kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Колледждегі топ кураторлары бірлестігінің жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мақсаты:Рухани жаңғырған, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жағдай жасау, студенттердің шығармашылық белсенділігін, туындаған мәселелерді өздіктерінен шешу және үздіксіз өзін жетілдіріп отыру қабілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Колледждегі топ кураторлары бірлестігінің жұмысы»

Колледждегі Топ кураторлары Бірлестігінің Жұмысы



Мақсаты:Рухани жаңғырған , бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға жағдай жасау, студенттердің шығармашылық белсенділігін, туындаған мәселелерді өздіктерінен шешу және үздіксіз өзін жетілдіріп отыру қабілеттерін дамыту.

Топ кураторлары бірлестігінің қызметінің негізгі мақсаты үйлестіру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады: - колледжде әлеуметтік-тәрбие жұмысын бекітілген жоспар мен бағдарламаларға сәйкес ұйымдастыру және өткізу.

Қойылған мақсаттарды орындау үшін топ кураторлары бірлестігі төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

  • тәрбие қызметін іске асыруда басымды бағыттарды дамыту: қазақстандық патриоттылыққа тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Бірегей Еңбек Қоғам» идеясын6 «Рухани жаңғыру» бағдарламасыніске асыру, заманауи рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жемқорлықпен құқық бұзушылыққа нөлдік шыдамдылыққа тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық мәдениетті және салауатты өмір салтын жетілдіру және т.б., жастар ұйымы және бірлестіктердің қызығушылығы бойынша іс-шаралар өткізу;

  • Тәрбиелік іс шараларды өткізу және сапалы ұйымдастыруға көмек көрсету; тәрбиелік іс шара өткізуде студенттерді көптеп қамтамасыз ету, сабақтан тыс тәрбие қызметінде және студенттерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және өткізу, кездесулер, дөңгелек үстелдер, әңгіме, студенттермен жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша тәрбиелік іс шаралар ұйымдастыру, салтанатты, мәдени және қоғамдық маңызды іс шараларды өткізу және ұйымдастыруға қатыстыру

1к у р с

Бейімдеу және қоғамдық нормалар мен ережелерді жеке қабылдау, болашақ мамандығына келесі жолдар арқылы қызығушылығын арттыру:

  1. Оқу жүйесі және құрылымымен танысу.

  2. Салт-дәстүрімен, колледждің ішкі тәртіп ережелерімен танысу. Студенттер мен оқытушылардың құқықтары мен міндеттерін жарғысына қол қою

  3. Қазақстандық патриотизмге, мемлекеттік рәміздер, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрді білуге тәрбиелеу.

  4. Дағдыларды қалыптастыру, өзіндік жұмыс, шығармашылық конкурстарға, конференцияларға, жарыстарға, әдеби оқуларға қатысу.

  5. Жалпы колледждік іс-шараларға, пәндік үйірмелерге, қызығушылықтары бойынша үйірмелерге қатысу.

  6. Оқушыларды білім және тәрбие мониторингі.

  7. ҚР Президентінің «Рухани Жанғыру» бағдарламасы арқылы білімге ұмтылу.

  8. «Туған жер» бағдарламасы арқылы студенттің Отанға деген оңтайлы және эмоционалды қатынас жасауына тәрбиелеу. Студенттерді патриотизмге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына тәрбиелеу

  9. «Туған жер» бағдарламасы арқылы Отан алдындағы адамгершілік қарыз, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген адал болуға, нағыз патриот болуға тәрбиелеу.

  10. Рухани сапа арқылы студенттердің жоғары адамгершілікті қалыптастыру, халықтың бай дәстүрін сақтау және жария ету, табиғат пен қоршаған ортаға зиян тигізбеу.

  11. Жастардың азаматтылығын, патриотизмін дамыту рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарды, кәсіптік сапаларды және оны қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы белсенділігін қалыптастыру.

  12. Студенттерді оқуға баулу Қазақстан халқының көп ұлтты мәдениетін дамытуға ықпал ететін ұлттың рухани және зияткерлік ұлт серпіні құралы ретінде.

 2 к у р с

Қоғамдық қызмет және кәсіби бағытта оқыту  дағдыларын жетілдіру және бекіту арқылы:

  1. Жалпы кәсібі және арнайы цикл пәндері бойынша мықты білім алу.

  2. Ұйымдастырушылық және қоғамдық-саяси жұмыс негіздерін зерттеу.

  3. студенттік байқауларда мамандықтар бойынша техникалық шығармашылық үйірмелерге, олимпиадаларға, клубтардың жұмыстарына қатысу.

  4. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндамалармен, Мамандық бойынша өтетін байқауларға қатысу.

  5. «Туған жер» бағдарламасы арқылы Отан алдындағы адамгершілік қарыз, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген адал болуға, нағыз патриот болуға тәрбиелеу.

  6. Рухани сапа арқылы студенттердің жоғары адамгершілікті қалыптастыру, халықтың бай дәстүрін сақтау және жария ету, табиғат пен қоршаған ортаға зиян тигізбеу.

 

 

3 к у р с

Одан әрі кәсіби дағдыларын жетілдіру. Студенттердің мүдделерін, олардың облыс, қала мекемелеріндегі тәжірибелік қызметіне даярлығын, адамдармен жұмыс істей білу қабілеттерін анықтау. Кәсіби даярлау және басшылықтың ұжыммен дағдыларын алу:

  1. Арнайы пәндер бойынша теориялық және тәжірибелік білімін, іскерлік дағдыларын игеру.

  2. Өзекті мәселелері бойынша теориялық және практикалық әзірлемелер орындау.

  3. Кәсіби шеберлігін арттыру және кәсібіне деген сүйіспеншілік қалыптастыру.

  4. «Туған жер» бағдарламасы арқылы Отан алдындағы адамгершілік қарыз, өз ауылына, қаласына, өңіріне, оның әдет-ғұрпына, тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген адал болуға, нағыз патриот болуға тәрбиелеу.

  5. Студенттерді бәсекеге қабілетті, сындарлы, мықты, жауапты, шығармашыл бірегей ұлт тұлғасы ретінде тәрбиелеу. Тәрбиелеу мен оқытудың ұлттық жүйесін қалыптастыру.

  6. Рухани сапа арқылы студенттердің жоғары адамгершілікті қалыптастыру, халықтың бай дәстүрін сақтау және жария ету, табиғат пен қоршаған ортаға зиян тигізбеу






















    Колледж тәрбие жұмысының циклограммасы

1. Колледжде тәрбие жұмысын өткізуде  тренингтер, конкурстар, викториналар, олимпиадалар, конференциялар, шығармашылық кештер, спорттық жарыстар және т.б. сияқты тәрбие жұмысының нысандары қолданылады.
 2.     Колледжде«тәуекел топтарының» балаларын анықтау жұмыстары жүргізіледі, білім алушыларға психологиялық көмек көрсетіледі, психологиялық қызмет жұмыс істейді.
   3.   Жастар арасында өндіріс кәсіптерін танымал ету мақсатында жыл сайын «Үздік маман иесі» кәсіби шеберлік сайыстары , дарынды студенттерді анықтау конкурстары өткізіледі.
      Сондай-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі:
      1) жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың азаматтық және адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал ету;
      2) оқудан (негізгі жұмысынан) бос уақытта қосалқы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы жас азаматтардың кәсіби бейімделуіне және жұмысқа орналасуына ықпал ету;
      3) кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету;
      4) жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын дамыту болып табылады.
      Тәрбие жұмысының мәселелері педагогикалық және қамқоршылық кеңестер , топ кураторларының бірлестігі, Құқықтық Кеңес отырыстарында қарастырылады.
      Колледж тәрбие жұмысына жүргізілген талдау қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеуде студент жастардың дербестігі, іскерлігі мен икемділігі, өзінің тағдырына жауаптылығы, сапалы білім алуға және кәсіби даярлануға аса қызығушылық танытуы ерекшелендіреді. Екінші жағынан өтпелі жасқа, стрестік жағдайларға, толық емес отбасындағы тәрбиеге, ата-аналардың тәрбиеге уақытының жетіспеушілігіне, жастар арасындағы психологиялық жанжалдарға және тұрмысы нашар отбасыларға байланысты проблемалар бар.
      Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда спорттық секциялар, клубтар, үйірмелер, тренажерлық залдар, мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі колледждің жек спорт залының, болмауы сияқты проблемалар бар. Сауалнама деректерінің талдауы бейімделу кезеңінде студент жастармен нақты жеке жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Колледждегі топ кураторлары бірлестігінің жұмысы

Автор: Баймухаметова Жупар Ануарбековна

Дата: 14.01.2021

Номер свидетельства: 570038


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства