Просмотр содержимого документа
«Досанова Айнур Ракымжановна»
Күні, айы, жылы: 7.01.2019 ж Сыныбы: 6
Тақырыбы: 13 алғашқы мүшел жас
Мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру. Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, тақырып.
Аяжан: Балғын шағың балалық шақ арттағы,
Өмір жаңа белесіне бастады
Нық сеніммен болашаққа қарайды,
Жас балғындар 13 мүшел жастағы
Аян: Халқымыздың жөн-жоралғы дәстүрін
Құрметтейді үлкен-кіші жас бүгін.
Мүшел жастың маңызымен бағасын
Көрсетеміз өзіңізге тап бүгін.
Аяжан: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді бүгінгі 6-сынып оқушыларының «13 алғашқы мүшел жас» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Аян: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Ел дәстүрін қолдамақ,
Мүшел жасын тойламақ,- дей отырып бүгінгі мүшел той иелерін ортамызға қошеметпен шақырайық.
Аяжан: Той, той, той. Қазақта той көп. Ал осы мүшел жасқа дейінгі қандай тойлар болатынын сен білесің бе, Аян?
Аян: Иә, мен білсемде басқалар біле – білмес, әр тойға анықтама берейік.
Шара: Аналар құрсағынан басталатын,
Ең бірінші қуаныш басталатын.
Бұл той – құрсақ тойы.
Айша: Анадан шыр етіп туылған күн,
Кіндігі жібек жіппен буылған күн.
Той – туған күн тойы.
Малика: Рәсім кіндік кесу жарасты ғой,
Жас нәресте бөленсек бесікке той.
А. Диана:40 күнде қырық рет түлеткенде,
40 қасық сумен тәнді нұр еткенде
Той – қырқынан шығару тойы.
Еңлік:Алғашқы қадам басып қаз тұрғанда
Тұсау кесу айналар той-думанға.
Ә. Тоғжан:Мұсылман ата-ананың міндетті тойы,
Одан кейін жасалар сүндет тойы.
Серік:Оқушы аталатын мектепке барып,
Қуантқан ата-анасын әріп танып.
Тауысып әліппені жүрдек оқып
Сол күні тіл ашардың болатыны анық.
Бәйкен:Өмірдің бір белесін болдырған шақ,
Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ.
13-те отауға ие деген қазақ
Балиғатқа бас болдырған шақ
Бүгін міне «Мүшел той» үлкен той.
Сабина: Бірінші мүшел жастамыз,
Балалық шақтан асқамыз.
Он үште отау иесі
Үмітті ақтар шақтамыз.
Әлдилеп жүріп анамыз
Жетілді, өсті санамыз.
Сенімін ақтап елімнің
Тәуелсіздікке тірек боламыз.
Алмас: Бестікке оқып сабақты
Жасамаймыз ағаттық.
Арманды алға асырар
Тәуелсіздік таңы атты.
Туымды қолға нық қылып
Білімімізді ұқтырып,
Біз болармыз еліне
Қызмет етер тік тұрып.
Бірінші мүшел дегенің
Тұтқасын ұстар кеменің
Елбасымыздың өзі де
Біздерге деген сенімін.
Нұрасыл: Азамат болып өсеміз
Еліне арнап табысын.
Қазақтың қайрап намысын
Қазақтың қалың бағы үшін
Күресер мүшел жастамыз
Ожданмен биік ар үшін.
Ән: «Тамаша»
Тамаша бүгінгі күн біздер үшін Аталып отыр міне бір мүшелім Тамаша осы тойда ақ көңілден Достардың ақтарылса ақ тілегі
Тамаша мектептің біз алды болсақ Бауындай тонның ішкі тату болсақ Тамаша болар еді сыныптастар
Тамаша бүгінгі күн, мүшел тойым Балалық шақтан өтіп өскен ойым Тамаша осы тойда ақ ниетпен Ақтарса келген жиын жиға ойын
Тамаша ақылға ақыл қоса берсек Біліммен биіктерге ұша берсек Тамаша жақсылықпен ата - ананы Қуантып, Адам атын иеленсек.
Аяжан: Біздің бүгінгі кешіміздің мақсаты тек ән шырқап, өнер көрсету емес. Осында отырған әр біріміздің бойымызда 13 жастың үлкен жауапкершіліктің бастауы екенін, енді бұдан кейін сабақта да, тәрбиеде де жақсы болуымызды, алда болуымызды міндеттейтін уақыт келгенін сезіндіру.
Аян: Бүгінгі мерекелік тойымыз 13 жастағы мүшел иелеріне арналмақ. Мүшел той – бала алғашқы 13 жасқа толғанда жасалатын той. Бұл тойды халқымыз ерекше дәріптеп барлық кәделерін жасап өткізеді. Мүшел тойдың негізгі мәні неде? Мүшел той қалай тойланады? Бүгінгі мүшел той иелері бұл туралы не біледі екен?
Аяулым:Көтеріп көңілдерді тастағалы,
Шарықтасын әншінің асқақ әні.
Келді 13-ке ұл-қызың ата-ана
Мүшел той сіздер күткен басталады.
Арзу:
Көтеріп тәңір ел жүгін,
Өмірдің көші алға асты.
Он үшке толдың сен бүгін
Мүшелің ол алғашқы.
Мөлдір:Мүшелің бұл жастық шақ
Құмар қылған талайды.
Қайрат күшің толған шақ
Таңдары да арайлы.
Осылайша ғұмырың
Кете барар жалғасып.
Биіктейді тұғырың
Мүшел жастар алмасып.
Динара: Он үш жасқа биыл біздер толамыз,
Артымызды қалған 13 жыл аңыз.
Он үш деген мүшел жасың алғашқы
Он үшімде қызғалдақтай боламыз.
Жәлил:Әр мүшелің жыл санай
Ақ үмітпен тосады ел.
Білгің келсе ары қарай
Он екіні қоса бер.
Біліп өскін ұғын да,
Сырын жұмбақ көрінер.
Адамзатқа ғұмырда
Жеті мүшел берілер.
Жетеуінен өте алсаң,
Ұзақ ғұмыр сүргенің
Жүзге егер жете алсаң
Бір ғасырда білгенің.
С. Диана: Жас мөлшерін салтымда
Жыл қайырып біле алған.
Өмір кеші халқымда
Он екі жылда құралған.
Шешкен бәрін ойланып,
Ғалам сырын білгіш ел.
Он екі жыл айналып
Қайта оралса бір мүшел.
Жылдармен мәлім өсерің,
Мезгілге қарсы тұрған кім?
Құтты болсын мүшелің
Құтты болсын туған күн!
Аяжан: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, — дей отырып кезекті тамаша бір әнге берейік.
Би: Қара жорға
Аян: Адам өмірінде елеулі кезеңдер болады. Адамның өміріне байланысты бірінші мүшелді ананың құрсағындағы мерзімді есептеп 13 деп алған, қалған өміріне 12 жылды қосып отырып, 25, 37, 49, 61, 73, 85 адамның өміріндегі маңызды жылдар деп есептеген. Сол жылдарға түсініктеме берсек.
Камила: 13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген.
Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды. 13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған. Қазбек би 13 жасынан рулы елге ақыл айта білген.
Сабина: 25 жас – нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей, жалындап тұратын кез. Бұл дәуренді Жүсіп Баласағұн:
Ең тәтті кез – жігіттіктің шағы да, Игіліктің о да берген бағы да, – деп дәріптесе, ұлы Абай:
Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің, – дейді.
Ал, Шал ақын: Жиырма бес – енді келмес албырт жассың, Қайратың қиратқандай таудың тасын, – деп тамсана жырына қосқан.
Малика: 37 жас – өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырықтың қырқасына көтерілген кез. Бұл уакытты Ж.Баласағұн: Жас та келіп қырықпенен астасар. Сол уақытта жігіттік ме қоштасар, – деп, ал Бұкар жырау:
Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай, – деп бедерлесе, Шал ақын:
Қырық та бір жас екен, қырдан астым, Көңілді тасып жүрген әрең бастым, – деп сабасына келеді.
Шара: 49 жас – бойдағы күш қайта бастағанымен, кәрілікті әлі мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген ердің жасы. Бұл кезеңді Бұқар жырау: Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, - деп толғанса, Шал ақын бұл кезеңді:
Елу де бір жас екен есептеулі, Есептеп елдің жөнін білсек дейді, Кешегі жиырма жас қайтып келіп, Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.
Динара: 61 жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кезең. Бұл мезгілді Бұқар жырау: Алпыс деген жасыңыз Қайғылы-мұңлы күн екен, - деп мойындаса, Шал ақын:
Алпыстағы жасыңыз Қоңыр салқын күн екен, - деп бейнелеп барып:
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні, Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деген тоқтамға келеді.
Алмас: 73 жас - Бұл мүшелде адам кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп- тұруы қиындайды. Бұл кезеңді Ж.Баласағұн: Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар, Жасарып, жас келіндей ырғалар. Қуантар да, жалған салар сүргінге, Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе, Шал ақын:
Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың, Мойныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.
Байкен: 85 жас - Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұқар жырау бұл уақытты: Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын:
Сексенде тұяғыңды серіппейсің, Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап, мінейді.
Тоғжан: 97 жас - Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі жас баладай жаутаңдап, кауқарсыз болып қалады. Бұл мезгілді Шал ақын: Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің, Сүйегің қартайған соң бор екенсің, Тоқтының баласына әлін келмей, Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса, Мәделі Жүсіпқожаұлы:
Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді, Көктем, жаз, кезегімен күз келеді. Күзден соң қаһарлы қыс сияқты, Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді. Иә, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Дегенмен, Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.
Аян: Мүшел халқымыздың жыл қайыру рәсімі. Талай ғасырдың қойнауынан жеткен тылсым деректердің бірі осы – жыл қайыру. Жыл қайыру туралы видеороликке назар аударсақ.
Аяжан: Аян, жыл қайыру туралы аңызға да тоқтала кетсек артық болмас. /Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті:
-Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бізден кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын.
Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Бәрі бірдей өте алмай 12-сі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Осылай 12 жыл бір айналып шықса 1 мүшел жас. 2-ші рет айналып шықса 2 мүшел жас болады екен.
Көрініс: «Мүшел жас»
Аян: Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін немесе заты таратылады екен. Осы ырымды осы жерде жасасақ.
Аяжан: Біздер шығарып салғалы отырған мүшел жақсылығынымен, амандығымен есте қалсын, мүшел жасынан аман-есен шыққан балаларыңыздың жүрген жолдарында үнемі үкілеген үміт кездессін.
Ән: Туылған күн.
Аян: Ата - анаға көз қуаныш Алдына алған еркесі Көкірегіне көп қуаныш Гүлденіп ой өлкесі, - демекші, келесі сөз кезегін ата – аналарға берсек.
Аяжан: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет. Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау-саламат болыңыздар.
8 - оқушы: Қазақтар жыл қайырудың адамның жасын есептеуге, не ауа - райын болжауға пайдаланып, соңғы кезде адамдардың туған жылы, күні, айына байланысты мінез - қасиеттердің қалыптастыру айтылып жүр. Бұны зерттейтін адамдар астрологтар дейміз, ол ғылымды астрология деп атайды. 9 - оқушы: Астрологтар, жұлдызшалар адамның бойындағы мінез қасиетіне Күн мен Айдың, шоқ жұлдыздардың әсер ықпалы сенімді жоққа шығармайды. Сол себепті адамның туған жылын мүшел жылдарымен байланыстырып туған айын шоқжұлдыздарына қарап топтастырып белгілі бір жүйеге түсірген. 10 - оқушы: Есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық. 1 оқушы: 21 наурыз бен 2 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды. 2 оқушы: 21сәуір мен 21 мамыр. Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер. 3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау. 4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек. 5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді. 6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: Алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр. 7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу. 8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ. 9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді. 10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар. 11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан. Су құйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар. 12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады. Мұғалім: Осы орайда мүшел жасты кім қалай түсінеді, ерекшеліктері жайлы шығарма жазу тапсырылатын болатын. сол шығармалардың бір - екеуін оқиық. 11 - оқушы: Көңіл аудар даналардың сөзіне. Адал жанды өнеге тұт өзіңе. Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік. 12 - оқушы: Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды. 13 - оқушы: 13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды. 14 - оқушы: Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған. 15 - оқушы: Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған. 16 - оқушы: Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста еді. 17 - оқушы: Қазбек би 13 жасынан рулы елге айта білген.(Көрініс). Мен сіздерге ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірін айтып берейін. «Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 – 14 жасар Қазыбектің аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға; Бірақ қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпанды басынбаған елміз. ... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз,- деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтың алдына жығып беріпті» Мен бұл аңызды айтқаным сіздер осы Қазыбек би аталарымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар. Мұғалім енді кезекте сіздердің ұлттық салт - дәстүрді қаншалықты меңгергендерін сұрақтармен байқап көрейік (Салт - дәстүрден сұрақ беріледі).
Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын, 13 жас – алғашқы мүшел деген сөздің мағынасына қалай түсіндің? 18 - оқушы: Мүшел аяқталып, енді 13 жылды саған да бастапқы жыл қайта келеді, сонда 13 жас – алғашқы мүшел. Қазақ халқы ұл баланы 15 – де, 13 – де иесі дейді, яғни жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос мен жолдастықты айыра білетін кезең. Түгел оқушы: Сарыарқаның самалындай есеміз, т Тайсалмаймыз, талай сынды кешеміз. Бізді өсіріп, еркелеткен туған ел Мақтан етер перзентің боп өсеміз! Соңы.
«Жыл қайыру» туралы аңызды білесіңдер ме?
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Содан қаған өзінің қауымына былай депті, - «Біз тарихымызды анықтаудан көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жатасады. Біз жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескеркішіміз болсын».
Сөйтіп, Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әр қайсысы бір – бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.
2. Мүшел деген не?
Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кедеседі. Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бәрі анық. Бір жылда 12 ай бар.
Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті «Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын». Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір - бір жылдың атын алыпты. Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған. Кейбір деректерде «мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен. Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен. Жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі:
Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жолдардан. Жатпа қарап, мойыма, Тойма именіп ділмәрдан. Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әріпімен басталады. Тышқан, Сиыр, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.
Зерттеу бөлімі
1.
3.2. Мүшел жас кезеңдері.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.
37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап - күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.
61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман - жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім - ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
3.3. Неше мүшелге келдіңіз?
Мысалы, Қ. деген азаматша тышқан жылы туып, 2 мүшел өмір сүрген. Қазір ұлу жылы болса,оның жасы нешеде? деген есепті шығару үшін жыл атауларын рет-ретімен (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) және адам жасының мүшелге бөліну шкаласын (1 мүшел 13 жас, 2 мүшел 25 жас, 3 мүшел 37 т.с.с.) білу талап етіледі.Сонда екі мүшел жасаса, 25 жас болады, тышқан мен ұлу жылының аралығы 3 жас, ендеше, Қ. деген азаматшаның жасы 28-де. Бұл есепке кері есеп мынадай болып келеді: Қ. деген азаматша 1972 жылы туған. Оның қазақ күнтізбесі бойынша туған жылын табу керек. Ол үшін туған жылының сандық мәніне 9 санын қосады, яғни: 1972+9=1981.Алынған қосындыны 12-ге бөледі:1981:12=165 (1 қалдық). Қалдық бойынша жылдың атауын табады,1 қалдық шықты, ендеше Қ. деген азаматша жылдардың орналасу ретіне сәйкес 1-ші тұрған тышқан жылы туған. Егер қалдықсыз бөлінсе,ол доңыз жылын білдіреді. Жылдың басы наурыз айынан басталып наурызда күн мен түн теңеледі.
3.4. "13 жас - сәбілік жас".
Мүшел жас туралы наным - сенім. Мүшелге арнайы ғұрыптар.
Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшелде он үш жастағы баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың даусы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыз осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште – отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды қолға алған. Осындай жеткіншек шағында Ақтамберді жырау:
Жасым жетіп он беске, Кірер ме екем кең есікке, Бұғана қатып, бел бекіп. Ерегіскен дұшпанмен, Шығар күн туса күреске! – деп талпынса, Алмажан Азаматқызы:
Он төртіме келгенде, Салиқалы қыз болдым, Жібектей шашын талдаған.., - деп, бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.
Бұрындары осы мүшелден өткендер той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды киімін жоқ-жітікке, иә болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді. Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін 37 жас ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Себеп те бар?! Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, адам баласы от пен жалынның ортасында ғұмыр кешіп жүреді. Алайда, оған дейін де 13 саны қауіпті болып табылады. Тарихқа көз жүгіртсек. Арыға бармай, XX ғасырдың бірінші 13 жылдығына, яғни бірінші мүшелінен бастап тізбектеп көрейік. Сол бір бір 1913 жылы қазақ халқы үшін де аса ауыр кезеңнің басталған шағы болды. Осы жылдары Ресейдің құрамындағы халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлықтар шығарылды. Ақ патшаның бұндай арам пиғылына көнгісі келмегендіктен, қазақ елінің әр түкпірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады...
Бұрындары осы мүшелден өткендер той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, иә болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді. Мүшел жас адамға қатерлі жыл болып есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару мақсатында сол адамның қимас киімін және матаны жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен. Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ өмір сүріп, бақытты болу үшін істелінетін ырым екен. Мүшел жас туралы наным - сенім
Сауалнама:
1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?
а) иә ә) жоқ
Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а)ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-апаларымнан
Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
Қандай қасиетті сандар білесің?
Сауалнама қорытындысы:
Иә - 20 оқушы - ( 100% )
Ата-анадан – 5 оқушы ( 25% )
Мұғаліммен – 15 оқушы ( 75% )
Иә - 10 оқушы ( 50% )
Жоқ – 10 оқушы ( 50% )
«7 саны» - 20 оқушы ( 50% )
«3 саны» - 20 оқушы ( 50% )
«4 саны» - 20 оқушы ( 50% )
Қорытынды:
Егер біз, жас ұрпақ, өткен тарихымызды ұмытпай, үнемі ескеріп, «есті» болсақ, онда біз ата-бабамыздың аманатын қор қылмай Қазақстанның болашағын одан әрі өркендетер едік. Және мүшел жасқа байланысты дәстүрін кеңінен насихаттасақ, бұл мұсылман халқының арасында ғана емес,орыс халқының арасында кеңінен қолданысқа енуіне жол ашар едік.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Салт-дәстүрлерімізге халықтың құрметі жоғары екендігіне, ең бастысы, осы сезімді жоғалтып алмасақ, ең үлкен жеңісіміз сол болатындығына көз жеткіздік.
Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт- дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, салт-дәстүрді эстетикалық тәрбиемен байланыстыра зерттеу жұмысын жүргізу.
Міндеттері: - Бастауыш сынып оқушыларын көркем өнер арқылы тәрбиелеу. - Эстетикалық білім,эстетикалық үгіт насихат, эстетикалық танымдылық шығармашылық жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларын салт-дәстүр нәрінен сусындату. - Эстетикалық талап, алғамы жоғары , рухани жан дүниесі бай , әсемдікпен сұлулықты сезінетін жас жеткіншектер тәрбиелеу.
Болжамы: Егер мен бастауыш сынып оқушылары, сыныптастарымның бойына эстетикалық сезімді толық сапалы қалыптастыра білсем, олардың сұлулықты сезіне білетін жеке тұлға болары анық.
Салт-дәстүр адамдардың ой-санасын толықтырып, тіл байлығын арттырады. Сөз қорын молайтады. Салт-дәстүр жинағын шығарып, оларды топтастыру. Жұмыстың өзектілігі: Осы қалыптасқан ұлттық салт- дәстүр арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, ұлттық келбет, ұлттық мәдениет, ұлттық намыс т.б. ұлттық құндылықтарымыз егіліп, сіңіріліп отырғанын дәлелдеу.