А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы
2015-2016 оқу жылының алғашқы қоңырау салтанатты жиынының әзірлемесі
Жүргізуші:
Қазақстан - көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер! Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы секілді тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр.
деген игі тілекпен қасиетті білім шаңырағына қадам басқалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерін зор құрметпен ортаға шақырайық!
(Музыка ырғағында 1- сынып ортаға шығады).
Биылғы оқу жылында 120 оқушы мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпта тәлім алып, білім көкжиегіне қанат қақпақ. Құрметті қауым, қошеметпен қарсы алайық, 1 «А» сынып жетекшісі Смаилова Клара Масбайқызы, 1 «Б» сынып жетекшісі Шойбасова Гүлшат Қалықызы, 1 «В» сынып жетекшісі Садуова Жанар Талапқызы, 1 «Г» сынып жетекшісі Есженова Анар Көшкінбайқызы.
- Мектеп түзел! Тік тұр! Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда Гимн
Шаттық кернер жүректі.
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шет елден
Көкке Гимн шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Жас ұрпаққа рух беріп,
Жаңғыртады аймақты.
(күй ойналады, ту кіргізіледі, гимн орындалады).
Жүргізуші:
-Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы» деген сөздері әр педагогтің және мектеп оқушысының қағидасы болуы тиіс. Азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық пен білімге бас июшілік секілді құндылықтар әр оқушы бойынан көрінсін.
Жүргізуші:
- А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймын.
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны,
Оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Қабыл Жүнісұлына беріледі.
(Басшы сөзі)
Жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Құттықтау сөз кезегі -----------------------------------------
(Қонақтардың құттықтауы)
Жүргізуші:
Жүсіпова Дамираның орындауындағы әсем ән қонақтарымыздың құрметіне арналады. (ӘН)
Жүргізуші:
Оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын!
Шәкірттеріміз өрісті,
Елім дер қыз бен ұл болсын! Сөз кезегі 1- сынып оқушыларына беріледі (әдеби монтаж-5 минут).
Жүргізуші:
«Гүлдене бер, мектебім!»әнімен 1 сынып оқушысы Маханова Динараны қарсы алыңыздар!
(ӘН)
Жүргізуші:
Мемлекет басшысының бес институтционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы білім күнін өткізуге негіздеме болды. Тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайта отырып, оқушылардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ете отырып, биылғы жылы республика бойынша білім беру ұйымдарында бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным -Қазақстан» кітабы тапсырылады. Мектебіміздің 1-сынып оқушыларына сыйлықты салтанатты түрде тапсыру үшін сөз кезегі мектеп кітапханасының меңгерушісі Имашева Дәметкен Ілиясқызына беріледі.
(Мектеп әкімшілігі, 11-сынып оқушылары сыйлық кітапты музыка ырғағында тапсырады).
Жүргізуші:
Отан - әрбір адам үшін тағдыр сыйлаған, ата - бабадан жеткен жалғыз, бірегей, өз халқының рухани байлығымен және өткен тарихымен байланыстыратын туған жер. Отанымыз табысқа қол жеткізіп, өркендеп, елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын деген тілекпен бірінші сынып оқушылары Тойғанбол Дінмұхаммед, Есжан Нұржан, Төлеген Асылжан «Жаса, Қазақстаным!» әнін тарту етеді.
(ӘН)
Жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1- сынып оқушысы Болатбек Сүндет пен 11-сынып оқушысы, оқу озаты, физика пәнінен қалалық олимпиада жүлдегері, республикалық ғылыми конференцияның жеңімпазы Байғарина Ақеркеге беріледі.
Болатбек Сүндет:
Алғаш келдім мектепке,
Ұмытылмас күн мынау.
Есімнен мәңгі кетпесін,
Соғылған мына қоңырау!
Байғарина Ақерке:
Құтты болсын бүлдіршіндер қадамдарың,
Нұрға толсын жанарларың!
Болашақтың кілтін берсін білімменен
Оқытқан ақ ниетті ұстаздарың.
Жүргізуші (Қоңырау үні фонында оқылады):
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла, мәңгілік сыңғырла!
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік,
Қуаныш әніндей жаңғырып!
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла, мәңгілік сыңғырла!
Жүргізуші:
«Мәңгілік Ел» - барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі. Ол – қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея! Ол- өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш! Идеяны жүзеге асыру жағдайында жас ұрпақты патриотизм мен тағаттылыққа тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі жемісті болсын!
Бәрі болған қазақ сынды ұлы елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді, Ту болмады дегенге?
Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!
(Күй ойнатылады, Ту шығарылады)
Жүргізуші:
Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді алғашқы білім сабағына қошеметпен шығарып салайық (1- сынып кіреді).
Жүргізуші:
Сан ғасырлық тарихы мол кешегі,
Туған жердің шежіресі деседі.
Менің елім - Қазақстан отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! А.Құнанбаев атындағы № 6 орта мектептің «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын. Білім сабақтары белгіленген кесте бойынша жалғасын табады. Көріскенше күн нұрлы болсын!