Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының бүгінгі білім беру мазмұнымен үндестігі.
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының бүгінгі білім беру мазмұнымен үндестігі.
Қазақ халқының ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырып,тұңғыш халық ағартушысы атанып қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсетті, бүгінгі күнде білім беру мазмұны Ыбырай Алтынсаринның жасаған игі істерімен жалғасын тауып жатыр десек қателеспейміз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының бүгінгі білім беру мазмұнымен үндестігі.»
Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының бүгінгі білім беру мазмұнымен үндестігі.
Самбулатова Гүлшат Шүкірқызы
біліктілігі жоғары,бірінші санатты маман,
Қазақ халқының ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырып,тұңғыш халық ағартушысы атанып қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсетті, бүгінгі күнде білім беру мазмұны Ыбырай Алтынсаринның жасаған игі істерімен жалғасын тауып жатыр десек қателеспейміз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұңғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады.
Мұғалімнің бүгінгі таңдағы ұстанымы қалай жалғасуда? Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? ( Психологтар«ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады.Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді.)Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі.Педагогикалық ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар. [1,б.5].
Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге деген ынтасын мейлінше арттыруға тиіс.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілілігін арттыруға арналған «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының мазмұнынынан кешегі Ыбырай салған жолмен ілгері жылжуды бақылауға болады. Ыбырай Алтынсарин оқыту мен тәрбиелеуде негізгі тұлға мұғалім екенін ұғынып, сапалы білім беретін мұғалімдерді дайындау жолында жұмыс жасаған болса,бұл игі бастама әлі де күшін жойған емес,бүгінгі бағдарламада: «Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мүғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad,2007).Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім (Strong,Ward& Grant,2011) [1,б.4].Бүгінгі заман талабына сай білім беруде мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты,өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу. Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту Ыбырай еңбегімен үндесіп жалғасын тауып отырған іс деп қарауымызға болады.
Алтынсариннің міндеттері мұғалім туралы нұсқаулары- олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігін ескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.
Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасында балаларды оқыту тәсілдері тиімді оқыту, табысты оқыту,сындарлы оқыту тәсілдерімен жалғасын тауып отыр. Оқытудың бұл тәсілдерін қолдануда мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырады,оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді,ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болады-бұл жерде де ұлы ағартушының ұстанымының жаңа заман талабымен үндестігін көруімізге болады.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасында оларды жинақтап берілген топтамасын көруімізге болады. [3,б.5].
Ы. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде,болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.
Қазақ халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатына жете білді.
Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.
Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге, мәдениеттілікті қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады.
Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделіп жазылған және де бүгінмен үндесіп, Мәңгілік еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қосып отыр десек қателеспейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы [1,б.4].
Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-Алматы,1981.