kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Инаш Қазбекұлына 110 жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Инаш Қазбекұлының 110 жылдығына арналған әдеби сазды кештің сценарийі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Инаш Қазбекұлына 110 жыл"»

Бекітемін

Мектеп директоры.........................

М.Даулетова

Тақырыбы:Үш ұрпақ

Мақсаты: И.Шормановтың елі үшін туған адам екенін оқушыларға түсіндіре отырып, оның еңбек жолында халық үшін қызмет еткен, өмірінің соңына дейін Отан үшін өмір сүргенін И.Шормановтың өмір мектебі оны батылдыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке қарапайымдылыққа тәрбиелейтінін оқушыларға түсіндіре отырып И.Шорманов әулеті ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу.

Барысы:

1 жүргізуші:

Аз емес ел дағы-ерімізде

Аз емес туыс, жекжат жерімізде

Сонда да соңғы әке Инаш болды

Орны бос тұрар мәңгі төрімізде

2 жүргізуші:

О, менің ұстаз ағам, Инаш әкем

Қолда ерік болса, жерге қимас әкем

Сіз бізге тауып берген көп туыстың

Қайсысын өзіңіздей сыйлас етем- дей келе бүгінгі Инаш атаның 110 жылдығына арналған 9 сынып оқушыларының «Ұрпақтар сабақтастығы » тақырыбындағы іс шараға қош келдіңіздер!

Фариз: Иә, Инаш Қазыбекұлы Шорманов 1907 жылы Жетісу губерниясының, Жаркент уезінде, Райымбек ауданында 15желтоқсанда Ойғайың деген жерде дүниеге келген. Балғын Инаш ерте есейді, дүниеге деген көзқарасы ерте қалыптасты. Өмір мектебі оны батылдыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке, қарапайымдылыққа тәрбиеледі.

Айдана: Шорманов Инаш Қазыбекұлының туған жері Тянь-Шань тауының етегі, Хантәңірі шыңына жақын Баынқол деген жерінде туған. Дана халқымызда «Тау баласы тауға қарап өседі» деген даналық сөзі бар. Инаш Қазыбекұлы да Тянь-Шанның биік шыңдарына қарап даланың жас қыранындай еркін өскен.

Ақерке: 1923 жылдың жазында Жаркент қаласында балалар уйінде бір топ бала Жаркент қайдасың деп жаяулап тартып отырды. Оны ұйымдастырып жүргенде балауса Инаш еді. Балалар үйі бұл балалардың қанатын қатайтып, болаттай шыңдады. Алдағы болашақтарына жол ашты.

Ұлан: 1925 жылы Жетісу губерниялық комсомол конференциясында делегат болып сайланды. Одан кейін Қызылордада сол кездегі Астанада өткен бүкіл Қазақстандық бірінші комсомол сьезіне қатысты. 1926жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия заң мектебін ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралды. Қазіргі Алматы обдысының Қапал, Ақсу, Қаратал аудандарында сот тергеу жұмыстарымен айналысты.

Нургельді: 1930ж И.Шорманов Волга өзенінің жағасына келді. Ол Рабфакта оқыды. Партия қатарына қабылданды. Оқуды бітірген соң 1932-1933 жылдары Кеген аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. Осы жұмыста жүрген кезінде ОГПУ үштігінің қаулысымен «халық жауы» деген айып тағылып 6 жылға сотталады. Одан кейін Қарағандыдағы Карлак, Мордовия АССР- ның Деминковский лагерінде отырып, 1938 жылы ақталып, туған жеріне оралады.

Ұлан: 1942ж И.Қазыбекұлы соғыс майданына аттанады. 1943жылы денсаулығына байланысты майданнан елге оралды.

Аманжол: 1959жылы Алматы ауылшаруашылық институтын «Ғалым-агроном» деген дипломмен сырттай бітіріп шықты. Сол кездегі Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мәсімхан Бейсебаевтың ұсынысымен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы артта қалған «Көктобе» кеңшарын басқаруға жіберіледі.

Ақбөпе: Ораз Жандосов атындағы орта мектепті салдырып, ауылдағы жас бүлдіршіндерге жаңа мектептің есігін ашып, алғашқы лентасын қиған да Инекеңнің бағалы сыйлығы еді. Қазіргі Алмалы ауылының негізін қалап, көркеюіне күш салған кеңсе үйі МТМ құрылыс цехы, мәдениет үйі, шарап зауытының жаңа мекенде жұмыс істеуіне қайрат көрсеткен тер төккен де И.Қазыбекұлы.

Айша: Кеңшардың 1000га жүзімдік алқабы мен 1000га алма бағы да сол кісінің ұйымдастырушылық еңбегінің жемісі болып табылады. И.Қазыбекұлының осы еңбектерін кезінде үкімет жоғары бағалап, «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері атағын берді. Үшінші рет «Құрмет белгісі орденімен марапатталады. 1971-1980жж арасында «Еңбекшіқазақ» аудандық өсімдік қорғау станциясының бастығы болып жұмыс істеді.

Ән:................................

Жасы үлкендер өз алдына бір төбе

Оларға еткен қызметіңде мәртебе

Атамыз Қазыбектің еңбектерін

Дәріптейміз ұрпақтарға жеткізе - , демекші 2016 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында Қазыбек Шормановтың мұражайының ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мұражайдың ашылуынан түсірілген видеороликке назар аударайық.

1 жүргізуші:

Ашынған ызадан,

Түйіліп халық булықты.

Патшадай сұмырай ,

Кім көріпті сұмдықты.

Халық арасы дүрбелең,

Оқып жатыр жарлықты,

Дейді :қалай күн көрем ,

Алып кетсе, барлықты.

2 жүргізуші:

Он тоғыз бен отыз екі,

Барлық емей немене,

Орындалсын дегені,

Жарлық емей немене.

Жас ұрпақты жіберіп,

Мына халық өлеме?

Деді халық ішінен,

Қазыбек Жәмеңке, Ұзақ, Сауырық,

Ызадан ішкі жарылып .

1 жүргізуші:

Иә, өмір бір орында тұрмайды. Бала есейеді, әке болады, ата болады. Өмір өз жалғасын ұрпақтар сабақтастығымен табады емес пе?

Халықтың қаһарманы Қазыбегі

Айдана: Осылай Қазыбегім ел бастаған ,

Жәмеңке ,Ұзақ батыр қол бастаған .

Қанда майдан жасалып Қарқарада ,

Елі үшін ерлерде жан тына ма?

Мұз төсеніп астына , қар жастанып,

Мекені де болыпты сарқырама.

Асанның алыпты олар тынышында,

Заманның аңсап әділ , дұрысында .

Шоқпармен ,тоғыз өрме қамшыменен ,

Орыстан қарсы тұрған қылышына ,

Қазыбек ерлік жасап сол майданда,

Қанменен атын жазды ормандарға ,

Ереуыл төбе ерліктің көзі болды ,

Келешек ұрпақтарға армандарға .

Лабасы ,Үшқара,Меркілерім,

Сендерді мекен еткен еркін едім.

Қазақтан солдат бермей патшаға,

Қазыбек халықты арттан ертіп едің .

Нарынқол , Шарыны мен Байынқолым ,

Ат дүбірімен шыңдалды сенің жолың,

Қазақты жер қаздырам , көр қаздырам,

Деп: патша салғанда қанды қолын .

Таңдадыңдар қасқайып қарап тұрып ,

Өлсеңдер де алдағы ардың жолын.

Дөңгелек саз, сырт жайлау жарқыраған ,

Нәрімен жігер алған халқым одан .

Сұп-суық қаруланған орыстарға ,

Қарсы тұрған қазағым алтын адам,

Осындай бабалармен жігерлі едім ,

Жатып қалған жерімнен түрегелдім.

Қазыбек,Саурық,Ұзақ болмағанда

Бейбіт күнді көрер ме едім

Дидар: Көрер ме едім, күнменен жұлдызымды ,

Жарық болған жарқырап күндізімді

Қазір міне бақытқа бөленіп мен,

Бір күнменен алдағы күн ізгі

Дәл осылай шынымен болар ма едім,

Аман-есен мал-жаным қорам менің

Азат өмір ұрпаққа әперем деп ,

Жанын беріп күрескен бабам менің.

Сол кезде Инаш аға тоғызда еді,

Болсада бала өзі , төзімді еді.

Әкесі дүрбелеңмен айдалғанда,

Ұзақ таңға ойланып көз ілмеді.

Үш апамыз Наушай, Зарауха, Бәтікелер,

Қиындықты күн сайын көріп келер.

Төрт қызына түнімен көйлек пішіп, Төрт ұлына таңменен етік тігер.

Разалы, Сыбанқұл ересектер,

Инашпенен Сәтберсін келешектер.

Айжан , Бибіш, Бибіжан, Шәйнектерді,

Қалыңдыққа алсақ деп ел есептер.

Ақсақал деп ел жұрты, тыңдап бәрі,

Талай ақын кезінде жырлап та алды.

Ұзақ жыл ел басқарған бейбіт күнде,

Енді жыр ел ағасы Инаш жайлы.

ХАЛЫҚҚА ДІҢГЕК ЕДІҢ, ҚАЗЫҚ ЕДІҢ

Ақбота: Қайта гүлдеп, Тау –қырат бөктерлері ,

Байынқол, Нарынқолдай өскен жері.

Ақ патша келмеске кетті дағы ,

Қызылдардың құлпырды көктем лебі.

Көгілдір Лабасы мен Хан тәңірім ,

Көрген жер арпалысты ел тобырын.

Текесте, Шәлкөдеде де өмір сүрген ,

Әулеті Шорман қазы сұраса кім .

Абызды бабам шыққан ордам екен,

Өлеңмен қасиетін жолдап өтем.

Оралдым Албан атамекеніне,

Ендеше Райымбек қолда көкем ! Дарындылар көп шыққан мекеніме, Қаламды жорғалатып жетемінде.. Бір ғасыр артта өтіп кеткеніме , Оралайын қайтадан кешегіме.

Өткенді еске алмауда әдепсіздік,

Талай жыл Одақта боп әдеп құрдық.

Жақсыны жасырумен жетпіс жылдай Бабаларды құптамай мазақ қылдық.

Басталды шығарманың басы жырдан, Әулетті Шорман қажы асылымнан .

Сарғайған құжаттармен архивтегі,

Сөз етем Инаш сырын жасырылған . Инашта әйгілі еді өз кезіңде, Шешен екен салдырмас сөзге мүлде. Көпіріп мағынасыз сөзде айтпай , Тыңдауда жақсы көрген өзгені де . Халқына қалаулы еді, өту мүлде,

Бір өзі нардың жүгін көтеруде.

Ақыл кеңес алуға Инашты іздеп ,

Ел шұбырған Көктөбе мекеніне .



Достасып кетеді екен жатта бөтен ,

Қиындық көп көріпті жастай көкем .

Қытайдан ,жан-жақатардан жұртын жиып,

Жүрген сол Инаш шалды мақтан етем !

Айтамын әдептілік сақтағанын,

Әділдіктен шындықты таппағанын .

Зұлымат Голашокин заманында,

Ерлік деп не айтпассың қорықпағанын.

Көкжалдар алған талай кездесуге де,

Инашты ату үшін сөз бергенде.

Әлейім елден қорқып жанындағы ,

Жалтыра шыққан талай ездер мүлде.

Гүлдана: Жасында Дәнияны алған екен ,

Ұлдар мен қыздарға үйі толған екен . Дәмира,Мұрат, Эльмира ,Дулат, Мараты қалың жұртқа қорған екен.

Ол кезде Дәния кыз арман екен ,

Қыздардаң ерекше бір ала бөтен.

Немересін бүгінде есептесең .

Қаптаған қарағайлы орман екен.



Басында Алмалыдай ауыл құрған ,

Ел үшін, Отан үшін белің бұған .

Тың жерге ауыл құрып , елді жинап,

Алдабергенов батырдың жолын қуған.

Кең тараған еңбекпен еселі үні ,

Кім білмейді аға сені осы күні .

Әлі талай ұрпағын жатқа айтады ,

Ел басқарған Инаштай есіміңді.

Пейіліңде, кең еді, өмірірің де,

Арқаладың халқыңның сенімін де .

Совхозды да басқарып, ауданды да ,

Жұртың талай орады сені гүлге .

Жалын еді жүрегің жанып тұрған ,

Жігерленген , шыңдалған суықтардан.

Жақсыларды қолдаумен жаныңа ертіп,

Әрқашанда сақ жүрдің бұзықтардан.

Шыныққан ол мұздардан, суықтардан ,

Қалмаған да тойлардан , қызықтардын .

Бес баласын өсіріп білім беріп ,

Дәниядай апаммен сауық құрған .

Айта берме өте көп терең сыры,

Ашылмаған асуы , белес-қыры .

Ұрпақтардан ұрпаққа ұмытылмас ,

Инаш,Қазыбек секілді ер есімі .

Осы ерлерден жарқырап таң атуда,

Қазыбек,Инаш,Мараттар дара тұлға .

СЕН ЖАЙЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА ЖАЗЫП ЕДІ

Арна: Қырқыншы жылы өмірге келіп ең,

Күн нұры аспаннан жылы көрінген .

Бір мың тоғыз жүз сексен алтымен ,

Қайта тудың желтоқсанның желімен.

Қазақты қаралаған күндер еді ,

Нашақор , маскүнем деп күндеп еді .

Мұктар мен Марат қарсы шықпағанда,

Күніміз не болады кім біледі ?

Өсек сөзді Колбинде жүгіртеді ,

Арақ ішіп бет-жүзі күлдіреді.

Бодандықта шырмаған қайран қазақ

Шеттерінен сотталып жүнжіп еді

Ішкі сыртқы сырларын айталмаған ,

Саясатта ол кезде сайтан болған.

Шетінен алып кетіп түрмелерге.

Жастарды ауылына қайтармаған.

Көз жасына үлкеннің қарамаған.

Әділетсіздік жүректі жаралаған

Ит шеккенге айдалды оралмасқа,

Білімдімен арада саналы адам.

Саналылар тізімге ілінгенді

Меңдібаев сайкалдар күлімдеді .

Қаңғып келген шибөрі билегенде

Сол кезде Жұбан ,Мұхтар қарсы тұрып

Алмақсың ба ұлтымды жалшы қылып

Дегенде Марат қолдап шыға келді

Көрсетіп Меңдібаевқа қарсы қылық .

Марат саған мен әлі көрсетемін

Жақсылығыңды жоғалтып ерсі етемін

Қазыбекті Инашты қайталадың

О бастан ақ ,таза емес сенің тегің

Қарап сөйле кім отыр жан –жағыңда

Су сепкендей болады арманың да

Байлаулы аттай болып тықыршисың

Сен әлі темір тордың аржағында

Қаралама тегімді , ұлтымды да

Сен емес айтар ішкі сырымды да

Бір орында шыдамай шыр айналдың

Түсінбедім артыңда құртың барма

Ит талап ұлтым бүгін жыртылғанда

Көбейді сен сияқты қыртымбай да

Халқыма кара жағып күйелеген

Қызмет етпеймін енді жылтырларға

Деп Марат саясатқа қарсы келді

Бұлттанды қарайып тау сілемі

Екі жылдай Колбин де қазақша оқып

Меңдібаев құйыршық әлсіреді

Қарайған бұлт тарап басымыздан

Қына да шыға келді тасымыздан

Колбин мен Меңдібаев қашып кетті

Ұлт боп арамызда жасырынған

Айтады ұмытпайды жастар әлі

Тарихқа жазылу басталады.

Осылай қырандардың балапаны,

Баба мен әке жолын қайталады.

Асылдардан асыл туар еселі,

Тау баласы таңға қарап өседі.

Тұлпалардың тұяғының сынығы,

Артындағы ұрпақтары деседі.

Қазыбек, Инаш ақсақалдар көселі,

Тұяқтары бұтақ жайып өседі.

Бабалардың еңбектері қатталып,

Өмір шіркін, алға қарай көшеді.

2 жүргізуші:

Өмір –өзен, алға қарай ағады,

Жас ұрпақта келер әлі саналы.

Тұрақты боп егеменді еліміз,

Жүрегіміз болмаса екен жаралы.

Қ.Р-ның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист, «Үш ұрпақ» поэмасының авторы Шаяхмет Құсайынов ағамызға сөз кезегін берейік.

1 жүргізуші:

Шаяхмет ата, Инаш ата ұрпақтары атынан сізге айтар алғысымыз шексіз, деніңіз сау, оқырманыңыз көп болсын деген тілекпен сізге арналған сыйлығымызды қабыл алыңыз.

Ән........................................

Айша: И.Қазыбекұлы мен Дәния шешеміздің басты байлығы өмірге алып келген бес баласы еді. Олардың бәрі орта мектепті үздік бітіріп ЖОО тамамдады. Белгілі мамандық иелері болып, халыққа, қоғамға еселі еңбек сіңірді . Олар: Шорманов Мұрат Инашұлы, Шорманов Марат Инашұлы, Шорманова Дамира Инашқызы, Шорманова Ельмира Инашқызы, Инашов Дулат Инашұлы.

Дидар:Халқың бүгін құрметтейді, сыйлайды

Мәңгі ұйқыға ешқашанда қыймайды.

Мектебіне атын беріп, аялап,

Жас ұрпағың шат күлкісін тыймайды

Қуат берсін халқыңызға Жаратқан

Қарашығын аман болсын Маратжан

Әруағыңыз қорғап жүрсін ұрпақты

Нұрға бөлеп ақ таңымыз әр атқан.

Жүргізуші: Ұрпақтар сабақтастығы демекші Шормановтар әулетінің шөбересі Қазыбек Маратұлына және Райымбек ауданы Текес ауылы Шорманов Қазыбек орта мектебінің директоры...................................................................................................сөз кезегін береміз.

2 жүргізуші:

Айта берсек өте көп терең сыры

Ашылмаған асуы, белең қыры.

Ұрпақтардан ұрпаққа ұмытылмас

Барлығы: Инаш ата секілді ер есімі.

1 жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Инаш атаның 110 жылдығына арналған «Үш ұрпақ» атты іс- шарамыз аяқталды . Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Инаш Қазбекұлына 110 жыл"

Автор: Карипбек Айбегім Дулатқызы

Дата: 16.02.2018

Номер свидетельства: 457818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства