Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мектеп-оқушы-ата-ана»»
I. Жалпы ережелер
Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлігі болып
табылатындықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік те мектеппен бірдей болуы тиіс. Бала тәрбие әліппесін отбасында алатындықтан өркениетті қоғамға қол жеткізудегі әрбір шара отбасындағы өмірді ұйымдастырудан бастау алады.
II. Жобаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Мектептің ата-аналармен өзара қарым-қатынасының қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу.
Міндеттері:
- Ұлы білімге ата-аналарды, оқушыларды, педагогикалық ұжымды тарту;
- Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысқа үнемі көңіл бөлу;
- Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы
қарым –қатынасты нығайту
III.Күтілетін нәтиже
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Ендеше, баланың өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетесы ата-ананың көмегімен отбасында қаланып, мектеп қабырғасында жалғасын табады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2016-2017 о.ж.
IV. Жобамен жұмыс жасау кезеңдері:
I кезең-дайыңдық кезеңі. Жобаны іске асыру жағдайларын бағалау.
II кезең-қалыптастырушы кезеңі. Жобаны іске асыру.
III кезең-жалпылау кезеңі. Жобаны іске асыру нәтижелерінің сараптамасы.
«Мектеп-оқушы-ата-ана» жобасының
2016-2017 о.ж. арналған іс-шаралар жоспары
№
Іс-шараның мазмұны
Мерзімі
Жауапты
Нәтиже
1
«Мектепке жол» акциясы
Тамыз-қыркүйек
Ата-аналар комитеті
Сынып жетекшілер
Ақпарат
2
Отбасы күнін мерекелеу
Қыркүйек
Ата-аналар комитеті
Сынып жетекшілер
Мәлімет
3
«Менің отбасым» сурет байқауы
Қазан
Тусупбекова А.
Сынып жетекшілер
Ақпарат
4
Спорттық отбасылық эстафеталар
Жыл бойы
Байгабулов К.
Кеңшілік Т.
Ақпарат
5
Ата-аналар жиналысы
Жоспар бойынша
ТІЖО, сынып жет.
Хаттама
6
«Ата-аналарға арналған кеңес»
Қараша
Психолог
Ақпарат
7
Ата-аналарды балаларымен бірге өткізілетін іс-шараларға тарту
Жыл бойы
Сынып жетекшілер
Мәлімет
8
Отбасылық және отбасыаралық байқаулар
Наурыз-сәуір
ТІЖО, сынып жет.
Ақпарат
9
Педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру.
Жыл бойы
Сынып жетекшілер
Ақпарат
10
Ашық есік күндерін өткізу
Жыл бойы
ТІЖО, сынып жет.
Ақпарат
«Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы»
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі, мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет. Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ата – ана - оқушы - мұғалім үштік одағы тығыз жұмыс атқарады. Әртүрлі формада ата – аналар жиналысы, оқулары өткізіледі. Бастауыштың әр сатысында оқыту мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады. Ата – ана, қоғам, мұғалім бірлесе отырып, жоғарыда айтылған жұмыстар нәтижесінде бастауышта білім мен тәрбиені қалыптастырып, алмастай өткір, мықты, берік, өз ортасында үнемі жарқырап жүретін жан – жақты, бәсекеге қабілетті, дүние жүзіне танымал, ұлттық сана - сезімі оянған, Отанын, елін шын жүрегімен сүйетін азаматты тәрбиелеп шығару – біздің мақсатымыз. Диагностикалық талдау жұмыстары ата - аналармен өзара іс - әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата - аналарын жан - жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер: сыныпқа көмегі; өз баласына ықпалы; мұғаліммен қарым – қатынасы; ата - аналарды топтау; мектептегі оқу - тәрбие үрдісіне көз қарасы; Бұқаралық – мәдени жұмыс ата - аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс - шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет: мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу; өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу; мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу; кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу; іс - шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың және оның отбасының қадір – қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына сүйенген түрде оқушыны, ата - аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз.