kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан Республикасы ?здіксіз білім беру ж?йесіндегі т?рбие ба?ыттарыны? орындалу де?гейі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп-гимназияда?ы т?рбие ж?мысыны? орындалу де?гейі. Т?рбие ісіні? ме?герушілері мен сынып жетекшілерге ?сынылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасы ?здіксіз білім беру ж?йесіндегі т?рбие ба?ыттарыны? орындалу де?гейі»

«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ






Баяндама










Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие бағыттарының орындалу деңгейі»














Т.ІМ. Бақтыбаева А.Б.








2015-2016 оқу жылы

Бүгінгі таңдағы мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытушы тәрбиешіге байланысты. Осы негізді басшылыққа алуда мектебіміздің тәрбие жұмысын басқарудың моделіне сүйене отырып, жұмыс жүргіземіз. «Тәрбиелеу үрдісінің субъектілерінің рухани адамгершілік құзыреттілігін белсенді әрекеттер технологиясы негізінде дамыту» өзекті тақырыбынан туындайтын міндеттерді халықтық тәлім-тәрбие мұрасымен, қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерімен, ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыруда. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешуге бүкіл жұмыс жүйесі бағытталды. Білім тәртіптен басталатындықтан, оқушылардың бірыңғай талапты , мектеп формасын, мектептің ішкі ережесін орындаулары бақыланады.Қазіргі күнде мектептің тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы басшылыққа алып жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады. Ондағы берілген 12 бағыт күнделікті қамтылып, мектептің дәстүрлі мерекелері мен әр ай сайын өтілетін айлықтарда көрініс тауып отыр. Бағыттардың әрқайсысына өткен оқу жылында мәлімет бере кеткен болатынмын. Биылғы жылы жеке-жеке тоқталмай, басты назарда ұстауды көздеп отырған бағыттарды атай кететін болсам:

«Салауатты өмір салтын сақтау»

«Тәрбие тұғыры - имандылықта »

«Отанды қорғау - басты парызың»

«Ұлт болашағы - білікті, білімді маман қолында» тақырыптары.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда мектебімізде оқушының алаңсыз білім алуы үшін дене тәрбиесімен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған іс-шаралар жоспары құрылған.

Мектебімізде «Денсаулық күні» және әр түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Мектепте 9 спорттық және өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Жалпы қалалық және мектепішілік үйірмелерге оқушылардың 87 % - ы қатысады. Қыс мезгілінде балалардың таза ауада еркін дем алып, шынығулары үшін мектеп жанындағы хоккей қорабы жұмыс жасайды. Мектеп медбикесімен бірігіп, денсаулығының ақауы бар балаларды есепке алып, бақылау жасалынады. Сондай-ақ денсаулық мәдениетін қалыптастыруда ата-аналармен бірлесіп сыныптармен қала маңындағы демалыс орындарына бір күндік серуендер ұйымдастырылады. Мектебімізде бірнеше жыл бұрын құрылған «Азат » ұйымы мен «Жас Ұлан» мектеп комитетінің ұйымдастыруымен әдептілік, имандылық , адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру мақсатында аталар мен әжелермен және мектептен тыс ұйымдармен дөңгелек үстел , кездесулер , тәрбие сағаттары өткізіледі. Ұлдар , қыздар жиналыстарында, жиындарда сынып белсенділері , «Жас Ұлан» мектеп комитетінің мүшелері өз ойларын ортаға салып, «Оқушы үнін» арттыруда.

Мектепте атқарылып жатқан тәрбиелік шаралар туралы мақалалар мектепішілік «Тұлпар» газетіне жарияланып отырады. Сыныптан тыс шаралардың әсерлі өтуіне ата-аналар көп белсенділік танытады.

Биылғы жылғы атаулы мерекелер,тәрбиелік шаралар ата-аналармен бірге өткізілуде. Ата-аналарды мектеп өміріне тартуда спорттық шаралардың маңызы зор. Қысқы демалыста ата-аналар мен ұстаздардан құралған топ болып, волейболдан жарыс өткізілді. Бұл сайыстың өтілуіне қолдау көрсеткен ата-аналарымызға алғыс айтылды. Қаңтар айында отбасы тәрбиесіне орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Бұл жиналыстарды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Қаңтар айы Азаматтық қорғаныс айлығы болып жүйелі жоспар бойынша жүргізілді. Бұл айлықта әртүрлі сайыстар және 5-11 сынып оқушылары дерлік нысанаға көздеп атуға қатысты. Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге арнап гүл шоқтарын қоюға 10 «б» сынып оқушылары жіберілді. Салауатты өмір салтын сақтауда мектеп оқушылары күнделікті таңғы жаттығу жасады. Патриоттық және эстетикалық тәрбиені одан әрі оқушылардың бойына қалыптастыруда әр аптада әртүрлі тақырыпта «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылып отырды. Ақпан айында 6-8 сынып оқушылары арасында КВН - Көңілді тапқырлар клубы өткізіліп, 8 «а», 7 «б», 7 «в» сынып өнерпаздары өздерін алдыңғы қатардан көрсете біліп, облыстық лигаға жолдама алды. Ол жерде де жақсы өнер көрсетіп, финалға шықты. Іс-шараның өтілуіне ата-аналар комитеті қолдау көрсете білді. 9-10 сынып оқушыларына Діни орталықтардан келген өкілдермен тәрбие сабақтары жүргізілді. Сара Алпысқызының туған күніне орай тәрбие сағаттары өтіліп, мерекелік концерт, ашық лездеме өткізілді. 8 Наурыз мерекесі де жүйелі құрылған жоспар бойынша өтілді. Әр сыныпта тақырыптық тәрбие сағаттары және ата-аналармен біріккен мерекелік концерттер қойылды. Бастауыш сыныптар және жоғарғы буындар арасында «Қазақ аруы 2016» сайысы өтілді. Сайысқа 8а,б,в,г және 9а1,9б,10 б,10в сыныбының ару қыздары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 8 Наурыз мерекесіне орай Ақтанова Айнаш өз сыныбының қаздары және олардың аналармен бірге спорттық сайысты өте тартымды етіп өткізсе, Райгүл Ибрайқызы анасы мен қызы топтасқан сайыс өткізді. Наурыз мерекесіне орай жоспар құрылып, әр сыныпта Наурыз көже ішіліп, тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар оқушыларымыз театр, кітапхана, мұражайларға да барып, Наурыз мейрамының қалай өтілу керектігіне тағы бір мәрте көз жеткізіп, саналарына сіңірді. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде жаз мезгілінде мектептің ауласын гүлдендіру жұмыстары жүргізіледі. Бірнеше жыл қатарынан қалалық , облыстық «Гүлденген аула» байқауында, қыс мезгілінде ауланың көркі «Қар қалашығы» байқауына да қатысып келеміз.

«Отанды қорғау - басты парызың» бағыты - оқушылардың бойында патриоттық тәрбие беру мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында мектебімізде көптеген шаралар өткізіледі. Әр сынып оқушылары өздері қамқорлыққа алған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің , Ауған соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып көмек көрсетеді. Бүгінгі күні Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында соғыс кезінде туған жырлармен әндерді жаттап, суреттер салып орындауда.

Кәсіптік бағыт - бағдар беруде кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарынан арнайы мамандар шақырылып, кездесулер ұйымдастырылады, оқу орындарына, кәсіпорындарына саяхат жасалады. Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады. Бүгінгі күні сынып оқушылары көктемгі демалысты қолайлы өткізу үшін әртүрлі мәдени орындарға сынып жетекшілерімен бірге баруда.

Назарларыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Бактыбаева Асем Бакзоловна

Дата: 05.06.2016

Номер свидетельства: 332645


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства