kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отан ?ор?аушылар к?ніне арнал?ан мерекелік концертті? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепте ?ткізуге арнал?ан іс-шара. Барлы? м??алімдерге ж?не т?рбие ісіні? ме?герушілеріне ?сынылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?

Как тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих уроках?
Как получить возможность работать творчески?

Просмотр содержимого документа
«Отан ?ор?аушылар к?ніне арнал?ан мерекелік концертті? сценарийі»

Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ











7 Мамыр

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт







Педагог-ұйымдастырушы: Саматова А.С.













Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Құрметті азаматтар , ағалар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Акитбаев Есім Тұрысбекұлына береміз.
№1. Есім аға!
Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздің құрметіңізге бастауыш сынып мұғалім қыздарының«Біздің ағай тамаша!» әнін қабыл алыңыз!

№2. Сакен аға!

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп өзіңізді шын жүректен құттықтауға есепшілер бөлімінің және шағын орталықтың сұлу қыздары «Мен қазақтың қызымын» әнін жолдайды. Қабыл алыңыз!


№3. Бауыржан аға!

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан аға,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір- деп, құттықтау кезегін өзіңізге арнайтын орыс тілі кафедрасы қыздарының заманауи әнін қабыл алыңыз!

№4. Қалыбын адамдықтың бір бұзбадың,
Шәкірт болып түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей – деп, Асқар аға сынды ұстаздарымыз бен Мирас ұлдарымызға арнап ағылшын тілі кафедрасының қыздарының шын көңілден арналатын жыр-шашуын қабыл алыңыздар!

№5. Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай Айбек, Нұрбек, Қуантай сынды жігіттерімізге математик қыздарымыздың «Ер жігіттер-ай!» атты жыр-шашуларын қабыл алыңыздар!
№6. Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп Асхат пен Мади жігіттерімізге арнап қазақ тілі кафедрасы өз құттықтуларын жолдайды.






№7. Аян, Ержан, Әділет!

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін- дей келе
Тарих кафедрасындағы сұлу қыздардың құттықтау тілектері өздеріңізге арналады.

№8. Жаратылыстану кафедрасы қыздарының жыр-шашуы Қартаев Марат және Мергенбаев Марат ағаларымызға арналады.

№9. Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп Бекзат аға, Мерей, Сатбек аға, Мақсұт аға, Ғабдолла ата, Ризабек аға, күзетші Аян аға технология саз-бейнелеу өнері кафедрасының құттықтауы өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
Назарларыңызға рахмет!
Сау-саламатта болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отан ?ор?аушылар к?ніне арнал?ан мерекелік концертті? сценарийі

Автор: Саматова А?тоты Самат?ызы

Дата: 06.06.2016

Номер свидетельства: 332808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей


ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства