kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шо?ан У?лихановты? ту?анына 180 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШО?АН У?ЛИХАНОВТЫ? ТУ?АНЫНА – 180 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ?ЙЫМДАСТЫРЫЛ?АН ?ЫЛЫМИ-ГЕОГРАФИЯЛЫ? КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2015 жылы 27 ?арашада Ямышев орта жалпы білім беру мектебінде «Жас Географ» географиялы? тобыны? ?йымдастыруымен Шо?ан У?лихановты? ту?анына – 180 жыл толуын ке?інен атап ?тті. Конференция басталмай т?рып, ?йірме м?шелері дайында?ан Шо?анны? ту?анын естіліген Шы??ыс т?реге жеткізуі ж?не с?йінші айту с?тімен ашты. Шы??ыс т?рені? ролін 7 «А» сынып о?ушысы Абдураимов Бекмырза ойнады. Ал, с?йінші с?рап келетін баланы? ролін Болатхан Серікбол ойнады. Осы ша?ын к?ріністі к?руге арнайы мектеп м??алімдері мен Ке?ес негізгі жалпы білім беру мектебіні? «ЖАС ?ЙТІМШІЛЕР» ?лкетанулы? тобы ?атысты. К?рініс ая?талысымен, Жинал?ан м??алімдер мен о?ушылар биология кабинетіне барып, конференцияны бастап кетті. Конференцияны ал?ысс?з ретінде география п?н м??алімі Саян ?асен?лы ашты:

- Б?гінгі біз ?аза?ты? ?лы ?алымы, да??ты жи?ангері, ?з заманыны? ??лама зерттеушісі, Ресейді? императорлы? География ?о?амыны? м?шесі, Абылай ханны? немересі Шо?ан Шы??ыс?лы У?лихановты? ту?анына 180 жыл толып ?тті. Я?ни, ?араша айыны? 15-нен 1-желто?санына дейін Шо?анны? ту?ан к?нін ?аза?станны? барлы? жерінде тойланып жатыр. Ал, б?гінгі бізді? «Жас Географ» географиялы? тобы ?йымдастырып жат?ан ?ылыми-географиялы? конференцияны? салтанатты т?рде ашы? деп жариялаймын. Ту?ан хал?ымызды? ма?танышы, «аспанда жар? еткен ж?лдыз» атан?ан, ол ерекше дарынды, жас та болса, бас бол?ан а?артушы еді. ?амшыны? сабындай ?ыс?а ??мырында тарих  сахнасында ?шпестей орын алды. Отты ж?рек, ?ш?ыр ой, тере? а?ылды? иесі ?аза? хал?ын б?кіл ?лемге т???ыш таныстыр?ан Шо?анны? ?мбебап, сан ?ырлы тал?амы мен таланты, арманы мен ?ол жеткізген табысы жайлы ?лкей Мар??лан, Евней Букетов, Хадиша Айдарова, Ш?мшиябану С?тпаева, Шота У?лиханов ж?не та?ы бас?а зиялылар ке? ма?л?мат берді.

О?ушылар алданда т?р?ан ба?дарлама бойынша рет-ретімен баяндамаларын ?ор?ай бастады. О?ушыларды? ба?дарламаларын ?орытындай келе м??алімдер ??рамынан ??рыл?ан ал?а м?шелері (Тоты ?айырбек?ызы мен ?ымбат ?ткен?ызы, Мира Бердыханова, «Жас Географ» географиялы? тобыны? басшысы ?лжан Шай?азина) же?імпаз о?ушыны аны?тады. ?орытынды с?зді ал?ан ?ымбат ?кен?ызы:

- Ия, шынымен, Шо?анны? ?аза?стан ?ылымына, ?лем ?ылымына ?ос?ан ?лесі ?шан-те?із. Ол тек ?ылымны? бір саласымен ?ана шектелмей, жан-жа?ты зерттеу ж?мыстарын ж?ргізген. ?аза? еліні? ма?танышы бола білді. Шо?ан У?лихановты? ?мірі, ?ызметі, шы?армашылы?ы туралы б?кпесіз жазып, оны? ?ызметін ресейлік, еуропалы? орта?а таныстыр?ан ?лшеусіз ?лес  ?ос?ан, осы ар?ылы патша ?кіметіні? отарлы? саясатына ?арамастан, сол кезде-а? ?лттар арасында?ы ?атынас?а, ?ділетсіздікті басынан кешкен ?аза? хал?ыны? тарихына, болаша?ына ниеттес бол?ан Н.И.Веселовский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцевті хал?ымызды? на?ыз достары деп ??ынып, оларды? есімдерін к?п?лтты отанымызды? ?азіргі ж?не келесі ?рпа?тарына таныстыру-баршамызды? борышымыз.

Марапаттау с?тінде с?з ал?ан «Жас Географ» географиялы? тобыны? басшысы ?лжан Шай?азина: 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шо?ан У?лихановты? ту?анына 180 жыл»

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 180 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ


2015 жылы 27 қарашада Ямышев орта жалпы білім беру мектебінде «Жас Географ» географиялық тобының ұйымдастыруымен Шоқан Уәлихановтың туғанына – 180 жыл толуын кеңінен атап өтті. Конференция басталмай тұрып, үйірме мүшелері дайындаған Шоқанның туғанын естіліген Шыңғыс төреге жеткізуі және сүйінші айту сәтімен ашты. Шыңғыс төренің ролін 7 «А» сынып оқушысы Абдураимов Бекмырза ойнады. Ал, сүйінші сұрап келетін баланың ролін Болатхан Серікбол ойнады. Осы шағын көріністі көруге арнайы мектеп мұғалімдері мен Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің «ЖАС ӘЙТІМШІЛЕР» өлкетанулық тобы қатысты. Көрініс аяқталысымен, Жиналған мұғалімдер мен оқушылар биология кабинетіне барып, конференцияны бастап кетті. Конференцияны алғыссөз ретінде география пән мұғалімі Саян Қасенұлы ашты:

- Бүгінгі біз Қазақтың ұлы ғалымы, даңқты жиһангері, өз заманының ғұлама зерттеушісі, Ресейдің императорлық География қоғамының мүшесі, Абылай ханның немересі Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толып өтті. Яғни, қараша айының 15-нен 1-желтоқсанына дейін Шоқанның туған күнін Қазақстанның барлық жерінде тойланып жатыр. Ал, бүгінгі біздің «Жас Географ» географиялық тобы ұйымдастырып жатқан ғылыми-географиялық конференцияның салтанатты түрде ашық деп жариялаймын. Туған халқымыздың мақтанышы, «аспанда жарқ еткен жұлдыз» атанған, ол ерекше дарынды, жас та болса, бас болған ағартушы еді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында тарих сахнасында өшпестей орын алды. Отты жүрек, ұшқыр ой, терең ақылдың иесі қазақ халқын бүкіл әлемге тұңғыш таныстырған Шоқанның әмбебап, сан қырлы талғамы мен таланты, арманы мен қол жеткізген табысы жайлы Әлкей Марғұлан, Евней Букетов, Хадиша Айдарова, Шәмшиябану Сәтпаева, Шота Уәлиханов және тағы басқа зиялылар кең мағлұмат берді.

Оқушылар алданда тұрған бағдарлама бойынша рет-ретімен баяндамаларын қорғай бастады. Оқушылардың бағдарламаларын қорытындай келе мұғалімдер құрамынан құрылған алқа мүшелері (Тоты Қайырбекқызы мен Қымбат Өткенқызы, Мира Бердыханова, «Жас Географ» географиялық тобының басшысы Ұлжан Шайғазина) жеңімпаз оқушыны анықтады. Қорытынды сөзді алған Қымбат Өкенқызы:

- Ия, шынымен, Шоқанның Қазақстан ғылымына, әлем ғылымына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол тек ғылымның бір саласымен ғана шектелмей, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазақ елінің мақтанышы бола білді. Шоқан Уәлихановтың өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы бүкпесіз жазып, оның қызметін ресейлік, еуропалық ортаға таныстырған өлшеусіз үлес қосқан, осы арқылы патша үкіметінің отарлық саясатына қарамастан, сол кезде-ақ ұлттар арасындағы қатынасқа, әділетсіздікті басынан кешкен қазақ халқының тарихына, болашағына ниеттес болған Н.И.Веселовский, Г.Н.Потанин, Н.М.Ядринцевті халқымыздың нағыз достары деп ұғынып, олардың есімдерін көпұлтты отанымыздың қазіргі және келесі ұрпақтарына таныстыру-баршамыздың борышымыз.

Марапаттау сәтінде сөз алған «Жас Географ» географиялық тобының басшысы Ұлжан Шайғазина:

- Сүйер ұлың болса, сен сүй,

Сүйінерге жарар жол....

деп қазақтың ұлы ғұламасы Абай атамыз айтқандай, бүгінгі конференциямыздың ұлтымыдың біртуар азаматы Шоқан туралы айтылған баяндамалар әрбіріміздің жүрегімізде орын алды деп ойлаймын. Конференцияның мақсаты - Оқушылардың Шоқанның өмірін үлгі тұта отырып, дүниетанымдық көзқарастарын, білімдерін, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, ғылыми жұмыспен шұғылдану қабілеттерін қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігін дамыту; Оқушыларды отансүйгіштік, патриоттық, еңбек, кәсіптік, эстетикалық, экономикалық, тіл мәдениетіне, адамгершілік қасиеттерге тәрбелеу. Осы қойған мақсатқа жетік деп айтуға болады.

«Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі - талап, шолушысы- ой, сынаушысы- халық, қорғаушысы- сабыр, қорғанышы- мінез, ең қымбаттысы- ар, таусылмайтыны- арман, барлығынан ардақтысы- өмір» - деп өзі айтқандай, осы нақыл сөздерін әрдайым жадымызда сақтап, адамның арманы биік екеніне тағы да көзіміз жете түсер.

Оқушыларды марапаттау мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Тоты Қайырбекқызына берілді.

  • Тыңдалған баяндамаларды қорытындылай келе, біз осындай нәтижеге келдік:

1-орынды Бауыржан Нұрзат 9 «а» сыныбы

2-орынды Бихиянова Динара 7 «б», Садуакасова Анеля 7 сыныптары

Ал, қалған оқушылар қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Конференция соңында қатысқандар мұғалімдермен бірге естелік фотоға түсті. Конференция өз мақсатына жетті деп айтуға болады.





Ямышев ЖОМ,география пән мұғалімі

Саян Қасенұлы Баужанов


«Жас Географ» географиялық тобының басшысы Шайғазина Ұлжан мен «ЖАС ӘЙТІМШІЛЕР» өлкетанулық тобының басшысы Ысқақов Сұлтанның көріністі тамашалау сәті


Серік Сері ролінде Расол Венераның күй тарту үстінде


Шыңғыс төренің ролінде Абдураимов Бекмырзаның бата беру сәті
























Конференцияға қатысушылардың естелік фотосы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шо?ан У?лихановты? ту?анына 180 жыл

Автор: Баужанов Саян Касенович

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301677


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства