кадирбекова Нояна

таэквондо

обл

1

Қанқожаев Ә

25

Жағыпаров Алкадыр

Каратэ

респ

3

Қанқожаев Ә

26

Жағыпаров Алкадыр

шахмат

қала

3

Картаев М

27

Жағыпаров Алкадыр

Каратэ

қала

1

Қанқожаев Ә

28

Жағыпаров Алкадыр

Каратэ

обл

2

Қанқожаев Ә

29

Доспаев Абилмансур

Каратэ

қала

1

Қанқожаев Ә

30

Доспаев Абилмансур

Каратэ

хал-қ

3

Қанқожаев Ә

31

Доспаев Абилмансур

Каратэ

респ

1

Қанқожаев Ә

32

Ракишев Олжас

Күрес

қала

1

Мергенбаев М

33

Бекежанова Айым

әнші-бұлбұлдар

респ

2

Ибатаева И

34

Магауия Шыңғыс

Каратэ

обл

1

Қанқожаев Ә

35

Сабитұлы Ахат

Каратэ

хал-қ

1

Қанқожаев Ә

36

Асылханов Саят

жеңіл атлетика

хал-қ

1

Картаев М

37

Қайдаров Мирас

жүгіру

хал-қ

1

Картаев М

38

Сатыбалды Томирис

гимнастика

хал-қ

1

Қанқожаев Ә

39

Базен Амина

қолөнер

қала

3

Усманова Н

40

Дюсенбаева Камила

қолөнер

қала

3

Кусаинова Ж

41

Нугуманова Алина

гимнастика

хал-қ

2

Аукебаева Г.

42

Нугуманова Алина

гимнастика

респ

1

Аукебаева Г.

43

Нугуманова Алина

гимнастика

обл

1

Аукебаева Г.

44

Нугуманова Алина

гимнастика

қала

1

Аукебаева Г.

45

Сатыбалды Томирис

гимнастика

респ

1

Аукебаева Г.

46

Сатыбалды Томирис

гимнастика

обл

1

Аукебаева Г.

48

Еликова Толғанай

ән айту

хал-қ

1

Макулбекова М

49

Какенова Еркежан

ән айту

қала

1

Макулбекова М

50

Нұрболатқызы Шұғыла

ән айту

хал-қ

3

Макулбекова М

51

Мурат Ерсұлтан

ән айту

хал-қ

1

Ахмадиев М

52

Ерболат Аяулым

Би

қала

2


53

Ерланова Жансая

Би

қала

3


54

Базен Амина

сурет

қала

1

Қозыбаев Қ

55

Беркинбаева Аружан

сурет

қала

2

Қозыбаев Қ

56

Кабылканова Анара

сурет

хал-қ

1

Қозыбаев Қ



Қалалық саптық байқау «С. Нұрмағанбетов» атындағы патриоттық клубы ІІ орын;

Облыстық қозғалыстың жас инспекторлар слеті «Жас санитар» номинациясы ;

Облыстық қозғалыстың жас инспекторлар слеті «Үздік саптық шеру» номинациясы;



Ұсыныс:

1.ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары, Өскемен қаласының ҚБББ-нің 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, гимназияның тәрбие жұмысын 8 бағыттан тұратын жаңа тұжырымдама көлемінде жүргізу.

2.Аталған тәрбие жұмысы тақырыбы жалғастырылсын.



Мақсаты : Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттер:



1. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.

2.Сынып жетекшілердің кәсіби біліктілігін көтеру.

3. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектептегі т?рбие ж?мысыны? есебі

Автор: Бактыбаева Асем Бакзоловна

Дата: 05.06.2016

Номер свидетельства: 332640


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства